32-бап. Қажеттi қорғану
1. Қажеттi қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтiру, яғни қорғанушының немесе өзге бiр адамның жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қоғамдық қауiптi қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтiру жолымен қорғау кезiнде, егер бұл орайда қажеттi қорғану шегiнен асып кетушiлiкке жол берiлмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды.
2. Барлық адамдардың кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажеттi қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауiптi қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттiк органдардың көмегiне жүгiну мүмкiндiгiне қарамастан тиесiлi болып табылады.
3. Нәтижесiнде қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтiн зиян келтiрiлетiн, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiне қорғанудың көрiнеу сай келмеуi қажеттi қорғаныс шегiнен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Адам өміріне қол сұғушыға не қаруды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезінде адамға зиян келтіру қажетті қорғаныс шегінен шығу болып табылмайды.
33-бап. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру
1. Қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттiк органдарға жеткiзу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкiндiгiн тыю үшiн ұстау кезiнде зиян келтiру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкiн болмаса және бұл орайда осы үшiн қажеттi шаралар шегiнен шығуға жол берiлмесе, қылмыс болып табылмайды.
2. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтiрiлген зиян жағдай мәжбүр етпейтiн анық шектен тыс зиян қажетсiз келтiрiлген кезде, олардың ұсталатын адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiне және ұстаудың мән-жайына көрiнеу сай келмеуi ұстау шараларын асыра сiлтеу деп танылады. Бұлайша асыра сiлтеу қасақана зиян келтiрiлген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
3. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстауға бұған арнаулы уәкiлеттiгi бар адамдармен бiрге жәбiрленушiлер мен басқа азаматтардың да құқығы бар.
34-бап. Аса қажеттiлiк
1. Осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтiру, яғни белгiлi бiр адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн зиян келтiру, егер бұл қауiптi басқа амалдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттiлiк шегiнен шығып кетушiлiкке жол берiлмесе, қылмыс болып табылмайды.
2. Құқық қорғау мүдделерiне алды алынғанға тең немесе одан гөрi елеулi зиян келтiрiлген, төнген қатердiң сипаты мен дәрежесiне және қатер жойылған жағдайға көрiнеу сәйкес келмейтiн зиян келтiру аса қажеттiлiк шегiнен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.
ҚР 16.03.01 ж. № 163-II Заңына сәйкес 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру
1. Уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерінің не осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасы бойынша жедел-іздестіру шараларын орындауы кезінде заңға сәйкес жасаған әрекетімен осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге келтірген зияны, егер бұл әрекет бір топ адам, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмысты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқық қорғау мүдделеріне келтірілген зиян аталған қылмыстармен келтірілетін зиянға қарағанда онша мәнді болмаса және егер оларды болғызбау, ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеуді өзге тәсілмен жүзеге асыру мүмкін болмаса, қылмыс болып табылмайды.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері адамның өміріне немесе денсаулығына қатер, экологиялық апат, қоғамдық қасірет немесе өзге де ауыр зардаптар қатерін төндіретін әрекет жасаған адамдарға қолданылмайды.
35-бап. Орынды тәуекел ету
1. Қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткiзу үшiн орынды тәуекел еткен ретте осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайды.
2. Егер аталған мақсатқа тәуекелмен байланыссыз iс-әрекетпен (әрекетсiздiкпен) қол жеткiзiлмейтiн болса және тәуекелге жол берген адам осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлуiн болғызбау үшiн жеткiлiктi шаралар қолданса, тәуекел орынды деп танылады.
3. Егер тәуекел ету адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына көрiнеу қатер төндiруге, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзелiске немесе өзге де ауыр зардаптарға ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды.
36-бап. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
1. Егер күштеп мәжбүрлеудiң салдарынан адам өзiнiң iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудiң нәтижесiнде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайды.
2. Психикалық мәжбүрлеудiң нәтижесiнде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеудiң нәтижесiнде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiргенi үшiн соның салдарынан адам өзiнiң iс-әрекетiне басшылық жасау мүмкiндiгiн сақтаған қылмыстық жауаптылық туралы мәселе осы Кодекстiң 34-бабының ережелерi ескерiле отырып шешiледi.
37-бап. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау
1. Өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау жөнiнде iс-әрекет жасаған адамның осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiруi қылмыс болып табылмайды. Мұндай зиян келтiрiлгенi үшiн заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам қылмыстық жауапқа тартылады.
2. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындағаны үшiн қасақана қылмыс жасаған адам жалпы негiздерде қылмыстық жауапқа тартылады. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындамау қылмыстық жауаптылыққа ұшыратпайды.
III бөлiм. Жаза
38-бап. Жаза ұғымы мен оның мақсаттары
1. Жаза дегенiмiз соттың үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кiнәлi деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
2. Жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектiрудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейдi.
09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
39-бап. Жазаның түрлерi
1. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негiзгi жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығын шектеу;
ж) қамау;
з) 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
и) бас бостандығынан айыру;
к) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.
2. Сотталғандарға негiзгi жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру;
б) мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн.
3. Айыппұл салу және белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негiзгi де, қосымша да түрлерi ретiнде қолданылуы мүмкiн.
40-бап. Айыппұл
1. Айыппұл осы Кодексте көзделген шекте, заңмен белгiленген және жаза тағайындау сәтiне қолданылып жүрген айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сәйкес келетiн мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтiне белгiлi бiр кезең iшiндегi өзге де табысының мөлшерiнде тағайындалатын ақша өндiрiп алу.
2. Айыппұл Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен жиырма мыңға дейiнгi шегiнде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екi аптадан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi өзге де табысының мөлшерiнде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерiн жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүлiктiк жағдайын ескере отырып сот белгiлейдi.
3. Айыппұл жазалаудың қосымша түрi ретiнде осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкiн.
4. Жазалаудың негiзгi түрi ретiнде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейi жалтарған жағдайда ол, осы Кодекстiң 42, 43 және 46-баптарында көзделген ережелер сақтала отырып, қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартумен немесе тиiсiнше бiр ай түзеу жұмыстары есебiнен қамаумен, немесе сексен сағат қоғамдық жұмыстарға тартумен, немесе айыппұл сомасы орнына тиiсiнше айлық есептiк көрсеткiштiң үш еселенген мөлшерi есебiнен он күндiк қамаумен ауыстырылады.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 177-IV (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 228-IV (бұр.ред.қара); 2010.23.11. № 354-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 41-бап өзгертілді
41-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру
1. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттiк қызметте, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында белгiлi бiр лауазымды атқаруға, не белгiлi бiр кәсiптiк немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады.
2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы педагогтің не оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген өзге де адамның осы Кодекстің 120-бабының үшінші бөлігінің д) тармағында және төртінші бөлігінде, 121-бабының үшінші бөлігінің г) тармағында және төртінші бөлігінде, 122-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 124-бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін жазаның қосымша түрі ретінде белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде бір жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
3. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан қосымша жаза ретiнде айыру, егер сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiн және кiнәлi адамның жеке басын ескере отырып, оның белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығының сақталуы мүмкiн емес деп таныса, ол осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi бапта көзделмеген жағдайда да тағайындалуы мүмкiн.
4. Бұл жазаны қамауға алуға немесе бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретiнде тағайындау кезiнде ол жазалаудың аталған негiзгi түрлерiн өтеудiң барлық уақытына қолданылады, бiрақ бұл орайда оның мерзiмi олардың өтелген сәтiнен бастап есептеледi. Жазалаудың басқа негiзгi түрлерiне қосымша жаза түрi ретiнде белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, сондай-ақ шартты түрде сотталған кезде оның мерзiмi үкiм заңды күшiне енген сәттен бастап есептеледi.
Ескертулер.
1. 2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстiң 164, 168-171, 233-3, 236-баптарында, 337-бабының екiншi және үшінші бөлiктерiнде, 337-1-бабында көзделген қылмыстар экстремизмнің белгiлерi бар қылмыстар деп танылады.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұрынғы ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV (бұр.ред.қара) Заңдарына сәйкес 42-бап өзгертілді
42-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту
1. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негiзгi жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың түрлерiн жергiлiктi атқарушы органдар немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары белгiлейдi.
2. Қоғамдық жұмыстар алпыс сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiн белгiленедi және күнiне төрт сағаттан аспайтын, егер сотталғанның тұрақты жұмыс орны болмаса немесе оқумен айналыспаса - күніне сегіз сағатқа дейінгі, бірақ аптасына 40 сағаттан көп емес уақытта өтеледi. Қоғамдық жұмыстардан әдейi жалтарған жағдайда олар осы Кодекстiң тиiсiнше 45, 46, және 48-баптарында көзделген мерзiмдер шегiнде бас бостандығын шектеумен, қамауға алумен немесе бас бостандығынан айырумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды өтеген уақытын есептеген кезде, бас бостандығын шектеудің, қамауға алудың немесе бас бостандығынан айырудың бiр күнi қоғамдық жұмыстардың төрт сағатына есептеледi.
3. Әскери қызметшiлерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан еркектерге, жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа тарту тағайындалмайды.
43-бап. Түзеу жұмыстары
1. Түзеу жұмыстары екi айдан екi жылға дейiн мерзiмге белгiленедi және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледi.
2. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкiмiмен белгiленген мөлшерде, бес проценттен жиырма процентке дейiнгi шекте мемлекеттiң кiрiсiне ұстап қалу жүргiзiледi.
3. Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орнында өндiрiстен қол үзiп оқитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға болмайды. Мұндай адамдарға, егер осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптың санкциясымен айыппұл түрiнде жаза көзделмеген болса, бiр ай түзеу жұмысы үшiн заңмен белгiленген бiр айлық есептi көрсеткiшке тең айыппұл сомасының есебiнен сот түзеу жұмыстарының орнына айыппұл тағайындауы мүмкiн. Егер аталған мән-жайлар жазаны өтеу кезiнде пайда болса, сот түзеу жұмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады.
4. Түзеу жұмыстарына сотталған адам жазасын өтеуден әдейi жалтарған жағдайда сот түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзiмiн нақ сол мерзiмге бас бостандығын шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрiнде жазалауға ауыстыра алады.
44-бап. Әскери қызмет бойынша шектеу
1. Келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген, сотталған әскери қызметшiлерге, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген офицерлерге осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда әскери қызметке қарсы қылмыс жасағаны үшiн, сондай-ақ келiсiм-шарт бойынша әскери қызмет өткерiп жүрген, сотталған әскери қызметшiлерге осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына үш айдан екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызмет бойынша шектеу тағайындалады.
2. Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған адамның үлес қаражатынан соттың үкiмiмен белгiленген, бiрақ жиырма проценттен аспайтын мөлшерде мемлекеттiң кiрiсiне ақша ұсталып қалады. Осы жазаны өтеу уақытында сотталған адамның лауазымын, әскери атағын көтеруге болмайды, ал жаза мерзiмi кезектi әскери атақ беру үшiн еңбек сiңiрген жылдар мерзiмiне есептелмейдi.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
45-бап. Бас бостандығын шектеу
1. Бас бостандығын шектеу соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтін белгілі бір міндеттер жүктеуінен тұрады және қоғамнан оқшауламай бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге мамандандырылған органның қадағалауымен оның тұрғылықты жері бойынша өтеледі. Өзге жаза (қоғамдық жұмыстарға немесе түзеу жұмыстарына тарту) бас бостандығын шектеуге ауыстырылған жағдайда, ол бір жылға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Сот бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындай отырып, сотталған адамға: мамандандырылған органға хабарламай түрақты түратын, жұмыс істейтін және оқитын жерін өзгертпеу, мамандандырылған органның рұқсатынсыз белгілі бір жерлерге бармау, оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерінен кетпеу, басқа да жерлерге бармау міндеттерін орындауды жүктейді. Сот, бас бостандығын шектеуге сотталған адамға оның түзелуіне ықпал ететін басқа да міндеттерді орындауды: алкогольге салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныс жолдары арқылы жүғатын аурулардан емделу курсынан өтуді, отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады.
2. Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыра алады. Бүл ретте бас бостандығын шектеуді өтеу уақыты бас бостандығын шектеудің бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебінен бас бостандығынан айыру мерзіміне есептеледі.
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiн күшiне енгiзу туралы» ҚР 1997.16.07. № 168-1 Заңын қара
3. Бас бостандығын шектеу ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы бар адамдарға, әскери қызметшілерге, сондай-ақ түрақты түратын жері жоқ адамдарға қолданы лмай ды.
4. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу кезеңінде сот сотталған адамның мінез-қүлқын қадағалауды жүзеге асыратын органның үсынысы бойынша сотталған адамға бүрын белгіленген міндеттердің күшін толық немесе ішінара жоя алады.
09.12.04 ж. № 10-III Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
46-бап. Қамау
1. Қамау сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкiл мерзiмiнде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады.
2. Қамау бiр айдан алты айға дейiнгi мерзiмге белгiленедi. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе айыппұл салу қамаумен ауыстырылған жағдайда ол кемiнде бiр ай мерзiмге тағайындалуы мүмкiн.
3. Қамау үкiм шығару кезiнде он сегiз жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүктi әйелдер мен кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды.
4. Әскери қызметшiлер қамауды абақтыда өткiзедi.
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiн күшiне енгiзу туралы» ҚР 1997.16.07. № 168-1 Заңын қара
47-бап. 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
05.05.00 ж. № 47-II ҚР Заңымен; 09.12.04 ж. № 10-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.27.06 № 50-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 48-бап өзгертілді
48-бап. Бас бостандығынан айыру
1. Бас бостандығынан айыру сотталушыны колония-қонысқа жiберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегi түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.
2. Үкiм шығару кезiнде он сегiз жасқа толмай бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жалпы немесе күшейтiлген режимдегi тәрбиелеу колонияларына орналастырылады.
2009.10.07 № 175-ІV ҚР Заңымен 48-баптың үшінші бөлігі өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы Кодексте көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн бас бостандығынан айыру алты айдан он бес жылға дейiн, ал аса ауыр қылмыстар үшiн жиырма жылға дейiнгi мерзiмге не өмiр бойына белгiленедi. Абайсызда жасалған қылмыс үшiн бас бостандығынан айыру он жылдан аспауға тиiс. Қоғамдық жұмыстарға тартуды, түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеудi бас бостандығынан айырумен ауыстырған жағдайда ол алты айға жетпейтiн мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезiнде бас бостандығынан айыру мерзiмдерiн iшiнара немесе толық қосқан жағдайда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзiмi осы Кодекстiң 49-бабының үшiншi бөлiгiнде, 69-бабының бесiншi бөлiгiнде және 75-бабының төртiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда жиырма бес жылдан, ал үкiмдердiң жиынтығы бойынша отыз жылдан артық болмауға тиiс.
4. Өмір бойы бас бостандығынан айыру аса ауыр қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ өлім жазасына балама ретінде белгіленуі мүмкін. Өмір бойы бас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығару кезінде алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiн күшiне енгiзу туралы» ҚР 1997.16.07. № 168-1 Заңын қара
5. Бас бостандығынан айыру:
а) абайсызда қылмыс жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға - колония-қоныстарға;
б) қасақана кiшiгiрiм немесе ауырлығы орташа және ауыр қылмыс жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға және қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу алты ай мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға - жалпы режимдегi түзеу колонияларына;
в) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға, сондай-ақ сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қылмыстардың қайталануы кезiнде және қылмыстардың аса қауiптi қайталануы кезiнде әйелдерге қатаң режимдегi түзеу колонияларына;
г) қылмыстардың аса қауiптi қайталануы кезiнде, сондай-ақ өмiр бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға - ерекше режимдегi түзеу колонияларына тағайындалады.
6. Аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың аса қауiптi қайталануы кезiнде жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн түрмеде өтеу түрiнде, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкiн.
7. Үкiммен тағайындалған түзеу мекемесiнiң нысанын өзгертудi Қазақстан Республикасының құқықтық-атқарушылық заңдарына сәйкес сот жүргiзедi.
«Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға түзеу мекемелерінің түрлерін тағайындау жөніндегі сот практикасы туралы» ҚР Жоғарғы сотының 2006.23.06. № 7 Нормативтік қаулысын, «Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2001.19.10. № 15 нормативтік қаулысын қара
ҚР 10.03.04 ж. № 529-II Заңымен 49-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
Достарыңызбен бөлісу: |