Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi


-бап. Өлiм жазасы 2009.10.07 № 175-ІV ҚР Заңымен



бет3/22
Дата17.06.2016
өлшемі1.44 Mb.
#143379
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

49-бап. Өлiм жазасы

2009.10.07 № 175-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Өлім жазасы – ату жазасы адамдардың қаза болуына ұштасқан террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы өтініш ету құқығы беріледі.

2. Өлiм жазасы әйелдерге, сондай-ақ он сегiз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және сот үкiм шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.

3. Қазақстан Республикасының Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады.

4. Өлiм жазасы туралы үкiм ерте дегенде ол күшiне енген сәттен бастап бiр жылдан кейiн, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан соң ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін орындалады.



5. Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен жазаны ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу арқылы өмір бойы бас бостандығынан айыруға немесе жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. Өлім жазасына кесілген адамдардың, өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған жағдайда, олардың мораторий енгізілгенге дейін өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы өтініш беруге құқығы бар.

ҚР Жоғарғы Соты Нормативтік қаулысы, ҚР Жоғарғы Сотының 2001.19.10. № 15 нормативтік қаулысын қара

 

50-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру



1. Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн соттау кезiнде сот айыпкердiң жеке басын ескере отырып, оны құрметтi, әскери, арнаулы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан айыра алады.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi берген құрметтi, әскери, арнаулы немесе өзге де атағы, сыныптық шенi, дипломатиялық дәрежесi немесе бiлiктiлiк сыныбы бар адамды ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшiн соттаған ретте сот үкiм шығарған кезде ол сотталған адамды осы наградалардан, атақтардан, бiлiктiлiк шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен немесе бiлiктiлiк сыныбынан айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзудiң орындылығы туралы мәселенi шешедi.

2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен 51-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

51-бап. Мүлiктi тәркiлеу

1. Мүлікті тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен алынған, не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сотталған адамның басқа адамдардың меншігіне берген мүлік те заңнамада белгіленген тәртіппен тәркілеуге жатады.

2. Мүлiктi тәркiлеу пайдакүнемдiк ниетпен жасалған қылмыс үшiн белгiленедi және осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкiн.

3. Қылмыстық-атқарушы заңдарда көзделген тiзбеге сәйкес сотталған немесе оның асырауындағы адамдарға қажеттi мүлiк тәркiленбеуге тиiс.

«Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» ҚР Жоғарғы Соты Нормативтік қаулысын, «Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2001.13.12. № 18 нормативтік қаулысын қара

 

IV бөлім. Жаза тағайындау



 

52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негiздерi

1. Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында белгiленген шекте және осы Кодекстiң Жалпы бөлiмiнiң ережелерi ескерiле отырып, әдiл жаза тағайындалады.

2. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуi және жаңа қылмыстардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиiс. Егер жасалған қылмыс үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшiн көзделгендерi арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстiң 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкiн. Жасалған қылмыс үшiн осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменiрек жаза тағайындау үшiн негiз осы Кодекстiң 55-бабында белгiленедi.

3. Жаза тағайындау кезiнде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi айыпкердiң жеке басы, сонымен бiрге оның қылмыс жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалы ескерiледi.



«Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысын, «Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2001.19.10. № 15 нормативтік қаулысын қара

 

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 187-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 53-бап өзгертілді



53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар

1. Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады:

а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасау;

б) айыпкердiң кәмелетке толмауы;

в) жүктiлiк;

г) айыпкердiң жас балалары болуы;

д) қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдiк зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағытталған өзге де iс-әрекеттер;

е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасау;

ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгi себептi қылмыс жасау;

з) қажеттi қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттiлiк қылмыс жасаған адамды ұстау, негiздi тәуекел, бұйрықты немесе өкiмдi орындау жағдайында, жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру кезінде қылмыс жасау;

и) қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылған жәбiрленушiнiң заңға қайшы немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылығы;

к) шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесiнде алынған мүлiктi iздеуге белсендi жәрдемдесу.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделмеген мән-жайлар да жаза қолдану кезiнде жеңiлдетушi ретiнде ескерiлуi мүмкiн.

3. Егер жеңiлдететiн мән-жай осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында қылмыс белгiсi ретiнде көзделген болса, ол өзiнен-өзi жаза тағайындау кезiнде қайталап ескерiле алмайды.

4. Осы баптың бірінші бөлігінің д) және к) тармақтарында көзделген жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған жағдайда, жаза мерзімі немесе

мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген жазаның неғүрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасаған кезде - жартысынан, ауыр қылмыс жасаған кезде - үштен екісінен, аса ауыр қылмыс жасаған кезде төрттен үшінен аспауға тиіс.

«Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау практикасы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2001.13.12. № 18 нормативтік қаулысын қара

 

54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар



1. Мыналар қылмыстық-жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;

б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтiру;

в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау;

г) қылмыс жасағанда айрықша белсендi рөл атқару;

д) айыпкер үшiн психикасы бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiнi алдын ала белгiлi адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;

е) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздың себебi бойынша, басқа адамдардың заңды iс-әрекетi үшiн кектенушiлiктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;

ж) жүктiлiк жағдайы айыпкер үшiн алдын ала белгiлi әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не айыпкерге тәуелдi адамға қатысты қылмыс жасау;

з) белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiби немесе қоғамдық борышын өтеуiне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;

и) аса қатыгездiкпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбiрленушiнi қинап қылмыс жасау;

к) қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеушi құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивтi заттар, дәрiлiк және өзге де химиялық-фармокологиялық дәрi-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетiп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауiптi әдiс қолданып қылмыс жасау;

л) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртiп бұзушылық кезiнде қылмыс жасау;

м) алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уытқылық елiту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп танымауға құқылы;

н) адамның өзi қабылдаған антын немесе кәсiби антын бұза отырып қылмыс жасауы;

о) қылмыскердiң қызметi жағдайына немесе шартқа байланысты өзiне көрсетiлген сенiмдi пайдаланып қылмыс жасауы;

п) өкiмет өкiлiнiң нысанды киiмiн немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау.

2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мән-жай осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында қылмыс белгiсi ретiнде көрсетiлген болса, ол жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай ретiнде қайталап ескерiлмеуi керек.

3. Жаза тағайындау кезiнде сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлмеген мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмайды.



«Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» ҚР Жоғарғы Соты 1999.30.04. № 1 Нормативтік қаулысын қара

 

55-бап. Белгiлi бiр қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi



неғұрлым жеңiл жаза қолдану

1. Әрекеттiң мақсаттары мен себептерiне, айыпкердiң рөлiне, оның қылмыс жасау кезiндегi немесе одан кейiнгi мiнез-құлқына байланысты ерекше мән-жайлар және әрекеттiң қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiн едәуiр азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен кезде жаза осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында көзделген ең төменгi шектен төмен тағайындалуы мүмкiн, не сот жазаның осы бапта көзделгеннен неғұрлым жеңiл түрiн тағайындауы не мiндеттi жаза ретiнде көзделген қосымша жаза түрiн қолданбауы мүмкiн.

2. Жазаны жеңiлдететiн жекелеген мән-жайлар да, сондай мән-жайлар жиынтығы да ерекше мән-жай деп танылуы мүмкiн.

«Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысын, «Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2001.19.10. № 15 нормативтік қаулысын қара

 

56-бап. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау



1. Аяқталмаған қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде соның себебiнен қылмыс ақырына дейiн жетпеген мән-жай ескерiледi.

2. Қылмысқа дайындалғаны үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде аяқталған қылмыс үшiн тиiстi бапта көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнiң ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң жартысынан аспауы керек.

3. Қылмысқа оқталғаны үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi тиiстi бапта ерекше қылмыс үшiн көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрiнен ең жоғары мерзiмiнiң немесе мөлшерiнiң төрттен үшiнен аспауы керек.

4. Қылмыс жасауға дайындалғаны үшiн және қылмыс жасауға оқталғаны үшiн өлiм жазасы мен өмiр бойы бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.

57-бап. Қатысып жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындау

1. Қатысып жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындау кезiнде оны жасауға адамның iс жүзiнде қатысу сипаты мен дәрежесi, осы қатысудың қылмыс мақсатына жету жөнiндегi мәнi, оның келтiрiлген немесе келтiруi мүмкiн зиянының сипаты мен мөлшерiне ықпал ескерiледi.

2. Қатысушылардың бiреуiнiң жеке басына қатысты жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлар тек сол қатысушыға жаза тағайындау кезiнде ғана ескерiледi.

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұрынғы ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 58-бап өзгертілді



58-бап. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау

1. Қылмыстардың жиынтығы кезiнде сот әрбiр қылмыс үшiн бөлек жаза (негiзгi және қосымша) тағайындап, түпкiлiктi жазаны жеңiлiрек, қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сiңiру жолымен немесе тағайындалған жазаларды толық немесе iшiнара қосу жолымен белгiлейдi.

2. Егер қылмыстар жиынтығында тек ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар қамтылса, онда түпкілікті жаза қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен не қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен тағайындалады.

3. Егер қылмыстардың жиынтығында ауыр немесе аса ауыр қылмыс қамтылса, түпкiлiктi жаза қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен не жазаларды iшiнара немесе толық қосу жолымен тағайындалады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түрiндегi түпкiлiктi жаза жиырма жылдан аспауы керек.

4. Егер қылмыстардың жиынтығында осы Кодексте жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өлiм жазасы не өмiр бойы бас бостандығынан айыру көзделген, ең болмағанда бiр аса ауыр қылмыс қамтылатын болса, түпкiлiктi жазалау iшiнара немесе толық қосылып тағайындалады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түрiндегi түпкiлiктi жазалау жиырма бес жылдан аспауға тиiс. Егер қылмыстардың жиынтығына кіретін қылмыс үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалатын болса, онда түпкілікті жаза өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе тиісінше өлім жазасы түрінде тағайындалады.

5. Қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған негiзгi жазаға жиынтықты құрайтын қылмыстар үшiн тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкiн. Жекелеп немесе толық қосылған жағдайда түпкiлiктi қосымша жаза осы Кодекстiң Жалпы бөлiмiнiң сол жазалау түрi үшiн белгiленген ең жоғары мерзiмiнен немесе мөлшерiнен аспауы керек.

6. Егер сотталған адамның iсi бойынша сот үкiм шығарғаннан кейiн оның бiрiншi iс бойынша үкiм шығарылғанға дейiн жасаған басқа бiр қылмысқа айыпты екенi анықталса, жаза нақ сол ережелермен тағайындалады. Бұл жағдайда соттың бiрiншi үкiмi бойынша өтелген жаза түпкiлiктi жазалау мерзiмiне есептеледi.

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2002 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» КР Жоғарғы Сотының 2005.28.10. № 7 нормативтік қаулысын, «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» ҚР Жоғарғы Соты 1999.30.04. № 1 Нормативтік қаулысын, «Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстары және оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2002.11.04. № 6 нормативтік қаулысын қара

 

21.12.02 ж. № 363-II (бұрынғы ред. қара); 2007.08.01. № 210-III (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  ҚР Заңдарымен 59-бап өзгертілді



59-бап. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау

1. Қылмыстардың қайталануы, қауiптi қайталануы және аса қауiптi қайталануы жағдайында жаза тағайындау кезiнде бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi, оның алдындағы жазаның түзетушiлiк ықпалының жеткiлiксiздiгiне себеп болған мән-жай, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi ескерiледi.

2. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi жасалған қылмыс үшiн көзделген ең қатаң жаза түрiнiң ең жоғары мерзiмi мен мөлшерiнiң үштен бірінен төмен, ал қылмыстардың қауiптi қайталануы жағдайында - үштен екісінен төмен, ал қылмыстардың аса қауiптi қайталануы жағдайында - төрттен үшінен төмен болмауы керек.

«Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотының өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 59-бабының конституциялылығын тексеру туралы» ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.11.05. № 5/2 қаулысын, «Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2001.19.10. № 15 нормативтік қаулысын қара

3. Осы Кодекстiң 55-бабында көзделген ерекше мән-жайлар болған кезде қылмыстың қайталануы, қауiптi қайталануы немесе аса қауiптi қайталануы кезiнде жаза осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген ережелердi ескермей тағайындалады.



«Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысын қара

 

60-бап. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау



1. Егер сотталған адам үкiм шығарылғаннан кейiн, бiрақ жазаны толық өтегенге дейiн жаңадан қылмыс жасаса, сот соңғы үкiм бойынша сот тағайындаған жазаға соттың алдыңғы үкiмi бойынша жазаның өтелмеген бөлiгiн толық немесе iшiнара қосады.

2. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша түпкiлiктi жаза, егер ол бас бостандығынан айырумен байланысты болмаса, осы Кодекстiң Жалпы бөлiмiндегi осы жазалау түрi үшiн көзделген жазалардың ең жоғары мерзiмiнен немесе мөлшерiнен аспауы керек.

3. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша бас бостандығынан айыру түрiндегi түпкiлiктi жаза жиырма бес жылдан аспауы керек. Егер адам үкiмдердiң жиынтығында осы Кодекстiң 58-бабының төртiншi бөлiгiнде аталған қылмыстардың бiреуiн болса да жасаған деп танылған үкiм қамтылатын болса, бас бостандығынан айыру түрiндегi үкiмдер жиынтығы бойынша түпкiлiктi жаза отыз жылдан аспауы керек.

4. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша түпкiлiктi жаза қайта жасалған қылмыс үшiн тағайындалған жазадан да, соттың оның алдындағы үкiмi бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлiгiнен де артық болуы тиiс.

5. Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезiнде жазалардың қосымша түрлерiн қосу осы Кодекстiң 58-бабында көзделген ережелер бойынша жүргiзiледi.

«Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысын қара

 

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына ; 2009.10.07. № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 61-бап өзгертілді



61-бап. Мерзiмдердi қосу кезiнде оларды белгiлеу тәртiбi

1. Қылмыстардың жиынтығы және үкiмдердiң жиынтығы бойынша жазаларды iшiнара немесе толық қосу кезiнде бас бостандығынан айырудың бiр күнiне:



а) қамаудың бір күні;

б) бас бостандығын шектеудiң екi күнi;

в) түзеу жұмыстарының немесе әскери қызмет бойынша шектеудiң үш күнi;

г) қоғамдық жұмыстарға тартудың төрт сағаты сәйкес келедi.

2. Айыппұл салу белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру, сондай-ақ мүлiктi тәркiлеу оларды бас бостандығын шектеумен, түзеу жұмыстарымен, қамаумен, бас бостандығынан айырумен қосқан кезде дербес орындалады.

«Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысын, «Бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2001.19.10. № 15 нормативтік қаулысын қара

 

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 177-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 62-бап өзгертілді



62-бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу

1. Белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырудың, түзеу жұмыстарының, әскери қызмет бойынша шектеудiң, бас бостандығын шектеудiң, қамаудың, бас бостандығынан айырудың мерзiмi айлармен және жылдармен, ал қоғамдық жұмыстарға тартудың мерзiмi сағатпен есептеледi.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген жазаларды ауыстыру немесе қосу кезiнде, сондай-ақ жазаны есепке алу кезiнде мерзiм күндермен есептелуi мүмкiн.

3. Үкiм заңды күшiне енгенге дейiн қамауда ұстау бас бостандығынан айыру, қамау, түрiндегi жаза мерзiмiнiң бiр күнiне бiр күн есебiмен, бас бостандығын шектеу түрiнде ұстауға - екi күнге бiр күн, түзеу жұмыстары мен әскери қызмет бойынша шектеуге - үш күнге бiр күн, ал қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазалау мерзiмiне - қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты қамауға ұсталған бiр күн есебiмен есептеледi.

3-1. Үкiм заңды күшiне енгенге дейiн үйде қамауда ұстау уақыты бас бостандығынан айыру, қамау түрiндегi жаза мерзiмiнiң бiр күнiне екi күн, бас бостандығын шектеу түрiнде ұстауға - бiр күнге бiр күн, түзеу жұмыстары мен әскери қызмет бойынша шектеуге - екi күнге бiр күн, ал қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазалау мерзiмiне - қоғамдық жұмыстардың екi сағаты үйде қамауда ұстаудың бiр күнi есебiмен есептеледi.

4. Сот үкiмi заңды күшiне енгенге дейiн адамды қамауда ұстау уақыты мен Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерлерде жасалған қылмыс үшiн сот үкiмiмен тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасын өтеу уақыты адам осы Кодекстiң 8-бабының негiзiнде ұстап берiлген жағдайда бiр күнге бiр күн есебiмен есептеледi.

5. Сот қарағанға дейiн қамауда ұсталған сотталушы адамға айыппұл, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегi жазаны тағайындау кезiнде сот қамауда ұсталған мерзiмдi ескере отырып, тағайындалған жазаны жеңiлдетедi немесе оны осы жазаны өтеуден толық босатады.

6. Қылмыс жасалғаннан кейiн психикалық аурумен науқастанған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған уақыт жаза мерзiмiне есептеледi.

21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 2007.08.01. № 210-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 177-IV (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.23.11. № 354-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 63-бап өзгертілді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет