Қазақстан республикасының жоғАРҒы білім және ғылым министірлігі



бет1/3
Дата07.10.2023
өлшемі65.04 Kb.
#480096
  1   2   3
эссе


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық құқық кафедрасы



СӨЖ
Тақырыбы: Халықаралық құқық қағидалары: Халықаралық құқық қағидаларын жіктеуді білу. Халықаралық құқықтың әрбір принципіне құқықтық талдау жүргізе білу

Оқытушы: Жүнісов Ж.С.


Студент: Рахматулла Айғаным

Алматы, 2023 ж.


Құқықтық жалпы принциптері

Құқықтың «жалпы принциптері» қандай негізде құқықтың қайнар көзі ретінде көрініс табады? Бірде-бір құқықтық жүйеде заңдар немесе жазылған құқықтың басқа да қайнар көздері соттарда туындайтын барлық сұрақтарға жауып беру мүмкіндігі жоқ. Судьялар туындайтын мәселелерді шешу үшін, құқықтық нормаларды шығару керек. Соттағылар ашық норма шығарушылықты бүркемелеу үшін, құқықтың жалпы принциптеріне сүйенеді: идеяның негізі мынада – егер құқықтық норма ортақ келісімді қалыптастыратындай жалпы принципке сүйеніп жасалса, сот шешімінің тұрақты құқықтық негізі бар деп есептеледі.


Жалпы принциптердің бастауы не болып табылады? Олар әр түрлі қайнар көздерде табылады, бірақ соның ішінде ең маңыздылары – Қоғамдастықтарды құратын шарттар және мүше-мемлекеттердің құқықтық жүйелері. Бірінші жағдайда, Сот шарттар ережелер біреуі шартқа тікелей енгізілмеген жалпы принциптің көрінісі деп қаулы етеді. Сонымен, бұл ереже құқықтың жалпы принципі ретінде қолданылады. Оның мысалы – Қоғамдастықтың 7-бабына сәйкес шартты қолдану шеңберінде Қоғамдастық азаматтарын ұлт белгісі бойынша кез келген кемсітуге тыйым салу. Бұл сот пен шарттардың басқа ережелерімен бірге кез келген белгілер бойынша кемсіту жасасуға тыйым салатын, теңдіктің жалпы теориясын қалыптастыру үшін қолданылады.
Тағы бір мысал, Қоғамдастықтың 36-бабы қарастыратын ақшалай санкциялар мен кезеңде айыппұлға қарсы шағым-арыздарды қолдау ретінде мүдделі тарап сол шешім мен ұсыныстардың заңдылығына қарсы болды, ал ол сақталмаған жаңдайда бұл тарап айыпталады. Кейбір талапкерлер осы ережені айыппұл төлемдеріне қатысты емес, алымдарға қатысты қолданған. 36-баб қолдауға жатпады, бірақ сот бұл ережені жалпы принциптің жеке көрінісі, сондықтан да, жанама түрде кез келген құқықтық шараларды даулауға болады деп ұйғарды. Осы жалпы принцип қарастырылған істе қолданылып, өтініш білдірушіге шараны даулауға мүмкіндік береді. Бұл дәлелдеме екі сатыны талап етеді: біріншісі – индуктивтік, онда сот шарттың жеке ережесіне негізделе отырып, оны жалпы принципке байланыстырады. Ал, екіншісі – дедуктивтік, бұл жерде сот қарастырып отырған бойынша шешімді жалпы принципті қолдана отырып қабылдайды. Сот осындай әрекет жасаса, оның шешімінің құқықтық негізі – шарт емес, жалпы принцип болып табылады.
Сонымен, құқықтың жалпы принциптері - құқықтың тәуелсіз қайнар көзі және Сот жоғарыда айтылған жағдайлар болмағанның өзінде, олардың қолданатындығына ешбір күмән жоқ. Бірақ, Сотпен жаңа құқық нормалары ұсынылған кезде ол әрқашанда жалпы принциптерге тікелей сілтеме жасайды, ойламау керек. Кейде ол қайнар көзге еш сілтеме жасамай-ақ, норманы бекіте алады немесе оны Қоғамдастық құқықтық жүйесінің жалпы талаптарымен немесе саясатымен ақтай алады. Бірақ, егер де бұндай нормаларға ресми қайнар көз керек болса, ол әрқашан да не жазылған құқықты кең талқылау арқылы, не жалпы принциптерге сілтеме жасасу арқылы табыла алады.
Сотпен қабылданған жалпы принциптер қандай? Бұл принциптердің барлығын атап айту мүмкін емес, бірақ, олардың кейбіреулері, ең маңыздылары, қазір қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет