Пропорционалдылық және теңдік
Пропорционалдылық - герман құқығынан бастау алатын принцип. Германия Конституциясының кейбір ережелері осы принципке негізделгенін айта кету керек. Бұл қағиданың конституциялық қыры адамның негізгі құқықтарына байланысты айтылған болатын.
Пропорционалдылық принципі бойынша, шараның мақсатына жету үшін қоғамдық мүддеден шығатын бекітілген қажеттілік шегінен асатын міндеттерді билік органдары азаматтарға жүктей алмайды. Егер, белгіленген міндеттемелер ашық түрде мақсатқа пропорционалды емес болса, шара жойылады.
Пропорционалдылық принципі алғаш реті Қоғамдастық құқығына ЕуроҚауымдастық Сотымен енгізілсе, қазіргі кезде де ол Шарттарда бекітілген. Пропорционалдылық экономикалық құқық аясында айрықша маңызды, өйткені оған сай экономикалық мақсаттарға жету үшін кәсіпкерлер алымдарды, салықтарды, тарифтер немесе баж салықтарын төлеуге жиі міндеттеніп отырады.
Теңдік принципі - Шарттардың кейбір ережелерінде көрініс тапқан: атап айтқанда, онда “ұлтына қарай”, “діни белгілері бойынша” кемсітуге, “ауылшаруашылық саласында өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы кемсітсуге” тыйым салады және “ер адамдар мен әйелдердің тең еңбегіне бірдей ақы төлеу принципін қолдануды көздейді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Хартли Т.С. Еуропа Қоғамдастығы құқығының негіздері
2. Сарсембаев М.А. Международное право. Алматы, 1999 г.
3. Права человека в международных документах. “Ғылым”, 98.
Достарыңызбен бөлісу: |