5. Ақпараттық-көрсеткiштiк белгiлер
Ақпараттық-көрсеткiштiк белгiлер қозғалыстың белгiлi бiр режимдерiн енгiзедi немесе күшiн жояды, сондай-ақ елдi мекендер мен басқа да объектiлердiң орналасуы туралы хабарлайды.
5.1. "Автоарна". Ережелердiң талаптары қолданылатын, автоарналар бойынша қозғалыстың тәртiптерiн белгiлейтiн жол.
5.2. "Автоарнаның аяқталуы".
5.3. "Автомобильдерге арналған жол". Автомобильдер мен мотоциклдердiң ғана қозғалысына ғана арналған жол.
5.4. "Автомобильдерге арналған жолдың аяқталуы".
5.5. "Бiржақты қозғалыстағы жол". Көлiк құралдарының қозғалысы бүкiл енi бойынша бiржақты бағытта жүзеге асырылатын жол немесе жүргiн бөлiк.
5.6. "Бiржақты қозғалыстағы жолдың аяқталуы".
5.7.1., 5.7.2. "Жолға бiржақты қозғалыспен шығу". Жолға немесе жүргiн бөлiкке бiржақты қозғалыспен шығу.
5.8.1. "Қозғалыстың жол жолақтары бойынша бағытты". Жол Жолақтарының саны және қозғалыстың оның әрбiрiне рұқсат етiлген бағыттары.
5.8.2. "Қозғалыстың жол жолақтары бойынша бағыттары". Қозғалыстың жол жолақтары бойынша рұқсат етiлген бағыттары.
Шеткi сол жол жолағынан сол жаққа бұрылуға рұқсат ететiн 5.8.1. және 5.8.2. белгiлерi осы жол жолағынан айналыс жасауға да рұқсат етедi.
Қиылыстың алдында орнатылған 5.8.1. және 5.8.2. белгiлерi, егер онда орнатылған басқа 5.8.1. және 5.8.2. белгiлерi өзге нұсқаулар бермейтiн болса бүкiл қиылысқа қолданылады.
5.8.3. "Жол жолағының басталуы". Көтерiлуде қосымша жол жолағының немесе тежеу жол жолағының басталуы.
Егер қосымша жол жолағының алдында "Ең төменгi жылдамдықты шектеу" деген 4.7. белгiсi бейнеленген болса, онда қозғалыста көрсетiлген негiзгi жол жолағы бойынша немесе жоғары жылдамдықты жалғастыра алмайтын көлiк құралының жүргiзушiсi қосымша жол жолағына қайта шығуы тиiс.
5.8.4. "Жол жолағының басталуы". Осы бағыттағы қозғалысқа арналған үш жол жолақты жолдың орта жол жолағы учаскесiнiң басталуы.
5.8.5. "Жол жолағының аяқталуы". Көтерiлудегi қосымша жол жолағының немесе екпiндеп айдаудың аяқталуы.
5.8.6. "Жол жолағының аяқталуы". Осы бағыттағы қозғалысқа арналған үш жол жолақты жолдың орта жол жолағы учаскесiнiң аяқталуы.
5.8.7, 5.8.8. "Қозғалыстың жол жолақтары бойынша бағыты".
Егер 5.8.7. белгiсiнде қандай да болмасын көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салатын белгi бейнеленген болса, онда осы көлiк құралдарының тиiстi жол жолағы бойынша қозғалысына тыйым салынады.
5.8.7. және 5.8.8. белгiлерi көрсеткiштердiң тиiстi санымен жолдарда төрт жол жолағымен және одан да көп қолданыла алады.
5.8.7. және 5.8.8. ауысымдық бейнеленуiнiң көмегiмен реверсивтiк қозғалыс ұйымдастырылуы мүмкiн.
5.9. "Маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағы". Көлiк құралдарының жалпы легiмен жолай қозғалатын тек маршруттық көлiк құралдарының қозғалысына ғана арналған жол жолағы.
Белгi өзi қойылған жол жолағына қолданылады. Жолдың оң жағына орнатылған белгi оң жол жолағына қолданылады.
5.10.1. "Маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағындағы жол". Маршруттық көлiк құралдарының қозғалысы көлiк құралдарының жалпы легiне қарсы арнайы бөлiнген жол жолағында жүзеге асырылатын жол.
5.10.2, 5.10.3. "Маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағындағы жолға шығу".
5.10.4. "Маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағындағы жолдың аяқталуы".
5.11.1. "Айналыс жасауға арналған орын". Солға бұрылуға тыйым салынады.
5.11.2. "Айналыс жасауға арналған белдеу". Айналыс жасауға арналған белдеудiң ұзындығы. Солға бұрылуға тыйым салынады.
5.12. "Автобус пен (немесе) троллейбустың аялдау орны".
5.13. "Трамвайдың аялдау орны".
5.14. "Жеңiл таксилердiң тұрақ орны".
5.15. "Тұрақ орны".
5.16.1, 5.16.2. "Жаяу өтпе".
Өтпеде 1.14.1.-1.14.3. таңбалары болмаған кезде 5.16.2. белгiсi жолдың оң жағына өтудiң жақын шекарасына, ал 5.16.1. - жолдың сол жағына өтудiң шегiне орнатылады.
5.17.1, 5.17.2. "Жер асты жаяу өтпесi".
5.17.3, 5.17.4. "Жер үстi жаяу өтпесi".
5.18. "Ұсынылатын жылдамдық". Жолдың осы учаскесiндегi ұсынылатын қозғалыстың жылдамдығы. Белгiнiң қолданылу белдеуi жақын маңайдағы қиылысқа дейiн, ескертушi белгiмен бiрлесiп 5.8. белгiсi қолданылу кезiнде қауiптi учаскенiң ұзындығымен айқындалады.
5.19.1. - 5.19.3. "Тұйық". Тура жол жүру жоқ жол.
5.20.1. "Бағыттардың алдын ала көрсеткiшi", 5.20.2. "Бағыттардың алдын ала көрсеткiшi". Белгiде белгiленген елдi мекендер мен басқа да объектiлерге қарай қозғалыстың бағыттары. Белгiлерге 5.29.1. белгiсiнiң бейнесi, автоарналардың, әуежайдың, спорттық рәмiздер мен өзге де пиктрограммалар енгiзiлуi мүмкiн. 5.20.1. белгiсiне қозғалыстың ерекшелiктерi туралы хабарлайтын басқа белгiлердiң бейнелерi енгiзiлуi мүмкiн. 5.20.1. белгiсiнiң төменгi бөлiгiнде белгiнi орнату орнынан бастап қиылысқа немесе тежеу жол жолағының басталуына дейiнгi ара қашықтық көрсетiледi.
5.20.1. белгiсi, сондай-ақ 3.11-3.15 тыйым салу белгiлерiнiң бiрi орнатылған жолдардың учаскелерiн айналып өтудi нұсқау үшiн де қолданылады.
5.20.3. "Қозғалыс схемасы". Жекелеген маневрлер қиылысындағы тыйым салу кезiндегi қозғалыс маршруты немесе қозғалыстың күрделi қиылысындағы рұқсат етiлген бағыттары.
5.21.1. "Бағыт көрсеткiш", 5.21.2. "Бағыттар көрсеткiшi". Қозғалыстың маршрут бағыттарына қарай бағыттары. Белгiлерге ондағы белгiленген объектiлерге дейiнгi арақашықтық (км) көрсетiлуi, автоарналар, әуежай, спорттық рәмiздер мен өзге де пиктограммалар енгiзiлуi мүмкiн.
5.22. "Елдi мекеннiң басталуы". Елдi мекендерде қозғалыстың тәртiбiн белгiлейтiн Ережелердiң талаптары қолданылатын елдi мекеннiң атауы және басталуы.
5.23. "Елдi мекеннiң аяқталуы". Елдi мекендерде қозғалыстың тәртiбiн белгiлейтiн Ережелер талаптарының күшi жоғалатын осы жолдағы орын.
5.24. "Елдi мекеннiң басталуы". Елдi мекендерде қозғалыстың тәртiбiн белгiлейтiн осы жолда Ережелердiң талаптары қолданылмайтын елдi мекеннiң атауы және басталуы.
5.25. "Елдi мекеннiң аяқталуы". 5.24. белгiсiмен таңбаланған елдi мекеннiң аяқталуы.
5.26. "Объектiнiң атауы". Елдi мекенге қарағанда өзге объектiнiң атауы (өзен, көл, асу, назар аударарлық орындар және соған ұқсастар).
5.27. "Арақашықтықтардың көрсеткiшi". Маршрутта орналасқан елдi мекендерге дейiнгi арақашықтық (км).
5.28. "Километрлiк белгi". Жолдың басына немесе аяғына дейiнгi ара қашықтық (км).
5.29.1, 5.29.2. "Маршруттың нөмiрi". 5.29.1- жолға (маршрутқа) берiлген нөмiр; 5.29.2.- жолдың (маршруттың) нөмiрi мен бағыты.
5.30.1.-5.30.3. "Жүк автомобильдерiне арналған қозғалыстың бағыты". Жүк автомобильдерiне, тракторлар мен өзi жүретiн машиналарға арналған, егер олардың қозғалысының бағыттарының бiрiне қиылыста қозғалуына тыйым салынған болса, қозғалыстың ұсынылатын бағыты.
5.31. "Айналып өту схемасы". Қозғалыс үшiн уақытша жабылған жол учаскесiн айналып өту маршруты.
5.32.1-5.32.3. "Айналып өту бағыты". Қозғалыс үшiн уақытша жабылған жол учаскесiнiң бағыты.
5.33. "Тоқтау сызығы". Көлiк құралдарының бағдаршамның (реттеушiнiң) тыйым салған белгiсi кезiндегi аялдау орны.
5.34.1, 5.34.2. "Басқа жүргiн бөлiкке түсудiң алдын ала көрсеткiшi". Бөлектеушi жол жолағы бар жолда жүргiн бөлiктiң учаскесiн қозғалыс үшiн жабылған учаскесiн айналып өтудiң бағыты немесе оң жақтағы жүргiн бөлiкке оралуға арналған қозғалыстың бағыты.
5.35. "Реверсивтi қозғалыс". Қозғалыстың бағыты бiр немесе бiрнеше жол жолақтарында қарама-қарсыға өзгеруi мүмкiн жол учаскесiнiң басталуы.
5.36. "Реверсивтi қозғалыстың аяқталуы".
5.37. "Реверсивтi қозғалысты жолға шығу".
5.38. "Тұрғын аймақ". Тұрғын аймақтағы қозғалыстың тәртiбiн белгiлейтiн Ережелердiң талаптары қолданылатын аумақ.
5.39. "Тұрғын аймақтың аяқталуы".
Елдi мекеннен тысқары орнатылған 5.20.1, 5.20.2, 5.21.1 және 5.21.2 белгiлерiндегi жасып немесе көк рең көрсетiлген елдi пунктке немесе объектiге қозғалыстың тиiсiнше автоарна немесе басқа жол бойынша жүзеге асырылатындығын бiлдiредi. Елдi мекенде орнатылған 5.20.1, 5.20.2, 5.21.1 және 5.21.2 белгiлерiндегi жасыл немесе көк рең қозғалыстың көрсетiлген елдi мекенге немесе объектiге осы елдi мекеннен өткен соң тиiсiнше автоарналар немесе басқа жол бойынша жүзеге асырылатындығын бiлдiредi; ақ рең көрсетiлген объектiнiң осы елдi мекенде екендiгiн бiлдiредi.
Достарыңызбен бөлісу: |