1-ҚОСЫМША
ЖОЛ БЕЛГIЛЕРI* (ҚР СТ 1125-2002 және ҚР СТ 1412-2005
бойынша)
Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2007.05.25. N 420 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1. Ескерту белгiлерi
Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту белгiлерi жүргiзушiлерге олардың бойымен қозғалу тиiстi жағдайға байланысты шара қабылдауды талап ететiн жолдың қауiптi учаскесiнiң жақындағандығын хабарлайды.
1.1.** "Шлагбаумы бар темiржол өтпесi".
1.2. "Шлагбаумы жоқ темiржол өтпесi".
1.3.1. "Бiр жолды темiржол", "Көп жолды темiржол". Шлагбауммен жабдықталмаған темiржол арқылы өтпенi белгiлеу: 1.3.1.- бiр жолмен, 1.3.2. - екi және одан көп жолмен.
1.4.1. - 1.4.6. "Темiржол өтпесiне жақындау". Елдi мекеннен тыс темiржол өтпесiнiң жақындағаны туралы қосымша ескерту.
1.5. "Трамвай желiсiмен кесiп өту".
1.6. "Тең мағыналы жолды кесiп өту".
1.7. "Айналысты қозғалыспен кесiп өту".
1.8. "Бағдаршам реттеуi". Қозғалыс бағдаршаммен реттелетiн қиылыс, жаяу жүргiншi өтпесi немесе жол учаскесi.
1.9. "Айырылатын көпiр". Айырылатын көпiр немесе паром өткелi.
1.10. "Жағалауға шығу", Жағалауға немесе жағаға шығу.
1.11.1., 1.11.2. "Қауiптi бұрылыс". Шағын радиусты немесе көрiнуi шектеулi жолдың доғалануы: 1.11.1. - оңға, 1.11.2. - солға.
1.12.1., 1.12.2. "Қауiптi бұрылыстар". Қауiптi бұрылыстар бар жол учаскелерi: 1.12.1.- бiрiншi бұрылыспен оңға, 1.12.2. - бiрiншi бұрылыспен солға.
1.13. "Тiк еңiс".
1.14. "Тiк өрлеу".
1.15. "Тайғақ жол". Жүрiс бөлiгiнiң қатты тайғанақ жол учаскесi.
1.16. "Тегiс емес жол". Жүрiс бөлiгiнде тегiс емес жерлерi бар жол учаскесi (толқынданған, шығыңқы, көпiрлермен үйлесiмсiз жалғасқан және с.с.).
1.16.1 "Жасанды ойлы-қырлылық".
1.17. "Қиыршық тас шашылған". Қиыршық тас, ұсатылған тас және сол сияқтылардың көлiк құралдарының дөңгелегi астынан шашырауы мүмкiн жол учаскесi.
1.18.1.-1.18.3. "Жолдың тарылуы". 1.18.1.- екi жағынан, 1.18.2. - оң жағынан, 1.18.3. - сол жағынан тарылуы.
1.19. "Екiжақты қозғалыс". Қарама-қарсы қозғалысты жол учаскесiнiң (жүрiс бөлiгiнiң) басталуы.
1.20. "Жаяу жүргiншi өтпесi". 5.16.1., 5.16.2. және (немесе) белгiлерiмен 1.14.1-1.14.3. таңбаларымен белгiленген жаяу жүргiншi өтпесi.
1.21. "Балалар". Жүрiс бөлiгiне балалар шыға келуi мүмкiн балалар мекемесiне (мектептер, сауықтыру лагерлерi және сол сияқтылар) жақын жердегi жол учаскесi.
1.22. "Велосипед жолымен қиылыс".
1.23. "Жол жұмыстары".
1.24. "Мал айдау".
1.25. "Жабайы хайуанаттар".
1.26. "Тас түсу". Опырылып құлау, ысырма жүру, тас түсуi мүмкiн болатын жол учаскелерi.
1.27. "Бүйiрден соғатын жел".
1.28. "Төмен ұшатын ұшақтар".
1.29. "Тоннель". Жасанды жарықтандыруы және тоннель немесе кiру порталының көрiнуi шектеулi тоннель.
1.30. "Басқа қауiптiлiктер". Басқа ескерту белгiлерiмен көзделмеген қауiптiлiктерi бар жол учаскелерi.
1.31.1., 1.31.2. "Бұрылыс бағыты". Көрiнуi шектеулi шағын радиусты жол доғалануындағы қозғалыс бағыты. Жолдың жөнделетiн учаскесiн айналып өту бағыты.
1.31.3. "Бұрылыс бағыты". Т үлгiсiндегi жол қиылысында немесе ол тармақталуындағы қозғалыс бағыты. Жолдың жөнделетiн учаскесiн айналып өту бағыты.
1.1., 1.2., 1.5-1.30. ескерту белгiлерi қауiптi учаске басталғанға дейiн елдi мекеннен тыс жерлерде 150-300 м қашықтықта, ал елдi мекендерде және тұрғын аймақтарда 50-100 м қашықтықта орнатылады. Қажет болған жағдайларда белгiлер 7.1.1. табличкасында көрсетiлетiн өзге қашықтықтарда да орнатылуы мүмкiн.
1.13. және 1.14. белгiлерi, егер еңiстер мен өрлеулер бiрiнен соң бiрi келетiн болса, тiкелей еңiстiң немесе өрлеудiң басталысы алдында 7.1.1. табличкасыз орнатылуы мүмкiн.
1.23 белгiсi жүріс бөлiгiнде қысқа мерзiмдiк жұмыстар жүргiзiлген кезде жұмыс жүргiзiлетiн жерге дейiн 10-15 м ара қашықтықта орнатылуы (7.1.1. табличкасыз) мүмкiн.
Елдi мекендерден тыс жерлерде 1.1, 1.2, 1.9, 1.10, 1.21 және 1.23 белгiлерi қайталанады. Екiншi белгi қауiптi учаске басталғанға дейiн кемiнде 50 м арақашықтықта орнатылады.
1.31.4, 1.31.5 "Бұрылыстың бағыты".
1.32.1, 1.32.2 және 1.32.3 "Кедергiнi айналып өту".
1.4.1 - 1.4.3 белгiлерi жолдың оң жағынан, ал 1.4.4 - 1.4.6 -сол жағынан қойылады. 1.4.1 және 1.4.4 белгiлерi - 1.1 немесе 1.2 белгiсiмен қозғалыстың бағытымен, ал 1.4.2 және 1.4.5 белгiлерi - өздiгiнен, 1.1 немесе 1.2 бiрiншi және екiншi белгiлерiнiң арасына бiрдей арақашықтықта қойылады.
1.3.1 және 1.3.2 белгiлерi тiкелей темiржол өтпесiнiң алдына қойылады.
_____________
* Жол белгiлерiн таңбалау Қазақстан Республикасының стандарттау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
** Жол белгiлерiн нөмiрлеу ҚР СТ 1125-2002-гe сәйкес келедi.
Жол белгiлерiнiң атаулары мен кескiндеулерi 2-суретте келтiрiлген.
Достарыңызбен бөлісу: |