Қазақстан республикасының жол қОЗҒалысы ережелерi мазмұны



бет26/36
Дата03.07.2024
өлшемі3.28 Mb.
#502859
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
ЖҚЕ -лекция

2-сурет. ЖОЛ БЕЛГIЛЕРI
1. Ескерту белгiлерi


2. Басымдылық белгiлерi
3. Тыйым салатын белгiлер
4. Алдын-ала қойылатын белгiлер
5. Ақпараттық-көрсеткiштiк белгiлер
6. Сервис белгiлерi
7. Қосымша ақпараттық белгiлер (табличкалар)


2. Басымдылық белгiлерi
Басымдылық белгiсi жүрiс бөлiгiнiң немесе жолдың жiңiшкерген учаскелерiнiң көше қиылыстарын өтпелерiн кесiп өту кезектiлiгiн белгiлейдi.
2.1 "Басты жол". Реттелмейтiн қиылыстарда басымдылықпен өту құқығы берiлген жолдар.
2.2 "Басты жолдың аяқтаулы".
2.3.1 "Екiншi дәрежелi жолмен қиылысу".
2.3.2, 2.3.3 "Екiншi дәрежелi жолға жанасу". 2.3.2 - оң жақтан, 2.3.3. - солдан жанасу.
2.4 "Жол берiңiз". Жүргiзушi қиылысатын, ал 7.13 табличкасы болғанда басты жолдың бойымен қозғалатын көлiк құралдарына жол беруi тиiс.
2.5 "Аялдамасыз қозғалуға тыйым салынады". Тоқтау-сызығының алдынан, ол жоқ болса - қиылысатын жүрiс бөлiгiнiң шетiне жетпей аялдама жасамай қозғалуға тыйым салынады. Жүргiзушi қиылысатын жол бойымен, ал 7.13 табличкасы болған кезде - басты жолмен қозғалатын көлiк құралына жол беруi тиiс.
2.5 белгiсi темiржол өтпесi немесе карантин посты алдынан қойылуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда жүргiзушi тоқтау-сызығының, ал ол жоқ болса - белгiнiң алдында аялдауы тиiс.
2.6. "Қарама-қарсы қозғалыстың басымдылығы". Егер бұл қарама-қарсы қозғалысты қиындататын болса, жолдың тар учаскесiне шығуға тыйым салынады. Жүргiзушi тар учаскедегi немесе қарама-қарсы оған кiру жолындағы қарама қарсы көлiк құралына жол беруi тиiс.
2.7 "Қарама-қарсы қозғалыс алдындағы басымдылық". Қарама-қарсы көлiк құралына қарағанда оның бойымен жүргенде жүргiзушi басымдылықпен пайдаланатын жолдың тар учаскесi.

3. Тыйым салатын белгiлер
Ескерту. 3-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тыйым салатын белгiлер қозғалысқа белгiлi бiр шектеулер енгiзедi немесе оларды жояды.
3.1 "Кiруге тыйым салынады". Осы бағыттағы барлық көлiк құралдарының кiруiне тыйым салынады.
3.2. "Қозғалысқа тыйым салынады". Барлық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.3. "Механикалық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады".
3.4. "Жүк автомобильдерiнiң қозғалысына тыйым салынады". Жүк автомобильдерi мен рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т астам (егер белгiде массасы көрсетiлмесе) немесе рұқсат етiлген ең жоғары массасы белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының составтарының, сондай-ақ тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналардың қозғалысына тыйым салынады.
3.4 белгiсi борттарында төмен көлбеу ақ жолағы бар немесе адамдарды тасуға арналған жүк автомобильдерiнiң қозғалысына тыйым салмайды.
3.5 "Мотоциклдердiң қозғалысына тыйым салынады".
3.6 "Тракторлардың қозғалысына тыйым салынады". Тракторлардың және өздiгiнен жүретiн машиналардың қозғалысына тыйым салынады.
3.7 "Тiркемелi көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады".
3.8 "Көлiк-арба қозғалысына тыйым салынады". Көлiк-арбаның (шананың), адам мiнген және жүк артылған малдардың қозғалуына, сондай-ақ мал айдауға тыйым салынады.
3.9. "Велосипедпен қозғалысқа тыйым салынады". Велосипедтер мен мопедтердiң қозғалысына тыйым салынады.
3.10 "Жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына тыйым салынады".
3.11. "Массаны шектеу". Нақты жалпы массалары белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдары, оның iшiнде көлiк құралдары составтарының қозғалысына тыйым салынады.
3.12 "Оське түсетiн жүктеменi шектеу". Қандай болса да оське түсетiн нақты жүктемесi белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.13. "Биiктiктi шектеу". Көлемдiк биiктiгi (жүкпен немесе жүксiз) белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.14 "Енiн шектеу". Көлемдiк енi (жүкпен немесе жүксiз) белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.15 "Ұзындықты шектеу". Көлемдiк ұзындығы (жүкпен немесе жүксiз) белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының (көлiк құралдары составының) қозғалысына тыйым салынады.
3.16 "Ең төменгi аралықты шектеу". Олардың арасындағы аралық белгiде көрсетiлгеннен кем көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.17 "Кеден", Кеден (бақылау пунктiнiң) жанында аялдамасыз өтуге тыйым салынады.
3.17.2 "Қауiптiлiк", Жол-көлiк оқиғаларына, аварияға немесе басқа қауiптiлiктерге байланысты, әрi қарай барлық көлiк құралдарының қозғалысына ерекшелiксiз тыйым салынады.
3.18.1 "Оңға бұрылуға тыйым салынады".
3.18.2 "Солға бұрылуға тыйым салынады".
3.19 "Керi бұрылуға тыйым салынады".
3.20 "Басып озуға тыйым салынады". 30 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын, жекелегендерiнен басқа, барлық көлiк құралдарын басып озуға тыйым салынады.
3.21 "Басып озуға тыйым салынатын аймақтың аяқталуы".
3.22 "Жүк автомобильдерiне басып озуға тыйым салынады". Рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т артық жүк автомобильдерiне 30 км/сағ кем жылдамдықпен қозғалатын, жекелегендерiнен басқа барлық көлiк құралдарын басып озуға тыйым салынады. Тракторларға көлiк-арба және велосипедтен басқа барлық көлiк құралдарын басып озуға тыйым салынады.
3.23 "Жүк автомобильдерiнiң басып озуына тыйым салу аймағының аяқтаулы".
3.24 "Ең жоғары жылдамдықты шектеу". Белгiде көрсетiлгеннен артық жылдамдықпен (км/сағ) қозғалуға тыйым салынады.
3.25 "Ең жоғары жылдамдықты шектеу аймағының аяқталуы".
3.26 "Дыбыстық сигнал беруге тыйым салынады". Сигнал жол-көлiк оқиғаларын болдырмау үшiн берiлгеннен басқа жағдайларда дыбыс сигналына тыйым салынады.
3.27 "Аялдауға тыйым салынады". Көлiк құралдарының аялдауына және тұруына тыйым салынады.
3.28 "Тұруға тыйым салынады". Көлiк құралдарының тұруына тыйым салынады.
3.29 "Айдың дақ күндерi тұруға тыйым салынады".
3.30 "Айдың жұп күндерi тұруға тыйым салынады". 3.29 және 3.30 белгiлерiн бiр мезгiлде қолданғанда көлiк құралдарын бiр жақтан екiншiсiне орын ауыстыру уақыты - 19-дан 21 сағатқа дейiн.
3.31 "Барлық шектеу аймақтарының аяқтаулы". Бiр мезгiлде 3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26 - 3.30 белгiлерiнiң бiр мезгiлде бiрнешеуiн қолдану аймағының аяқталуы.
3.32 "Көлiк құралдарының қауiптi жүкпен қозғалуына тыйым салынады". "Қауiптi жүк" айырым белгiсiмен жабдықталған көлiк құралдарының қозғалуына тыйым салынады.
3.33 "Көлiк құралдарының жарылғыш және оңай тұтанатын жүктермен қозғалуына тыйым салынады". "Қауiптi жүк" айырым белгiсiмен жабдықталған және 19433-88 ГОСТ-ы бойынша, 1.2.2-2.4, 3.1, 3.2, 5.2 сыныптарының қауiптi жүктерiн тасымалдауға арналған көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.2-3.9, 3.32 және 3.33 белгiлерi тиiстi көлiк құралдары түрлерiнiң екi бағытқа қозғалуына тыйым салады.
Мына белгiлердiң күшi қолданылмайды:
3.1-3.3, 3.18.1, 3.18.2, 3.19, 3.27 - маршруттық көлiк құралдарына;
3.2-3.8 - белгiленген аймақта орналасқан кәсiпорындарға қызмет етедi, сондай-ақ белгiленген аймақта тұратын немесе жұмыс iстейтiн азаматтарға қызмет көрсетедi немесе солардың меншiгi. Мұндай жағдайларда көлiк құралдары белгiленген аймаққа белгiленген жерге жақын қиылыстан кiруi немесе содан шығуы керек;
3.28-3.30 - таксометрi iске қосылу таксиге;
3.2, 3.3, 3.28-3.30 - I және II топтағы мүгедектер басқаратын немесе осындай мүгедектердi тасымалдайтын көлiк құралдарына.
3.18.1, 3.18.2 белгiлерiнiң күшi жүрiс бөлiгiнiң алдына белгi қойылған қиылысына қолданылады.
3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26-3.30 белгiлерi қолданылатын аймақтар белгi қойылған жерден бастап жақын жердегi қиылысқа дейiн, ал елдi мекендерде қиылыс жоқ болса - елдi мекен аяқталғанға дейiн қолданылады. Жолға жанасып жатқан аумақтан шығатын жерде белгiлердiң күшi сақталады.
5.22 белгiсiмен белгiленген елдi мекеннiң алдына қойылған 3.24 белгiсiнiң күшi осы белгiге дейiн қолданылады.
Белгiлердiң күшi қолданылатын аймақ мынадай жағдайларда кiшiреуi мүмкiн:
7.2.1 табличкасын қолданумен 3.16 және 3.26 белгiлерi үшiн;
3.20, 3.22, 3.24 белгiлерi үшiн аймақтың соңына қойылғанда немесе 7.2.1 табличкасын қолданумен олардың күшi 3.21, 3.23, 3.25 белгiлерiне сәйкес келедi. 3.24 белгiсiнiң қолданылу аймағы 3.24 белгiсiн қозғалыстың ең жоғары жылдамдығының басқа мәнiмен кiшiреюi мүмкiн;
3.27-3.30 белгiлерi үшiн 7.2.3. табличкасымен 3.27-3.30 қайталама белгiлерiнiң немесе 7.2.2. табличкасын қолданумен олардың күшi жүретiн аймақтың соңында қойылғанда;
3.27 белгiсi 1.4 таңбасымен бiрге қолданылуы мүмкiн, ал 3.28 белгiсi - 1.10 таңбалауымен, мұндайда белгiлердiң қолданылу аймағы таңбалау сызығының ұзындығымен айқындалады.
3.10, 3.27 - 3.30 белгiлерiнiң күшi жолдың олар қойылған жағына ғана қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет