Қазақстан республикасының жол қОЗҒалысы ережелерi мазмұны


Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлардың ТIЗБЕСI



бет33/36
Дата03.07.2024
өлшемі3.28 Mb.
#502859
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
ЖҚЕ -лекция

Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлардың
ТIЗБЕСI

Бұл Тiзбе автомобильдердiң, автобустардың, автопоездардың, тiркемелердiң, мотоциклдердiң, мопедтердiң, тракторлардың, өздiгiнен жүретiн машиналардың ақауларын және оларды пайдалануға тыйым салынатын жағдайларды бекiтедi. Келтiрiлген параметрлердi тексеру әдiстерi "Автокөлiктiк құралдары. "Қозғалыс қауіпсіздігі шарттары бойынша техникалық жай-күйіне қойылатын талаптар. Тексеру әдістері" ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004-пен реттелген.
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2007.05.25. N 420 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1. Тежеу жүйелерi
1.1. Жол сынаулары кезiнде жұмысшы тежеу жүйесiмен тежеу тиiмдiлiгiнiң кестеде келтiрiлген нормалары сақталмайды:
Кесте

Көлiк құралдары

Көлiк құралының (автопоезд құрамындағы тартқыштың) санаты

Тежеу жолы, м, көп емес

Белгіленген бәсеңдету м/с 2 , кем емес

Жолаушылар және жүкжолаушы автомобильдерi

M 1 *

14,7

5,8

M 2 , M 3

18,3

5,0

Тiркемесi бар жеңiл автомобильдер

M 1

14,7

5,8

Жүк автомобильдерi

N 1 , N 2 , N 3

18,3

5,0

Тiркемесi бар жүк автомобильдерi (жартылай тiркемесi бар)

N 1 , N 2 , N 3

19,5

5,0

Ескертпе.
1. Сынақ тегiс, құрғақ, таза цемент немесе асфальт-бетон төселген жолдың көлденең учаскесiнде, тежеу басталғанда автомобильдер, автобустар және автопоездар үшiн - 40 км/сағ. және мотоциклдер мен мопедтер үшiн - 30 км/сағ. жылдамдықпен өткiзiледi. Көлiк құралдарын жұмысшы тежеу жүйесiн басқару органына бiр рет әсер ету жолымен сынайды. Сынақтар кезiнде көлiк құралының массасы рұқсат етiлген ең жоғары массадан аспауы тиiс.
2. Көлiк құралдары жұмысшы тежеу жүйесiнiң тиiмдiлiгi ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004-ке сәйкес басқа көрсеткiштер бойынша да бағалануы мүмкін.
3. "*" Осы жерде және бұдан әрi көлiк құралдарының санаты ҚР СТ ГОСТ Р 51709-2004-ке А-қосымшада көрсетiледi.
Ескерту. 1-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Сынақ тегiс, құрғақ, таза цемент немесе асфальт-бетон төселген жолдың көлденең учаскесiнде, жылдамдық бастапқыда автомобильдер, автобустар және автопоездар үшiн - 40 км/сағ және мотоцикл және мопедтер үшiн - 30 км/сағ тежеумен өткiзiледi. Көлiк құралдары жарақталған күйiнде жүргiзушiмен жұмысшы тежеу жүйесiнiң басқару органына бiр рет әсер ету жолымен сыналады.
3. Көлiк құралы жұмысшы тежеу жүйесiнiң нәтижелiлiгi 25478-91 ГОСТ-қа сәйкес басқа көрсеткiштер бойынша да бағалануы мүмкiн.
1.2. Гидравликалық тежеу жетегiнiң нығыздылығы бұзылған
1.3. Пневматикалық және пневмогидравликалық тежеу жетектерi нығыздығының бұзылуы оларды толық iске қосқаннан кейiн 15 минуттан соң двигатель тоқтап тұрғанда ауа қысымының 0,05 МПа (0,5 кгс/см2) астам төмендеуiне соқтырады.
1.4. Пневматикалық және пневмогидравликалық тежеу жетегiнiң манометрi жұмыс iстемейдi.
1.5. Тоқтағандағы тежеу жүйесi қозғалыссыз күйiн қамтамасыз ете алмайды:
толық жүктемедегi - қоса алғанда 16% дейiнгi еңiстегi көлiк құралы;
жеңiл автомобильдер мен автопоездар жарақталған күйiндегi - қоса алғанда 23% дейiнгi еңiстегi;
жүк автомобильдер мен автопоездар жарақталған күйiндегi - қоса алғанда 31% дейiнгi еңiстегi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет