Қазақстан республикасының жол қОЗҒалысы ережелерi мазмұны



бет30/36
Дата03.07.2024
өлшемі3.28 Mb.
#502859
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
ЖҚЕ -лекция

2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.05.25. N 420 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Жол белгілері және оның сипаттамалары (ҚР СТ 1124-2003
және ҚР СТ 1412-2005 бойынша) 1. Көлденең белгi

Көлденең белгi (сызықтар, бағыттаушы сызықтары, көлiк жүретiн бөлiкте жазулар және басқа белгiлеулер) қозғалыстың белгiлi режимдерi мен тәртiбiн белгiлейдi.
Көлденең белгiлердiң түсi, 1.4, 1.10. және 1.17. сары түстi сызықтардан басқасы, ақ болады.
Көлденең белгi:
1.1.* - қарама-қарсы бағыттағы көлiктердiң легiн бөлiп тұрады және жолдардағы қауiптi жерлердегi қозғалыс жолағының шекарасын белгiлейдi; кiруге тыйым салынған көлiк жүретiн бөлiктiң шекарасын белгiлейдi; көлiк құралдары тұрақ орындарының шекарасын және автоарнаға жатқызылмаған жолдардың көлiк жүретiн бөлiгiнiң шетiн бiлдiредi;
Ескерту. 1-1-тармақтың сілтемесіне өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.25. N 420 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1.2. (жалпақ тұтас сызық) - автоарналардағы көлiк жүретiн бөлiктiң шетiн бiлдiредi;
1.3. - төрт және одан да көп қозғалыс жол жолағы бар жолдардағы қарама-қарсы бағыттардағы көлiк легiн бөледi;
1.4. - аялдама жасауға тыйым салынған орындарды бiлдiредi. Дербес немесе 3.27. белгiсiмен қоса қолданылады және көлiк жүрiсi бөлiгiнiң шетiнен немесе бордюрдiң жоғары жағынан қойылады;
1.5. - екi немесе үш жолағы бар жолдарда қарама-қарсы бағыттардағы көлiк легiн бөлiп тұрады; бiр бағытта қозғалуға арналған екi немесе одан көп қозғалыс жолағы болған кезде шекараны бiлдiредi;
1.6. (жақындау сызығы - сызықтарының ұзындықтары олардың арасындағы бос жерлерден 3 есе ұзын болатын үзiк сызықтар) - қарама-қарсы немесе iлеспе бағыттағы көлiк легiн бөлетiн 1.1. немесе 1.11. таңбасына жақындағанын ескертедi;
1.7. (арасындағы бос жерлерi олармен тең болатын қысқа сызықты үзiк сызықтар) - жол қиылысы шегiндегi қозғалыс жол жолағының шекарасын бiлдiредi;
1.8. (жалпақ үзiк сызықтар) - қозғалу немесе тоқтау жол жолағы мен жүрiс бөлiгiнiң негiзгi жолағы арасындағы шекараны бiлдiредi (түрлi деңгейдегi жолдардың қиылысындағы, өтпелерiндегi, автобустар аялдамалары және сол сияқты аймақтағы);
1.9. - реверсивтi реттеу жүзеге асырылатын қозғалыс жол жолағы шекараларын бiлдiредi; реверсивтi реттеу жүзеге асырылатын жолдарда қарама-қарсы бағыттағы көлiк легiн бөлiп тұрады (реверсивтi бағдаршам жұмыс iстеп тұрғанда);
1.10. - тұруға тыйым салынған жерлердi бiлдiредi. Дербес немесе 3.28-3.30. белгiлерiмен қоса қолданылады және көлiк жүрiсi бөлiгiнiң шетiнен немесе бордюрдiң жоғары жағынан қойылады;
1.11. - жолдардың бiр жолақтан ғана орын ауыстыруға рұқсат етiлген учаскелерiнде қарама-қарсы немесе iлеспе бағыттағы көлiк легiн бөледi; бiр бағыттағы қозғалысқа рұқсат етiлген тұру алаңынан және тағы сондай жерлерде бұрылуға, кiруге және шығуға арналған жерлердi көрсетедi;
1.12. (тоқтау-сызығы) - жүргiзушi 2.5. белгiсi немесе бағдаршамның (реттеушiнiң) тыйым салатын сигналы кезiнде аялдауға тиiстi орынды көрсетедi;
1.13. - жүргiзушi қажет болған жағдайда қиылысатын жолдың бойымен қозғалыстағы көлiк құралдарына жол бере отырып тоқтайтын орынды көрсетедi;
1.14.1, 1.14.2. ("зебра" (ала)) - жаяу жүргiншiлерге арналған реттелмейтiн өтпенi бiлдiредi; 1.14.2. таңбалауының бағыттаушылары жаяу жүргiншi қозғалысының бағытын көрсетедi;
1.14.3. - қозғалыс бағдаршаммен реттелетiн жаяу жүргiншiлер жолын бiлдiредi;
1.15. - велосипед жолы көлiк жүретiн бөлiктi кесiп өтетiн жердi бiлдiредi;
1.16.1.-1.16.3. - мына орындарға бағыттайтын жерлердi бiлдiредi: 1.16.1. - қарама-қарсы бағыттағы көлiк легiн бөлу; 1.16.2. - бiр бағыттағы көлiк легiн бөлу, 1.16.3. - көлiк легiнiң араласуы;
1.17. - маршруттық көлiк құралдарының аялдамасын және такси тұрағын бiлдiредi;
1.18. - жол қиылысында жолақтар бойынша рұқсат етiлген қозғалыс бағытын көрсетедi. Дербес немесе 5.8.1., 5.8.2. белгiлерiмен қоса қолданылады; тұйықтықты кескiндеген таңбалау жақын маңдағы жүрiс бөлiгiнде бұрылуға тыйым салынатындығын көрсетедi; сол жақтағы шеткi жолақтан солға бұрылуға рұқсат ететiн таңба керi бұрылуға да рұқсат етедi;
1.19. - жүрiс бөлiгiнiң тарылуы (осы бағыттағы қозғалыс жолақтарының саны азайған учаскедегi) немесе қарама-қарсы бағыттағы көлiк легiн бөлiп тұратын 1.1. немесе 1.11. таңбалы сызықтарға жақындағаны туралы ескертедi. Бiрiншi жағдайда 1.19. таңбалауы 1.18.1.-1.18.3. белгiлерiмен қоса қолданылуы мүмкiн;
1.20. - 1.13. таңбасына жақындағаны туралы ескертедi;
1.21. - "(ТОП ("ТОҚТА") жазуы) - 2.5. белгiсiмен қоса қолданылатын кездегi 1.12. таңбасына жақындағаны туралы ескертедi;
1.22. - жолдың (маршруттың) нөмiрiн көрсетедi;
1.23. - маршруттық көлiк құралдарына арналған арнаулы жол жолағын көрсетедi.
1.1.-1.3. сызықтарын кесiп өтуге тыйым салынады.
Көлiк құралын жол жағалауында тоқтату үшiн 1.1. және 1.2. сызықтарын кесiп өтуге болады, ал 1.1. сызығы - ерекшелiк ретiнде кедергiнi, егер бұл ерекшелiкке соқпай орындау мүмкiн болмаған жағдайда, айналып өткенде.
1.4. сызығы маршруттық көлiк құралдарына қолданылмайды.
1.5.-1.8. сызығын кез келген жағынан кесiп өтуге рұқсат етiледi.
1.9. сызығын реверсивтi бағдаршамдар жоқ болғанда немесе ажыратулы жағдайда, егер ол жүргiзушiнiң оң жағында орналасқан болса; реверсивтi бағдаршамдар қосулы болғанда - егер ол қозғалысқа бiр бағытқа рұқсат етiлген жолақтарды бөлiп тұратын болса - кез келген жағынан кесiп өтуге рұқсат етiледi реверсивтi бағдаршамдар ажыратулы болғанда жүргiзушi кiдiрместен 1.9. таңбалы сызықтан оңға орын ауыстыруы керек.
Қарама-қарсы бағыттағы көлiк легiн бөлiп тұрған 1.9. сызығын реверсивтi бағдаршамдар қосулы болғанда кесiп өтуге тыйым салынады.
1.10. сызығының күшi I және II топтағы мүгедектер басқаратын көлiк құралдарына немесе осындай мүгедектердi таситын таксилерге және таксометрi iске қосулы таксилерге қолданылмайды.
1.11. сызығын үзiк сызықты жағынан, ал сондай-ақ басып озу немесе айналып өту аяқталғаннан кейiн ғана тұтас жағынан кесiп өтуге рұқсат етiледi.
алып жүретiн тақтада орналасқан жол белгiлерi мен таңба сызықтары бiр-бiрiне қайшы келетiн болса, жүргiзушi белгiнi басшылыққа алуы тиiс.
_______________
* Белгiлердiң нөмiрленуi ҚР СТ 1124-2003 сәйкес келедi.
Жол белгiсiнiң атауы мен бейнеленуi 3-суретке келтiрiлген
2. Тiгiнен таңбалау
Жол ғимараттарындағы және жол жабдықтары элементтерiндегi қара және ақ түстi жолақ аралас түрiндегi таңба олардың көлемiн көрсетедi және көрiп бағдарлау құралы болып табылады.
Тiгiнен таңбалау:
2.1 жол ғимараттары элементтерiн (көпiр таянышы, жол құбырлары, парапеттердiң бүйiр жағы және сол сияқтылар), бұл элементтер қозғалыстағы көлiк құралына қауiп төндiрген кезде, бiлдiредi;
2.2 тоннелдердiң, көпiр және жолқұбырлары өту құрылымының төменгi шетiн бiлдiредi;
2.3 бөлу жолақтары мен қауiпсiздiк аралдарында орнатылған дөңгелек тумбаны бiлдiредi;
2.4 бағыттаушы бағаналар, бағаншылар, қоршау таяныштары және сол сияқтыларды бiлдiредi;
2.5 шағын радиусты айналыстардағы, тiк құлама жарлар мен басқа да қауiптi учаскелердегi жол қоршауларының бүйiр жағын бiлдiредi;
2.6 басқа учаскелердегi жол қоршауларының бүйiр жағын бiлдiредi;
2.7 қауiптi учаскелер мен биiктегi қауiпсiздiк аралдарын бiлдiредi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет