Қазақстан республикасының жол қОЗҒалысы ережелерi мазмұны


-сурет. Айырым және өзге де белгiлер



бет32/36
Дата03.07.2024
өлшемі3.28 Mb.
#502859
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
ЖҚЕ -лекция

4-сурет. Айырым және өзге де белгiлер

"Қауiптi жүк" - 690х300 мм мөлшерiндегi ҚР СТ ГОСТ P 41.104-2001 талаптарына сай жарық қайтарғыш бетi бap тiк ұшбұрыш түрiнде оның оң бөлiгi 400х300 мм мөлшерiнде сарғыш бояумен, ал сол жағы - қара түстi жиекпен ақ түсте боялған (енi - 15 мм) және жүктiң қауiптi белгiлерiн сипаттайтын таңбалары бар (19433-88 ГОСТ бойынша) - осындай жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының алдынан және артынан;
"Iрi көлемдi жүк" - жарықтық қайтару үстiңгi бетiмен СТ РК ГОСТ Р 51253-2001 және СТ РК ГОСТ Р 41.104-2001 ГОСТ-тың талаптарына сәйкес 50 мм енiндегi кезектесiп келетiн қызыл және ақ диагоналдары бойынша жүргiзiлген 400х400 мм мөлшерiндегi қалқанша түрiнде - iрi көлемдi жүктiң алдынан, артынан және бүйiрiнен;
"Ұзын өлшемдi көлiк құралы" - жарық қайтару үстiңгi бетi бар қызыл түстi жиектi (енi - 40 мм) сары түстi кемiнде 1200 - 200 мм мөлшерiндегi тiк ұшбұрыш түрiнде - көлiк құралының артынан, оның ұзындығы (бiр тiркеменi қоса алғанда) жүгiмен немесе жүксiз - 20 м астам, және екi және одан да көп тiркемелерi бар автопоездар. Аталған мөлшердегi белгiнi орналастыру мүмкiн болмаған кезде көлiк құралының осiне симметриялы, кемiнде 600х200 мм мөлшерiндегi екi бiрдей белгiнi орнатуға жол берiледi;
"Мүгедек" - жақтауы 150 мм және қара түстi 7.17. жол белгiсiнiң рәмiзi бейнеленген сары түстi төртбұрыш түрiнде - I және II топтағы мүгедектер басқаратын немесе осындай мүгедектердi тасымалдайтын механикалық көлiк құралдарының алдынан және артынан;
Жүргiзушiнiң қалауы бойынша "Дәрiгер" айырым белгiсi орнатылуы мүмкiн - ақ шеңбермен (диаметрi - 125 мм) көк түстi төртбұрыш түрiнде (жақтаулары - 140 мм), оған қызыл крест түсiрiлген (биiктiгi - 90 мм, штрихтiң енi - 25 мм) - дәрiгер-жүргiзу басқаратын автомобильдiң алдынан және артынан;
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.19. N 1329, 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
9. Авариялық тоқтату белгiсi 24333-97 ГОСТ-нiң талаптарына сәйкес келуi тиiс. Ережелердiң 7-бөлiмнiң талаптарына сәйкес қолданылатын фонардан сәулеленетiн жыпылықтаушы қызыл түс күндiз ашық ауа райында және жеткiлiксiз көрiнiм жағдайларында жақсы айырымдалуы тиiс. <*>
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.19. N 1329 қаулысымен.
10. Қазақстан Республикасы Көлiк құралдарын "KZ" ерекшелеу белгiсi 78ЗК01-95 РД басшылық нормативтiк құжатына сәйкес келуi тиiс. Белгi жеңiл автомобильдердiң, шағын автобустар мен автобустардың артқы әйнегiнiң жоғарғы оң жағына желiмденедi немесе орнатылады, ал қалған көлiк үшiн - артқы панелiнiң оң жақ бөлiгiнде - ортасында желiмденедi немесе орнатылады.
11. Механикалық көлiк құралдарын сүйреу кезiндегi икемдi байланыстыру буындарды таңбалау үшiн ескерту қондырғылары жарық қайтару үстiңгi бетi бар 50 мм ендi жолақтармен кезектесiп келетiн қызыл және диагоналдар бойынша екiжақтан жүргiзiлген 200х200 мм мөлшерiндегi жалаушалар немесе қалқаншалар түрiнде орындалуы тиiс.
Икемдi байланыстырушы буынға кемiнде екi ескерту қондырғысы орнатылуы тиiс.
12. Қатты үйрету қондырғысының конструкциясы 25907-89 ГОСТ-тың талаптарына сәйкес болуы тиiс.
13. Мыналарға тыйым салынады:
егер олардың техникалық жай-күйi мен жабдығы көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салынатын Ақаулықтармен жағдайлары тiзбесiнiң талаптарына жауап бермесе автомобильдерге, автобустарға, автопоездарға, тiркемелерге, мотоциклдерге, мопедтерге, тракторлар мен өзi жүретiн машиналарға (қосымшаға сәйкес);
олардың құрамында жүруге арналмаған тiркемелi автомобильдерге;
Техникалық пайдалану ережелерi бойынша бiр ақаулығы болған кезiнде де троллейбустар мен трамвайларға;
мемлекеттік немесе міндетті техникалық қараудан өтпеген, сондай-ақ тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралдарына;
иелерi заңнамада белгiленген жағдайларда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шартын және/немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасамаған көлiк құралдарына;
Жол полициясының рұқсатынсыз жарқылдақ жарық беретiн және арнайы дыбыстық белгiлермен, жол полициясымен келiспей қораптың бүйiрiнiң жоғарғы жағына көлбеу ақ жолақпен, белгiленген орындарында тiркеу нөмiрлерiн бекiтусiз түйiндермен агрегаттардың немесе тiркеу белгiлерiнiң жасырын, қолдан жасалған, өзгертiлген нөмiрлерiмен жабдықталған көлiк құралдарына;
алдында және артында "Қауiптi жүк" белгiсi жоқ, қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарына.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.12.19. N 1329, 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.07 N 1479 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
14. Көлiк құралдарының техникалық жай-күйi мен пайдалануына жауапты лауазымды және өзге де адамдарға:
оларды пайдалануға тыйым салынатын ақаулықтары бар көлік құралдарын жолға шығаруға немесе тиісті рұқсатсыз жабдықталған немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген немесе мемлекеттік немесе міндетті техникалық қараудан өтпеген, сондай-ақ иелері заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын және/немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамаған көлік құралдарын жолға шығаруға;
масаңдық (алкогольдiк, есiрткiлiк немесе өзге) күйiнде, құлақ асу мен назар аударуды нашарлататын, дәрi препараттарының әсерiндегi, қауiпсiздiгiне қатер төндiреiн аурулы немесе шаршаған күйдегi қозғалыстың жүргiзушiлердi, немесе осы санаттың көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамдарды көлiк құралын басқаруға жiберуiне;
асфальттi - және цементтi - бетонды жабын жолдар бойынша шынжыр табанды тракторлар мен өзi жүретiн машиналарды қозғалысқа жiберуiне тыйым салынады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.07 N 1479 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
15. Жолдардың, темiр жол өтпелерiнiң және басқа да жол құрылғыларының жай-күйiне жауапты лауазымды және өзге де адамдар:
стандарттардың, нормалардың және ережелердің талаптарына сәйкес жолдарды, темiр жол өтпелерi мен басқа да жол құрылыстарын қозғалыс үшiн қауiпсiз жай-күйде ұстауға;
қозғалысқа кедергi келтiретiн кедергiлердi уақтылы жоюға, оларды пайдалану жол қозғалысының қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн кездерде жолдардың жекелеген учаскелерiнде қозғалысқа тыйым салу немесе шектеу, шараларын қолдануға мiндеттi.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
16. Жолдардағы жұмыстардың жүргiзiлуiне жауапты лауазымды және өзге адамдар жұмыстарды жүргiзу орындарында қозғалыстың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Осы орындар, сондай-ақ жолдың шегiнен алып тастауға болмайтын жұмыс iстемейтiн жол машиналары, жұмыстар аяқталған соң қалған құрылыс материалдары, конструкциялар мен соған ұқсастар тиiстi белгiленген нормалармен бағыттаушы және қоршаушы қондырғылармен, жол белгiлерiмен, ал тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көрiнiм жағдайларында қосымша қызыл немесе сары белгiлiк оттармен таңбалануы тиiс.
Жұмыстар аяқталған соң жолда көлiк құралдары мен жаяу жүргiншiлердiң қауiпсiз қозғалысының жағдайлары қамтамасыз етiлуi тиiс.
17. Тиiстi лауазымды және өзге адамдар қолданып жүрген заңдарда көзделген жағдайларда белгiленген тәртiппен жол полициясымен және басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен:
қалаларда және автомобиль жолдарында жол қозғалысын ұйымдастырудың жобаларын, жолдарды қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдарымен жабдықтауды;
құрылыстардың, жолдарды қайта жаңарту, жол құрылыстарының жобаларын;
жолдың тiкелей жақын маңында көрiнiмдi нашарлататын және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысын қиындататын киоскiлердi, транспаранттарды, плакаттарды, жарнамалық қалқандарды және осыған ұқсастарды орнатуды;
қозғалыс маршруттарын және маршруттық көлiк құралдарының аялдамалық пункттерiн орналастыруды;
жолдарда бұқаралық, спорт және өзге шараларды жүргiзудi;
көлiк құралдарын қайта жабдықтауды, оларға көлiк құралдарының қораптарының бүйiрiнiң жоғарғы жағына көлбеу ақ жолақтар жүргiзудi, оларға арнайы түстiк және дыбыстық белгiлердi орнатуды;
ауыр салмақты, қауiптi және iрi көлемдi жүктердi тасымалдауды;
жалпы ұзындығы 20 м астам көлiк құралдарының (бiр-тiркеменi қоса алғанда) немесе екi және одан да көп тiркемелерi бар автопоездардың қозғалысын;
жол қозғалысының қауiпсiздiгi бойынша мамандарды, жүру бойынша нұсқаушылар мен жүргiзушiлердi даярлау бағдарламасын;
оқулық жүру тыйым салынатын жолдардың тiзбесiн;
жолда көлiк құралдарының немесе жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына кедергi келтiретiн кез келген жұмысты жүргiзудi келiседi.
Ескертпе. Осы құжаттың мәтiнiнде Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiнде бекiтiлген арнайы терминдеме пайдаланылды.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
ҚОСЫМША



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет