Қазақстан республикасының жол қОЗҒалысы ережелерi мазмұны



бет29/36
Дата03.07.2024
өлшемі3.28 Mb.
#502859
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
ЖҚЕ -лекция

6. Сервис белгiлерi
Сервис белгiлерi тиiстi объектiлердiң орналасуы туралы хабардар етедi.
6.1. "Алғашқы медициналық көмек пунктi".
6.2. "Аурухана".
6.3. "Автомай құю станциясы".
6.4. "Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету".
6.5. "Автомобильдердi жуу".
6.6. "Телефон".
6.7. "Тамақтану пунктi".
6.8. "Ауыз су".
6.9. "Қонақ үй немесе мотель".
6.10. "Кемпинг".
6.11. "Демалыс орны".
6.12. "Жол полициясы бекетi".
6.13. "Көлiктiк бақылау бекетi".

7. Қосымша ақпарат белгiлерi (табличкалар)
Қосымша ақпарат белгiлерi (табличкалар) өздерi қолданылатын белгiлердi нақтылайды немесе шеттейдi.
7.1.1. "Объектiге дейiнгi арақашықтық". Белгiден қауiптi учаскенiң, тиiстi шектеу енгiзу орнының немесе жолдың үстiнде алдағы белгiлi бiр объектiнiң (орнының) басталуына дейiнгi арақашықтықты көрсетедi.
7.1.2. "Объектiге дейiнгi арақашықтық". 2.4. белгiсiнен қиылыстың тiкелей алдында 2.5. белгiсi орнатылған жағдайдағы қиылысқа дейiнгi арақашықтықты көрсетедi.
7.1.3., 7.1.4. "Объектiге дейiнгi арақашықтық". Жолдан тысқарыдағы объектiге дейiнгi ара қашықтықты көрсетедi.
7.2.1. "Қолданылу белдеуi". Белгiлермен таңбаланған жолдың қауiптi учаскесiнiң ұзындығын, немесе тыйым салынатын iс-әрекет белдеуiн және ақпараттық-көрсеткiштiк белгiлердi көрсетедi.
7.2.2.-7.2.6. "қолданылу белдеуi". 7.2.2. 3.27-3.30. тыйым салушы белгiлердiң қолданылу белдеуiн көрсетедi; 7.2.3. 3.27-3.30 белгiлерiнiң қолданылу белдеуiнiң аяқталғанын көрсетедi; 7.2.4. жүргiзушiлердi олардың қолданылу белдеуiнде 3.27-3.30 белгiлерiнiң бар екендiгi туралы хабарландырады; 7.2.5, 7.2.6. алаңының, ғимарат фасадының және соған ұқсастардың бiр жағының бойында аялдауға немесе тұруға тыйым салу кезiндегi 3.27-3.30. белгiлерiнiң бағытын және қолданылу белдеуiн көрсетедi.
7.3.1.-7.3.3. "Қолданылу бағыттары". Қиылыстың алдында орнатылған белгiлердiң қолданылу бағытын, немесе жолдағы тiкелей тұрған таңбаланған объектiлерге қозғалыстың бағытын көрсетедi.
7.4.1.-7.4.8. "Көлiк құралының түрi". Белгiнiң қолданылуы жүретiн көлiк құралының түрiн көрсетедi.
7.4.1. табличкасы жүк автомобильдерiне арналған белгiге, ал 7.4.2. табличкасы оның iшiнде және тiркемелiсiне, 3,5 т астам салмағы барларға рұқсат етiлгендерге, 7.4.3. табличкасы - жеңiл автомобильдерге, сондай-ақ 3,5 т дейiн салмағы бар рұқсат етiлген жүк автомобильдерiне, 7.4.8. табличкасы - "Қауiптi жүк" деген айырым белгiлерiмен жабдықталған көлiк құралдарына қолданылады.
7.5.1. "Сенбi, жексенбi және мереке күндерi", 7.5.2. "Жұмыс күндерi", 7.5.3. "Апта күндерi". Белгi қолданылатын аптаның күндерiн көрсетедi.
7.5.4. "Қолданылу уақыты". Белгi қолданылатын тәулiктiң уақытын көрсетедi.
7.5.5.-7.5.7. "Қолданылу уақыты". Белгi қолданылатын аптаның күндерi мен тәулiктiң уақытын көрсетедi.
7.6.1.-7.6.9. "Көлiк құралын тұраққа қоюдың тәсiлi". 7.6.1. барлық көлiк құралдарын жүргiн бөлiктiң бойында тротуарға қойылуы тиiс екендiгiн көрсетедi; 7.6.2.-7.6.9. жеңiл автомобильдер мен мотоциклдердi тротуар маңындағы тұраққа қоюдың тәсiлiн көрсетедi.
5.15. белгiсiмен қолданылады.
7.7. "Жұмыс iстемейтiн двигателi барларға арналған тұрақ". 5.15. белгiсiмен таңбаланған тұраққа тек двигателi жұмыс iстемейтiн көлiк құралдарын тұраққа рұқсат ететiндiгiн көрсетедi.
7.8. "Ақылы қызмет көрсетулер". Қызмет тек қана ақыға ғана көрсетiлетiндiгiн көрсетедi.
7.9. "Тұраққа қоюдың уақыт ұзақтығын шектеу". Көлiк құралының
5.15. белгiсiмен таңбаланған тұрақта болуының ең жоғары уақыт ұзақтығын көрсетедi.
7.10. "Автомобильдердi қарауға арналған орын". 5.15. немесе 6.11. белгiсiмен таңбаланған алаңшада эстакада немесе қарау шұңқыры бар екендiгiн көрсетедi.
7.11. "Толық массаны шектеу". Белгiнiң табличкада көрсетiлген толық массадан астам көлiк құралдарына ғана қолданылатындығын көрсетедi.
7.12. "Қауiптi жиек". Жиекке жүрудiң онда жөндеу жұмыстары жүргiзiлуiне байланысты қауiптi екендiгiн ескертедi. 1.23. белгiсiмен қолданылады.
7.13. "Басты жолдың бағыты". Қиылыстағы басты жолдың бағытын көрсетедi.
7.14. "Қозғалыс жол жолағы". Бөлiгiнiң немесе бағдаршамның қолданылатын жолдың қозғалысының жол жолағын көрсетедi.
7.15. "Зағип жаяу жүрушiлер". Жаяу жүргiншiлердiң өтпесiн зағиптардың пайдаланатындығын көрсетедi. 1.20, 5.16.1, 5.16.2. белгiлерiмен және бағдаршаммен қолданады.
7.16. "Ылғалды жабын". Белгiнiң жүргiн бөлiктiң жабыны ылғал уақыт кезеңiнде қолданылатындығын көрсетедi.
7.17. "Мүгедектер". 5.15. белгiсiнiң "Мүгедек" деген айырым белгiлерi орнатылған мотобесiктер мен автомобильдерге ғана қолданылатындығын көрсетедi.
7.18. "Мүгедектерден басқа". Белгiлердiң "Мүгедек" айырым белгiлерi орнатылған мотобесiктер мен автомобильдерге қолданылмайтындығын көрсетедi.
7.19. "Қауiптi жүк сыныбы". 19433-88 ГОСТ бойынша қауiптi жүктердiң сынып (сыныптарының) нөмiрiн көрсетедi. 3.32., 4.9.1-4.9.3. белгiлерiмен қолданылады.
Табличкалар олар қолданылатын белгiнiң тiкелей астында орналастырылады. 7.2.2.-7.2.4., 7.13. табличкалары жүргiн бөлiктiң, жиектiң немесе тротуардың үстiндегi белгiлердiң жанында орналасуы кезiнде белгiнiң бүйiрiне орналастырылады.
Уақытша жол белгiлерi (көшiрiлетiн бағандағы) және стационарлық белгiлердiң мәндерi бiр-бiрiне қайшы келген жағдайда, жүргiзушiлер уақытша белгiлердi басшылыққа алуы тиiс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет