Қазақстан республикасының жол қОЗҒалысы ережелерi мазмұны



бет31/36
Дата03.07.2024
өлшемі3.28 Mb.
#502859
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
ЖҚЕ -лекция

3-сурет. ЖОЛ ТАҢБАЛАРЫ
Көлденең таңбалау


Тiгiнен таңбалау

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң


1997 жылғы 25 қарашадағы
N 1650 қаулысына
2 қосымша
Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерi
1. Жол қауiпсiздiгiне және қоршаған ортаны қорғауға қатысты тұрғыдағы жол қозғалысына қатысушы көлiк құралдарының техникалық жай-күйi мен жабдығы оларды техникалық пайдалану жөнiндегi тиiстi стандарттардың, ережелер мен басшылықтардың талаптарына жауап беруi тиiс.
2. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелер «Транзит» деген тіркеу белгісінің қолданылу мерзімі ішінде не сатып алған немесе кедендік декларацияланған сәттен бастап 10 тәуліктен кешіктірілмей жол полициясында тіркелуі тиіс.
Тұрақты тiркеу орнынан 2 айдан астам мерзiмге шыққан механикалық көлiк құралдары арналған жерiне келуi бойынша уақытша тiркелуi тиiс.
3. Механикалық көлік құралдарында (трамвайлар мен троллейбустардан басқа) және тіркемелерде осы үшін көзделген орындарда тиісті үлгідегі тіркеу белгілері, ал автомобильдерде бұдан басқа, маңдай әйнегінің төменгі оң бұрышында мемлекеттік немесе міндетті техникалық қараудан өткендігі туралы талон орналастырылады.
Тiркеу белгiлерiнiң сандары мен әрiптерi жүк автомобильдерiнiң, тiркемелердiң (жеңiл автомобильдер мен мотоциклдердiң тiркемелерiнен басқа) және автобустардың (аса шағындарынан басқа) қораптарының артқы жақтауында қайталануы тиiс. Сандардың биiктiгi - кемiнде 300 мм, енi - кемiнде 120 мм, штрихтың қалыңдығы 30 мм, әрiптердiң мөлшерi - сандардың мөлшерiнiң 2/3.
Трамвайлар мен троллейбустарға тиiстi ведомстволардың берген тiркеу нөмiрлерi жазылады.
4. Жолаушыларды тасымалдауға пайдаланылатын борттық платформасы бар жүк автомобилi еденiнен 0,3 - 0,5 м және борттың жоғарғы жиегiнен 0,3 м кем емес биiктiкте бекiтiлген орындықтармен жабдықталуы тиiс, ал балаларды тасымалдау кезiнде, бұдан басқа, борттың биiктiгi еденнiң деңгейiнен 0,8 м кем болмауы тиiс. Артқы немесе қапталдағы борттардың бойында орналастырылған орындықтардың берiк арқалықтары болуы тиiс.
5. Жүргiзуге оқыту үшiн пайдаланылатын және оқу ұйымына тиесiлi механикалық көлiк құралы iлiнiстiргiш пен тежеуiштi iске келтiрудiң қосымша тепкiштерiмен жабдықталуы тиiс.
6. Велосипедте ақаусыз тежеуiш, руль және дыбыстық белгi болуы, алдынан жарықты қайтарушы және фонарьмен немесе ақ түстi фармен (тәулiктiң қараңғы уақытында жеткiлiксiз көрiнiм жағдайларында қозғалыс үшiн), артынан - жарықтық қайтаршымен немесе қызыл түстi фонарьмен, ал әрбiр бүйiр жағынан - сарғыш немесе қызыл түстi жарық қайтарушысымен жабдықталуы тиiс.
7. Жүктiк арбашада конструкциясында көзделген ақаусыз тұрақтық тежеуiш қондырғысы мен сырғанап кетуге қарсы тiреуiш болуы, алдынан екi жарық қайтарушымен немесе ақ түстi фонармен (тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көрiнiм жағдайларында қозғалыс үшiн), артынан - 2 жарықтық қайтарушымен немесе қызыл түстi фонарьмен жабдықталуы тиiс.
8. Көлiк құралдарында мынадай айырым белгiлерi орнатылуы тиiс:*
"Автопоезд" - аралары 150-ден 300 мм дейiн аралықта кабинаның төбесiнде көлденең орналасқан сарғыш түстегi үш фонарь түрiнде - тiркемесi бар жүк автомобильдерi мен доңғалақты тракторларға (1,4 сыныбы және одан жоғары) арналған, сондай-ақ мүшелес автобустар мен троллейбустарға арналған. Автопоезда iшкi жарықтандыруға арналған қондырғы мен сары түстi тең жақты үшбұрыш түрiндегi (жақтары - 2500 мм) айырым белгiлерiн қолдануға жол берiледi;
"Тиектер" - "Ш" әрпi етiп жазылған қызыл түспен жиектелген ұшы жоғары ақ түстi тең жақты үшбұрыш түрiндегi (үшбұрыштың жақтары - кемiнде 200 мм, жиектiң енi - жақтың 1/10) - тиектелген шиналары бар механикалық көлiк құралдарының артында;
"Балаларды тасымалдау" - 1.21. жол белгiсiнiң рәмiзiн қара бояумен бедерлеп қызыл түстi жиектi сары түстi квадрат түрiнде (жақтары кемiнде 250 мм, жиектiң енi - жақтың 1/10) - балалар тобын тасымалдау кезiнде автобустардың немесе жүк автомобильдерiнiң алдынан және артынан;
"Саңырау жүргiзушi" - диаметрi 40 мм iштен үш қара шеңбер жүргiзiлген 160 мм диаметрлi сары шеңбер түрiндегi бейнеленген тең жақты үшбұрыштың тiкбұрыштары орналасқан, оның ұшы төменге қаратылған - мылқау немесе саңырау жүргiзушiлер басқаратын механикалық құралдарының алдынан және артынан;
"Оқу көлiк құралы" - қызыл түспен жиектелген ұшы жоғары қараған ақ түстi тең жақты үшбұрыш түрiнде, онда қара түстi "У" әрпi жазылған (жақтары - кемiнде 200 мм, жиегiнiң енi - жақтың 1/10) - жүргiзуге оқытуға пайдаланылатын механикалық көлiк құралдарының алдынан және артынан (жеңiл автомобильдiң төбесiне екiжақты белгi қоюға жол берiледi);
"Жылдамдықты шектеу" - рұқсат етiлген жылдамдықты (белгiнiң диаметрi - кемiнде 160 мм, жиектелiмiнiң енi - диаметрдiң 1/10) көрсетiлiп 3.24 жол белгiсiнiң кiшiрейтiлген түстi белгiсi түрiнде - ауыр салмақты және iрi көлемдi заттарды таситын механикалық көлiк құралдарында қораптың төменгi жағында сол жақта, сондай-ақ көлiк құралының техникалық сипаттамасы бойынша Ережелердiң 10.3-тармағында белгiленген ең жоғары жылдамдығы төмен жағдайларда;
_______________
* Айырым белгiлерiнiң атаулары мен бейнелерi 4-суретте келтiрiлген .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет