Қазақстан республикасының кеден кодексі


меншік объектілеріне құқықты қорғауы



бет18/22
Дата04.07.2016
өлшемі4.41 Mb.
#177210
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

меншік объектілеріне құқықты қорғауы

52-тарау. Кеден органдарының интеллектуалдық меншік

объектілеріне құқықты қорғауы үшін негіздер

410-бап. Осы бөлімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы бөлімде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарлар - Қазақстан Республикасының кедендік ше ка расы арқылы өткізілетін және тауарлық таңбалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғалатын осындай бірегей тауарларға ұқсас тауар ларға жапсырылған күдікті тауарлық таңбалары бар тауарлар;

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және осындай көшірмені жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғалатын авторлық құқық пен сабақтас құқық тарды бұзу болып табылатын, өндірілу еліндегі құқық иесінің келісімінсіз дайындалған көшірме болып табылатын тауарлар;

2) құқық иеленуші - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес интеллектуалдық меншік объектілерін иеленуге ерекше құқығы бар тұлға;

3) шығаруды тоқтату - таңдап алынған кедендік режимге сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарларды болып табылады деп болжанып отырған тауарларды шығару туралы шешім қабылдану мерзімін кеден органдарының ұзартуы;

4) интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарлар тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қорғалатын интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарлардың тізбесі.

411-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік

объектілеріне құқықтарды қорғауы

Кеден органдары өз құзыреті шегінде мынадай зияткерлік меншік объектілерін:

1) авторлық және аралас құқықтар объектілерін;

2) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін қорғау жөнінде шаралар қабылдайды.

Кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөнінде осы бапта көзделмеген шараларды қолданбайды.

 

412-бап. Тізілім жүргізу тәртібі



1. Уәкілетті орган кедендік бақылау мақсатында тізілім жүргізеді және оның жариялануын қамтамасыз етеді.

2. Тізілімді жүргізу және оны кеден органдары мен өтініш берушіге жеткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

413-бап. Интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарды тізілімге енгізу және мұндай тауарды тізілімнен шығару тәртібі

1. Тізілімге енгізуді интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық иеленушінің өтініші бойынша уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде интеллектуалдық меншік объектісіне өзінің құқығы бұзылды немесе бұзылуы мүмкін деп ойлауға жеткілікті негіздемесі бар құқық иесі немесе құқық иесінің мүддесін білдіретін өзге тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) интеллектуалдық меншік объектісіне құқығын қорғау туралы уәкілетті органға өтініш беруге құқылы.

3. Өтініште мынадай мәліметтер:

1) өтініш берушінің интеллектуалдық меншік объектілеріне құқығын қорғау туралы өтініші;

2) өтініш беруші туралы мәлімет;

3) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектілері туралы, құқық иеленушінің пікірінше оның құқығын қорғауда кеден органдарының жәрдемі қажет болатын мерзім туралы ақпарат, оның ішінде электронды нысандағы ақпарат; интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарлардың сипаттамасы; құқық иеленушінің пікірінше зияткерлік мен¬шік құқығы бұзылған тауарлар туралы, кеден органдарына осындай тауарларды анықтауға мүмкiндiк беретiн толық мәліметтер

4) егер тауарлар контрафактылы емес деп белгіленген жағдайларда декларантқа және өзге тұлғаларға зиянының орнын толтыру, сондай-ақ контрафактылы болып табылады деп болжанған интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін кеден органдарының шығындарын өтеу туралы өтініш берушінің міндеттемесі болуға тиіс.

4. Өтінішке интеллектуалдық меншік құқығының бар екендігін және кімге тиесілілігін растайтын құжаттар (куәлік, лицензиялық шарт) және құқық иеленушінің өзінің мүддесін білдіретін тұлғаға берген сенімхаты, өтініш берушінің басқа тұлғаға келтірген зияны үшін жауапкершілігін сақтандыру шарты қоса тіркеледі. Бұл орайда сақтандыру сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.

Өтінiш берумен бiр мезгілде контрафактылы тауардың ерекше белгілерiнiң сипаттамасы табыс етіледi.

Мүмкiндiгiнше интеллектуалдық меншiк объектiсi бар тауардың және контрафактылы тауардың үлгілерi, оның ішінде электронды нысандағы үлгілері де табыс етіледi.

5. Кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкілетті орган өтініш түскен күннен бастап күнтізбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмде оны қарайды және тауарды тiзілімге енгiзу туралы шешім қабылдайды.

Өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру мақсатында кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган үшiншi тұлғалардан, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк органдардан мәлiмделген мәлiметтердi растайтын құжаттарды сұрап алуға құқылы. Аталған тұлғалар сауалды алған күннен бастан күнтізбелiк он күн ішінде сұратылған құжаттарды табыс етуге мiндетті.

Жеткiлiктi негіздер болған жағдайда кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкілетті орган өтінiштi қарау мерзімін ұзартуға, бiрақ үш айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.

Кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның тауарды тiзілімге енгiзу туралы шешiмi кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен ресiмделедi.

Тауарларды тізілімге енгізуден бас тарту туралы шешім өтініш беруші дұрыс емес мәліметтер берген жағдайда, сондай-ақ тауарлардың контрафактылық белгілерін растау мүмкін болмаған кезде қабылданады.

Өтініш берушіге уәкілетті органның шешімі туралы жазбаша нысанда хабардар етіледі.

6. Өтініште не оған қоса берілген құжаттарда көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда өтініш беруші ол туралы уәкілетті органға күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей хабарлауға міндетті.

7. Интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарлар:

1) өтініш берушінің өтініші бойынша;

2) тізілімге енгізу кезінде толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынылған жағдайда;

3) өтініште көрсетілген мәліметтердің өзгергені туралы белгіленген мерзімде хабарланбаған жағдайда;

4) тиісті интеллектуалдық меншік объектісіне құқықтың қолданылуы тоқтатылған жағдайда;

5) өтініш беруші осы бөлімнің ережелерін сақтамаған жағдайда тізілімнен шығарылуы мүмкін.

8. Уәкілетті орган тауарлардың тізілімнен шығарылғандығы туралы өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.

9. Интеллектуалдық меншік объектісіне құқық тоқтатылған жағдайда құқық иеленуші бұл туралы уәкілетті органды үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

414-бап. Құқық қорғау мерзімі

Кеден органдарының құқық иеленуші құқығын қорғау мерзімін уәкілетті орган интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарды тізілімге енгізу туралы шешім қабылдаған кезде, өтініш беруші көрсеткен мерзімді ескере отырып, бірақ көрсетілген тауар тізілімге енгізілген күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзімге белгілейді.

Көрсетілген мерзімді уәкілетті орган өтініш берушінің ол туралы өтініші болған жағдайда ұзартады.

Құқық қорғау мерзімі құқық иеленушінің тиісті интеллектуалдық меншік объектісіне құқығының қолданылу мерзімінен аспауға тиіс.

53-тарау. Интеллектуалдық меншік объектілері бар

тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік

бақылау ерекшеліктері

415-бап. Кедендік ресімдеу және кедендік бақылау

Интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарларды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау осы тарауда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады.

416-бап. Интеллектуалдық меншік объектісі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру

1. Егер тізілімге енгізілген тауарларды кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы тауарлардың контрафактылы екендігінің белгілерін тапса, онда мұндай тауарларды шығару тоқтатыла тұрады.

2. Тауарларды шығаруды он жұмыс күніне дейінгі мерзімде тоқтата тұру туралы шешімді кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органының басшысы не оны алмастырушы адам қабылдайды және тиісті бұйрықпен ресімделеді. Өтініш берушінің сұрауы бойынша көрсетілген мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ ол он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

3. Кеден органы интеллектуалдық меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, тоқтата тұру және оның себептері туралы өтініш беруші мен декларантты хабардар етеді, сондай-ақ декларантқа - өтініш берушінің атауы мен мекен-жайын, ал өтініш берушіге декларанттың атауы мен мекен-жайын хабарлайды.

4. Интеллектуалдық меншікке құқықтардың бұзылғандығы туралы талап қою бойынша істі қозғау туралы айғақтар ұсынылған кезде тауарларды шығаруды тоқтата тұрудың осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімі, сондай-ақ тауарларды уақытша сақтау мерзімі талап қою бойынша шешім заңды күшіне енгізілгенге дейін ұзартылады.

 

416-1-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік объектілері Бар тауарларды кедендік бақылау жөніндегі қосымша өкілеттіктері

1. Кеден органдары өткізілетін тауарлардың зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарлар болып табылатын белгілері анықталған кезде осы бапта көзделген тәртіпке сәйкес көрсетілген тауар лардың шығарылуын тоқтата тұру туралы құқық иесінің өтінішінсіз-ақ тізілімге енгізілмеген зият­керлік меншік объектілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға құқылы.

Осы бапқа сәйкес көрсетілген тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы және тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою туралы шешімді тиісті бұйрықты ресімдей отырып кеден органының басшысы немесе оны алмастыратын адам қабылдайды.

2. Кеден органдары қорғалатын тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын қорғау жөніндегі өзінің қосымша өкілеттіктерін іске асыру мақсатында Қа зақ стан Республикасының зияткерлік меншік құқық тарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік тіркеу тізілімдерінен алы натын ақпаратты пайдаланады. Аталған тізілімдер жалпыға қолжетімді болып табылады, олар Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының веб-сайтында орналастырылады.

Кеден органдарының авторлық құқықпен және сабақтас құқықтармен қорғалатын шығармалар мен объектілерге құқықтарды қорғау жөніндегі қосымша өкілеттіктері Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен өзара бірлескен іс-қимыл ар қылы жүзеге асырылады.

3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарларды шығаруды тоқтата тұрған кезде кеден органдары құқықтардың бұзылғанының белгілері анықталған және зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру жөнінде шаралар қабыл даудың қажеттігі расталған кезде бұл туралы құқық иесін және декларантты хабардар ету жөнінде барлық қажетті шараларды дереу қабылдайды. Құқықтары бұзылуы ықтимал тауарлық таңбаның, қызмет көрсе ту таңбасының немесе авторлық және сабақтас құ қық тардың құқық иесінің мекенжайын анықтау үшін кеден органы:

тауарлық таңба, қызмет көрсету таңбасы және оның құқық иесі туралы ақпараттың бар-жоғына Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құ қық тарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік тіркеу тізілімдері арқылы тек середі және қажетті шаралар қабылдау үшін құқық иесіне хабарлама жібереді;

авторлық құқықты тіркеудің бар-жоғын анықтау және құқық иесін тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы одан әрі хабардар ету үшін Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға сауал жібереді. Сауалда кеден органы және оларға қатысты қорғау шаралары қабылданатын тауарлар туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.

Кеден органы және Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы құқық иесінің орна ласқан жерін анықтау және оны жиырма төрт сағат ішінде хабардар ету жөнінде дереу қажетті барлық шараларды қабылдайды.

Егер кеден органы жиырма төрт сағат ішінде құқық иесінің орналасқан жерін анықтай алмаса, тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күші жойылуға тиіс, ал тауарлар осы Кодексте айқындалған тәртіппен дереу кедендік ресім делуге және шығарылуға тиіс.

4. Зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері табылған кезде құқық иесін хабардар ету және тауарлардың шығарылуын тоқтата тұрудың күшін жою не мерзімін ұзарту туралы шешім қабыл дау үшін тауарлардың шығарылуы үш жұмыс күніне дейін тоқтатыла тұрады.

5. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім ішінде кеден органына:

құқық иесі тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру мерзімін он жұмыс күніне дейін ұзарту туралы өті нішті табыс етпесе;

құқық иесі тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою туралы өтінішті табыс етсе, тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күші жойылуға, ал тауарлар осы Кодексте айқындалған тәртіппен дереу кедендік ресімделуге және шығарылуға тиіс.

6. Егер осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім ішінде кеден органдарына құқық иесінен тауарлардың шығарылуын тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы өтініш келіп түскен жағдайда, тауар лар дың шығарылуын тоқтата тұрудың бастапқы күні нен бастап тауарлардың шығарылуы он жұмыс күніне дейін тоқтатыла тұрады. Мұндай жағдайда құқық иесі он жұмыс күні ішінде:

1) шығарылуы тоқтатыла тұрған тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу фактісімен байланысты зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзылуы туралы талап-арыз бойынша азаматтық іс қозғау туралы соттың ұйғарымын ұсынуға;

2) егер соттың шешімімен тауарлар зияткерлік меншік құқықтары бұзылмаған тауарлар деп айқын далған жағдайда, декларантқа және өзге де тұлғаларға зиянды өтеу, сондай-ақ зияткерлік меншік объек тілері бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін кеден органдарының шығындарын өтеу туралы міндеттемені ұсынуға;

3) осы Кодекстің 413-бабында белгіленген тәртіпке сәйкес кеден ісі саласындағы уәкілетті органға көр сетілген тауарларды тізілімге енгізу туралы құқық иесінің өтінішін растайтын дәлелдемелерді ұсынуға міндетті.

Құқық иесі тауарлардың шығарылуын тоқтата тұрудың бастапқы күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының кедендік шека расы арқылы шығарылуы тоқтатыла тұрған тауар ларды өткізу фактісімен байланысты зияткерлік мен шік объектілеріне құқықтардың бұзылуы туралы талап-арыз бойынша азаматтық іс қозғау туралы соттың ұйғарымын ұсынған кезде, сондай-ақ құқық иесі өзге де міндеттемелерін орындаған кезде тауар лардың шығарылуын тоқтата тұрудың мерзімі, сондай-ақ тауарларды уақытша сақтау мерзімі аталған талап-арыз бойынша сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ұзартылады.

Егер құқық иесі тауарлардың шығарылуын тоқтата тұрудың бастапқы күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың ережелерін сақтамаса, кеден органы осы Кодексте айқындалған тәртіппен тауар лардың шығарылуын тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жояды және тауарларды кедендік ресімдеуді жүргізеді. Бұл ретте он жұмыс күні ішінде тауар лардың шығарылуын тоқтата тұрумен байланысты декларант пен кеден органының шығындары құқық иесіне жүктеледі.

Кеден органдары мен Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы арасындағы өзара іс қимыл мен ақпарат алмасудың тәртібі бірлескен актімен белгіленеді.

 

417-бап. Кеден органдарының шығындарын өтеу



Кеден органдарына шығындарын:

1) тауарлар контрафактылы деп танылған жағдайда - декларант;

2) тауарлар контрафактылы болып табылмайды деп танылған жағдайда өтініш беруші өтейді.

418-бап. Ақпараттар беру. Сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу

1. Кеден органы шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған тауарлардың контрафактылық белгілері анықталғандығы туралы ақпаратты өтініш берушіге және декларантқа береді.

2. Осы бапқа сәйкес өтініш беруші немесе декларант алған ақпарат құпия болып табылады және, осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, олар мұны жария етпеуге, үшінші тұлғаға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға бермеуге тиіс.

3. Кеден органының рұқсатымен өтініш беруші мен оның өкілдері контрафактылық белгілері бойынша шығаруды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған тауарлардың сынамалары мен үлгілерін кедендік бақылаумен алуға және оларға зерттеулер жүргізуге құқылы.

419-бап. Шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күшін жою

1. Егер шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің қолданылу мерзімі ішінде:

1) кеден органына шығаруды тоқтата тұру туралы шешімді жою туралы өтініш берушіден өтініш түссе;

2) интеллектуалдық меншiк объектiсі осы Кодекстің 413-бабына сәйкес тізілімнен алынып тасталса;

3) егер өтініш беруші интеллектуалдық меншiк объектiсі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімінде ұсталған тауарларды кеден шекарасы арқылы өткізу фактісіне байланысты интеллектуалдық меншiк құқығын бұзғандығы туралы сот ісі қозғалғаны жөнінде айғақтар ұсынбаса, шығаруды тоқтата тұру туралы шешімнің күші жойылуға тиіс.

Аталған жағдайларда тауарлар осы Кодексте белгіленген тәртіппен дереу кедендік ресімделуге және шығарылуға тиіс.

2. Шығаруды тоқтата тұру туралы шешімді жоюды осындай шешім қабылдаған кеден органының басшысы не оны алмастырушы адам тиісті бұйрық ты ресімдей отырып жүзеге асырады.

3. Тауарларды шығару құқық иеленушінің интеллектуалдық меншiк объектiлеріне құқығын қорғау туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органға өтініш білдіруіне кедергі бола алмайды.

420-бап. Кеден органдары интеллектуалдық меншік құқығын қорғау жөнінде шаралар қолданбайтын интеллектуалдық меншік объектілері

Интеллектуалдық меншiк объектiсі бар және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы:

1) егер жеке тұлғалар өткізетін немесе халықаралық почта жөнелтiмдерiмен жiберiлетiн тауарлар өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызметке арналмаса;

2) кеден органдары тауарлар транзиті кедендік режиміне сәйкес өткізілетін тауарларға қатысты интеллектуалдық меншік құқығын қорғау жөніндегі шараларды қолданбайды.

420-1-бап. Кеден органдарының зияткерлік меншік құқығын қорғауына

қатысты қосымша ережелер

Кеден органдары сот шешіміне сәйкес жойылуға жататын зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардыды тиісті мемлекеттік органға беруге міндетті.

Контрафактылы тауарды жою жөніндегі сот шешімі шығарылған жағдайда тиісті уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жою жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

 

11-Бөлім. Кедендік статистика.



Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар

54-тарау. Кедендік статистиканы жүргізу

421-бап. Сыртқы сауданың кедендік статистикасы

1. Кеден органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамсыз ету, бюджетке кедендік төлемдердің және салықтардың түсуін бақылау, валюталық бақылау, Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының жай-күйін, өсу қозғалысын және үрдістерін талдау, оның сауда және төлем баланстары мен тұтастай экономикасын талдау мақсатында тауарлардың кедендік шекара арқылы өткізілуі туралы мәліметтерді жинап, өңдейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендік статистиканың деректерін береді және жариялайды.

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендік статистиканың деректерін халықаралық ұйымдарға береді.

2. Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кедендік статистикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңдарына сәйкес жүргізіледі.

3. Сыртқы сауданың кедендік статистикасы Қазақстан Республикасының және оның сыртқы сауда әріптестерінің өзара сауда-саттық деректерін салыстыруды қамтамасыз ететін әдістемеге сәйкес жүргізіледі.

422-бап. Арнаулы кедендік статистика

Кеден органдары осы Кодекстің 19-бабында белгіленетін міндеттердің шешілуін қамтамасыз ету мақсатында арнайы кедендік статистика жүргізеді.

423-бап. Статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын құжаттар мен мәліметтер

Статистикалық мақсаттарға арналған құжаттар мен мәліметтер осы Кодекстің кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау жүргізу тәртібі туралы ережелеріне сәйкес беріледі.

55-тарау. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар



424-бап. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын қолдану

1. Осы Кодексте көзделген кедендік операциялар ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды, оның ішінде бұлардың ақпаратты берудің электрондық тәсілдеріне негізделгендерін, сондай-ақ осы тарауға сәйкес оларды қамтамасыз ету құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

2. Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды енгізу тиісті халықаралық стандарттарды және Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің талаптарын қамтамасыз етуді ескере отырып жүзеге асырылады.

3. Кеден ісінде:

1) кеден органдары әзірлейтін, шығаратын және сатып алатын;

2) кеден ісі саласындағы міндеттерді шешуге қатысатын тұлғалардың меншігіндегі ақпараттық жүйе, ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдары қолданылуы мүмкін.

Бұл орайда кеден органдарына бағдарламалық құралдар беретін тұлғалардың өздерінің бағдарламалық құралдарының көмегімен жасалатын ақпараттық ресурстарды пайдалануға құқығы жоқ.

4. Кеден органдары әзірлейтін, шығаратын немесе сатып алатын ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету құралдары республикалық меншікте болады және тиісті кеден органдарына бекітіледі.

5. Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешуге қатысатын тұлғалардың меншігіндегі ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын кеден органдарының пайдалануына байланысты қатынастар Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің талаптары қамтамасыз етілген жағдайда ғана туындауы мүмкін және шарттық негізде құрылады.

6. Кеден ісі саласындағы міндеттерді шешуге қатысатын тұлғалардың меншігіндегі кеден ісінде қолданылатын ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдары уәкілетті орган белгілейтін талаптарға сәйкес келуге және кеден органдары кедендік операциялар жасау кезінде пайдаланатын осыған ұқсас өніммен үйлесімді болуға тиіс. Ақпараттық жүйелердің, ақпараттық технологиялардың және оларды қамтамасыз ету құралдарының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді кеден органдары жүзеге асырады. Бұл орайда аталған тексерулерді жүргізуге байланысты шығыстарды төлеу оны жүргізу туралы өтініш білдірген тұлғаға жүктеледі.

7. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету құралдарын кедендік, фискалдық және болжам дықмақсаттар үшін пайдалану мүмкіндігін, бұл өнімді қолдану тәртібі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейді.

425-бап. Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды және оларды қамтамасыз ету құралдарын сертификаттау

Ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар, сондай-ақ оларды қамтамасыз ету құралдары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлар мен тәртіпте сертификаттауға жатады.

426-бап. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары

1. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары кедендік операцияларды жасау кезінде берілетін құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ оларды жасау үшін қажетті құжаттар негізінде түзіледі.

Құрамында кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде жасалатын, өңделетін және жинақталатын деректер базасы бар құжатталған ақпараттың ұйымдастырылған жиынтығы кеден органдарының ақпараттық ресурстары деп түсініледі.

2. Кеден органдарының ақпараттық ресурстары мемлекеттік меншік болып табылады, кеден органдарының мүлік құрамына енгізіледі және құзыретіне сәйкес солардың иелігінде болады.

3. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген жағдайларда берілуі осы Кодексте немесе өздері белгілеген тәртіпте көзделген құжаттар, оның ішінде кедендік декларация оларды құжаттау туралы талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де талаптар сақталған кезде ақпарат алмасудың электрондық тәсілдері арқылы берілуі мүмкін.

4. Осы баптың ережелері ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша құжатталған ақпаратты міндетті беру негізінде мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жағдайларына қолданылмайды.

427-бап. Ақпараттық ресурстарды пайдалану

1. Кеден органдарының қарауындағы ақпараттық ресурстар, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес ақпаратты пайдалану шектелген жағдайларды қоспағанда, ашық және жалпыға қолжетімді болып табылады.

2. Кеден органдары пайдалану үшін ашық ақпараттық ресурстардың тізбесін, сондай-ақ оған қолжетімділік дәрежесін жариялауды жүзеге асырады.

2-1. Кеден органдары өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді.

3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес ақпаратқа қолжетімділікті шектеу болмаған жағдайда оны алуға сұрау салу негіздемені қажет етпейді.

4. Кеден органдарының қарауындағы ақпараттық ресурстарды пайдалану тәртібі осы Кодекстің нормаларына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.

428-бап. Ақпаратты, ақпараттық процестер мен ақпараттандыруға қатысатын субъектілердің құқықтарын қорғау

1. Ақпаратты, ақпараттық процестер мен ақпараттандыруға қатысатын субъектілердің құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

2. Қорғау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті сертификаттауға жататын ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды қамтамасыз ету құралдарымен үйлесетін ақпаратты қорғаудың арнаулы бағдарламалық-техникалық құралдарын енгізу және пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.

3. Ақпаратты қорғау құралымен қамтамасыз етілетін ақпаратты қорғау деңгейі ақпараттың санатына сәйкес келуге тиіс. Ақпаратты қорғау деңгейінің белгілі бір санатқа сәйкестігін қарауында ақпараттық ресурстар бар кеден органдары қамтамасыз етеді.

4. Ақпаратты қорғау және ақпаратты қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті орган және тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

429-бап. Кеден органдарының халықаралық ақпарат алмасуға қатысуы

Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған тәртіп пен жағдайда шет мемлекеттердің кеден органдарымен, сондай-ақ халықаралық және өзге де ұйымдармен халықаралық ақпарат алмасуға қатысады.

3. Арнайы бөлім



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет