Қазақстан республикасының кеден кодексі



бет20/22
Дата04.07.2016
өлшемі4.41 Mb.
#177210
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

453-бап. Кедендік сараптама тағайындау

1. Кедендік сараптаманың мақсаты Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың сапалық құрамын анықтау үшін, олардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес дұрыс жіктелуі, сондай-ақ құжаттардың және бірдейлендіру құралдарының түпнұсқалығын тексеру үшін зерттеу жүргізу болып табылады.

2. Кеден органдары:

1) кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жүзеге асырған;

2) алдын ала шешім қабылдаған;

3) кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда кеден органдары лауазымды адамдарының тауардың сапалық құрамын айқындауы мүмкін болмаған кезде кедендік сараптама тағайындауы мүмкін.

3. Тауарлар, кедендік және өзге де құжаттардағы тауарлар туралы мәліметтер, бiрдейлендiру құралдары кедендік сараптамалардың объектілері болып табылады.

4. Кедендік сараптаманы кедендік зертханалардың мамандары жүргізеді.

Кедендік сараптаманы жүргізу үшін:

1) кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау сатысында немесе алдын ала шешім қабылдау кезінде, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштері бойынша - кедендік сараптамаға жолдама;

2) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша - кедендік сараптама тағайындау туралы қаулы немесе ұйғарым негіз болып табылады.

Жолдамада, қаулыда не ұйғарымда:

1) кедендік сараптама жүргізу үшін негіздеме;

2) кедендік сараптама жүргізілуге тиіс кеден зертханасының атауы;

3) сарапшының алдына қойылған мәселелер;

4) сарапшының қарауына берілетін материалдар көрсетіледі.

5. Кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамы декларантты кедендік сараптама тағайындау туралы жолдамамен, қаулымен не ұйғарыммен таныстыруға, осы Кодекстің 375, 376-баптарында көзделген құқықтар мен міндеттерді түсіндіруге міндетті. Жолдамаға, қаулыға не ұйғарымға танысқандығы туралы белгі соғылады және декларант қол қояды.

454-бап. Кедендік сараптама жүргізу тәртібі

1. Кедендік сараптама кеден зертханасының үй-жайында да, егер бұл зерттеу сипаты бойынша қажет болса не зерттеу объектісін сараптауға жеткізу мүмкін болмауына байланысты, одан тысқары жерлерде де өткізіледі. Сарапшы кеден зертханасы басшысының жазбаша өкімі бойынша ғана кедендік сараптаманы жүргізуге кіріседі.

2. Кедендік сараптаманың нәтижесі бойынша сарапшының қорытындысы беріледі.

3. Кедендік сараптаманы кеден зертханаларында жүргізу тәртібін және қорытынды нысанын уәкілетті орган бекітеді.

455-бап. Сарапшының құқықтары мен міндеттері

1. Сарапшы:

1) егер қойылған мәселелер өзінің құзыретіне жатпаса, сараптама жүргізуден бас тартуға;

2) өзінің құзыретіне кірмейтін сұрақтарға жауап беруден бас тартуға;

3) кедендік сараптама жүргізу үшін қажетті қосымша материалдар табыс ету туралы өтініш беруге құқылы.

2. Сарапшы:

1) кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысуға;

2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік сараптама мәселелері бойынша консультациялар беруге;

3) бұл тұрғыда мәселе қойылмаған, іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы ой-пікірін қорытындыға енгізуге;

4) кедендік сараптамаға ұсынылған тауарлардың сынамалары мен үлгілеріне зерттеу жүргізуге және зерттеулердің нәтижелерін толық, жан-жақты және объективті бағалау негізінде қорытынды беруге;

5) іс жүргізуінде немесе қарауында кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар туралы іс бар тұлғаның шақыруы бойынша өзі берген қорытындыны түсіндіру немесе толықтыру үшін келуге;

6) кедендік сараптама нәтижесінде алынған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

3. Өзінің міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда сарапшы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

456-бап. Сарапшының қорытындысы

1. Сарапшы қорытындыны жазбаша нысанда өзінің атынан береді.

2. Сарапшының қорытындысында өзі жүргізген зерттеулер және қойылған сұрақтарға негізді жауаптары жазылады.

3. Күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда кеден зертханасы басшысының шешімі бойынша комиссиялық сараптама жүргізіледі, ол бір мамандықтағы бірнеше сарапшыға тапсырылады. Сарапшылар арасында келіспеушілік болған кезде олардың әрқайсысы немесе бір бөлігі жеке қорытынды беруге құқылы.

4. Кедендік сараптамаларды өз құзыреттерінің шегінде әр түрлі мамандықтағы сарапшылар жүргізу қажет болған жағдайда, кешенді сараптама тағайындалады. Әр сарапшы қорытындының өзі кедендік сараптама жүргізген бөлігіне қол қояды.

5. Табыс етілген материалдар бойынша қорытынды беру мүмкін болмаған кезде сарапшы кеден сараптамасын тағайындаған кеден органына бұл туралы, бас тарту дәлелін көрсете отырып, жазбаша хабарлайды.

457-бап. Қосымша және қайталап жүргізілетін кедендік сараптама

1. Қосымша кедендік сараптама жаңадан ашылған жағдайлар бойынша тағайындалады. Қосымша кедендік сараптама жүргізу бастапқы сараптаманы орындаған сарапшыға немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкін.

2. Қайталап жүргізілетін кедендік сараптама алдыңғы қорытындыға декларант шағымданған жағдайларда сол объектілерді зерттеу және сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады. Қайталап жүргізілетін кедендік сараптаманы тағайындау кезінде жолдамада немесе қаулыда алдыңғы сараптама нәтижелерімен келіспеу себебі көрсетілуге тиіс.

3. Қайталап жүргізілетін кедендік сараптама бойынша іс жүргізу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

458-бап. Тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу

1. Кеден органдары кеден зертханаларында сараптама жүргізу мақсатында тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға құқылы.

2. Сынамалар мен үлгілер оларды іріктеп алу нормаларын көздейтін нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ең аз мөлшерде алынады. Кедендік бақылаудағы тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу туралы уәкілетті органбелгілеген нысан бойынша акт жасалады.

3. Декларант кеден органдарының лауазымды адамдары тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы кезінде қатысады. Декларант кеден органдарының лауазымды адамдарына тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу кезінде жәрдем көрсетуге, оның ішінде сынамалар мен үлгілер іріктеп алу үшін қажетті жүк және өзге де операцияларды өз есебінен жүзеге асыруға міндетті.

Тауарлар берілгеннен кейін күнтізбелік он күннен соң декларант келмеген жағдайда, сондай-ақ кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлар кезінде кеден органдары декларант жоқ кезде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуы мүмкін. Мұндай жағдайда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу туралы акт жасай отырып, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу екі куәгердің қатысуымен жүзеге асырылады.

4. Сынамалар мен үлгілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жойылуға немесе кәдеге жаратылуға жататын жағдайларды қоспағанда, кедендік сараптама аяқталған соң сынамалар мен үлгілер декларантқа қайтарылады.

59-тарау. Кеден ісі саласындағы сыртқы

экономикалық және өзге де қызметке

қатысушыларды кеденнен кейінгі бақылау

 

459-бап. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы ларды кеденнен кейінгі бақылау

1. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды кеденнен кейінгі бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

2. Тексерулер жүргізудің түрлері, негіздері, мерзімдері мен тәртібі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленеді.

3. Кеденнен кейінгі бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

 

459-1-бап. 2009.17.07 № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды



 

460-бап. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысу шыларды бақылау

1. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды бақылау – кеден органы тауарлар мен көлік құралдарын жібергеннен кейін:

1) камералдық бақылау жүргізу;

2) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың қызметі туралы мәліметтерге мониторинг жүргізу;

3) ауызша сауал жүргізу;

4) түсініктемелер алу;

5) кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу жүйесін және олар бойынша есептілікті бақылау;

6) кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын түгендеу арқылы жүзеге асыратын кедендік бақылау нысаны.

2. Камералдық бақылау – кеден органы сыртқы экономикалық қызметке қатысушы немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға ұсынған кедендік деклара ция лардағы, тауарларға ілеспе және өзге де құжат тардағы мәліметтерді, бақылаушы органдардың мәліметтерін, сондай-ақ аталған тұлғаның қызметі туралы кеден органдарында бар басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерттеу және талдау арқылы жүзеге асыратын кедендік бақылау нысаны.

3. Мониторинг – сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың қызметі туралы ақпаратты жинау мен өңдеу.

4. Қазақсан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдарын жібергеннен кейін кеден орган дарының лауазымды адамдары мұндай сауал жүргізу нәтижелерін жазбаша нысанда ресім демей, адамдарға ауызша сауал жүргізуге құқылы.

5. Түсініктемелер алу – кеден органдарының лауазымды адамдарының декларанттардан және кеден шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдары туралы, сондай-ақ кеден ісі саласына қатысты өзге де ақпарат туралы мәліметтерді білетін өзге де адамдардан түсініктеме алуы.

Түсініктемелер жазбаша нысанда ресімделеді. Адамды түсініктемелер алу үшін шақыру туралы хабарламаға тиісті кеден органының басшысы қол қояды және ол шақырылатын адамға қолын қойғызу арқылы табыс етіледі.

6. Кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу жүйесін және олар бойынша есептілікті бақылау, мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен есепке алынуға жататын кезде, тауарларды шартты түрде жіберу кезінде қолданылады.

7. Кеден органдары кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына, сондай-ақ өздеріне қатысты кедендік төлемдер мен салықтар төленбеген немесе кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жеңілдіктер берілген тауарларға түгендеу жүргізуге құқылы.

 

 

461-бап. Камералдық бақылауды жүргізу



1. Камералдық бақылауды жүргізу барысында кеден органы сыртқы экономикалық қызметке қатысушы немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға құжаттарының Қазақстан Республикасының кеден және сақталуын бақылау кеден органдарына жүктелген өзге де заңна­масына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.

2. Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Кеден органдары камералдық бақылаудың нәтижелерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы мәліметтерді өңдеу, жүйеге келтіру және кедендік бақылауды жүргізу кезінде тәуекел көрсеткіштерінің тізбесін қалып тастыру (қайта қарау) мақсатында пайдаланады.

3. Камералдық бақылауды кеден ісі саласындағы уәкілетті орган немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі не кеден сыртқы экономикалық қызметке қатысушының немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаның объектілеріне бармастан, сондай-ақ «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдемей жүргізеді.

4. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға ұсынған кедендік жүк декларациялары, тауарларға ілеспе және өзге де құжаттар, сондай-ақ аталған тұлғаның қызметі жөнінде кеден органдарынан, басқа да мемле кеттік органдардан, шет мемлекеттердің осындай органдарынан, банктер мен банк ұйымдарынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған мәліметтер камералдық бақылау объектілері болып табылады.

5. Камералдық бақылауды жүзеге асыру кезінде мыналар:

1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға ұсынған және кеден органы жіберген кедендік жүк декларациялары, тауарларға ілеспе және өзге де құжаттар;

2) сыртқы экономикалық қызметке қаты су шы немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға ұсынған, кеден органы жіберген және кеден органы кеден ісі саласындағы уәкілетті органның немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлім шесінің не кеденнің ақпараттық ресурстарынан алынған мәліметтерді талдау мен салыстыру негізінде іріктеп алған кедендік жүк декларациялары, тауарларға ілеспе және өзге де құжаттар, сондай-ақ аталған тұлғаның қызметі жөнінде кеден органдарынан, басқа да мемлекеттік органдардан, шет мемлекеттердің осындай органдарынан, банктер мен банк ұйымдарынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған мәліметтер;

3) сыртқы экономикалық қызметке қатысу шы немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға ұсынған, кеден органы жіберген және айқындалмаған тәуекелді анықтау мақса тында бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып кездейсоқ іріктеу әдісімен таңдап алынған кедендік жүк декларациялары, тауарларға ілеспе және өзге де құжаттар зерделенуге жатады. Атал ған әдіс арқылы кеден ісі саласындағы уәкілетті органның немесе кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің не кеденнің ақпараттық ресурстарынан екі проценттен аспай тын құжаттарды іріктеп алу жүзеге асырылады.

Бақылауды жүзеге асырған кеден органы құжаттарды тіркеудің арнаулы журналында өздеріне қатысты камералдық бақылау жүргізілген құжаттарды тіркейді, ол нөмірленуге, байлап-қайымдалуға және кеден органының мөрімен бекітілуге тиіс.

 

462-бап. 2009.17.07 № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды



463-бап. Кеден органы лауазымды адамдарын кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргізу үшін аумаққа немесе үй-жайға жіберу

1. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы осы Кодекстің 452-бабына сәйкес кеден органының лауазымды адамдарын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) жіберуді қамтамасыз етуге міндетті.

2. Тексеру жүргізуші кеден органының лауазымды адамдарын көрсетілген аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) жіберуді қамтамасыз етуден бас тартылған жағдайда хаттама жасалады.

3. Хаттамаға екі куәгердің қатысуымен тексеру жүргізетін кеден органының лауазымды адамы және кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы қол қояды. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы көрсетілген хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда бас тартудың себептері туралы жазбаша түсінік беруге міндетті.

4. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының, егер:

1) нұсқама табыс етілмеген не белгіленген тәртіппен ресімделмеген;

2) нұсқамада көрсетілген тексеру мерзімдері басталмаған немесе өтіп кеткен;

3) кеден органдарының осы лауазымды адамдары нұсқамада көрсетілмеген;

4) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеруге жататын аумаққа немесе үй-жайға жіберу үшін арнаулы рұқсат қажет болса, ал лауазымды адамдардың аумаққа немесе үй-жайға кіруге мұндай рұқсаттары болмаған;

5) сұратылған құжаттаманың тексерілетін кезеңге қатысы болмаған жағдайларда кеден органының лауазымды адамдарына тексеру жүргізу үшін аумаққа немесе үй-жайға жіберуден бас тартуға не оларға құжаттарды бермеуге құқығы бар.

464-бап. Кеден органы лауазымды адамдарының кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргізу кезіндегі өкілеттігі

1. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргізу кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары:

1) тауарлар мен көлік құралдарының болуын тексеруге және оларға кедендік қарауды жүзеге асыруға;

2) кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысты құжаттарды, оның ішінде бухгалтерлік құжаттаманы тексеруге;

3) тұлғалардан кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асыруға қатысты құжаттар, оның ішінде бухгалтерлік құжаттамалар, анықтамалар, жазбаша және ауызша түсініктер алуға;

4) тауарлар мен көлік құралдары бар үй-жайларды мөрлеуге;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысты және кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғаны туралы куәландыратын құжаттарды алып қоюға құқылы. Алып қою кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға алып қойылатын құжаттардың көшiрмелерін түсiріп алу мүмкiндiгі берiлгеннен кейiн жүргізіледi.

2. Алынған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қайтарылады.

3. Аталған шараларды қолданбау кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарды жасыруға әкеп соғуы мүмкін ерекше жағдайларда мөрлеу және алып қою жүзеге асырылады.

 

465-бап. Камералдық бақылаудың аяқталуы

1. Камералдық бақылау аяқталғаннан кейін кеден органының лауазымды адамдары:

1) камералдық бақылаудың жүргізілген орнын, актінің жасалған күнін;

2) камералдық бақылау жүргізген кеден органы лауазымды адамдарының лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын (бар болғанда);

3) кеден ісі саласындағы сыртқы эконо микалық және өзге де қызметке қатысушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болғанда) не толық атауын;

4) кеден ісі саласындағы сыртқы эконо микалық және өзге де қызметке қатысушының тұрған жерін, банк деректемелерін;

5) алдыңғы камералдық бақылау және бұрын анықталған Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы мәліметтерді;

6) кеден ісі саласында анықталған құқық бұ зу шылықтарды Қазақстан Республикасы заң намалық актілерінің тиісті нормаларына сілтеме жасай отырып, егжей-тегжейлі сипаттауды;

7) кеден ісі саласындағы сыртқы эконо микалық және өзге де қызметке қатысушыны камералдық бақылаудың нәтижелерін көрсете отырып камералдық бақылау актісін жасайды.

2. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономи ка лық және өзге де қызметке қатысушыға ка мерал дық бақылау актісін тапсырған күн камералдық бақылау мерзімінің аяқталған күні болып есептеледі.

3. Егер камералдық бақылау аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының кеден заң намасын бұзу анықталмаса, камералдық бақылау актісінде тиісті жазба жасалады.

4. Камералдық бақылау актісіне құжаттардың көшірмелері, есеп-қисаптар және басқа да материалдар қоса тіркеледі.

5. Камералдық бақылау актісі бақылауды жүргізген кеден органы лауазымды адамдарының қолы қойылып, екі данада жасалады.

6. Камералдық бақылау актісі актілерді тіркеудің арнаулы журналында тіркеледі, ол нөмірленуге, байлап-қайымдалуға және кеден органының мөрімен бекітілуге тиіс.

7. Камералдық бақылау актісінің бір данасы кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға қолын қойғызу арқылы немесе актіні алу фактісін растайтын өзгеше тәсілмен беріледі.

8. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономика лық және өзге де қызметке қатысушы камералдық бақылаудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушының басшысы немесе уәкілетті лауазымды адамы камералдық бақылау актісіне тиісті жазба жасайды.

 

 



466-бап. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды кеденнен кейінгі бақылау нәтижелері бойынша шешім

1. Кеден ісі саласындағы сыртқы эконо микалық және өзге де қызметке қатысушысын кеденнен кейінгі бақылау аяқталғаннан кейін кеден органы кеденнен кейінгі бақылаудың нәтижелері туралы актіде көрсетілген нәти желердің негізінде осы Кодекстің 350-бабында көзделген нысанда кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың есепке жазылған сомалары туралы хабарлама шығарады.

2. Хабарлама осы Кодекстің 350-бабында көзделген тәртіпке сәйкес кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыға жіберіледі.

3. Кедендік төлемдердің, салықтардың және өсімпұлдардың есепке жазылған сомалары туралы хабарлама алған кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушы оны осы Кодекстің 350-бабында белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

4. Кеден ісі саласындағы сыртқы эконо ми калық және өзге де қызметке қатысушының осы Кодексте көзделген тәртіппен және мерзімдердекеденнен кейінгі бақылаудың нәтижелеріне шағымдануға құқығы бар.

 

467-бап. Кеден ісі саласындағы аудит



Кеден ісі саласындағы аудит Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

60-тарау. Тәуекелді бағалау және басқару



468-бап. Жалпы ұғымдар және тәуекелді басқаруды қолдану мақсаттары

1. Тәуекел - Қазақстан Республикасының кеден заңдарын сақтамаудың мемлекет үшін залалға әкеп соғуы мүмкін ықтималдық дәрежесі.



Тәуекелді бағалау - тәуекелдің деңгейін бағалау және алдын ала айқындалған стандарттармен салыстыру арқылы тәуекелді басқарудың басымдықтарын жүйелі түрде айқындау.

Тәуекелді басқару - тәуекелдің алдын алу үшін бақылау әдістерін айқындауға мүмкіндік беретін, талдау мен тәуекелді басқарудың авто­маттандырылған жүйесінде жүзеге асырылатын алдын алу шараларын қолдану техникасы.

2. Тәуекелді басқаруды қолданудың мақсаттары:

1) тәуекелдің деңгейі жоғары салаларға жіті назар аудару және қолда бар ресурстардың неғұрлым тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

2) кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау жөніндегі мүмкіндіктерді арттыру;

3) Қазақстан Республикасының кеден заңдарын сақтайтын сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

469-бап. Тәуекел санаттары

Тәуекел санаттарына мына объектілер:

1) тауарлардың түрлері;

2) Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың коды;

3) тауарлар шығарылған ел;

4) тауарларды жөнелткен ел;

5) тауарлар жеткізілетін межелі ел;

6) көлік құралдары;

7) кедендік құн;

8) тауарларды өткізу маршруты;

9) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы;

10) кедендік ресімдеу үшін тапсырылған құжаттар жатқызылуы мүмкін.

 

469-1-бап. Алдын ала ақпарат беру



Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы лар, тасымалдаушылар, кеден ісі саласында лицензиясы бар тұлғалар кеден органдарына электрондық түрде жүк, жолаушылар, көлік құралдары және жүру бағыты туралы алдын ала ақпаратты береді.

Кеден органдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекет тердің кеден органдарымен алдын ала ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

Алдын ала ақпаратты беру және пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

 

470-бап. Кеден органдарының тәуекелді бағалау және басқару жөніндегі қызметі



1. Уәкілетті орган тексеру жүргізу сатысында тұрған, сондай-ақ іс жүргізушілік шешім қабылданған құқық бұзушылықтардың барлық фактілерін қоса алғанда, кеден ісі саласында жасалған құқық бұзушылықтар туралы статистикалық және шұғыл ақпаратты жинайды, оған қорытындылау және талдау жүргізеді.

2. Тәуекел көрсеткіштерінің тізбелерін, оларды анықтау мен қолданудың өлшемдерін уәкілетті орган белгілейді.

3. Тәуекел көрсеткіштерінің белгіленген тізбелерін кеден органдары кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік бақылаудың сараланған нысандарын қолдану үшін пайдаланады және бұл тізбелер тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілуін шектеу үшін негіз бола алмайды. Осы тізбелер жасырын ақпарат болып табылады.

4. Қалыптасқан шұғыл жағдайды ескере отырып, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің ұсынысы бойынша тәуекел көрсеткіштерінің тізбелері оларды қолданудың барлық уақыты ішінде өзгеруі мүмкін.

5. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ең төменгі деңгейдегі немесе ең жоғары деңгейдегі тәуекел санатына жатқызылуы мүмкін.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызу және оларға кедендік рәсімдердің жекелеген түрлері мен кедендік бақылау нысандарын қолдану тәртібі уәкілетті органның аумақтық құрылымдарының кеден ісі саласындағы коммерциялық емес ұйымдармен бірлесіп әзірлеген ұсыныстары негізінде белгіленеді.

61-тарау. Кедендік бақылауға қатысты қосымша ережелер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет