253-бабының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар бойынша тиісті уәкілетті мемлекеттік орган растаған тауарлар тізімі;
осы Кодекстің 253-бабының 3) тармақшасында көрсетілген тауарлар бойынша көлік ұйымы растаған тауарлар тізімі;
тауар осы Кодекстің 253-бабының 4) тармақшасында көрсетілген мақсаттарға арналғаны көрсетілген тауардың ілеспе құжаттары;
осы Кодекстің 253-бабының 5) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда тауарлардың әкелінуін және (немесе) әкетілуін растайтын құжаттар;
уәкілетті орган айқындаған өзге де құжаттар.
384-бап. Жүктің кедендік декларациясын қабылдау және тіркеу
1. Декларант белгіленген тәртіппен толтырылған жүктің кедендік декларациясын оның электрондық көшірмесімен бірге, сондай-ақ кедендік мақсат үшін қажетті құжаттарды кеден органына береді.
2. Жүктің кедендік декларациясы мен кедендік мақсат үшін қажетті құжаттарды кеден органының қабылдаған күні мен уақыты уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ресімделіп, қоса берілетін құжаттардың тізімдемесінде көрсетіледі және кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмірлік мөрімен куәландырылады. Куәландырылғаннан кейін тізімдеме декларантқа қайтарылады.
3. Кеден органының:
1) декларацияны декларант болып табылмайтын тұлға берген;
2) декларацияда осы Кодекстің 379-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіпке сәйкес талап етілетін мәліметтер көрсетілмеген;
3) декларацияға қол қойылмаған не тиісінше куәландырылмаған немесе белгіленген нысан бойынша жасалмаған;
4) декларацияланатын тауарларға қатысты алдын ала декларациялау рәсiмi қолданылған, кедендік баждар және салықтарды төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік төлеу мерзімін беру, сондай-ақ есепке алу әдісімен қосылған құн салығын төлеу кезіндегі жағдайларды қоспағанда, кедендік төлемдер және салықтар төленбеген не олардың төленуі қамтамасыз етілмеген;
5) олар туралы мәліметтер жүктің кедендік декларациясының арнаулы бағанында көрсетілетін құжаттар түгел берілмеген жағдайларды қоспағанда, жүктің кедендік декларациясын тіркеуден бас тартуға құқығы жоқ.
4. Жүктің кедендік декларациясын тіркеу немесе тіркеуден бас тарту жүктің кедендік декларациясын қабылдаған кезден бастап екі сағаттан аспайтын мерзімде жүргізіледі.
5. Жүктің кедендік декларациясын тіркеуден бас тартқан жағдайда кеден органының лауазымды адамы жүктің кедендік декларациясын тіркеуден бас тарту парағын толтырады және берілген құжаттармен бірге, көрсетілген бас тарту парағын жүктің кедендік декларациясын берген тұлғаға тапсырады. Жүктің кедендік декларациясын тіркеуден бас тарту парағын ресімдеу нысаны мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
6. Қабылданған жүктің кедендік декларациясы тіркелген уақыттан бастап заңды күші бар құжат болып табылады.
385-бап. Жүктің кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгерту, толықтыру және жүктің кедендік декларациясын қайтарып алу
1. Кеден органының рұқсатымен және декларанттың дәлелді жазбаша өтініші бойынша жүктің кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтер өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін, ал кеден органы қабылдаған жүктің кедендік декларациясы қайтарып алынуы мүмкін.
2. Декларанттың өтінішін алған кезде жүктің кедендік декларациясын тексеруді аяқтамаған немесе тауарларды қарауды бастамаған жағдайда жүктің кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді өзгертуі және толықтыруы мүмкін.
3. Жүктің кедендік декларациясын өзгерту немесе толықтыру оның қолданылу саласын кеңейте немесе қысқарта алмайды, кеден органы қабылдаған жүктің кедендік декларациясында көрсетілген тауарлар туралы мәліметтерден басқа мәліметтерді беруге әкеп соқпайды.
4. Декларанттың ауызша өтініші бойынша жүктің кедендік декларациясындағы кеден органдарының кедендік ресімдеу кезінде шешімдер қабылдауына әсер ететін негізгі деректерді өзгертпейтін қате жазуларды, техникалық немесе грамматикалық қателерді (үш жағдайдан аспайтын) қате деректерді сызу немесе тиісті мәліметтерді үстінен жазуын түзетуге жол беріледі. Әрбір мұндай түзету уәкілетті тұлғаның қол қоюымен және декларанттың мөрімен куәландырылады.
5. Кеден органдарының құзыретіне жататын мәліметтерді жүктің кедендік декларациясына енгізуді қоспағанда, кеден органдары лауазымды адамдарының өз бастамасы, тұлғаның тапсырмасы немесе өтініші бойынша жүктің кедендік декларациясын толтыруға, жүктің кедендік декларациясында көрсетілген мәліметтерді өзгертуге немесе толықтыруға құқығы жоқ.
6. Декларанттың жазбаша өтініші бойынша жүктің кедендік декларациясы тауар шығарылғанға дейін қайтарып алынуы мүмкін. Кеден органы жүктің кедендік декларациясы қайтарылатын кезде жүктің жаңа кедендік декларациясын беру үшін мерзім белгілейді, тауарларды уақытша, алдын ала, мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалану жағдайларын қоспағанда, ол қайтарып алуға рұқсат берілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс. Жүктің кедендік декларациясын қайтарып алу кедендік баждарды және салықтарды төлеу мерзімдерін ұзартпайды. Бұл ретте керi қайтарып алынған жүктiң кедендiк декларациясы кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жойылуға тиiс.
7. Қайтарып алынатын жүктің кедендік декларациясы тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету мақсаты үшін оларға берілген жағдайда, жүктің кедендік декларациясы тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тысқары жерлерге нақты әкеткенге дейін қайтарып алынуы мүмкін. Осы тауарларға жүктің жаңа кедендік декларациясын беру үшін мерзім белгіленбейді. Бұл орайда, қайтарып алынған жүктің кедендік декларациясы жойылуға тиіс.
7-1. Ресімдеу мерзімі осы Кодекстің 440-бабында белгіленген мерзімнен асатын кедендік жүк декларациялары жойылуға жатады.
8. Осы баптың 3-тармағында көзделген талаптар орындалған жағдайда, тауарлар шығарылған күннен бастап бір ай ішінде декларанттың жазбаша өтініші бойынша, уәкілетті органның рұқсатымен айрықша жағдайларда жүктің кедендік декларациясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.
49-тарау. Тауарларды декларациялауға қатысты
қосымша ережелер
386-бап. Алдын ала декларациялау
1. Егер декларант тауарларды кедендік ресімдеу үшін қажетті құжаттарды берсе, тауарларға қатысты жүктің кедендік декларациясы тауарлар межелі кеден органына табыс етілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен ерте берілмеуі мүмкін. Кедендiк баждар мен салықтар тауарлар мен көлiк құралдары шығарылғанға дейiн төленедi.
2. Егер кедендік мақсат үшін тауарлардың ілеспе көлік немесе коммерциялық құжаттары пайдаланылуға тиіс болса, кеден органы осы құжаттардың декларант куәландырған көшірмелерін немесе осы құжаттардан алынған мәліметті қабылдайды және тауарлар келгеннен кейін көрсетілген мәліметтерді құжаттардағы мәліметтермен салыстырады.
3. Егер алдын ала декларацияны тіркелген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оны қабылдаған кеден органына тауарлар берілмесе, жүктің кедендік декларациясының күші жойылуға жатады.
4. Тауарларды алдын-ала декларациялаған кезде кеден органы жүктің кедендік декларациясын тіркеген күні қолданыста болған нормативтік құқықтық актілер қолданылады.
5. Бұрын мәлімделгеннен (тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері негізінде бұрын берілгеннен) өзгеше құндық, сан немесе салмақ көрсеткіштері өзгерген жағдайда, тауардың құны, саны немесе салмағы өзгергенін растайтын құжаттар (коммерциялық актілер, сауда-өнеркәсіп палатасының актілері) міндетті түрде ұсынылады.
6. Егер тауарлар келгеннен кейін бұрын мәлімделгеннен өзгеше құн, сан немесе салмақ көрсеткіштері сәйкес келмейтіндігін анықтаса, декларант осы Кодексте көзделген тәртіппен жүктің алдын ала берілген кедендік декларациясын қайтарып алуға құқылы.
7. Алдын ала декларациялау рәсімін қолдану кезінде кеден органының арнайы рұқсаты талап етілмейді. Тауарларды алдын ала декларациялау рәсімін қолдану кезінде жүктің кедендік декларациясын толтыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
387-бап. Уақытша кедендік декларация
1. Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы құбыр желісін пайдалана отырып не электр беру желілері бойынша өткізу кезінде, сондай-ақ уәкілетті орган белгілейтін өзге де жағдайларда тауарларды уақытша кедендік декларация беру арқылы декларациялауға жол беріледі.
2. Уақытша кедендік декларацияда белгілі уақыт кезеңінің ішінде тауарлардың шамамен алынған мөлшерін өткізу туралы ниет негізге алынып, мәліметтерді мәлімдеуге жол беріледі. Тауардың құнын декларант сатып алу-сату сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) бағасын ескере отырып мәлімдеуі мүмкін.
Егер шартта (келісім-шартта) тауардың белгіленген (дәл, түпкілікті) бағасы жоқ және оны анықтау шарты ғана белгіленсе, ал сондай-ақ, егер кедендік декларацияны беру күнінде өткізілетін тауардың сапасы немесе саны туралы дәл ақпарат жоқ болса, не сатып алу-сату сыртқы сауда шартында (келісім-шартында) белгіленген алдын ала (бағдарлық) баға не сатып алу-сату сыртқы сауда шартында (келісім-шартында) белгіленген есеп шарттарына сәйкес уақытша кедендік декларацияны беру күнінде белгіленген есептік баға пайдаланылады. Мұндай есептер жүргізу мүмкін болмайтын жағдайларда өткізілетін тауарды шартты бағалау кеден органы билігіндегі баға ақпараттарының негізінде жүргізіледі.
Уақытша кедендiк декларация берілген кезде нақты сатып алушы айқындалмаған жағдайда, кеден органының рұқсатымен бiр сыртқы сауда шарты (келiсiм-шарты) шеңберiнде тауарлар беруге бiр уақытша кедендiк декларация берiлiп, кейiннен нақты сатып алушылардың саны бойынша бiрнеше толық кедендiк жүк декларациясы мен сатып алу-сату шарты (келiсiм-шарты) берiледi.
Уақытша кедендік декларация берілген кезде нақты сатып алушы айқындалмаған жағдайда және (немесе) келісімшарттың тараптары өзара тәуелді тұлғалар болып табылса, өзара тәуелді тараптар арасында бір сыртқы сауда шарты (келісімшарты) шеңберінде тауарларды жеткізуге бір уақытша кедендік декларация беріліп, кейіннен саны бойынша байланысты емес нақты сатып алушылардың бірнеше толық кедендік жүк декларациясы мен сатып алу-сату шарты (келісімшарты) беріледі.
3. Уақытша кедендік декларацияны толтыру және оны пайдаланып кедендік ресімдеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Бұл кедендік рәсім кезінде, кеден органының уақытша кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған нормативтік құқықтық актілер қолданылады.
4. Уақытша кедендік декларация жоспарланған жеткізілім басталғанға дейін кеден органына табыс етіледі.
5. Кедендік төлемдер және салықтар кеден органы уақытша кедендік декларацияны тіркегенге дейін немесе тіркеген күні төленеді.
6. Декларант жүктiң уақытша кедендiк декларациясында мәлiмделген тауарлар легi жеткiзiлгеннен кейiнгі күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей, бiрақ уақытша кедендiк декларация тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күннен асырмай жүктiң толық кедендiк декларациясын беруге мiндеттi.
Тауарларды бағаны айқындау талаптары бар шарт бойынша өткiзу кезiнде, меншiк құқығын Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының шегiнен тыс жерлерге беру кезiнде көрсетілген мерзiм баға мен мөлшердi айқындау үшiн пайдаланылатын коносамент, қабылдап алу-тапсыру актісi ресiмделген күннен бастап есептеледi. Егер декларацияланатын тауарлар легiне бiрнеше көлiктiк құжат жасалса, көрсетілген мерзiм соңғы көліктiк құжат ресiмделген күннен бастап есептеледi.
7. Уақытша кедендік декларацияға сәйкес кедендік төлемдерді және салықтарды қосымша төлеу немесе артық төленген кедендік баждар және салықтарды қайтару осы Кодекстің 8-бөліміне сәйкес жүктің толық кедендік декларациясын тапсырған кезде жүзеге асырылады.
388-бап. Мерзімдік кедендік декларация
1. Бір тұлға бір тауарларды кедендік шекара арқылы тұрақты түрде өткізген кезде кеден органы күнтiзбелiк отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін барлық тауарға мерзімдік кедендік декларация беруге құқылы.
2. Егер тауарлардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірдей жіктеу коды болса, олар бірдей тауарлар ретінде қарастырылады.
3. Егер бір тұлға күнтізбелік отыз күн ішінде бір тауардың үш және одан да артық жеткізілімін жүргізсе, ондай тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы бір тұлға тұрақты түрде өткізетін тауарлар ретінде қарастырылады.
4. Кедендік мақсат үшін, жекеленген жеткізілімдердің санына қарамастан, бір сыртқы сауда шарты (келісім-шарты) бойынша күнтізбелік отыз күн ішінде бір өткізу бекеті арқылы өткізілетін және бір кеден органында кедендік ресімдеу жүргізілетін бірдей тауарлар біртұтас тауар легі ретінде қарастырылады.
5. Кедендiк баждар және салықтар, акцизделетін тауарларды қоспағанда, жүктiң толық кедендiк декларациясы тiркелгенге дейін немесе тiркелген күні төленедi.
5-1. Кедендiк баждар және акцизделетiн тауарлар бойынша салықтар мерзiмдiк кедендiк декларация тiркелгенге дейiн немесе тiркелген күнi төленедi.
6. Мерзімдік декларациялау рәсімін қолдану арқылы тауарларды кедендік ресімдеу кезінде кеден органы мерзімдік кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері қолданылады.
7. Мерзiмдiк декларациялау кедендiк баждарды және салықтарды төлеу қамтамасыз етiлген жағдайда жеткiзу мерзiмi басталғанға дейiн мерзiмдiк кедендiк декларацияны беру арқылы жүргiзіледi. Кедендiк баждар мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету осы Кодекстiң 470-бабына сәйкес ең төменгі деңгейдегі тәуекел санатына жатқызылған сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолданылмайды.
Бұл ретте мерзімдiк кедендiк декларация тауарлардың бiрыңғай легiне толтырылады.
8. Мерзімдік декларациялау рәсімі қолданылып тауарлар өткізілген жеткізілім кезеңі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, әкелінген немесе әкетілген тауарлардың нақты саны есепке алынып толтырылған жүктің толық кедендік декларациясы беріледі.
9. Тауарлар мерзімдік кедендік декларацияда мәлімделген көлемнен өзгеше көлемде әкелінген (әкетілген) жағдайда, жүктің толық кедендік декларациясы әкелінген тауарлардың нақты саны есепке алынып толтырылады. Бұл ретте жеткізудің келесі кезеңіне мерзімдік кедендік декларация осындай өзгерістер есепке алынып толтырылады.
10. Мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып тауарларды кедендік ресімдеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
388-1-бап. Толық емес кедендік декларация
1. Егер декларант кедендiк декларацияны толтыруға қажеттi бүкiл ақпаратқа өзiне байланысты емес себептер бойынша ие болмаса, онда тауарды шығаруға, кедендiк төлемдердi есептеу мен төлеуге қажеттi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тарифтік емес реттеу шараларының сақталғанын растайтын, сондай-ақ тауарларды сандық және сапалық сипаттамаларының жиынтығы бойынша бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн мәлiметтер болған жағдайда толық емес кедендiк декларацияны беруге рұқсат етіледі.
Декларант толық емес кедендік декларацияны берген кезде ондағы жетіспейтін мәліметтерді кеден органы толық емес кедендік декларацияны тіркеген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде жазбаша нысанда табыс етуге міндеттеме алады.
2. Егер кеден органы толық емес кедендiк декларацияны қабылдаса, осы Кодексте көзделген кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеу мен төлеу тәртiбiн қоса алғанда, толық және тиiсті түрде толтырылған кедендiк декларация басынан бастап берiлген жағдайдағыдай шарттар мен талаптар қолданылады.
3. Толық емес кедендiк декларацияны толтыру тәртiбi мен оны пайдалану жағдайларын кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
389-бап. Мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалануға рұқсат беру тәртібі
1. Мерзімдік декларациялау рәсімін пайдалануға рұқсат (бұдан әрі рұқсат) алу үшін мүдделі тұлға кеден органына мынадай мәліметтерді:
1) тауардың Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша жіктеу коды көрсетілген атауын;
2) тауарлардың күнтізбелік бір ай ішінде өткізілетін болжамды жиілігі мен көлемін;
3) тауарлар шығарылған елді;
4) сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) немесе соның негізінде тауарларды кедендік рәсімдеу жүргізілетін өзге де құжаттардың деректемелерін (күні мен нөмірін);
5) тауарлардың шамамен алынған кедендік құнын;
6) тауарларды әкелген кезде - жіберушінің, әкеткен кезде тауарларды алушының (немесе сатып алушының) атауын;
7) әкеткен кезде - тауарларды әкету жүзеге асырылатын кедендік өткізу бекетін көрсетіп, тауарды өткізетін тұлғаның басшысы қол қойған еркін нысандағы, өтініш береді.
2. Өтініш түскен кезден бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде кеден органы өтінішті қарауға тиіс.
3. Әкелінетін тауарларға қатысты рұқсат тауарларды жіктеуге байланысты алдын ала шешім қабылданған жағдайда беріледі.
4. Рұқсат:
1) болжамды өткізілетін тауарлар мерзімдік декларациялау рәсімдерін пайдалану талаптарына сәйкес келмеген кезде;
2) кедендік төлемдер және салықтарды төлеу бойынша берешегі бар тұлғаларға;
3) оларға қатысты банкроттық туралы iс қозғалған тұлғаларға берiлмейдi.
5. Рұқсат сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) немесе соның негізінде тауарларды кедендік рәсімдеу жүргізуге негіз болатын өзге құжаттардың қолданылу мерзіміне беріледі.
6. Рұқсат:
1) тұлғаның кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешегі болған;
2) осы Кодексте белгіленген мерзімдік декларациялау рәсімдерін пайдалану талаптарын сақтамаған жағдайларда
3) банкроттық туралы іс қозғалған жағдайларда қайтарып алынуы немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұруы мүмкін.
50-тарау. Тауарларды шығару
390-бап. Тауарларды шығару үшін негіздемелер
1. Кеден органдары мынадай шарттар сақталған жағдайда:
1) тауарларды кедендік ресімдеу мен тексеру кезінде кеден органдары анықтаған құқық бұзушылықтар жойылған, ал құқық бұзушылық объектісі болып табылатын тауарлар алып қоюға немесе тәркілеуге жатпайтын не Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес заттай айғақ ретінде бұдан әрі талап етілуі мүмкін болмайтын жағдайларды қоспағанда, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар анықталмаған;
2) кеден органына Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес тауарларды шығару үшін қажетті лицензиялар, сертификаттар, өтiнiш-декларациялар, рұқсаттар тапсырылған;
3) тұлғалар осы Кодекске сәйкес тауарларды таңдап алынған кедендік режимге орналастыру немесе тиісті кедендік рәсімді қолдану үшін қажетті талаптар мен шарттарды сақтаған;
4) тауарларға қатысты кедендік төлемдер және салықтар төленген не осы Кодекстің 40 және 43-тарауына сәйкес олардың төленуі қамтамасыз етілген жағдайда кеден органдары тауарларды шығаруды жүзеге асырады.
2. Тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану арқылы кеден органдары тауарларды шығару туралы шешім қабылдаған кезде декларант ұсынылған ақпараттың дұрыс еместігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауапты болады.
391-бап. Тауарларды шығарудың мерзімдері
Кеден органдары осы Кодекстің 440-бабында белгіленген мерзімдерде құжаттарды тексеру және тауарларды тексеруден өткізу аяқталғаннан кейін тауарлар шығаруды жүргізеді не тауарларды шығарудан бас тартады.
392-бап. Құжаттарды, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін зерттеу не сарапшының қорытындысын алу қажет болған жағдайда тауарларды шығару
1. Егер кеден органдары жүктің кедендік декларациясында немесе кеден органдарына ұсынылған өзге де құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру мақсатында тауарлардың сынамаларын немесе үлгілерін, егжей-тегжейлі техникалық құжаттаманы зерттеу немесе оларға сараптама жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдаса, декларант кедендік сараптама жүргізу нәтижелері бойынша қосымша есептелуі мүмкін кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз еткен жағдайда, тауарларды шығару кедендік сараптама нәтижелерін алғанға дейін жүргізіледі.
2. Тауарларды шығару кеден органдары тауарларға тарифтік емес реттеу шаралары қолданылуы мүмкін екендігін көрсететін белгілерді анықтаған және декларант олардың сақталғандығын растайтын айғақтар ұсынбаған жағдайда ғана жүргізілмейді.
393-бап. Кеден ісі саласында әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері анықталған жағдайда тауарларды шығару
Кеден ісі саласында әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері анықталған жағдайда тауарларды шығару құқық бұзушылық объектісі болып табылатын тауарлардың тәркілеуге жатпайтын, одан әрі заттай айғақтар ретінде талап етілмейтін және істі қарау нәтижелері бойынша есептелуі мүмкін кедендік төлемдердің және салықтардың, сондай-ақ айыппұлдардың не өзге де жазалау шараларының төленуі қамтамасыз етілген жағдайда тауарлар шығару кеден органы басшысының шешімі бойынша іс жүргізу немесе оны қарау аяқталғанға дейін жүзеге асырылуы мүмкін.
393-1-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын шартты шығару
1. Шартты шығаруға:
шектеулер сақтала отырып оларға қатысты кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген;
кеден қоймасы, бажсыз сауда дүкені, кедендік аумақта қайта өңдеу, еркін айналыс үшін қайта өңдеу, уақытша әкелу (әкету), еркін қойма және еркін кеден аймағы кедендік режимдеріне орналастырылған;
оларға қатысты осы Кодекстің 43-тарауына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету қолданылатын тауарлар мен көлік құралдары жатады.
2. Шартты шығару кезінде тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауда болады.
3. Оларға қатысты кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу жөнінде жеңілдіктер берілген шартты шығарылған тауарлар жеңілдіктер беру шарттарына сәйкес келетін мақсаттарда ғана пайдаланыла алады.
4. Еркін айналыс үшін шығаруға мәлімделген тауарлар бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың тиісті сомасын төлеу жөніндегі міндеттемелердің орындалған сәтіне дейін шартты шығарылған деп саналады.
5. Шартты шығарылған тауарлардың шетелдік тауарлар мәртебесі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |