Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жетісізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толыктырулар енгізу туралы



жүктеу 92.86 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі92.86 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жетісізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толыктырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Рес публикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж:., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж.,№ 3, 27-құжат; .№ 8, 64-кұжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж.., № 8, 42-құжат; № 11, 57-кұжат):



  1. мазмұнында 166 және 167-баптардың тақырыптары алып тасталсын;

  2. 13-баптың 1 -тармағының 6) тармақшасы «арыздар» деген сөзден кейін «, сұрау салулар» деген сөздермен толықтырылсын;

  3. 165-бапта:

  1. тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Экологиялық ақпарат беру және оны беруден бас тарту мерзімдері, тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы және ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасында белгіленеді.»;

  1. тармақ алып тасталсын;

  1. 166 және 167-баптар алып тасталсын.




  1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Ргспубликасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; №24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14,71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):

  1. мазмұны мынадай мазмұндағы 456-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

«456-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құкығын заңсыз шектеу»;

  1. 78-баптың бірінші бөлігіндегі «сол сияқты жалпы жұрт қол жеткізетін ақпаратты шектеулі кол жеткізілетін ақпаратқа құқыққа сыйымсыз түрде жатқызу» деген сөздер алып тасталсын;

  2. мынадай мазмұндагы 456-1-баппен толықтырылсын:

«456-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығьп заңсыз шектеу

  1. Жауаптылығы осы Кодекстің басқа баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда, ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпарат пайдаланушының сұрау салуы бойынша берілуге жататын жағдайларда мұндай ақпаратты беруден құқыққа сыйымсыз бас тарту не көрінеу жалған ақпарат беру -

лауазымды адамдарға, шағын кәлпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Көрінеу жалған ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында, ашық деректер интернет-порталында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен орналастыру -

лауазымды адамдарға, шагын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Осы Кодекстің 504-бабының үшінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда, қол жеткізу шектелген ақпарат болып табылмайтын ақпаратты қол жеткізу шектелген ақпаратқа кұқыкқа сыйымсыз жатқызу -

лауазымды адамдарга жиырма айлық есептік керсеткіш мөлшерінде айыппұл салуга әкеп соғады.

  1. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -

лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

  1. 684-баптың бірінші бөлігі «456,» деген цифрлардан кейін «456-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;

  2. 805-баптың бірінші бөлігі «456,» деген цифрлардан кейін «456-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;

  3. 807-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «жөне 132-баптарында» деген сөздер «, 132 және 456-1-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын.

3. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-кұжат; 2002 ж., № 5, 50-кұжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-кұжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-кұжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., №: 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 15, 81-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І,19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат):



  1. 14-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобалары оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен бірге (заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін жария талқылау үшін ашық нормативтік құкықтық актілер интернет-порталында орналастырылады.

Заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормагивтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;



  1. 21-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Кұпиялылық белгісі немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар нормативтік құқықтық актілер тізбеге; олардың тақырыбы көрсетілмей енгізіледі.»;

  1. 21-2-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Құпиялылық белгісі немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар нормативтік құқықтық актілерге қосымшаларды ресімдеу осы бапқа және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;

  1. 30-баптың 2-тармагы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде және конкурстық негізде мұндай құқыққа ие болған мерзімді баспасөз басылымдарында да жүзеге асырылады.

Осы Заңның 3-бабы 2-тармағының 6), 7), 7-2) және 8) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қатысты ресми жариялау Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста жүзеге асырылады.»;

5) 47-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Уәкілетті органдар Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оларды жүргізуге жауапты мемлекеттік кәсіпорынға қағазда және электрондық түрде, осы Заңның 29-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілеттілік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған нормативтік құқықтық актілердің көшірмелерін жібереді.».


4. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 21, 122 -құжат):

17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мынадай:


  1. азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатер төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар және олардың салдарлары туралы, сондай-ақ дүлей зілзалалар, олардың ресми болжамдары мен салдарлары туралы;

  2. денсаулық сақтау саласының, санитарияның, демографияның, көші- қонның, білім берудің, мәдениеттің, әлеуметтік қорғаудың, экономиканың, ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы, сондай-ақ қылмыстық ахуал туралы;

  3. терроризм актілерін жасау фактілері туралы;

  4. экологияның, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы;

  5. азаматтар мен ұйымдарға мемлекет беретін артықшылықтар, өтемақылар және жеңілдіктер туралы;

  1. адамның және азаматтың құкықтары мен бостандықтарын бұзу фактілері туралы;

  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервінің мөлшерлері туралы;

  3. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ашатын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының қалыптастырылуы және жұмсалуы туралы;

  4. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ашатын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражаттың жұмсалуын бақылау туралы;

  5. мемлекеттік органдардың және ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының заңдылықты бұзу фактілері туралы;

  6. осы Заңның 14-бабында көзделген мәліметтерді қоспағанда, саяси, әлеуметтік және басқа да себептер бойынша жаппай қуғын-сүргін туралы, оның ішінде архивтегі мәліметтер құпиялаңдырылмауға тиіс.».

5. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97 -құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-кұжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І,19-ІІ, 96-құжат; № 24, 144-құжат);



  1. 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Қызметтік ақпарат деп меншік иесі, иеленушісі немесе пайдаланушысы мемлекет болып табылатын, мемлекеттік функцияларды орындау кезінде жасалатын, өңделетін және берілетін ақпарат түсініледі.»;

  1. 13-б;штың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Ақпараттық рәсімдер таратылуы шектілген қызметтік ақпараттың және мемлекет мүдделерімен байланысты өзге де ақпараттың жария болуына жол бермеуге тиіс.

Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгі қойылады.

Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік ақпарат өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін ғана беріледі. Бұл ақпарат кызметтен тыс мақсаттарда пайдаланылмайды.»;



  1. 15-2-бап алып тасталсын.

6. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3,22-құзкат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23,143-құжат):

14-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Байланыс операторлары өтеусіз негізде бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылган, төтенше жағдай енгізілген кезде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарлар жіберу жөнінде қызметтер көрсетуге міндетті. Көрсетілген мақсаттарда байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін уәкілетті орган белгілейді.».




  1. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардагы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 :к., № 2, 17-құжат; 2011 ж., .№ 3, 32-құжат; № 14, 117-кұжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат):

3-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен голықтырылсын:

«2-2. Осы Заңның күші, 7-баптың 2-тармағын, 15-баптың 12) тармақшасын және 16-бапты қоспағанда, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін, субъектілер алған немесе құрған ақпаратты беру туралы сұрау салуларды ғана қамтитын жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне байланысты қоғамдық қатынастарға қолданылмайды.».




  1. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., №« 14, 73-құжат; 2014 ж., №° 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-кұжат):

12-баптағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» деген сөздер «Акпаратқа қол жеткізу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланган күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. НАЗАРБАЕВ


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет