Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


«Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына



бет4/4
Дата03.07.2016
өлшемі340 Kb.
#175337
1   2   3   4

5. «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 134-баптың 2-тармағының 5) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«5) денсаулық сақтау; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру;»;



«7) ғылыми зерттеулер, ғылыми қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру;»;

2) 139-баптың 3-тармағы «білім беру» деген сөздерден кейін «және мәдениет» деген сөздермен толықтырылсын.

6. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат):

1) бүкіл мәтін бойынша «курсанттарын», «Курсанттың», «курсанттары», «курсант», «курсанттарды» деген сөздер тиісінше «курсанттарын, тыңдаушыларын», «Курсанттың, тыңдаушының», «курсанттары, тыңдаушылары», «курсант, тыңдаушы», «курсанттарды, тыңдаушыларды» деген сөздермен ауыстырылсын;



2) 1-бапта:

1) тармақша алып тасталсын:

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) арнаулы (әскери) оқу орындары – арнаулы мемлекеттік органдардың жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;»;

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11) курсант – арнаулы (әскери) оқу орнында, оның ішінде шет мемлекеттің арнаулы (әскери) оқу орнында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкер;»;

мынадай мазмұндағы 13-1) және 16-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«13-1) магистранттар және докторанттар – арнаулы (әскери) оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан қызметкерлер;»;

«16-1) тыңдаушы – арнаулы (әскери) оқу орнында, оның ішінде шет мемлекеттің арнаулы (әскери) оқу орнында қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жүрген қызметкер;»;

3) 6-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері қызметін осы Заңның 7, 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 24, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 40, 50 және 75-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес өткереді.»;

4) 7-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «және оған теңестірілген» деген сөздер алып тасталсын;

5) 10-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түсуге:

1) жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша:

әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған Қазақстан Республикасы азаматтарының;

оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толмаған, әскери қызмет не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген Қазақстан Республикасы азаматтарының және шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің;

оқуға түсетін жылы жиырма бес жасқа толмаған, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген қызметкерлердің;

2) жоғары білімнің оқыту мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша, әскери, арнаулы атақтары, офицерлік құрамның сыныптық шендері бар адамдарды қоспағанда, оқуға түсетін жылы кемінде жиырма екі жасқа толған жоғары білімі бар Қазақстан Республикасы азаматтарының;

3) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша офицерлік құрам қатарынан, жоғары білімі бар қызметкерлер мен әскери қызметшілердің құқығы бар.

2. Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын арнаулы (әскери) оқу орындарына қабылдау тәртібін, егер Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдар туралы заңнамасында өзгеше айқындалмаса, арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде белгілейді.»;

6) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«12-бап. Қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру

1. Қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің арнаулы (әскери) оқу орындарында, сондай-ақ басқа да білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

2. Білім алушылардың контингентін қалыптастыру, қызметкерлерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.»;

7) 17-баптың 1-тармағында:

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен қайта даярлықтан өтуіне және бiлiктiлiгiн арттыруына;»;

мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен тағылымдамадан өтуіне;»;

8) 27-бапта:

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) офицерлік құрамның арнаулы атағы жоқ, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (әскери) оқу орнын бітірген немесе оқыту мерзімі кемінде алты ай болатын қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған қызметкерге;»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Кезекті арнаулы атақ ағымдағы арнаулы атақта болудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін және берілетін атақ мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттің арнаулы (әскери) оқу орнында, білім беру ұйымында білім алып жатқан қызметкердің оқуға түсу алдында атқарған лауазымы бойынша арнаулы атағына сәйкес болған кезде беріледі.»;

9) 30-бапта:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Офицерлік құрамның атағы бар, жоғары оқу орнынан кейiнгi білімнің бiлiм беру бағдарламалары бойынша арнаулы (әскери) оқу орнына оқуға қабылданған қызметкер бұрынғы атқарған лауазымынан босатылады және магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалады.

Офицерлік құрамның атағы жоқ, арнаулы (әскери) оқу орнына қабылданған қызметкер бұрынғы атқарған лауазымынан босатылады және көрсетілген оқу орнында білім алушы адамдар үшін көзделген курсант лауазымына тағайындалады.

Арнаулы (әскери) оқу орнына қабылданған Қазақстан Республикасының азаматы көрсетілген оқу орнында білім алушы адамдар үшін көзделген курсант лауазымына тағайындалады.

Арнаулы (әскери) оқу орнына қабылдаған кезде қызметкердің (Қазақстан Республикасы азаматының) бұрын берiлген атағы сақталады.»;

6-тармақтағы «адьюнктураға» деген сөз «магистратураға» деген сөзбен ауыстырылсын;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Арнаулы (әскери) оқу орындарын бітірген қызметкерлер қажетті бiлiм деңгейi бар адамдар орналасуға жататын және Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетін Арнаулы мемлекеттік органдағы лауазымдар және оларға сәйкес келетiн арнаулы атақтар тiзбесiнде (бұдан әрі – лауазымдар тiзбесi) көзделген офицерлік құрамның лауазымдарына тағайындалады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша арнаулы (әскери) оқу орындарын немесе мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарын бітірген қызметкерлер оқуды аяқтағаннан кейін бұрын атқарған лауазымынан төмен емес лауазымға тағайындалады.

Көрсетілген лауазымдарға тағайындау мүмкiн болмаған кезде мұндай қызметкерлер даярлық бейiнi бойынша ұқсас өзге лауазымдарға тағайындалады (айрықша жағдайларда лауазымға одан әрі тағайындау үшiн тиісті бастықтың қарамағына жiберiледi).»;

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

«8-1. Профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымдарына тиісті құрамның қызметкерлерін тағайындау мүмкін болмаған жағдайда оларға жұмыскерлер арасынан адамдар арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен, оның ішінде уақытша тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте жұмыскердің лауазымдық айлықақысы ол атқаратын профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымы бойынша бекітіледі.

Профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің штаттық лауазымдарына уақытша тағайындалған жұмыскерлер осы лауазымдарға қызметкерлер тағайындалған кезде басқа штаттық лауазымдарға тағайындалады, ал оларды көрсетілген лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған жағдайда белгіленген тәртіппен лауазымынан босатылады.»;

10) 31-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «1), 2), 3), 5) және 6)» деген сөздер «1), 2), 3), 5), 6), 7), 8) және 9)» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 33-баптың 4-тармағының 6) тармақшасындағы «резервте болу жағдайларында штаттық емес лауазымдарда қызмет өткеруі мүмкін.» деген сөздер «резервте болу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

«7) мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының (осы тармақтың 9) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда) және (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқу үшін оқу демалысының берілуіне байланысты оқу жоспарында айқындалған мерзімге уәкілетті басшының қарамағында болу;

8) ақшалай ризық сақталмай шетелге қызметке, оқуға жіберілген қызметкер – жұбайымен (зайыбымен) бірге болған кезде қызметкерлердің уәкілетті басшысының қарамағында болу;

9) Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес білім алуға байланысты уәкілетті басшының қарамағында болу жағдайларында штаттық емес лауазымдарда қызмет өткеруі мүмкін.»;

12) 45-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарына оқуға түскен қызметкерлерге атқарып жүрген лауазымынан босатылып және уәкілетті басшының қарамағына есепке алына отырып, ақшалай үлесі сақталмайтын оқу демалысы беріледі.»;

13) 56-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Арнаулы мемлекеттік органның басшысы және оның орынбасарлары аттестатталуға жатпайды.

Жүктілігі мен босануына байланысты, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыстарда болу, мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының және (немесе) шет мемлекеттердің арнаулы (әскери) оқу орындарында, білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алу кезеңінде қызметкерлер аттестатталуға жатпайды. Олар қызметке шыққаннан кейін кемінде алты айдан соң және қызметке шыққан күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей аттестатталады.

Кемінде күнтізбелік 20 жыл үздіксіз қызмет өтілі бар қызметкерлер аттестаттық тесттен өтуге жатпайды.».

7. «Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистиканы және авиатасымалды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-бапта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) адьюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдің әскери оқу орындарында білім алып жатқан, офицерлер мен сержанттар (старшиналар) құрамының әскери қызметшісі;»;

мынадай мазмұндағы 1-1), 19-1) және 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер – осы Заңда айқындалатын мерзiмге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына (бұдан әрi – Қарулы Күштер) әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары;»;

«19-1) докторант – докторантурада білім алатын әскери қызметші;»

«22-1) кадет – әскери оқу орнында техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан әскери қызметші;»;

24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«24) курсант – бітіргеннен кейін офицерлік құрамның бірінші әскери атағы берілетін, жоғары білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнында (әскери факультетте), сондай-ақ шетелдік әскери оқу орнында (әскери факультетте) білім алып жатқан әскери қызметші;»;

мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:

«26-1) магистрант – магистратурада білім алып жатқан әскери қызметші;»;

34) және 35) тармақшалар алып тасталсын;

2) 5-баптың 3-тармағы 14) тармақшадағы «болған жағдайларда әскери қызмет міндеттерін орындауда болады.» деген сөздер «болған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

«15) біліктілігін арттыруда, қайта даярлауда, қайта мамандандыруда, оқуда, әскери тағылымдамада болған;

16) зерттеулер жүргізген, әскери және басқа сынақтарда болған жағдайларда әскери қызмет міндеттерін орындауда болады.»;

3) 10-баптың 1-тармағында:

«жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу» деген сөздер «жалпы орта білімнің жалпы білім беретін» деген сөздермен ауыстырылсын;

«білім берудің кәсіптік оқу» деген сөздер «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының азаматтарын қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі.»;

5) 21-бапта:

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Техникалық және кәсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орнына (әскери факультетке) түскен Қазақстан Республикасының азаматы және әскери қызметші тиісінше кадет және курсант әскери лауазымына тағайындалады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасы бойынша әскери оқу орнына түскен келісімшарт бойынша әскери қызметші бұрын атқарған әскери лауазымынан босатылады және магистрант, докторант немесе адъюнкт әскери лауазымына тағайындалады.»;

5-тармақтың 6) тармақшасындағы «болған жағдайларда әскери емес лауазымдарда әскери қызмет өткередi.» деген сөздер «болған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) институттардың, университеттердің және академиялардың әскери кафедраларына іссапарға жіберілген жағдайларда әскери емес лауазымдарда әскери қызмет өткередi.»;

6) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:



«39-1-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті

1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті (бұдан әрі – Ұлттық қорғаныс университеті) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы болып табылады.

2. Ұлттық қорғаныс университетіне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің және арнаулы мемлекеттік органдардың кадр органдарының жолдамасы бойынша офицерлік құрамдағы қызметкерлерінің түсуге құқығы бар.

Ұлттық қорғаныс университетіне оқуға түсу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін Қабылдау қағидаларына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.

3. Ұлттық қорғаныс университетіне оқуға қабылданған адамдар әскери қызметші немесе қызметкер мәртебесі сақтала отырып, магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалады.

4. Магистрант немесе докторант лауазымына тағайындалған әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін, бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.»;

7) 46-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтің әскери қызметшілерінен басқа) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу емтихандарына дайындалу және тапсыру үшін оқу демалыстары, ал философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесінің ізденушілері болып табылатындарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шығармашылық демалыстар беріледі.».



8. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат):

1-қосымшаның 3-жолының 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Діни білім беру бағдарламалары.

2. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары.

3. Негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары.

4. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары.

5. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары.

6. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары.

7. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары

8. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары.».



2-бап.

1. Осы Заң:

1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 20) тармақшасының жиырма бірінші абзацын;

2) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының елу бесінші абзацын және 40) тармақшасының он жетінші абзацын;

3) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының елу алтыншы абзацын;

4) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының елу жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 3) тармақшасы жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтарының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы абзацтар тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«9) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламаларын;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын;

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізеді;»;

2) 2017 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:

«9) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламаларын;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын;

әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізеді;».

3. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 31) тармақшасы оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы абзацтар тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

1) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін:

«3. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестатаудан өткен, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;

2) 2017 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:

«3. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды:

1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;

2) әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.».

4. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 31) тармақшасы он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы абзацтар тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«5. Білім туралы өзіндік үлгідегі құжатты:

1) ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымы;

2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымы беруге құқылы.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру ұйымы айқындайды.».

5. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 51) тармақшасы тоғызыншы абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы абзац тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

1) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін:

«Техникалық және кәсіптік білімнің, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар бойынша да жүзеге асырылады.»;

2) 2017 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар бойынша да жүзеге асырылады.».

6. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 51) тармақшасы оныншы абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы абзац тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«үшінші бөліктегі «білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;».

7. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 51) тармақшасы он екінші абзацының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы абзац тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

1) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін:

«2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірілмей;»;

2) 2017 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:

«2) әскери, арнаулы оқу орындарындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірілмей;».

8. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 54) тармақшасының қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, осы тармақша тоқтата тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

1) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін:

«54) 62-баптың 5-1-тармағындағы «білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;»;

2) 2017 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:

«54) 62-баптың 5-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5-1. Білім беру грантының негізінде жоғары білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

Білім беру тапсырысының негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын, білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.».
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 13 қараша

№ 398-V ҚРЗ





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет