Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



бет3/4
Дата03.07.2016
өлшемі340 Kb.
#175337
1   2   3   4

«39-бап. Білім туралы құжаттар

1. Қазақстан Республикасында білімі туралы құжаттардың мына түрлері қолданылады:

1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар;

2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары;

3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттар.

Дербес білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға теңестіріледі.

Білім туралы құжаттардың барлық түрлерінің қорғаныш белгілері болады.

2. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың не дербес білім беру ұйымының білім туралы құжатының не білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың болуы келесі деңгейдегі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін қажетті талап болып табылады.

3. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды:

1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;

2) әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

4. Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттарын дербес білім беру ұйымдары береді.

Дербес білім беру ұйымының білім туралы құжаттарының нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды дербес білім беру ұйымы айқындайды.

5. Білім туралы өзіндік үлгідегі құжатты:

1) ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымы;

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымы беруге құқылы.

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру ұйымы айқындайды.

6. Білім алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

7. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келісімдер) негізінде танылады.

Халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарын нострификациялау және оларға тиісті куәліктер беру білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

8. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттар тану немесе нострификациялау рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады.»;

32) 40-бапта:

1-тармақта:

«білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;

«оқыту бағдарламаларын» деген сөздер «оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтың бірінші абзацындағы «бiлiм беру қызметiн жүргiзу» деген сөздер «бiлiм беру қызметiмен айналысу» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-1-тармақтағы «бiлiм беру қызметiмен айналысу құқығына» деген сөздер «бiлiм беру қызметiмен айналысуға» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақта:

бірінші абзацтағы «білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«2) орта (бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта) бiлiм беру ұйымдары;»;

«9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары;»;

33) мынадай мазмұндағы 40-1-баппен толықтырылсын:

«40-1-бап. Жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі

Ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны:

1) бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға;

2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес ағымдағы, аралық және қорытынды аттестаттау қағидаларын айқындауға;

3) профессор-оқытушылар құрамына білім алушылардың арақатынасын осы Заңның 52-бабының 8-тармағында белгіленген нормалар шегінде белгілеуге;

4) педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын белгілеуге;

5) білім беру қызметтерін көрсету шартының нысанын бекітуге;

6) өз бетінше әзірлеген оқу жүктемесінің нормалары, еңбекке ақы төлеу нысандары мен мөлшерлерінің негізінде білім беру қызметін жүзеге асыруға құқылы.»;

34) 41-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;

35) 42-баптың 2-тармағындағы «лицензиясынан» деген сөз «білім беру қызметімен айналысуға лицензиясынан» деген сөздермен ауыстырылсын;

36) 43-бапта:

3-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзiрлеу және бекiту;»;

2-1) тармақшадағы «білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:

«2-2) ата-аналарды және өзге де заңды өкілдерді, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жыл сайын ағымдағы оқу жылының соңына дейін:

алдағы оқу жылында пайдалануға ұсынылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдары мен қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесі туралы;

алдағы оқу жылында пайдаланылатын оқу материалдарының тізбесі туралы хабардар ету;»;

3) тармақшадағы «бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына» деген сөздер «бiлiм беру қызметiмен айналысуға» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақшадағы «техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері (мамандықтары)» деген сөздер «жұмысшы кадрлардың және орта буын мамандарының мамандықтары» деген сөздермен ауыстырылсын;

17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«17) жоғары оқу орындарында білім алушыларға «бакалавр» және «магистр» дәрежелерін беру;»;

4 және 5-тармақтар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған оқыту-сауықтыру білім беру ұйымдары:

1) жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын іске асырады;

2) балалардың, оның ішінде өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін балалардың сауықтырылуын, демалысын ұйымдастыру жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;

3) балалардың сауықтырылуы, демалысы уақытында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруіне жағдайлар жасайды;

4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді;

5) зияткерлік және имандылық дамуды қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық әдістер мен технологияларды әзірлейді;

6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, ғылыми-әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды, оның ішінде олардың электрондық түрдегілерін, сондай-ақ имандылық-рухани даму саласындағы мерзімді және сериялы басылымдарды әзірлейді және басып шығарады;

7) имандылық-рухани даму саласында педагог жұмыскерлерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;

8) имандылық-рухани даму мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.»;

37) 44-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымға конкурстық негізде тағайындалады.»;

38) 45-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Әскери, арнаулы оқу орындарының басшылары мен профессор-оқытушылар құрамын лауазымға тағайындау тәртібін және олардың еңбек жағдайларын тиісінше Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.»;

39) 45-1-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік білім беру жүйесінің қызметі нәтижелерін арттыруға, экономика салалары мен жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып кадрлар даярлығының деңгейіне қол жеткізуге, оқытудың өндіріспен байланысын, оның ішінде дуальды оқытуды енгізу арқылы нығайтуға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жұмыс берушілердің қаражатын қоса алғанда, қосымша қаржыландыру көздерін тартуға бағдарланған.»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың практикадан өту үшін ұйымдардың жұмыс орындарын ұсынуына жәрдемдесу;»;

40) 47-бапта:

2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бiлiм алушыларға оқушылар, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар, студенттер, магистранттар, интерндер, резидентура тыңдаушылары және докторанттар жатады.»;

3-тармақтың 2) тармақшасындағы «білім беретін оқу» деген сөздер «білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтың бірінші абзацындағы «Меншiк нысаны мен ведомстволық» деген сөздер «Ведомстволық» деген сөзбен ауыстырылсын;

6-тармақтағы «Азаматтар бiтiрген бiлiм беру ұйымдарының меншiк нысандарын қарамастан,» деген сөздер «Білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6-2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары (жалпы орта білім туралы үздік аттестат және жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер түлектерді қоспағанда) білім беру саласындағы уәкілетті орган қорытынды бағаларды сертификаттар балына ауыстыру негізінде берген ұлттық бірыңғай тест нәтижелері туралы сертификаттар алады. Білім алушының жылдық бағаларын сертификаттар балына ауыстыруға арналған шәкілді білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;

9-тармақтағы «өздері белгілеген тәртіппен» деген сөздер «білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;

15-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15-1. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.

Өзге білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.»;

17-тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті.»;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.»;

17-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жұбайы (зайыбы) бос орынды ұсынған елді мекенде тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін адамдар;»;



17-2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;»;

мынадай мазмұндағы 17-5-тармақпен толықтырылсын:

«17-5. Жас мамандар осы баптың 17-тармағында көзделген жұмыспен өтеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда, білім беру саласындағы уәкілетті органның сенім білдірілген агентінің бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі талабына талап қоюдың ескіруі қолданылмайды.»;

41) 48-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мектепке дейiнгi және орта білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын тегiн медициналық зерттеп-қараудан өтуге мiндеттi.»;

42) 49-баптың 2-тармағы 4) тармақшасындағы «қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

«5) білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;

7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.»;

43) 50-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог жұмыскерлері (әскери, арнаулы оқу орындарының әскери немесе арнаулы атақтары бар қызметкерлерін және әскери қызметшілерін қоспағанда) азаматтық қызметшілер болып табылады.»;

44) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«51-бап. Педагог жұмыскердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

1. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі.

Білім беру ұйымдарындағы жұмысқа:

1) медициналық қарсы көрсетілімі бар;

2) психатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;

3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде жіберілмейді.

2. Педагог жұмыскердің:

1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;

2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

3) дара педагогтік қызметке;

4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;

5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

6) бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға;

7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;

8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық көтермеленуге;

9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;

10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;

11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтілі сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;

12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға;

13) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.

3. Педагог жұмыскер:

1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;

2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;

4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;

6) бес жылда бір реттен сиретпей аттестаттаудан өтуге;

7) педагогтік әдеп қағидаларын сақтауға;

8) білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Міндеттерін бұзғаны және педагог жұмыскер атағына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін педагог жұмыскер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог жұмыскерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.

5. Педагог жұмыскерлердің білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануына тыйым салынады.»;

45) 52-бапта:

7-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«орта білім беру ұйымдары және техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшiн;»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мемлекеттік білім беру тапсырысын айқындау кезінде жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны мынадай орташа арақатынасты негізге ала отырып есептеледі:

1) студенттер мен оқытушылар (бір оқытушыға шаққандағы студенттердің орташа саны) тиісінше:

күндізгі оқу нысаны үшін - 8:1 (медициналық жоғары оқу орындары үшін - 6:1);

кешкі оқу нысаны үшін - 16:1;

сырттай оқу нысаны үшін - 32:1;

2) магистранттар және оқытушылар - 4:1;

3) докторанттар және оқытушылар - 3:1;

4) резиденттер мен оқытушылар 2,5:1;

5) тыңдаушылар 6:1.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормалар әскери, арнаулы оқу орындарына қолданылмайды.»;

46) 53-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының» деген сөздер «орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

47) 55-бапта:

4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда көзделген, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Оқу жетістіктерін сырттай бағалау, жоғары медициналық және фармацевтикалық білім беру мамандықтарын қоспағанда, орта және жоғары білім беру ұйымдарында:

1) бастауыш мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу мақсатында іріктеліп;

2) негізгі мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу және оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау мақсатында іріктеліп;

3) жалпы орта мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында;

4) жоғары білім беруде – оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламасын игеруді мониторингтеу мақсатында іріктеліп жүргізіледі.»;

6-тармақтағы «негізгі орта, жалпы орта» деген сөздер «орта» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

«7. Білім беру қызметтерінің сапасына сырттай бағалау жүргізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйым:

1) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсетін адамдар үшін кешенді тест тапсырмаларын әзірлейді және енгізеді;

2) оқу процесінің сапасын бақылау технологияларын, білім беру ұйымдарында білім алушылар контингентін конкурстық жолмен қалыптастыру модельдерін әзірлейді және енгізеді;

3) білім беру сапасын өлшеуді тестілеудің теориясы мен әдіснамасы және оның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігі бойынша ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізеді.»;

48) 56-бапта:

1-тармақ 3) тармақшадағы «деңгейіне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыда міндетті стандарттары белгіленеді.» деген сөздер «деңгейіне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді.»;

2-тармақтағы «меншік нысандарына,» деген сөздер алып тасталсын;

49) 57-бапта:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«57-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау»;

2-тармақта:

бірінші және екінші бөліктерде:

«білім берудің білім беретін оқу» деген сөздер «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;

«білім беру қызметін» деген сөздер «білім беру саласындағы қызметін» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөліктегі «лицензияға қосымшаларда» деген сөздер «білім беру қызметімен айналысу лицензиясында және (немесе) лицензияның қосымшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Лицензиар білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, білім беру ұйымының қайта ұйымдастырылуына байланысты білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелерін алқалы және жария қарау үшін консультациялық-кеңесші орган құрады.»;

4-тармақтағы «қызметіне лицензияның» деген сөздер «қызметімен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензия қосымшасының» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-1-тармақ «лицензия» деген сөзден кейін «және (немесе) лицензияға қосымша» деген сөздермен толықтырылсын;

5-тармақта:

«айналысуға құқық беретін» деген сөздер «білім беру қызметімен айналысуға» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде лицензиат оқу-тәрбие процесінің жалғастырылуын және білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қолданысын тоқтата тұруға әкеп соқтырған бұзушылықтарды жоюды қамтамасыз етеді.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Білім беру ұйымы оның түрін өзгерту жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда, қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі расталған жағдайда, оның қолда бар білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы және (немесе) лицензиясының қосымшасы қайта ресімделуге жатады.

Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензиар қайта ұйымдастыру жүргізілгенге дейін қайта ұйымдастырылатын білім беру ұйымының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.

Қайта ұйымдастыру жүргізілгеннен кейін лицензиат білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуге өтініш береді, ал лицензиар өзі бұрын жүргізген, білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру негізінде білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын береді.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеу үшін лицензиат білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтінішті, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты, сондай-ақ:

1) лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеуге негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелерін;

2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер мен құжаттарды береді.

Лицензиар осы тармақта көзделген негіз бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияның қосымшасын қайта ресімдеуден:

1) осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісті түрде ресімделмеген;

2) өтініш беруші білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бас тартады.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қайта ресімделеді.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы қайта ресімделгенге дейін лицензиат қызметті қайта ресімделуге жататын лицензияның негізінде жүзеге асырады.»;

50) 57-1-баптың 1-тармағындағы «оқыту бағдарламаларын» деген сөз «оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;

51) 59-бапта:

1-тармақтағы «бiлiм берудің оқу» деген сөздер «жалпы білім беретін оқу және білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақта:

1) тармақшадағы «бiлiм беретін оқу» деген сөздер «жалпы білім беретін оқу және білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы «білім беретін оқу» деген сөздер «жалпы білім беретін оқу және білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақта:

бірінші бөліктегі «бағыныстылығы мен меншік нысандарына» деген сөздер «бағыныстылығына» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар бойынша да жүзеге асырылады.»;

үшінші бөлік алып тасталсын;

бесінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірілмей;»;

8-1-тармақтағы «Лицензияның» деген сөз «Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның» деген сөздермен ауыстырылсын;

8-2-тармақта:

бірінші абзацтағы «Лицензияның» деген сөз «Білім беру қызметімен айналысу лицензиясының» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) білім беру қызметімен айналысу лицензиясымен және (немесе) лицензияның қосымшаларымен әрекеттер жасауға (тоқтатуға, қайта ресімдеуге, тоқтатыла тұрған білім беру қызметімен айналысу лицензиясына жаңа қосымшалар алуға);»;

мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) оқуға қабылдауды жүзеге асыруға құқылы емес.»;

8-4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «бiлiм беру бағдарламаларын» деген сөздер «жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;

52) 60-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) білім беру ұйымына тексеру нәтижелері туралы актіні оны аяқтаған күні беруге;»;

53) 61-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) қайырымдылық көмек, өтемсіз аударымдар мен қайырмалдықтар, гранттар, құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдары болып табылады.»;

54) 62-баптың 5-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5-1. Білім беру грантының негізінде жоғары білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

Білім беру тапсырысының негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

Білім беру тапсырысының негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауды қаржыландыру, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.»;

55) 63-бапта:

2-тармақтың екінші бөлігіндегі «білім берудің кәсіптік оқу», «білім берудің білім беретін оқу» деген сөздер тиісінше «білімнің білім беру», «білімнің білім беру» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтың 8) тармақшасындағы «техникалық және қызмет көрсетуші еңбек мамандарын» деген сөздер «білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын» деген сөздермен ауыстырылсын.



3. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):

1) бүкіл мәтін бойынша «курсанттары (тыңдаушылары)», «курсанттар (тыңдаушылар)», «курсанттарына (тыңдаушыларына)», «курсанттарының (тыңдаушыларының)», «курсанттарға (тыңдаушыларға)» деген сөздер тиісінше «курсанттары», «курсанттар», «курсанттарына», «курсанттарының», «курсанттарға» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 8-баптың 4-тармағындағы «курсанттары мен тыңдаушыларын» деген сөздер «курсанттарын» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 9-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «жалпы білім берудің оқу бағдарламаларын тиісті деңгейде іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;

4) 23-баптың 10-тармағындағы «тыңдаушылары» деген сөз «магистранттары» деген сөзбен ауыстырылсын;

5) 71-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «курсанттары мен тыңдаушыларына» деген сөздер «курсанттарына» деген сөзбен ауыстырылсын;

6) 75-бапта:

3-тармақтағы «тыңдаушылар мен курсанттарға» деген сөздер «курсанттарға» деген сөзбен ауыстырылсын;

5-тармақтың екінші бөлігіндегі «тыңдаушыларға (курсанттарға)» деген сөздер «курсанттарға» деген сөзбен ауыстырылсын;

7) 80-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «тыңдаушыларының және» деген сөздер алып тасталсын;

8) 81-баптың 4-тармағындағы «мен тыңдаушылар» деген сөздер алып тасталсын.

4. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 4, 36-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат):

1) 5-бап мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4) және 4-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«4-1) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысу;

4-2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын әзірлеуге қатысу;

4-3) уәкілетті органға ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына қосу үшін кандидатуралар жөнінде ұсыныстар енгізу және олардың құрамын келісу;

4-4) ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлеуге қатысу;

4-5) уәкілетті органға базалық қаржыландыру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;»;

2) 20-бапта:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптама жүргізу үшін сарапшылар құрамын іріктеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып, қазақстандық ғалымдар қатарынан жүзеге асырылады;»;

3-тармақтың 4) тармақшасындағы «қазақстандық және» деген сөздер «қазақстандық және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 22-баптың 4-тармағындағы «Мемлекеттік» деген сөз «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды орындау жөніндегі есептерді қоспағанда, мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет