«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына салыстырмалы кестесі



бет16/17
Дата12.06.2016
өлшемі1.51 Mb.
#129920
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Алып тасталсын

.................




Ковенцияға 13-Қосымшасына сәйкестікке келтіру мақсатында.



92-баптың

2-тармағының

2) тармақшасының

бесінші


абзацы


92-бап. Авиациялық оқиғалар мен инциденттер
...................

2. Азаматтық әуе кемесін ұшу мақсатында пайдаланумен байланысты, ұшқыш басқаратын әуе кемесі жағдайында қандай да бір адам ұшу ниетімен бортқа кірген кезден бастап ұшу мақсатында бортта болған барлық адамдар әуе кемесін тастап шыққан кезге дейін орын алған немесе ұшқышсыз әуе кемесінде әуе кемесі ұшу мақсатында қозғалуға дайын болған кезден бастап ұшуды аяқтап тоқтағанға және негізгі күш қондырғысын ажыратқанға дейін орын алған және оның барысында:

........

2) мыналарды:

...........

егер бұл жағдайлар фюзеляждың (арқалықтардың) күш түсетін элементтерінің зақымдануына немесе бүлінуіне әкеп соқпаған болса, тірек және рульдік бұрандалар элементтерінің, тірек немесе рульдік бұранда төлкесінің, трансмиссияның зақымданған, желдеткіш қондырғының немесе редуктордың зақымданған, күш түсетін элементтерді зақымдамай фюзеляждың қаптамасының (арқалықтарының) зақымданған жағдайларын қоспағанда, әуе кемесі зақымданған немесе оның конструкциялары сынған, соның салдарынан әуе кемесі конструкциясының беріктігі бұзылатын, әуе кемесінің техникалық немесе ұшу сипаттамалары нашарлайтын, ірі жөндеу немесе зақымданған элементті ауыстыру қажет болатын;

..............



92-бап. Авиациялық оқиғалар мен инциденттер
...................

2. Азаматтық әуе кемесін ұшу мақсатында пайдаланумен байланысты, ұшқыш басқаратын әуе кемесі жағдайында қандай да бір адам ұшу ниетімен бортқа кірген кезден бастап ұшу мақсатында бортта болған барлық адамдар әуе кемесін тастап шыққан кезге дейін орын алған немесе ұшқышсыз әуе кемесінде әуе кемесі ұшу мақсатында қозғалуға дайын болған кезден бастап ұшуды аяқтап тоқтағанға және негізгі күш қондырғысын ажыратқанға дейін орын алған және оның барысында:

........

2) мыналарды:

............

Алып тасталсын

.................




Ковенцияға 13-Қосымшасына сәйкестікке келтіру мақсатында.





92-баптың

4-тармағының

екінші бөлігі


92-бап. Авиациялық оқиғалар мен инциденттер
..............

4. Азаматтық (эксперименттік) авиациядағы авиациялық инцидент деп азаматтық әуе кемесін пайдаланумен байланысты, қандай да бір адам ұшу ниетімен бортқа кірген кезден бастап ұшу мақсатында бортта болған барлық адамдар әуе кемесін тастап шыққан кезге дейін орын алған және әуе кемесінің, экипаждың, ұшуды басқару және қамтамасыз ету қызметтерінің қалыпты жұмыс істеуден ауытқуына байланысты, ұшу қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін сыртқы ортаның әсеріне байланысты болған, бірақ авиациялық оқиғамен аяқталмаған оқиға танылады.




Жоқ


92-бап. Авиациялық оқиғалар мен инциденттер
...............

4. Азаматтық (эксперименттік) авиациядағы авиациялық инцидент деп азаматтық әуе кемесін пайдаланумен байланысты, қандай да бір адам ұшу ниетімен бортқа кірген кезден бастап ұшу мақсатында бортта болған барлық адамдар әуе кемесін тастап шыққан кезге дейін орын алған және әуе кемесінің, экипаждың, ұшуды басқару және қамтамасыз ету қызметтерінің қалыпты жұмыс істеуден ауытқуына байланысты, ұшу қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін сыртқы ортаның әсеріне байланысты болған, бірақ авиациялық оқиғамен аяқталмаған оқиға танылады.



Азаматтық (эксперименттік) авиациядағы авиациялық инциденттер қатерлі инцидент және белгілері Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларымен айқындалатын инциденттерге бөлінеді.


Ковенцияға 13-Қосымшасына сәйкестікке келтіру мақсатында.




93-бап

(Жаңа редакцияда)

93-бап. Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру
1. Қазақстан Республикасының әуе кемесімен не шет мемлекеттің әуе кемесімен Қазақстан Республикасының аумағында болған авиациялық оқиға немесе инцидент міндетті түрде тексерілуге жатады.

2. Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексерудің мақсаты оқиғаның және (немесе) ілеспе факторлардың себептерін анықтау, авиациялық оқиғаны болғызбау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Кімнің болсын кінәсі мен жауапкершілігін анықтау авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексерудің мақсаты болып табылмайды.

Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеруді мүдделі тараптардың уәкілетті өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен комиссия жүзеге асырады. Азаматтық және эксперименттік авиацияда комиссияны - азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган, мемлекеттік авиацияда мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган құрады.

3. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның өкiлеттiгi, сондай-ақ авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргiзу тәртібі уәкілетті орган бекіткен Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.

Тергеуді ұйымдастыру кезінде авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссияның қызметіне, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, басқа да мемлекеттік органдардың тарапынан араласуға жол берілмейді.

Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру жөніндегі комиссия авиациялық оқиғаға немесе инцидентке қатысты оқиға болған жерлерді, объектілерді және сынықтарды тексеруге, жұмыстарға сарапшыларды тартуға, көрген адамдардан сұрауға, авиациялық оқиғаның немесе инциденттің және (немесе) ілеспе факторлардың себептерін анықтап белгілеу үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізуді тағайындауға, осындай авиациялық оқиғаларды немесе инциденттерді болдырмау немесе олардың салдарын азайту мақсатында ұсынымдар беруге құқылы.

4. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік әуе кемесімен болған авиациялық оқиға немесе инцидент авиация саласындағы уәкілетті органдар комиссияларының тексеруіне жатады немесе оны өзара келісім бойынша әуе кемесі тіркелген елдің (пайдаланушының) шет мемлекеті тексереді.

5. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен инциденттерге шет мемлекеттердің тексерулер жүргізуіне Қазақстан Республикасы өкілдерінің қатысу шарттары мен тәртібі Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларында айқындалады.

6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әуе кемесімен болған авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру барысында шет мемлекет ұсынған ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды алған кезде оқиға болған жердегі мемлекетті қолданған шаралар немесе шаралар қолданбаудың себептері туралы хабардар етеді.



93-бап. Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру
1. Қазақстан Республикасының әуе кемесімен не шет мемлекеттің әуе кемесімен Қазақстан Республикасының аумағында болған авиациялық оқиға немесе инцидент міндетті түрде тексерілуге жатады.

2. Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексерудің мақсаты оларды болашақта алдын алу болып табылады.

Кімнің болсын кінәсі мен жауапкершілігін анықтау авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексерудің мақсаты болып табылмайды.

Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеруді тиісінше азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия жүзеге асырады.

Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеруді комиссия жүзеге асырады. Азаматтық және эксперименттік авиацияда комиссияны - азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган құрады. Мемлекеттік авиацияда комиссияны мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган құрады.

Біреудің кінәсінің немесе жауапкершілігінің үлесін белгілеуге бағытталған кезкелген сот немесе әкімшілік талқылау Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларына сәйкес орындалатын тесерістерден бөлек жүргізіледі.

3. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның өкiлеттiгi, сондай-ақ азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргiзу тәртібі азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.

Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның өкiлеттiгi, сондай-ақ мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргiзу тәртібі мемлекеттік авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.

Тергеуді ұйымдастыру кезінде авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссияның қызметіне, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, басқа да мемлекеттік органдардың тарапынан араласуға жол берілмейді.

Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру жөніндегі комиссияға тексеру жүргізуде тәуелсіздік беріледі және оны жүргізуге шексіз уәкілеттік беріледі.

Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру жөніндегі комиссия әбден объективті, абсолютті әділ және сол тәрізді қабылдануы тиіс. Оны саяси немесе басқада араласу немесе қысым көрсетуге қарсы тура алатындай етіп қалыптастыру қажет.

Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру жөніндегі комиссия авиациялық оқиғаға немесе қатерлі инцидентке қатысты оқиға болған жерлерді, объектілерді және сынықтарды тексеруге, жұмыстарға сарапшыларды тартуға, көрген адамдардан сұрауға, авиациялық оқиғаның немесе инциденттің және (немесе) ілеспе факторлардың себептерін анықтап белгілеу үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізуді тағайындауға, осындай авиациялық оқиғаларды немесе инциденттерді болдырмау немесе олардың салдарын азайту мақсатында ұсынымдар беруге құқылы.

4. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік әуе кемесімен болған авиациялық оқиға немесе инцидент авиация саласындағы уәкілетті органдар комиссияларының тексеруіне жатады немесе оны өзара келісім бойынша әуе кемесі тіркелген елдің (пайдаланушының) шет мемлекеті тексереді.

5. Егер Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген азаматтық немесе эксперименттік авиация әуе кемесімен не пайдаланушысы Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы болып табылатын әуе кемесімен басқа мемлекеттің аумағында болған авиациялық оқиға немесе инцидент жағдайында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандартары мен ұсынылатын практикасына және олардың негізінде әзірленген Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес әрекет етеді.

6. Тексеру процессінде авиациялық оқиға немесе инцидент туралы ақпарат нақтылы деректермен ғана шектеледі.

Мына:

1) тексеру процессінде алынған адамдардың кезкелген өтінімдерінен;

2) әуе кемесін пайдалануға қатысы бар адамдар арасындағы барлық хат алмасулардан;

3) адамдарға - авиациялық оқиға немесе инцидентке қатысушыларға қатысты медициналық немесе құпия мәліметтерден;

4) борттағы сөздерді өзіндігінен жазатын аппарат жазбалары және ондай жазбалардың мағынасын ашатын;

5) әуе қозғалысын басқару органдарының жазбалары және жабалардың мағынасын ашатын;

6) экипаж кабинсындағы және оның кезкелген бөлігіндегі бейнені борттық тіркегіштердің жазбаларын немесе ондай жазбалардың мағынасын ашатын;

7) борттық өзіндігінен жасатын аппарат жазбаларын қоса алғанда ақпаратты талдау кезіндегі айтылатын пікірлерден тұратын ақпараттар авиациялық оқиға фактісі бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асырушы құқық қорғау органының шешімі болған жағдайда, егер бұл ақпараттың жариялануы тексеріске немесе болашақтағы тексеріске зиян келтірмейтін болса ғана, жария етіледі.

Көрсетілген ақпарат ақырғы есепке немесе оған қосымшаға ол авиациялық оқиғаның немесе инциденттің талдауына қатысы болған жағдайда ғана енгізіледі. Ондай талдауға қатысы жоқ жазба бөлігі жария етілмейді.

8. Авиациялық оқиға немесе инцидент немесе әуе кемесінің қалдықтары, сынықтары туралы белгілі болған кезкелген тұлға ол туралы құзырлы органдарға хабарлауы тиіс.

Авиациялық оқиға немесе инцидент туралы ақпаратты қабылдайтын, немесе оған араласатын мемлекеттік орган немесе өзге орган құзыреттілігі бойынша тиісті уәкілетті органға жедел түрде хабарлау тиіс. Осы орган тиісті уәкілетті органның өкілі келгенше авиациялық оқиға немесе инцидент болған жерді қорғауды қамтамасыз етуге жауапты болады.

9. Авиациялық оқиға немесе инцидент болған жерді қорғау мен байқауға жауапты мемлекеттік органдар және (немесе) басқа ұйымдар бөтен адамдардың араласуына жол бермеулері тиіс.

10. Барлық жеке және заңды тұлғалар, ұйымдардың барлық түрлерінің, соның ішінде мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері авиациялық оқиғаға немесе инцидентке тексеріс жүргізуші уәкілетті органдардың лауазымды адамдарына тексеріске байланысты кезкелген сұрақ бойынша куәлік етуге (түсініктеме беруге) міндетті.

11. Барлық жеке және заңды тұлғалар, ұйымдардың барлық түрлері, соның ішінде мемлекеттік органдар мен мекемелер авиациялық оқиғаға немесе инцидентке тексеріс жүргізуші уәкілетті органдардың лауазымды адамдары талап еткен кезкелген есептерді дайындауға және беруге, сондай-ақ тексеріске байланысты құжаттар мен қажетті анықтамалық ақпаратты қарауға ұсынуға міндетті.

12. Авиациялық оқиғалардың немесе инциденттердің алдын алу мүддесінде авиациялық оқиғаға немесе инцидентке тексеріс жүргізуші уәкілетті орган ақырғы есепті тексеріс аяқталысымен мүмкіндігінше жедел, егер бұл мүмкін болса, авиациялық оқиға немесе инцидент болған күннен бастап он екі ай ішінде жариялайды.

Егер ақырғы есеп он екі ай ішінде жарияланбайтын болса, тексеріс жүргіуші уәкілетті орган авиациялық оқиға немесе инциденттің әрбір жылдығында ұшу қауіпсіздігіне қатысты кезкелген пайда болған мәселелер туралы ақпараттарды қоса алғанда тексерістің барысын жете баяндайтын аралық хабарламаны жариялайды.

13. Авиация саласындағы уәкілетті органдар жүргізетін авиациялық оқиғалар мен инцидеттерге тексеріс жүргізу Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнайы және өзгеде мемлекеттік органдары жүргізетін тексерістерден тәуелсіз болып табылады.



Ковенцияға 13-Қосымшасына сәйкестікке келтіру мақсатында.




93-1-бап

(Жаңа бап)


Жоқ


93-1-бап. Тексеру жөніндегі уәкілетті тұлға
1. Тексеру жөніндегі уәкілетті тұлға оның тиісті біліктілігінің болуына байланысты авиациялық оқиға немесе инцидентті тексеру жөніндегі комиссия құрамында азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы авиациялық оқиғаға немесе инцидентке тексеруді ұйымдастыр және жүргізу тапсырылған азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы болып табылады.

2. Тексеру жөніндегі уәкілетті тұлға оқиға болған жерде және тексеру процессінде авиациялық оқиға мен инцидентті және оған байланысты барлық аспекттерді тексеруді жоспарлайды, жүргізеді және үйлестіреді.

Тексеру жөніндегі уәкілетті тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес авиациялық оқиға мен инцидентті тексеру процессіне жауапты болады.

3. Тексеру жөніндегі уәкілетті тұлға өзінің міндеттерін орындау кезінде:

1) араласуды, ықпал етуді, маңызды дәлелдемелердің жоғалуын және өзгеруін болдырмау мақсатында олар жүргізетін тексерудің Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнайы және өзге де мемлекеттіәк органдары жүргізетін тексерістерден тәуелсіз болуына мүмкіндік беретін бесқа мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету тәртібі мен қажетті үйлестіру хаттамаларды және (немесе) регламенттерді белгілеуге;

2) әуе кемесі құлаған жерге кедергісіз және шексіз кіруге, сынықтарға, қосалқы бөлшектерге, багажға, жүкке және авиациялық оқиға мен инциденттің пайда болған кезде оған себепші немесе ықпал етуі мүмкін болып табылатын кезкелген басқа объектілерге толық, шексіз бақылауға, сондай-ақ көрсетілген объектілерге одан әрі тексеру жүргізуге;

3) тексерудегі авиациялық оқиға мен инцидентке байланысты барлық техникалық құжаттамларға және барлық тиісті матариалдарға шексіз қол жеткізуге және толық бақылауға;

4) борттық өзіндігінен жазатын аппараттарды және ұшақ бортындағы ақпарат тасығыш басқада құрылғыларды іздеу, қалпына келтіру, шығарып алу, деректерді оқу кезінде үйлестіруді және осы құрылғылардың және олардағы деректердің үстінен толық бақылауды жүзеге асыруға. Өзіндігінен жазатын аппаратты шығарып алу және жазбаларды оқу Қазақстан Республикасындағы тиісті құралдарды қолдана отырып және басқа мемлкеттердің авиациялық оқиғаларды, инциденттерді тесеру жөніндегі органдарының құралдарын қолдана отырып ешқандай кідірусіз жүргізілуі тиіс;

5) тексерудегі авиациялық оқиға мен инцидентке байланысты әуе қозғалысының кезкелген ақпаратына және жазбаларына шексіз қол жеткізуге және олардың үстінен толық бақылауға;

6) авиациялық оқиға мен инцидентке немесе оның объектілеріне қатысы бар барлық адамдарға сұхбат (жауап алу) және медициналық қарау жүргізуге;

7) тексеруге немесе оның жеке шараларына сарапшылар мен кеңесшілердің қатысуын сұрауға, есептер сұрауға және тестілер, оның ішінде тексерудегі авиациялық оқиға мен инцидентке қатысқан экипаж, ұшу, кабина экипажы мүшлеренің алкогол мен наркотиктің болуына жүргізуге;

8) әдетте қарастырылатын әкімшілік рәсімдерді сақтамай-ақ барлық қажетті құжаттамаларға шексіз қол жеткізуді алу үшін қажетті шараларды сұрауға және қабылдауға құқығы бар.

4. Тексеру жөніндегі уәкілетті тұлға азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық оқиғалары мен инцидеттеріне тексеруді жүзеге асыру кезінде :

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық оқиғалары мен инцидеттерін тексеру бойынша уәкілеттіктерді өз уақытында және толық орындауға;

3) азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық оқиғалары мен инцидеттерін тексеруді ұйымдастыру мен жүргізуді осы Заңға, Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына және Халықаралық азаматтық авиация ұймының (ИКАО) стандартарына сәйкес жүзеге асыруға;

4) азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық оқиғалары мен инцидеттерін тексеру бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге уәкілеттілігін көрсететін тиісті құжатының болуына;

5) авиациялық оқиға немесе инцидент болған жерге барынша қысқа уақытта жетуге міндетті.

5. Тексеру жөніндегі уәкілетті тұлға Қазақстан Республикасының Президенті  бекітетін, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджет) негізінде белгіленетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.


     Ақшалай ризық ақшалай үлесті (лауазымдық айлықақы), ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақыларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін басқа да үстемеақылар мен сыйлықақыларды қамтиды.

6. Тексеру жөніндегі уәкілетті тұлғалар талап етілетін кәсіптік даярлық деңгейін ұстап тұру үшін кезең-кезеңмен:


      1) авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру бойынша кәсіптік деңгейді ұстау жөніндегі курстарда оқытудан өтуге;
      2) авиациялық техниканы пайдаланып және (немесе) авиациялық тренажерлерде жаттығудан өтуге;
      3) азаматтық авиация және пайдаланушылар ұйымдарында кәсіптік даярлықты (біліктілікті) Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына белгіленген көлемде және деңгейде ұстауға тиіс.


7. Авиациялық техниканы пайдалана отырып біліктілік деңгейін ұстау кезінде тексеру жөніндегі уәкілетті тұлғаның өмірі мен денсаулығын сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Ковенцияға 13-Қосымшасына сәйкестікке келтіру мақсатында.



95-бап

(Жаңа редакция)

95-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау
Осы Заңның 101-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар әуе кемесiн, оның құрамдас бөліктерiн, бортындағы және жер үстiндегi объективтiк бақылау құралдарын, әуе кемесiндегi барлық заттарды, сондай-ақ авиациялық оқиға немесе инцидент әсерін тигізген аумақ пен ондағы заттарды, әуе кемесiн жасауға, жөндеуге және пайдалануға және оның ұшуын қамтамасыз етуге қатысты бүкiл құжаттаманы авиациялық оқиғаны тексеру жөнiндегi комиссияның мүшелерi келгенге дейін ешкімге қол сұқтырмай сақтауға тиiс.


95-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау
Осы Заңның 101-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар әуе кемесiн, оның құрамдас бөліктерiн, бортындағы және жер үстiндегi объективтiк бақылау құралдарын, әуе кемесiндегi барлық заттарды, сондай-ақ авиациялық оқиға немесе инцидент әсерін тигізген аумақ пен ондағы заттарды, әуе кемесiн жасауға, жөндеуге және пайдалануға және оның ұшуын қамтамасыз етуге қатысты бүкiл құжаттаманы авиациялық оқиғаны тексеру жөнiндегi комиссияның мүшелерi немесе тексеру жөніндегі уәкілетті тұлға, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуші (пайдаланушының, әзірлеушінің немесе дайындаушының) шет мелекетінің уәкілетті өкілі келгенге дейін ешкімге қол сұқтырмай сақтауға тиiс.

Айғақ заттарды сақтау алынуы, бұзылуы, жоғалуы немесе жойылуы мүмкін кезкелген айғақ заттарды суретке түсіру жолымен немесе басқада тиісті тәсілдермен сақтауды қамтиды. Қорғау одан әрі зақымданудан, бөтен адамдардың кіруінен, ұрлықтан және бұзылудан алдын ала қорғауды қамтиды.

Авиациялық оқиғаның немесе инциденттің болуына ықтималы болуы мүмкін әуе кемесін, оның сынықтарын, зақымданған бөлшектерін және басқада объектілері мен элементтерді алып тастау мен босату:

1) зиян шеккен адамдарға немесе ұшақ үйіндісінің астында қалғандарға көмек көрсету қажеттіліг болған;

2) қоғам қауіпсіздігі мүддесіне қажет болған;

3) әуе кемесі немесе оны бөліктері әуе қозғалысына қатер төндіретін немесе кедергі келтіретін;

4) метерологиялық факторларға, орын алған жер жағдайына немесе уақыт өтуіне байланысты жоғалуы мүмкін немесе өз сапасын жоғалтуы мүмкін тез бұзылатын дәлелдемелерді тексеріс үшін қорғау қажеттігі жағдайларын қоспағанда авиациялық оқиғаны тексеру жөніндегі комиссия мүшелерінің немесе тексеру жөніндегі уәкілетті тұлғаның рұқсатымен ғана мүмкін болады.

Ковенцияға 13-Қосымшасына сәйкестікке келтіру мақсатында.




98-баптың

3-тармағы



98-бап. Әуе кемелерін, олардың жолаушылары мен экипаж мүшелерін іздестіруді және құтқаруды ұйымдастыру
...............


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет