«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына салыстырмалы кестесі


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық



бет10/17
Дата12.06.2016
өлшемі1.51 Mb.
#129920
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық

заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 25 наурыздағы № 421-IV Заңына сәйкестікке келтіру мақсатында , «олармен жасалатын мәмiле» жойылған.




45-баптың

2 -тармағы



45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу
..................

2. Азаматтық әуе кемелері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, сондай-ақ оларға құқықтарды куәландыратын құжаттардың нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жатады.



Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне:

1) Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғаларының меншігіндегі әуе кемелері;

2) Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының уақытша иелігіндегі және пайдалануындағы әуе кемелерінің ұшу массасы қырық бес жарым тоннадан аспайтын жағдайда, осындай әуе кемелері енгізіледі.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тіркелген азаматтық әуе кемесінің иесіне азаматтық әуе кемесінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік береді.

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілетін әуе кемесі Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларына және ұшуға жарамдылығын айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

..........




45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу
..................

2. Азаматтық әуе кемелері азаматтық авиация саласындағы басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға құқықтарды, сондай-ақ оларға құқықтарды куәландыратын құжаттардың нысандарын мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жатады.



Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне азаматтық әуе кемелері оның иесінің немесе иесінің келісімімен оның пайдаланушысының өтініші бойынша тек егер:

1) әуе кемесі басқа мемлекетте тіркелмеген;

2) әуе кемесінің меншік иесі немесе пайдаланушысы Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары болып табылатын;

3) әуе кемесінің тиісті үлгі сертификаты немесе оған ұқсас басқа құжат азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген немесе қолданыс күшін таныған жағдайда ғана мемлекеттік тіркелуге жатады.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тіркелген азаматтық әуе кемесінің пайдаланушысына (иесіне) азаматтық әуе кемесінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік береді.

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілетін әуе кемесі Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларына және ұшуға жарамдылығын айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.

.................


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық

заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 25 наурыздағы № 421-IV Заңына сәйкестікке келтіру мақсатында , «олармен жасалатын мәмiле» жойылған.

Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияныі 17-20-баптарының және Конвенцияға 17-Қосымшаның талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында






45-баптың

2-1-тармағы (Жаңа тармақ)



45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу
..................

Жоқ

.............



45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу
..................

2-1. Егер әуе кемесі ұшу жарамдылығы, қоршаған ортаны қорғау талаптарына және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқада шектеулерге сәйкес келмеген жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық әуе кемесін тіркеуден бас тартуы мүмкін.

...........



Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін әуе кемелерді енгізуге жол бермеу мақсатында.





45-баптың

2-2-тармағы (Жаңа тармақ)



45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу
..................

Жоқ

.........



45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу
..................

2-2. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген сәттен бастап азаматтық әуе кемесі Қазақстан Республикасының ұлттық тиесілігін алады.

Тіркеу туралы куәлік әуе кемесінің бортында тұрады.

.........



Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияныі 17-бабының және Конвенцияға 7-Қосымшаның талаптарына сәйкестікке келтіру мақсатында





45-баптың

3-тармағы





45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу
..................

3. Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының меншiгiндегi азаматтық әуе кемелерiне құқықтар және аталған әуе кемелерiмен жасалатын мәмiлелер, сондай-ақ қайтарылмайтын өкілеттіктер азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркеуіне жатады.

Азаматтық әуе кемелерiн, әуе кемелерінің кепілі туралы шарттарды және қайтарылмайтын өкілеттіктерді мемлекеттiк тiркегені үшiн «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексi) айқындалатын тәртiппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейiн жүзеге асырылады.

............



45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу
..................

3. Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының меншiгiндегi азаматтық әуе кемелерiне құқықтар, сондай-ақ қайтарылмайтын өкілеттіктер азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркеуіне жатады.

Азаматтық әуе кемелерiн, әуе кемелерінің кепілі туралы шарттарды және қайтарылмайтын өкілеттіктерді мемлекеттiк тiркегені үшiн «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексi) айқындалатын тәртiппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейiн жүзеге асырылады.
..............


ҚР заңнамасына сәйкестікке келтіру мақсатында.




45-баптың

4-тармағы




45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу
..................

4. Әуе кемесі тиісті шет мемлекеттің әуе кемелерінің тізілімінен шығарылғаннан кейін ғана Қазақстан Республикасының тиісті тізіліміне енгізіледі.

...........



45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу
..................

Алып тасталсын

...........


2-тармаққа енгізілетін өзгерістерге байланысты редакциялық түзетулер.







45-баптың

6-тармағы



(Жаңа тармақ)

45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу
..................
Жоқ


45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу
..................

6. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілмеген, оларға қабылдау сынақтары жүргізіліп жатқан жаңа әуе кемелері уақытша көрсетуді ұсыну мен уақытша есепке алу куәлігін бере отырып есепке алынуға жатады.

Әуе кемесін есепке алуды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Әуе кемелерін есепке алу тәртібі мен уақытша есепке алу куәлігінің нысанын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Әуе кеңістігінде жасалатын іс-әрекеттерді бақылау мен жөнге келтіру мақсатында идентификациялау және әуе кемелерінің кедергілермен немесе басқа ұшу аппартарымен соқтығысудың алдын алу үшін мекен жай (борттық белгілеу) берілуі қажет.





45-баптың

7-тармағы (Жаңа тармақ)



45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу
..................
Жоқ


45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу
..................

7. Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс жерде халықаралық ұшуды орындау кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген азаматтық әуе кемелерінің бортында орын алған заңды фактілер мен әрекеттер, егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын келісімдер мен халықаралық конвенцияларда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

Қазақсатн Республикасының азаматтық әуе кемелерінің бортында орын алған фактілер мен іс-әрекеттерге Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыс күшін айқындау мақсатында.



46-баптың

1-тармағының бірінші бөлігінің

5)

тармақшасы




46-бап. Әуе кемесін тiзiлiмнен шығару
1. Әуе кемесі мынадай:

..........

5) қолданыстағы ұшуға жарамдылығының сертификаты соңғы үш жыл ішінде болмаған;

………….


46-бап. Әуе кемесін тiзiлiмнен шығару
1. Әуе кемесі мынадай:

..........


Алып тасталсын
………….

Кейбір уақытқа ұшу жарамдылығы жағдайы болмауы мүмкін әуе кемелерінің жеке меншік құқытарын сақтау мақсатында.






46-баптың

1-тармағының бірінші бөлігінің

5-1) тармақшасы (Жаңа тармақша)


46-бап. Әуе кемесін тiзiлiмнен шығару
1. Әуе кемесі мынадай:

...........



Жоқ
………….

46-бап. Әуе кемесін тiзiлiмнен шығару
1. Әуе кемесі мынадай:

............



5-1) әуе кемесі жойылған;

………….

Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен әуе кемелерді шығару жағдайларын нақтылау.




46-баптың

1-тармағының бірінші бөлігінің

5-2) тармақшасы (Жаңа тармақша)


46-бап. Әуе кемесін тiзiлiмнен шығару
1. Әуе кемесі мынадай:

...........



Жоқ
………….

46-бап. Әуе кемесін тiзiлiмнен шығару
1. Әуе кемесі мынадай:

............



5-2) әуе кемесі із-түссіз жоғалған деп танылған;

………….


Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен әуе кемелерді шығару жағдайларын нақтылау.





47-баптың

2-тармағының үшінші және төртінші беліктері




47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

2. Азаматтық әуе кемесі ұшуға жарамды болуға тиіс және ұшуға жарамдылықтың қолданыстағы сертификаты болған кезде пайдалануға жіберіледі.

.........

Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшқан кезде шетелдік әуе кемесінің Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары негізінде шет мемлекет берген және Қазақстан Республикасында танылған ұшуға жарамдылығының сертификаты мен шуыл бойынша сертификаты болуға тиіс.

Ұшуға жарамдылығының сертификаты:

1) пайдалануға жарамдылық туралы бағалау актісімен расталған, азаматтық әуе кемесінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі негізінде;

2) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес;

3) Аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына сәйкес беріледі.

...........


47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

2. Азаматтық әуе кемесі ұшуға жарамды болуға тиіс және ұшуға жарамдылықтың қолданыстағы сертификаты болған кезде пайдалануға жіберіледі.

..........

Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшқан кезде шетелдік әуе кемесінің Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары негізінде шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығының сертификаты мен шуыл бойынша сертификаты болуға тиіс.

Ұшуға жарамдылығының сертификаты Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемелеріне:

1) азаматтық әуе кемесінің Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі және осы үлгі конструкциясы үшін мақұлданған пайдалану құжаттамалары немесе басқа да осыған ұқсас құжат негізінде пайдалануға жарамдылық туралы расталған бағалау актісіне сәйкес;

2) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес;

3) Аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына сәйкес беріледі.

................

Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 31-бабына сәйкес келтіру мақсатында.


Ұшуларды орындау үшін жарамылық - әуе кемесінің, қозғалтқыштың, әуе бұрандасының немесе құрамдас бөлігінң жай-күйі, олардың бекітілген конструкциясына және оларды қауіпсіз пайдалану шарттарына сәйкестігі баяндалған ИКАО 8-Қосымшасына сәйкестікке келтіру мақсатында.




47-баптың

2-тармағының жетінші бөлігі



47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

2. Азаматтық әуе кемесі ұшуға жарамды болуға тиіс және ұшуға жарамдылықтың қолданыстағы сертификаты болған кезде пайдалануға жіберіледі.

........

Бекітілген типтік конструкциясы жоқ әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

..............


47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

2. Азаматтық әуе кемесі ұшуға жарамды болуға тиіс және ұшуға жарамдылықтың қолданыстағы сертификаты болған кезде пайдалануға жіберіледі.

...........

Бекітілген типтік конструкциясы жоқ әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарту және олардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

.............

ИКАО құжаты 9734, С бөлігі «Бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың» 3.4.3.2.-тармақшасына сәйкестікке келтіру мақсатында, оған сәйкес «қауіпсздік жүйесінің барлық деңгейінде бақылау жүйесі мен есеп берушілікті, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік қызметтерін ұсынатындар мен осы салады реттеуді жүзеге асыратындар арасында нақты аражігін ажыратуды маңызды».





47-баптың

4-тармағы



47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

4. Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

........


47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

4. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне азаматтық әуе кемелерін енгізу кезінде азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

...........

ИКАО стандартарына сәйкес редакциялық айқындау.





47-баптың

6-тармағының4) тармақшасы



47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

6. Азаматтық әуе кемелерін ұшуға жарамдылықта ұстау үшін жауапкершілік азаматтық әуе кемесін пайдаланушыға жүктеледі.

.........

4) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі бағдарламаға (регламентке) сәйкес оған техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу орындалмаған жағдайларда ұшуды орындауға тыйым салынады.

..............


47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

6. Азаматтық әуе кемелерін ұшуға жарамдылықта ұстау үшін жауапкершілік азаматтық әуе кемесін пайдаланушыға жүктеледі.

.............

4) азаматтық әуе кемесін тіркеуші мемлекетпен бекітілген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі бағдарламаға (регламентке) сәйкес оған техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу орындалмаған жағдайларда ұшуды орындауға тыйым салынады.

...............

Редакциялық жақсарту.







47-баптың

7-тармағы




47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

7. Әуе кемесінің иесі немесе пайдаланушысы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұшуға жарамдылығының жай-күйі, техникалық қызмет көрсетілгендігі және жөндеу жүргізілгендігі туралы ақпаратты, сондай-ақ оны пайдалану жөніндегі деректерді ұсынады.

.........


47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

7. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесінің иесі немесе пайдаланушысы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұшуға жарамдылығының жай-күйі, техникалық қызмет көрсетілгендігі және жөндеу жүргізілгендігі туралы ақпаратты, сондай-ақ оны пайдалану жөніндегі деректерді ұсынады.

........


Редакциялық айқындау






47-баптың

8-тармағы





47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

8. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген барлық әуе кемелері ұшуға жарамдылықта ұсталуға қатысты тексерілуге жатады. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкессіздігі анықталған кезде ұшуға жарамдылығы сертификатының қолданылуы тоқтатыла тұрады, ал азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкессіздігі жойылғанға дейін әуе кемесін пайдалануға тыйым салады.

Әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкес болмауы жойылмаған жағдайда, тоқтатыла тұрған күннен бастап алты ай ішінде ұшуға жарамдылық сертификаты қайтарып алынады.

Әуе кемесінің ұшуға жарамдылықта ұсталуын тексеру:

1) пайдаланушының әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі есептері мен пайдалану құжаттамасын және әуе кемесінің техникалық жай-күйі жөніндегі басқа да есептер мен құжаттарды тексеруді;

2) әуе кемесін қарап тексеруді;

3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бақылауымен әуе кемесіне ұшу сынақтарын қажет болған кезде жүргізуді қамтиды.

Ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификаты жоқ әуе кемесіне ұшу сынақтарын жүргізу немесе оның техникалық қызмет көрсетілетін және жөндеу жүргізілетін жерге ұшып баруы үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мұндай әуе кемесі үшін арнайы ұшуды орындауға рұқсат береді.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган арнайы ұшуды орындауға рұқсат берудің алдында ұшуды қауіпсіз орындау үшін әуе кемесінің жай-күйіне бағалау жүргізуге міндетті және оны пайдалануға қажетті шектеулерді белгілеуге құқылы. Арнайы ұшуды орындаған кезде әуе кемесінің бортында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.

..............




47-бап. Әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
.............

8. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген барлық әуе кемелері ұшуға жарамдылықта ұсталуға қатысты тексерілуге жатады.



Ұшуға жарамдылығы сертификатының қолданылуын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мынадай жағдайларда:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет