«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына салыстырмалы кестесі

Жоқ 57-бап. Әуе кемесiнiң командирi ........... 9. Әуе кемесінің командирі

бет13/17
Дата12.06.2016
өлшемі1.51 Mb.
#129920
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Жоқ

57-бап. Әуе кемесiнiң командирi
...........

9. Әуе кемесінің командирі:

1) есіктер жабылғаннан кейін борттағы барлық экипаж мүшелерінің, жолаушылардың және жүктің қауіпсіздігіне;

2) әуе кемесін басқаруға және ұшақтың ұшу мақсатында қозғалуға дайындалған сәттен ұшудың аяқталуы немесе негізгі қозғалтқыш құрылғы ретінде пайдаланылған қозғалтқыштың (тардың) сөндірілуі бойынша оның толық тоқтатылған сәтіне дейін оның қауіпсіздігіне;

3) ұшуға дейінгі, ұшу уақытындағы және ұшудан кейінгі ұшулардың барлық кезеңдерінде ұшу экипажы қолданатын бақылау карталары жүйесінің анық сақталуына;

4) ұшу аяқталғаннан соң әуе кемесінің барлың белгілі немесе күмән тудыратын ақаулары туралы пайдаланушыға хабарлауға;

5) борт журналын жүргізуге немесе бас декларацияны жасауға жауапкершілікте болады.

Чикаго конвенциясына 6-Қосымшаға «Әуе кемелерін пайдалану» 1-бөлім және Чикаго конвенциясына 6-Қосымшаға «Әуе кемелерін пайдалану» 2-бөлім Жалпы мақсаттағы халықаралық авиацияға (Кіріспе) сәйкестікке келтіру мақсатында .

58-баптың

1-тармағы

58-бап. Авиация ұйымдарының ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн басшы қызметкерлерi
1. Ұшу қызметiнiң басшысы, ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияның бастығы, инженерлiк-авиациялық қызмет басшысы азаматтық және эксперименттiк авиация ұйымдарының ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн басшы қызметкерлерi болып танылады.

..........

58-бап. Авиация ұйымдарының ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн басшы қызметкерлерi
1. Ұшу қызметiнiң басшысы, ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияның бастығы, инженерлік-авиациялық қызмет басшысы, сапа кепілдігі басшысы азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдарының ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін басшы қызметкерлері болып танылады.

..........

Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін тұлғалар қатарына сапа кепілдігі басшысы да жатады.

59-баптың

2-тармағы

59-бап. Тұлғаларға азаматтық әуе кемелерін пайдалануға рұқсат беру
..........

2. Жалпы мақсаттағы авиацияға жататын және сертификатталған ең жоғары ұшу массасы кемінде бес мың жеті жүз килограммнан кем болатын әуе кемелерін пайдаланушыларды қоспағанда, пайдаланушылар азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгі нұсқаулыққа сәйкес орындалатын ұшудың көлемі мен күрделілігіне қарай ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.

59-бап. Тұлғаларға азаматтық әуе кемелерін пайдалануға рұқсат беру
..........

Алып тасталсын

Осы норманың осы заңның 12-2-бабына (жаңа бап) ауыстыруға байланысты.

60-бап (Жаңа редацияда)

60-бап. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды сертификаттау
1. Пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті алу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және сертификат беру қағидаларына және (немесе) пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу  қағидаларына сәйкес тізбе бойынша сертификаттау талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттармен қоса белгіленген нысанда өтінім жібереді.

Пайдаланушының сертификатталған әуе кемелері, даярланған персоналы, құжаттамасы, әуе кемелерін ұшуға пайдалануға, техникалық пайдалануға және ұшуды орындауды қамтамасыз етуге қажетті жабдықтары, ғимараттары, құрылыстары болуға, сондай-ақ міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.

Пайдаланушы өзінің әуе кемелері бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшқан кезде авариялық хабар беру үшін жауаптылықта болады.

Пайдаланушыларды сертификаттау шарттары Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және сертификат беру қағидаларында және (немесе) Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидаларында айқындалады.

2. Пайдаланушының сертификатында және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікте белгіленген пайдалану талаптары мен шектеулерді пайдаланушының бұзуына тыйым салынады. Бір әуе кемесін екі және одан да көп пайдаланушының сертификатына бір мезгілде енгізуге жол берілмейді.

Жоқ

3. Пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті басқа адамға беруге болмайды.

4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган:

1) пайдаланушы сертификатталған талаптар мен шектеулерді сақтамаған;

2) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сақтандыру қамтамасыз етілмеген;

3) инспекциялық тексеру кезінде, оның ішінде шет мемлекеттерде тексеру кезінде белгілі болған ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін бұзушылықтар анықталған жағдайларда;

4) пайдаланушы жазбаша өтініш берген жағдайда пайдаланушы сертификатының және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданылуын тоқтата тұрады.

Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданылуын тоқтата тұру тәртібі тиісінше Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және сертификат беру қағидаларында және Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидаларында айқындалады.

Егер әуе кемесін пайдаланушы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймаса, уәкілетті орган пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті қайтарып алады.

Пайдаланушы коммерциялық әуе тасымалдарын алты айдан астам мерзімге тоқтатқан жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган пайдаланушы сертификатын қайтарып алады.

5. Пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті беруден бас тартуға сотқа шағым жасалуы мүмкін.

60-бап. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды сертификаттау
1. Пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті алу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және сертификат беру қағидаларына және (немесе) пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу  қағидаларына сәйкес сертификаттау талаптарына және сертификаттау шарттарына сәйкестікті растайтын құжаттармен қоса белгіленген нысанда өтінім жібереді.

Пайдаланушы сертификатын немесе авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті алу үшін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға оның сертификатталған әуе кемелері, даярланған персоналы, құжаттамасы, әуе кемелерін ұшуға пайдалануға, техникалық пайдалануға және ұшуды орындауды қамтамасыз етуге қажетті жабдықтары, ғимараттары, құрылыстарының болуын, сондай-ақ ұшуды орындау кезінде міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті сақтандыруды жүзеге асыратынын көрсетуі тиіс.

Пайдаланушы өзінің әуе кемелері бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшқан кезде авариялық хабар беру үшін жауаптылықта болады.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган пайдаланушы сертификатының және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданысына, оны беру кезінде және пайдаланушы қызметінің барысында Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шектеулер белгілейді.

2. Пайдаланушының сертификатында және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікте белгіленген пайдалану талаптары мен шектеулерді пайдаланушының бұзуына тыйым салынады. Бір әуе кемесін екі және одан да көп пайдаланушының сертификатында және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікте бір мезгілде болуына жол берілмейді.

Әуе кемелерді қолданыстағы пайдаланушының сертификатынсыз және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліксіз пайдалануға тыйым салынады.

3. Пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті басқа адамға беруге болмайды.

4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Заңның 16-3-бабының ережелеріне сәйкес, сондай-ақ:

1) пайдаланушы сертификатталған талаптар мен шектеулерді сақтамаған;

2) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сақтандыру қамтамасыз етілмеген;

3) инспекциялық тексеру кезінде, оның ішінде шет мемлекеттерде тексеру кезінде белгілі болған ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін бұзушылықтар анықталған жағдайларда;

4) пайдаланушы жазбаша өтініш берген жағдайда пайдаланушы сертификатының және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданылуын тоқтата тұрады.

Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатының және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің қолданылуын тоқтата тұру тәртібі тиісінше Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және сертификат беру қағидаларында және Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидаларында айқындалады.

Егер әуе кемесін пайдаланушы анықталған сәйкессіздікті және (немесе) бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймаса, уәкілетті орган пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті қайтарып алады.

Пайдаланушы коммерциялық әуе тасымалдарын алты айдан астам мерзімге тоқтатқан жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган пайдаланушы сертификатын қайтарып алады.

5. Пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті беруден, егер:

1) өтініш берушінің қызметтері сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген;

2) өтініш берушіге қатысты қызметтердің осы түрлерін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болған;

3) түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген сәйкессіздіктерді өтініш беруші сертификаттаудың жалпы мерзімі өткенге дейін жоймаған жағдайларда бас тарту жүргізіледі.

Пайдаланушының сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті беруден бас тартуға сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Қолданыстағы нормалардың редакциясын айқындау масқатында.

Қолданыстағы нормалардың редакциясын айқындау масқатында

8335 құжатының 3-тарауы 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган пайдаланушы сертификатын және кез келген қызметке рұқсат беретін оған байланысты пайдалану ерекшеліктері, егер ондай қызметті жүргізу ұшу қауіпсізідігінің мүддесіне қайшы деп санаса, пайдаланушыға дер кезінде хабарлау және оған кеңесу мен аппеляцияға беруге мүмкіндік жасай отырып, оларды қайтарып алуға, жоюға, іс-қимылын тоқтата тұруға немесе өзгетуге құқығы бар.

Бұл негізінен маусымдық (авиациялық-химиялық) жұмыстарды орындайтын пайдаланушыларға қатысты, өйткені олар жылына 3 айдан артық жұмыс істемейді, ал қалған уақытта тоқтап тұрады. Бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы пайдаланушыларға жақсы қолдау болып табылады деп санаймыз.

Қолданыстағы нормаларды жетілдіру мақсатында.

8335 құжатының 4.2-тармағы.

Қолданыстағы нормалардың редакциясын айқындау мақсатында.

Қолданыстағы нормалардың редакциясын айқындау мақсатында.

Пайдалануышы сертификатын және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беруден бас тартудың негіздерін заңнамада белгілеу мақсатында.

61-баптың

1-тармағы

61-бап. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар
1. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан кем болатын ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасына қарамастан тікұшақтарды, сондай-ақ ұшу аппараттары мен қосалқы құрылғыларды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу үшін мынадай шарттарды сақтау:

1) әуе кемесінің осы түрін басқаруға рұқсаты бар пилоттың қолданыстағы куәлігінің болуы;

2) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификатының болуы;

3) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыруды қамтамасыз ету;

4) бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшқан кезде аэроклубтармен немесе әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдармен авариялық хабар беруді қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге шарттар жасасуы негіз болып табылады.

Ұшу қауіпсіздігін әуе кемесінің командирі (пилот) және жалпы мақсаттағы авиацияның пайдаланушысы болып табылатын әуе кемесінің иесі қамтамасыз етеді.

...............

61-бап. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар
1. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмм және одан кем болатын ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз сексен килограмм және одан кем болатын тікұшақтарды, сондай-ақ ұшу аппараттары мен қосалқы құрылғыларды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу үшін мынадай шарттарды сақтау:

1) әуе кемесінің, ұшу аппараттары мен қосалқы құрылғылардың осы түрін басқаруға рұқсаты бар пилоттың қолданыстағы куәлігінің болуы;

2) азаматтық әуе кемесін, ұшу аппараттары мен қосалқы құрылғыларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификатының болуы;

3) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес ұшуларды орындау кезінде сақтандыруды қамтамасыз ету;

4) бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшқан кезде аэроклубтармен немесе әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдармен авариялық хабар беруді қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге шарттар жасасуы негіз болып табылады.

Ұшу қауіпсіздігін әуе кемесінің командирі (пилот) және жалпы мақсаттағы авиацияның пайдаланушысы болып табылатын әуе кемесінің иесі қамтамасыз етеді.

2. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограммнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз сексен килограммнан асатын тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларына сәйкес ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті бергеннен кейін ұшуға жіберіледі.

..........

Қолданыстағы нормалардың редакциясын айқындау мақсатында, өйткуені ИКАО талаптарына сәйкес жеңіл авиацияға бес мың жеті жүз килограмм және одан кем болатын ұшақтарды, сондай-ақ үш мың бір жүз сексен килограмм және одан кем болатын тікұшақтар жатады.
Редакциялық айқындау.

Редакциялық айқындау.

Бұл негізінен маусымдық (авиациялық-химиялық) жұмыстарды орындайтын жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларына қатысты, өйткені олар жылына 3 айдан артық жұмыс істемейді, ал қалған уақытта тоқтап тұрады.

Қолданыстағы нормалардың редакциясын айқындау мақсатында.

61-баптың

2-тармағы

61-бап. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар
..............

2. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті (турбобұрандалы) қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларына сәйкес ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті бергеннен кейін ұшуға жіберіледі.

..............

61-бап. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар
...............

2. Сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограммнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті қозғалтқышпен жарақтандырылған ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз сексен килограммнан асатын тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларына сәйкес ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті бергеннен кейін ұшуға жіберіледі.

..........

Қолданыстағы нормалардың редакциясын айқындау мақсатында.

61-баптың

6-тармағы

61-бап. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар
..............

6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің қолданылуын:

1) әуе кемесін пайдаланушы (оның иесі) Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларында белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтамаған;

2) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыру қамтамасыз етілмеген;

3) инспекциялық тексерулер кезінде, оның ішінде шет мемлекеттерде тексерулер кезінде ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін бұзушылықтар анықталған жағдайларда тоқтата тұрады.

Ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің қолданылуын тоқтата тұру тәртібі Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларында айқындалады.

.........

61-бап. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар
...............

6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің қолданылуын:

1) әуе кемесін пайдаланушы (оның иесі) Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларында белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтамаған;

2) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыру қамтамасыз етілмеген;

3) осы Заңның 16-3-бабында көзделген бұзушылықтар анықталған;

4) пайдаланушының жазбаша өтініші болған жағдайларда тоқтата тұрады.

Ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің қолданылуын тоқтата тұр және қолданысын қалпына келтіру тәртібі Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларында айқындалады.

....................

Редакциялық айқындау.

Қолданыстағы нормалардың редакциясын айқындау мақсатында.
Редакциялық айқындау.

61-баптың

7-тармағы

61-бап. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар
..............

7. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруден бас тартуға сотқа шағым жасалуы мүмкін.

61-бап. Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушылар
...............

7. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруден, егер:

1) өтініш беруші Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген;

2) өтініш берушіге қатысты ондай ұшуларды орындауға тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда бас тарту жүргізіледі.

Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруден бас тартуға сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Жалпы мақсаттағы авиция ұшуларын орындауға куәлік беруден бас тартудың негіздерін заңнамада белгілеу мақсатында.

64-баптың

1-тармағының

1) тармақшасы

64-бап. Азаматтық авиация әуеайлағын (тікұшақ айлағын), әуежайын пайдаланушы
1. Меншік құқығымен не өзге де заңды негіздерде әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланатын, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы деп танылады.

.........

Әуеайлақты (тікұшақ айлағын), әуежайды пайдаланушы:

1) әуежай, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) аумағында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздіктің сақталуын, оның ішінде әуеайлақ (тікұшақ айлағы), әуежай аумағында қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етеді және бақылайды;

.............

64-бап. Азаматтық авиация әуеайлағын (тікұшақ айлағын), әуежайын пайдаланушы
1. Меншік құқығымен не өзге де заңды негіздерде әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланатын, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы деп танылады.

.............

Әуеайлақты (тікұшақ айлағын), әуежайды пайдаланушы:

1) әуежай, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) аумағында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздіктің талаптарын сақталуын, оның ішінде әуеайлақ (тікұшақ айлағы), әуежай аумағында қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етеді және бақылайды;

................

Редакциялық түзету

64-баптың

1-тармағының

1-1) тармақшасы (Жаңа тармақша)

64-бап. Азаматтық авиация әуеайлағын (тікұшақ айлағын), әуежайын пайдаланушы
1. Меншік құқығымен не өзге де заңды негіздерде әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланатын, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы деп танылады.

..........

Әуеайлақты (тікұшақ айлағын), әуежайды пайдаланушы:

.......

1-1) әуе кемелерінің қауіпсіз қабылдау және шығару үшін әуеайлақтың тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді;

......

Көрсетілегн жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік пен бақылау талаптарының сақталуына жауапкершіліктерін неғұрлым толық айқындау үшін қажетті әуеайлақ (тікұшақ), әуежай пайдаланушыларының орындауларына жататын міндеттердің толық тізбесі.

64-баптың

1-тармағының

1-2) тармақшасы (Жаңа тармақша)

64-бап. Азаматтық авиация әуеайлағын (тікұшақ айлағын), әуежайын пайдаланушы
1. Меншік құқығымен не өзге де заңды негіздерде әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланатын, Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы деп танылады.

..........

Әуеайлақты (тікұшақ айлағын), әуежайды пайдаланушы:

.......

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет