«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»



бет3/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.66 Mb.
#131861
1   2   3   4

4. 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422-I «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655 құжат; 2004 ж., № 17, 100 құжат; 2005 ж., № 21-22, 87 құжат; 2007 ж., № 5-6, 37 құжат; 2009 ж., № 24, 129 құжат; 2011 ж., № 1, 7 құжат; № 11, 102 құжат; 2012 г. № 2, 13, 16 құжат):


1) 8-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Өтiнiм берiлген күннен бастап екi ай мерзiм өткен соң сараптама жасау ұйымы ол бойынша алдын ала сараптама жүргiзедi. Алдын ала сараптама жүргiзу барысында өтiнiмге басымдық берiлген күн белгiленедi, қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға белгiленген талаптардың орындалуы тексерiледi. Патент беруге жасалған өтiнiмге алдын ала сараптама екi ай мерзiмде жүргiзiледi. 
    Өтінім берушінің осы өтінім бойынша тиісті шешім қабылданға дейін селекциялық жетістіктің мәнін өзгертпестен өтінім құжаттарына түзетулер мен нақтылауларды енгізуге құқығы бар.

Аталған өзгерістерді енгізу кезінде өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде төлем алынбайды.

Өтінім берушінің қорғау құжатын алу құқығын өзгеге беру кезіндегі нұсқауына немесе өтінім берушінің атауы өзгеруіне, сондай-ақ өтінім құжаттарындағы техникалық сипаттағы қателерді түзетуге қатысты өзгерістер тиісті төлем төленген жағдайда селекциялық жетістіктің тиісті Мемлекеттік тізілімінде тіркелген күніне дейін енгізілуі мүмкін.

Сараптама жасау ұйымы жоқ құжаттарды немесе түзетілген материалдарды сұрата алады, өтінім беруші оларды сұрау салу жіберілген күннен бастап екі ай мерзімде ұсынуға міндетті»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Уәкiлеттi органның алдын ала жүргiзген сараптамасынан оң нәтиже алынған жағдайда өтінімді одан әрі қарау туралы шешім қабылданады, ол туралы өтінім беруші он жұмыс күні ішінде хабардар етіледі. Өтiнiмнiң және селекциялық жетiстiкке сауал-сұрақтарының көшiрмелерi мемлекеттiк комиссияға жiберiледi.»;

2) 10-бапта:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Сорт, тұқым патент қабiлетi талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттiк комиссия сорттың, тұқымның ресми сипаттамасымен бірге қорытынды жасайды.

Мемлекеттік комиссияның қорытындысы негізінде уәкiлеттi орган он жұмыс күні ішінде селекциялық жетістікке патент беру туралы шешім қабылдайды, ол туралы өтінім берушіге он жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жіберіледі.



Уәкiлеттi органның патент беру туралы шешiм қабылдағаны туралы хабарлама өтiнiш берушіге жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiш беруші сараптама жасау ұйымына патент беруге және жариялауға дайындағаны үшiн тиiстi төлемді, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжатты ұсынады. Көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған жағдайда төлем мерзімі үш ай ішінде, өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру үшін төлем жасалғаны туралы құжатты ұсынған жағдайда, қалпына келтірілуі мүмкін. Олай болмаған жағдайда өтiнiм кері қайтарып алынған болып есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл туралы өтiнiш беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.»;

5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Егер сараптама жүргiзiлген кезде сорттың, тұқымның патент қабiлетi талаптарына сай келмейтiндiгi анықталса, уәкiлеттi орган мемлекеттiк комиссияның қорытындысы негiзiнде он жұмыс күні ішінде патент беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды, ол туралы өтiнiш берушiге он жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарлама жiберіледi.»;

3) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Авторға (авторларға) тек техникалық, ұйымдық, материалдық (қаржылық) көмек көрсеткен немесе сортқа, тұқымға берiлетiн құқықтарды әзiрлеуге және ресiмдеуге жәрдемдескен адамдар авторлар болып танылмайды.»;

4) 12-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Автордың жеке мүліктік емес құқықтары ажыратылмас болып табылады және мерзімсіз қорғалады.

4-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер селекциялық жетістікті бiрнеше автор жасаса, ашса немесе өсiрiп шығарса, сыйақы олардың арасындағы келiсiмде өзгеше белгіленбесе, бірдей үлеспен төленеді.»;

5) 13-баптың 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) егер селекциялық жетiстiктi қызметкер қызметтік тапсырманы немесе қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде жасаса, анықтаса немесе шығарса жұмыс берушiге берiледi. 


      Атына патент беру сұралып отырған бiрнеше адам болған жағдайда, оларға бiр патент берiледi.»;

6) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«Селекциялық жетiстiкке өтiнiм беру және оған патент алу құқығы, селекциялық жетiстiктi пайдалануға, сондай-ақ сыйақы төлеу мен оларды пайдаланудан түскен кiрiске айрықша құқық мұра ретiнде немесе құқықтық мұрагерлiк тәртiбiмен ауысады.»;

7) 18-баптың 10-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) шартты тіркеу туралы мәліметтерді жариялау үшін тіркелген шарттың үш данасын қорытындымен бірге сараптама жасау ұйымына жібереді.
      Шарттың үшiншi және төртiншi даналары тиісті уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымында сақталады және бақылау даналары болып табылады.

Сараптама жасау ұйымы тіркелген шарттар бойынша шарт жасалып отырған өнеркәсіптік меншік объектісіне берілетін қорғау құжатына қосымшаны ресімдейді; тіркелген шарттың екі данасын және қорғау құжатына қосымшаны өтiнiште көрсетiлген мекенжай бойынша жібереді; бюллетеньде тіркелген шарттар туралы мәліметтерді, атап айтқанда, шарттың тіркелген нөмірі мен күнін, шарт тараптарының атауын немесе толық мәліметтерін, шарттың нысанасын, шарттың қолданылу мерзімін, шарттың қолданылу аумағын жариялайды.

Тіркелген лицензиялық шартқа, қосалқы лицензиялық шартқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы өтініш уәкілетті органға беріледі, бұл ретте лицензиялық шарттарды тіркеу туралы ережелер қолданылады.
      Кез келген тұлға тiркелген лицензиялық шарттар, қосалқы лицензиялық шарттар тiзiлiмiнен тiркелген шарттар туралы мәлiметке қатысты үзінді көшiрменi ашық жариялау үшiн алуы мүмкін.
      Үшiншi тұлғаны лицензиялық шарт мәтiнiмен таныстыруға, сондай-ақ одан үзінді көшiрме алуға шарт тараптарының жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
      Уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде лицензиялық шартты тiркеуден бас тарту туралы шешiм шығарған жағдайда, қаралып отырған шарт бойынша құжаттар тiркеуден бас тарту туралы шешiммен бiрге өтiнiште көрсетiлген мекенжай бойынша қайтарылады.»;

8) Мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:

«21-1 бап. Селекциялық жетістікке патенттің қолданылуын қалпына келтіру. Соңынан пайдалану құқығы.

1. Селекциялық жетістікке патенттің патентті күшінде ұстауды белгіленген мерзімде төлемеуге байланысты төлеудің белгіленген мерзімі өткен күннен бастап тоқтатылған қолданылуы патент иеленушінің өтініші бойынша қалпына келтірілуі мүмкін.

Бұндай өтініш патентті күшінде ұстау үшін ақы төлеу мерзімі өткен күннен бастап үш жыл ішінде патенттің қолданылуын қалпына келтіруге төлем жасалғаны туралы құжат ұсынылған жағдайда, бірақ патенттің осы Заңға сәйкес белгіленген қолданылу мерзімі өтпестен бұрын берілуге тиіс

Сараптама жасау ұйымы патенттің қолданылуы қалпына келтірілгені туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды. Жариялау күні патенттің қалпына келтірілген күні болып табылады.

2. Патенттің қолданылуы тоқтатылған күн мен патенттің қалпына келтірілгені туралы мәліметтер сараптама жасау ұйымының ресми бюллетенінде жарияланған күні арасындағы кезеңде патенттелген селекциялық жетістікті Қазақстан Республикасы аумағында пайдалана бастаған не көрсетілген кезеңде осыған қажет дайындықтарды жасаған кез келген тұлға оны одан әрі осындай пайдаланудың көлемін кеңейтпестен тегін пайдалану құқығын сақтайды (соңынан пайдалану құқығы).

Соңынан пайдалану құқығы басқа жеке немесе заңды тұлғаға тек осы селекциялық жетістікті пайдалану орын алған немесе осыған қажет дайындықтар жасалған өндіріспен бірге берілуі мүмкін.».

5. 1999 жылғы 16 шілдедегі № 427 Қазақстан Республикасының Патент заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718 құжат; 2004 ж., № 17, 100 құжат; 2005 ж., № 21-22, 87 құжат; 2007 ж., № 5-6, 37 құжат; 2009 ж., № 15-16, 75 құжат; 2011 ж., № 11, 102 құжат; 2012 ж., № 2, 13 құжат; 2012 ж., № 14, 95 құжат):

1) 1-бапта:

мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:

«2-2. Еуразиялық патент - Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес берілген патент;»;

4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«4) қорғау құжаттары - осы Заңға сәйкес берiлген өнертабыстарға, өнеркәсiптiк үлгiлер мен пайдалы модельдерге патенттер;
      5) қызметтiк өнертабыс - қызметкердiң өз қызметтiк мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау кезiнде жасаған өнеркәсiптiк меншiк объектiлерi - өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер;»;

2) 4-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



  1. «Белгіленген мерзімнен кейін конвенциялық басымдықты сұрата отырып өтінімдер қабылдауды; халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыруды; формальды сараптама жүргізуді; мәні бойынша, сондай-ақ формуланың біреуден артық әрбір тәуелсіз тармағына қосымша сараптама жүргізуді; сараптаманың сауалына жауаптарды және төлемақыларды ұсынудың мерзімдерін ұзартуды және қалпына келтіруді; өнертабысқа немесе пайдалы модельге өтінімді қайта өзгертуді; өтінімді өтініш берушінің қатысуымен қарауды; өтінім құжаттарының қазақ тіліне немесе орыс  тіліне аудармасының ұсынылу мерзімін ұзартуды, сұратылатын құжаттарды ұсыну мерзімдерін әрбір айға белгіленген мерзімі аяқталған күннен  бастап он екі айға дейін ұзартуды, өтініш берушінің аударманы ұсыну бойынша өткізіп алған мерзімін қалпына келтіруді; өтінім материалдарына, қорғау құжатына, өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне өзгерістер енгізуді; бір үлгідегі өзгерістерді енгізуді; халықаралық және еуразиялық өтінімдерді өңдеуді, тексеруді және салып жіберуді; өнертабыстың, пайдалы модельдің және өнеркәсіптік үлгінің патентке қабілеттілігін бағалау мақсатында техника деңгейін айқындау үшін  ақпараттық іздестіру жүргізуді; автордың куәлігін, қосымшаларды және олардың телнұсқаларын беруді; қорғау құжатының қолданылу мерзімін күшінде ұстап тұруды, ұзартуды, қалпына келтіруді және қорғау құжатын күшінде ұстап тұру, ұзарту немесе қалпына келтіру туралы мәліметтерді жариялауды; бір және бір топ өнеркәсіптік меншік объектісіне қатысты кешенді кәсіпкерлік лицензия беру туралы шарттың сараптамасын тіркеуге өтінім қабылдауды; шарттарды тіркеу туралы мәліметтерді жариялауды; қосымша келісімдерге сараптама жүргізуді; ашық лицензия беруге өтінім қабылдауды; өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшірмелер ұсынуды; баспа және электрондық басылымдарды өткізуді және жариялауды; кепіл шартына сараптама жүргізуді қоса алғанда, өнертабыстарға, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдерге сараптама жүргізу мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сараптама жасау ұйымы жүзеге асырады.»;

3) 5-баптың 1, 2, 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Өнертабысқа, пайдалы модель мен өнеркәсiптiк үлгiге құқық - патентпен қорғалады.»;

2. Пайдалы модельге патент пайдалы модельге патент беруге өтiнiмге жүргiзiлген сараптаманың нәтижесi бойынша берiледi. 
      Өнертабысқа және өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiмге ресми сараптама және мәнi бойынша сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берiледi.»

3. Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы күшiн сақтайды.

Заңда белгіленген тәртіппен қолданылуы үшін рұқсат талап етілетін дәрі-дәрмекке, пестицидке немесе агрохимикатқа жататын өнертабысқа қатысты айырықша құқықтың және осы құқықты куәландыратын патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек.

Аталған мерзім өнертабысқа өтінім берілген күннен осы өнертабысты қолдануға алғаш рұқсат алған күнге дейін өткен уақытқа, бес жыл алып тасталып ұзартылады.

Пайдалы модельге патент өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол үш жылдан аспауы керек.

   Өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiм берiлген күннен бастап он бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек.


      Өнертабысқа, пайдалы модель мен өнеркәсiптiк үлгiге патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;

мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:

«7. Патенттің қолданылу мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ айрықша құқықтың қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, өнертабыс, пайдалы модель немесе өнеркәсіптік үлгі қоғамның игілігіне айналады.

8. Қоғамның игілігіне айналған өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні кез келген адам ешкімнің келісімінсіз немесе рұқсатынсыз және пайдаланған үшін сыйақы төлемей отырып, еркін пайдалана алады.»;

4) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Өнімге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнің штамына, өсімдіктер мен жануарлардың жасушалары өскіндеріне), тәсілге (материалдық объектілерге қатысты материалдық құралдар көмегімен іс-әрекеттерді жүзеге асыру процесіне), сондай-ақ белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа мақсат бойынша немесе жаңа өнімді, адамдарды немесе жануарларды емдеудің диагностикалық, емдік және хирургиялық тәсілдерін қоспағанда, белгілі бір мақсат бойынша қолдануға жататын кез келген саладағы техникалық шешімдер пайдалы модельге жатады.



Егер жаңа және өнеркәсiпте қолдануға болса, пайдалы модельге құқықтық қорғау берiледi.

Егер елеулi белгiлерiнiң жиынтығы техника деңгейi туралы мәлiметтерден белгiсiз болса, пайдалы модель жаңа болып табылады. 

Егер iс жүзiнде пайдалануға жарайтын болса, пайдалы модель өнеркәсiпте қолдануға жарамды болып табылады.

Техника деңгейi туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар негізінде берілген патенттерді, жарияланған еуразиялық өтінімдерді, пайдалы модельдің басымдық күніне дейін сараптама жасау ұйымына берілген, қайтарып алынбаған өтінімдерді қамтиды. 

Егер iс жүзiнде пайдалануға жарайтын болса, пайдалы модель өнеркәсiпте қолдануға жарамды болып табылады.»;

5) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Бұйымның сыртқы түрiн айқындайтын өнеркәсіптік немесе қолөнер өндірістік бұйымның көркемдiк-конструкторлық шешiмі өнеркәсiптiк үлгiге жатады.

Өнеркәсiптiк үлгi, егер оның бұйымның суреттерінде көрсетілген және өнеркәсіптік үлгінің маңызды белгілерінің тізілімінде келтірілген маңызды белгілерінің жиынтығы өнеркәсіптік үлгінің басымдық күніне дейін әлемде қолжетімді болған мәліметтерден белгілі болмаса, жаңа болып табылады.

Егер өнеркәсiптiк үлгi жаңа, бiрегей болса, оған құқықтық қорғау берiледi.

Өнеркәсіптік үлгінің жаңалығын анықтау кезінде Қазақстан Республикасында басқа адамдар ұқсас өнеркәсіптік үлгілерге бұрын берген, қайтарылып алынбаған өтінімдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасында патенттелген өнеркәсіптік үлгілер (олардың басымдық күндерінен бастап) есепке алынады. Егер өнеркәсiптiк үлгi жаңа, бiрегей болса, оған құқықтық қорғау берiледi.

Өнеркәсіптік үлгі, егер оның маңызды белгілері бұйым ерекшеліктерінің шығармашылық сипатын айқындаса, бірегей болып танылады.»;

6) 9-баптың 4-тармағы алып тасталсын:

7) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«10-бап: Патент иеленуші

1. Қорғау құжаты: 
      1) өнеркәсіптік меншік объектісінің авторына (авторларына); 
      2) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда жұмыс берушіге; 
      3) олардың құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына), оның ішінде беру тәртібімен тиісті құқықты алған адамға (адамдарға); 
      4) бір-бірімен келісімдері болған жағдайда осы тармақта көзделген адамдарға бірге беріледі. 

2. Егер жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, қызметтік өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжаттарының құқықтары жұмыс берушіге тиесілі болады. 


      3. Егер жұмыс беруші мен автор арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, автордың өзінің қызметтік міндеттерін орындауға немесе жұмыс берушіден алған нақты тапсырмаға байланысты емес, бірақ жұмыс берушінің ақпаратын, сондай-ақ материалдық, техникалық және өзге де құралдарын пайдалана отырып жасаған өнертабысына қорғау құжатын алу құқығы авторға тиесілі болады. 
      Егер қызметтік өнеркәсіптік меншік объектісі құрамына осы жұмыс берушінің қызметкері болып табылмайтын адам кіретін бірнеше адамдар тобының бірлескен шығармашылық еңбегімен жасалса, осы адамның көрсетілген қызметтік өнеркәсіптік меншік объектісіне қатысты құқықтары оның аталған жұмыс берушімен және басқа да авторлармен жасасатын шартында анықталады. 
      Егер қызметтік өнеркәсіптік меншік объектілерін шарт негізінде бірнеше жұмыс берушінің жұмысты бірлесіп орындауы нәтижесінде авторлар жасаса, жұмыс берушілердің көрсетілген өнеркәсіптік меншік объектісіне құқықтары олардың арасындағы шартпен анықталады. 
      4. Қызметтік өнертабыс жасалған жағдайда, автор қызметтік өнертабысты жасау фактісі анықталған күннен бастап бір ай ішінде жұмыс берушіні жазбаша түрде хабардар етеді. 
      Хабарламаға автор (авторлар) қол қояды және онда: 
      1) автордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және атқаратын қызметі көрсетілуге; 
2) қызметтік өнеркәсіптік меншік объектісінің атауы; 
     3) оның жасалу жағдайы мен орны, болжалды қолданылу саласы; 
      4) жұмыс берушінің қызметіндегі өнеркәсіптік меншік объектісінің мәнін ашуға, санатын айқындауға және жарамдылығын бағалауға жеткілікті толық жасалған сипаттамасы қамтылуға тиіс. 
      Жұмыс беруші автор берген қызметтік өнеркәсіптік меншік объектісін жасағандығы туралы хабарламаны оны берген күннен бастап қабылдауға және тіркеуге міндетті, бұл жөнінде авторларға жазбаша түрде хабарланады. 
      Егер сипаттама және өтінімді ресімдеуге қажетті өзге де мәліметтер толық болмаса, онда жұмыс берушінің қызметкерден қызметтік өнеркәсіптік меншік объектісі туралы қосымша материалдарды сұратуға құқығы бар, ол қосымша материалдарды сауал алған күннен бастап бір ай ішінде ұсынады. Мұндай жағдайда осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзімінің өту барысы тоқтатыла тұрады және сұратылған мәліметтер алынғаннан бастап қайта қалпына келтіріледі. 
      5. Егер қызметкер қорғау құжатын алуға құқылы жұмыс берушіні қызметтік өнеркәсіптік меншік объектісінің жасалғандығы туралы хабардар етпесе, онда осы баптың 7-тармағында көрсетілген мерзім жұмыс берушіге оның жасалғаны туралы белгілі болған күннен басталады. 
      Егер қызметтік өнеркәсіптік меншік объектісінің жасалу фактісін жұмыс беруші анықтаса, онда ол қызметтік өнертабыс авторына бұл туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Бұл ретте, егер қызметтік өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын алу құқығы жұмыс берушіге тиесілі болса, ол авторға тиісті өтінімді ресімдеудің басталғандығы туралы хабарлауға міндетті, ал автор жұмыс берушінің талабы бойынша жазбаша түрде қызметтік өнеркәсіптік меншік объектісіне өтінімді ресімдеу үшін қажетті қосымша ақпаратты және қызметтік өнертабыстың барлық авторларының тізімін беруге міндетті. 
      6. Жұмыс беруші қызметтік өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын алуға өтінім бергеннен кейін оны алуға не қорғау құжатын күшінде ұстап тұруға мүдделі болмаған жағдайда, қорғау құжатын алуға құқықты не алынған қорғау құжатын авторға уақытылы және өтеусіз беруге міндетті. 
      7. Егер жұмыс беруші жасалған өнеркәсіп меншігі объектісі туралы өзін автор хабардар еткен күннен бастап төрт ай ішінде қызметтік өнеркәсіптік меншік объектісіне өтінім бермесе, қорғау құжаттарын алу құқығын басқа адамға бермесе және тиісті объектіні құпия сақтау туралы авторға хабарламаса, онда қорғау құжатын алу құқығы авторға көшеді. Бұл жағдайда жұмыс берушінің тиісті өнеркәсіптік меншік объектісін патент иеленушімен шарт бойынша өз өндірісінде пайдалануға басым құқығы бар. 
      8. Тараптардың ешқайсысының екінші тарапқа бұл туралы хабардар етпей, қызметтік өнеркәсіптік меншік объектісіне қатысты өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін сараптама ұйымына қорғау құжатын алуға өтінім беруге құқығы жоқ. 
      9. Қызметтік өнеркәсіптік меншік объектісі үшін авторға сыйақы төлеудің мөлшері, шарттары және тәртібі автор мен жұмыс беруші арасындағы келісіммен белгіленеді. Келісімге қол жетпеген жағдайда шешімді сот қабылдайды. Егер қызметтік өнеркәсіптік меншік объектісін жасаудағы автор мен жұмыс берушінің үлестерін мөлшерлеу мүмкін болмаса, жұмыс беруші алған немесе алуға тиісті пайданың жартысына автордың құқығы бар деп танылады.»;

8) 11-бапта:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Патент иеленушi өзі алған қорғау құжатын кез келген жеке немесе заңды тұлғаларға бере алады. Өзгеге беру шарты уәкiлеттi органда мiндетті түрде тiркелуге жатады.


      Қорғау құжатын өзгеге беру шартын тіркеу сараптама жасау ұйымы жүргізетін материалдарды сараптау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Шартты тіркеу туралы шешім шығарылғаннан кейін уәкілетті орган:

1) шарттың титулдық парағына тiркеу күнiн және тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, оның тiркелгенi туралы мөртабан соғады;
      2) шарт туралы мәлiметтердi тiркелген шарттардың тiзiлiмiне енгізедi;
      3) шартты тіркеу туралы мәліметтерді жариялау үшін шарттың бақылау данасын қорытындымен қоса сараптама жасау ұйымына жібереді.

      Шарттың үшiншi және төртiншi даналары тиісті уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымында сақталады және бақылау даналары болып табылады.

Тіркелген шарттар бойынша сараптама жасау ұйымы шарт жасалып отырған өнеркәсіптік меншік объектісіне қосымшаны ресімдейді; тіркелген шарттың екі данасын және қорғау құжатына қосымшаны өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша жібереді, тіркелген шарттар туралы мәліметтерді, атап айтқанда, шарттың тіркелген нөмірі мен күнін, шарт тараптарының атауын немесе толық мәліметтерін, шарттың мәнін, шарттың қолданылу мерзімін, шарттың қолданылу аумағын бюллетеньде жариялайды.
Кез келген тұлға тiркелген өзгеге беру шарттарының тiзiлiмiнен тiркелген өзгеге беру шарттары туралы мәлiметтерге қатысты үзінді көшiрменi ашық жариялау үшін алуы мүмкін.
      Үшiншi тұлғаларды өзгеге беру шартының мәтiнiмен таныстыруға, сондай-ақ одан үзінді көшiрме алуға шарт тараптарының жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
      Уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде өзгеге беру шартын тiркеуден бас тарту туралы шешiм шығарған жағдайда, қаралып отырған шарт бойынша құжаттар тiркеуден бас тарту туралы шешiммен бiрге өтiнiште көрсетiлген мекенжай бойынша қайтарылады.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Қорғау құжатын өзгеге беру шарты уәкілетті органда тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Патент иеленушi қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн жыл сайын өтінім берген күнге сәйкес келетін күні ақы төлеп тұруға мiндеттi.

Қорғау құжатын күшiнде ұстау үшiн бірінші төлем қорғау құжатын беру туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап екі ай мерзімде жүргізіледі және өтінімді берген күннен бастап алдыңғы жылдарға төлемді қамтиды.»;

мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:

«16. Еуразиялық патентті Қазақстан Республикасы аумағында күшінде ұстау үшін баж көлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;

9) 13-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн басымдық берiлген күннен бастап, бiрақ өнертабысқа, өнеркәсiптiк үлгiге немесе пайдалы модельге патент беру туралы мәлiметтер ресми жарияланған күнге дейiн пайдалана бастаған адамдар патент иеленушiнiң талап етуi бойынша одан әрi пайдалануын тоқтатуға тиiс. Алайда мұндай адам патент иеленушiнiң осындай пайдалану нәтижесiнде тартқан шығынын орнына келтiруге мiндетті емес»;

4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Келісімге қол жеткізбеген жағдайда, шешімді сот қабылдайды. Егер патент иеленушісіне объектіні пайдалану нәтижесінде келтірілген шығынды анықтау мүмкін болмаса, патент иеленушісінің өнеркәсіптік меншік объектісін пайдаланатын тұлға осы баптың 3-тармағында көрсетілген кезеңде алған немесе алуға тиіс болған пайдасының жартысына құқығы танылады.»;

10) 14-баптың 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Лицензиаттың өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға лицензияны басқа адамға (қосалқы лицензиатқа) беру туралы шарт (қосалқы лицензиялық шарт) лицензиялық шартта қарастырылған жағдайларда ғана жасалуы мүмкiн. 



Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиаттың әрекеттерi үшiн лицензиар алдында лицензиат жауапты болады.

4. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға арналған лицензиялық шарт пен қосалқы лицензиялық шарт, сондай-ақ оған қосымша шарт жазбаша нысанда жасалады және ол уәкiлеттi органда міндетті түрде тiркелуге жатады. Жазбаша нысанды немесе тiркеу туралы талапты сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
      Лицензиялық шартты тiркеу сараптама жасау ұйымы жүргізетін материалдарды сараптау нәтижелерi бойынша жүзеге асырылады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиялық шартты, сондай-ақ оған қосымша шартты тiркеу тәртiбiне лицензиялық шартты тiркеу туралы ережелер қолданылады.

5.  Патент иеленушi уәкiлеттi органға кез келген адамға өнеркәсiптiк меншік объектiлерiн пайдалануға лицензия (ашық лицензия) алу құқығын беру туралы арыз бере алады. 


      Көрсетiлген лицензияны сатып алуға тiлек бiлдiрушi адам патент иеленушiмен төлемдер туралы шарт жасасып, оны мiндеттi түрде  уәкiлеттi органда тiркетуге тиiс. Шарт талаптары бойынша даулар сотта қаралады. 

Ашық лицензия құқығын беру туралы патент иеленушiнiң өтiнiшi ашық лицензиялар туралы бюллетеньде мәлiметтер жарияланған күннен бастап үш жыл бойына қайта шақырып алуға жатпайды және күшiн сақтайды. Көрсетілген мерзiм шегiнде қорғау құжаттарын күшiнде ұстағаны үшiн төлем ашық лицензиялар туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiнгi жылдан бастап елу (50) пайызға азаяды. 

Лицензиялық шарт жасалған жағдайда, қорғау құжатын күшiнде ұстау ақысы осы шарт жасалған жылдан кейiнгi жылдан бастап толық көлемде жүргiзiледi.»;

11) 17-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) патенттік сенiм білдірілген өкiл арқылы iс жүргiзiлген жағдайда – сенiмхат немесе патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы – сенімхаттың көшірмесі;»;

12) 18-бапта:

2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) патенттік сенім білдірілген өкiл арқылы iс жүргiзiлген жағдайда – сенiмхат немесе патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы – сенімхаттың көшірмесі болуға тиіс;»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Пайдалы модельге өтінiм берiлген күн сараптама жасау ұйымына пайдалы модельге патент беру туралы өтiнiм түскен күнi бойынша белгiленедi, онда өтінім берушінің тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер ол болса) көрсетiлуi немесе өтінім берушiнiң толық атауы, пайдалы модельдің сипаттамасы және сызбасы болуы керек, ал егер аталған құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, тапсырылған құжаттардың соңғысы түскен күнi көрсетiлiп белгiленедi.»;

13) 19-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Өнеркәсiп үлгiсiне патент беруге өтiнiм (бұдан әрi - өнеркәсiп үлгiсiне өтiнiм) бiр өнеркәсiп үлгiсiне немесе өзара байланыстылығы бірыңғай шығармашылық ойды (өнеркәсiп үлгiсiнiң бiрлiгi талабын) құратын өнеркәсiп үлгiлерi тобына қатысты болуға тиiс.»;

2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) патенттік сенім білдірілген өкiл арқылы iс жүргiзiлген жағдайда – сенiмхат немесе патенттік сенімді өкіл арқылы – сенімхаттың көшірмесі болуға тиіс.»;

14) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Өтiнiм берушiнiң өтiнiм құжаттарына осы өтiнiм бойынша тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн мәлiмделген объектiнiң мәнiн өзгертпей түзетулер мен нақтылаулар, сондай-ақ тиісті өтінішхат беру жолымен қорғау құжатын алуға құқықты беру кезінде өтінім берушіні көрсетуге қатысты өзгерістерді енгiзуге құқығы бар. 
      Осы өзгерiстер өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде енгiзiлген жағдайда төлем алынбайды.

      2. Өтiнiм берушiнiң атауы өзгеруi нәтижесiндегi өзгерiстер, сондай-ақ өтiнiм құжаттарындағы техникалық сипаттағы қателердi түзету тиiстi төлем төленген жағдайда өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн тиiстi Мемлекеттiк тiзiлiмде тiркеген күнге дейiн жасалуы мүмкiн.»;

15) 22-бапта:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Егер өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жасау нәтижесiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiндегi мәлiмделген ұсыныс осы Заңның 6-бабында айқындалған өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келетiнiн анықтаса, онда сараптама жасау ұйымы белгiленген басымдықты көрсете отырып, патентке өтiнiм берушiмен келiсiлген өнертабыс формуласымен бірге оң қорытынды береді. 

Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган он күндік мерзімде өнертабысқа патент беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешiм шығарады.

Уәкілетті органның өнертабысқа патент беру туралы шешімі негізінде сараптама жасау ұйымы он жұмыс күні ішінде өтінім берушіге сараптама жасау ұйымының шешімін және қорғау құжатын беру үшін баж төлеу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

Өтінім берушіге уәкілетті органның өнертабысқа патент беру туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өтінім беруші сараптама жасау ұйымына патентті беруге дайындау және жариялау үшін тиісті төлемді, сондай-ақ мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжатты береді.

Көрсетілген құжаттар берілмеген жағдайда, өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруге төлем жасалғаны туралы құжат берілген жағдайда төлеу мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Басқа жағдайда, өтінім кері қайтарып алынған болып есептеледі, өтінім бойынша іс жүргізу тоқтатылады, ол туралы өтінім беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзім ішінде хабардар етіледі.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының тиiстi қорытындысы берiлгенге дейiн өтiнiмдi қараудың кез келген сатысында патент беру туралы өтiнiшхат бере алады. Бұл жағдайда сараптама осы Заңның 23-бабына сәйкес жүргiзiледi.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Осы баптың 3, 4, 7, 8, 10-тармақтарында көзделген және өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiмдердi қалпына келтiру үшін ақы төленгенi туралы құжат тапсырылған жағдайда сараптама жасау ұйымы өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiруi мүмкiн. 


      Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiм бiткен күннен бастап он екi айдан кешiктiрмей беруi мүмкiн. Мұндай өтiнiш сараптама жасау ұйымына сараптама сұрау салған материалдармен, ақы төленген құжаттармен немесе апелляциялық кеңеске жасалған қарсылықпен бiрге тапсырылады.»;

Сұрау салуға жауап беру немесе осы баптың 3, 8-тармақтарында көзделген қосымша құжаттарды ұсыну мерзімдері өтінім берушінің белгіленген мерзім өткенге дейін берген өтініші бойынша төлем жасалған жағдайда, белгіленген мерзім өткен күннен бастап алты ай мерзімге, ал қарсылық берудің осы Заңның 10-бабында көзделген мерзімдері - белгіленген мерзім өткен күннен бастап көп дегенде үш айға ұзартылуы мүмкін.»;

16) 22-1-бап алып тасталсын;

17) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Сараптама жасау ұйымына келiп түскен өтiнiм бойынша осы Заңның 18-бабы 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнiң 1),2,4) тармақшаларында көзделген құжаттардың бар екендiгi тексерiледi, өтiнiм берiлген күн белгiленедi. Егер өтiнiм осы Заңның 18-бабы 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1)-4) тармақшаларының талаптарын қанағаттандырмаса, сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiге бұл туралы хабарлайды және жетiспейтiн құжаттарды (мәлiметтердi) осындай хабарлама жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде табыс етудi ұсынады. Өтiнiм берушi сұратылған құжаттарды (мәлiметтердi) белгiленген мерзiмде ұсынбаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi. 
      Сараптама жүргiзу барысында осы Заңның 18-бабының 2-тармағында көзделген қажеттi құжаттардың бар екендiгi және оларға қойылатын белгiленген талаптардың орындалуы тексерiледi, пайдалы модельдің басымдық күнi, мәлiмделген ұсынысты пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi айқындалады, пайдалы модельдiң бiрлiгi және мәлiмделген пайдалы модельдiң осы Заңның 7-бабының 1-тармағында белгiленген патент қабiлеттiлiк талаптарына сәйкестiгi тексерiледі.»;


  1. Пайдалы модельге өтiнiмнiң сараптамасын өткiзген кезде тиiсiнше осы Заңның 22-бабының 2-4 және 13-тармақтарындағы ережелер қолданылады. 
          Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалатын объектiлерге жататыны және құжаттардың белгiленген талаптарға сәйкестiгi анықталса, пайдалы модельге патент беруге сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы берiледi. 

Уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде он күн мерзімде пайдалы модельге патент беру туралы шешім қабылдайды.

Уәкілетті органның пайдалы модельге патент беру туралы шешімі негізінде сараптама жасау ұйымы он жұмыс күні ішінде өтінім берушіге сараптама жасау ұйымының шешімі және қорғау құжатын беру үшін баж төлеу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.



Уәкiлеттi органның патент беру туралы шешiм қабылдағаны туралы хабарлама өтiнiш берушіге жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiш беруші сараптама жасау ұйымына патент беруге және жариялауға дайындағаны үшiн тиiстi төлемді, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжатты ұсынады.

Көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, төлем мерзімі үш ай ішінде, өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру үшін төлем жасалғаны туралы құжатты берген жағдайда, қалпына келтірілуі мүмкін. Олай болмаған жағдайда өтiнiш қайтарып алынған болып есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл туралы өтiнiш беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.

3. Егер сараптама нәтижесiнде өтiнiмнiң пайдалы модельдер ретiнде қорғалмайтын объектiлерге жататыны анықталса, сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi. Егер ұсынылған формулада өтiнiмнiң бастапқы материалдарында болмаған белгiлер байқалса немесе пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiден басқа пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсыныстармен де сипатталса немесе өтініш беруші пайдалы модель бiрлiгi талаптарының бұзылуына байланысты өтінім қаралмағандығы туралы хабарламадан кейiн формуланы өзгертпесе және, егер өтінім берілген пайдалы модель осы Заңның 7-бабының 1-тармағында белгіленген патенттік қабілеттілік талаптарына сәйкес келмесе, сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi. 
      Өтiнiм берушiнің сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына ол жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде уәкiлеттi органға қарсылық беруге құқығы бар. Қарсылықты оның түскен күнiнен бастап екi ай мерзiмде шағым кеңесi қарауға тиiс.

4. Өтiнiм берушi өтiнім қаралуының кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленушi мен үшiншi тұлғалар патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн техникалық деңгейiн анықтау үшiн сонымен салыстыру арқылы пайдалы модельдiң патент қабiлеттiлiгiн бағалау жүзеге асырылатын ақпараттық iздестiру жүргiзу туралы өтiнiш беруi мүмкiн. Бұл жағдайда тиiсiнше осы Заңның 22-бабының 11-тармағының ережелерi қолданылады.»; 

18) 24-бапта

2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер өтiнiм берушi белгiленген мерзiмде сұратылған құжаттарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiш хатты табыс етпесе, өтiнiм кері қайтарып алынған болып есептеледi, ол туралы өтiнiм берушiге тиiстi хабарлама жiберiледi. Бұл мерзім тиісті төлем жасалған жағдайда көп дегенде үш айға ұзартылуы мүмкін.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Өнеркәсіптік үлгінің бірлік талабы бұзыла отырып берілген өтінім бойынша өтінім берушіге оған тиісті хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай мерзім ішінде өнеркәсіптік үлгінің қайсысы қаралуға жататынын хабарлау және қажет болған жағдайда нақтылауларды енгізу ұсынылады. Алғашқы өтінім материалдарына енгізілген басқа өнеркәсіптік үлгілер бөлек өтінімдермен ресімделуі мүмкін. Бөлек өтінімдердің басымдығы осы Заңның 20-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленеді.

 Өтінім беруші оған бірлік талаптары бұзылғаны туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде өнеркәсіптік үлгінің қайсы біреуі қарауға жататынын хабарламаса және нақтыланған құжаттарды бермесе, сипаттамада бірінші көрсетілген объектіні, сондай-ақ біріншісімен олар өнеркәсіптік үлгінің бірлік талабын қанағаттандыратындай байланысты басқа өнеркәсіптік объектілерді қарау жүргізіледі.»;

4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:



«Қосымша материалдарға өнеркәсiптiк үлгiнiң мәнiн өзгертетiн бөлiгiнде осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп қолданылады.

Егер өтiнiм берушi сұратылған материалдарды немесе белгiленген мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiш хатты белгiленген мерзiмде ұсынбаса, өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi.

Бұл мерзім тиісті төлем жасалған жағдайда көп дегенде үш айға ұзартылуы мүмкін;»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Сараптама жасау ұйымы, егер өтiнiмге мәнi бойынша жүргiзiлген сараптама нәтижесiнде өтiнiм берушiнің сұраған көлемдегi құқықтық қорғау мәлiмделген ұсынысы осы Заңның 8-бабында айқындалған өнеркәсiптiк үлгiнiң патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес келетiнiн анықтаса, онда сараптама жасау ұйымы белгiленген басымдықты көрсете отырып, өтiнiм берушiмен келiсiлген елеулi белгiлер жиынтығымен бiрге патентке оң қорытынды бередi. 


      Сараптама жасау ұйымының қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi орган он күн мерзімде өнеркәсiптiк үлгiге патент беру туралы шешiм шығарады.

Уәкілетті органның өнеркәсіптік үлгіге патент беру туралы шешімі негізінде сараптама жасау ұйымы он жұмыс күні ішінде өтінім берушіге сараптама жасау ұйымының шешімі және қорғау құжатын беру үшін баж төлеу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.



Уәкiлеттi органның патент беру туралы шешiм қабылдағаны туралы хабарлама өтiнiш берушіге жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiш беруші сараптама жасау ұйымына патент беруге және жариялауға дайындағаны үшiн тиiстi төлемді, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжатты ұсынады. Көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, төлем мерзімі, өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру үшін төлем жасалғаны туралы құжатты ұсынған жағдайда, үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Олай болмаған жағдайда, өтiнiм қайтарып алынған болып есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл туралы өтiнiш беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап бір ай мерзімде хабардар етіледі.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Сараптама жасау ұйымы осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген және өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiруге ақы төленгенi туралы құжат табыс етiлген жағдайда өткізіп алған мерзім қалпына келтiруi мүмкiн. 
      Өтiнiм берушi мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш хатты өткiзiп алынған мерзiм аяқталған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей бере алады. Мұндай өтiнiшхат сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған материалдарымен немесе апелляциялық кеңеске жасалған қарсылықпен бiр мезгiлде ұсынылады.»; 

19) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

1. Сараптама жасау ұйымы өнертабысқа патент беру туралы мәлiметтердi өтiнiм берiлген күннен бастап он сегiз ай, ал өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге патент беру туралы мәлiметтердi он екi ай өткен соң бюллетеньде жариялайды. Өтiнiм берушiнiң өтiнiшхаты бойынша сараптама жасау ұйымы мәлiметтердi көрсетiлген мерзiмнен ерте жариялайды.»;

20) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Шағым кеңесi шешiмiнiң немесе сот шешiмiнiң негiзiнде қорғау құжаты толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.

Қорғау құжаты ішінара жарамсыз деп танылған жағдайда, қалған қорғауға қабілетті өнертабыс объектісіне, өнертабыстың, пайдалы модельдің немесе өнеркәсіптік үлгінің нұсқасына жаңа патент беріледі.

Өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік үлгіге берілген толық немесе ішінара жарамсыз деп танылған патент, патентке өтінім берген күннен бастап күшін жояды.

Кейіннен жарамсыз деп танылған патент негізінде жасалған лицензиялық шарттар патентті жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданған кезде орындалған шамасында күшін сақтайды.

Патентті жарамсыз деп тану уәкілетті органның өнертабысқа, пайдалы модельге немесе өнеркәсіптік үлгіге патент беру туралы шешімінің күшін жоюды және тиісті мемлекеттік тізілімдегі жазуды жоюды білдіреді.»;

21) 31-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Заңның 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған негiзде тоқтатылған патенттің қолданылуы, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша патенттi күшiнде сақтау үшiн төленетiн төлемнiң мерзiмi бiткен күннен бастап үш жыл iшiнде, патенттiң қолданылуын қалпына келтiруге төлем туралы құжат берiлген жағдайда, қалпына келтiрiлуi мүмкiн. 

Қалпына келтіру туралы өтінішке патенттің қолданылуын қалпына келтiруге құжаттарды дайындаған үшін патенттiң қолданылуын қалпына келтiруге және оны қолдану кезеңінде күшінде ұстау үшін төлем мерзімі өтіп кеткен төлемді растайтын құжат қоса беріледі.



Сараптама жасау ұйымы қалпына келтіру туралы өтініш берілген күннен бастап үш айдан кешіктірмей бюллетеньде патенттiң қолданылуын қалпына келтiру туралы мәлiметтер жариялайды. Жарияланым күнi патенттiң қолданылуы қалпына келтiрiлген күн болып табылады.»;

22) 32-бапта:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Апелляциялық кеңес осы Заңның 22-бабының 10-тармағына, 23-бабының 3-тармағына, 24-бабының 6-тармағына және 29-бабының 2-тармағына сәйкес берiлетiн қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейiн қарау жөнiндегi уәкiлеттi органның бөлiмшесi болып табылады. Апелляциялық кеңес туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.»;



2. Апелляциялық кеңеске:
      1) өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге патентті беруден бас тарту туралы уәкілетті органның шешімдеріне (сараптама жасау ұйымының қорытындысына);
2) өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге патентті беруге, өнертабысқа еуразиялық патенттің қолданылуына қарсы қарсылықтар берілуі мүмкін.

Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қарсылықты өтiнiш берушi немесе оның құқықтық мұрагерi тiкелей өзі не өкiл арқылы бере алады.
      Осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген қарсылықты кез келген мүдделi тұлға тiкелей өзі не өкiл арқылы бере алады.
      Қарсылық қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға тiкелей берiледi немесе пошта арқылы жiберiледi. Қарсылыққа қоса берілетін материалдар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Егер қоса берілетін материалдар басқа тілде ұсынылса, онда қарсылыққа олардың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариаттық түрде куәландырылған аудармасы қоса беріледі.
      Егер қарсылық факсимильдiк байланыс немесе электрондық пошта арқылы берiлсе, ол осындай қарсылықты алған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасымен расталуға тиiс.
     Қарсылық осы Заңда көрсетілген мерзiмдер iшiнде берiледi.
     Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген қарсылықтарды берудiң өтiнiш берушi өткiзiп алған мерзімі өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Өткiзiп алған мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi өтiнiш берушi осы Заңда белгіленген мерзімдер ішінде беруi мүмкiн. Мұндай өтiнiш апелляциялық кеңеске қарсылықпен бiр мезгілде ұсынылады.»;

23) 36-1-бапта:

1-тармақтың 3), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге құқықтарды қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органмен және (немесе) сараптама жасау ұйымымен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде хат-хабар алмасуды жүргізу, сараптама қорытындыларына қарсылықтарды дайындау және жолдау, сараптама жасау ұйымы жанындағы сараптама кеңесінің отырыстарына қатысуға;


      4) лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарды және оларға қосымша келісімдерді шарттарын жасасуға, қарауға және кейіннен оларды сараптамаға беруге жәрдемдесу қызметін жүзеге асыруға құқылы.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Патенттік сенiм білдірілген өкіл өнертабысқа, пайдалы модельдерге және өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдер беруге және (немесе) қорғау құжаттарын алуға, сондай-ақ апелляциялық кеңеске қарсылықтарды беруге байланысты істерді жүргізуге сенімхаттың көшірмесін сараптама жасау ұйымына және уәкілетті органға ұсынады.
      Егер сенімхат шетел тілінде жасалса, онда міндетті түрде оның нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы ұсынылуға тиіс.»;

24) Мынадай мазмұндағы 39-баппен толықтырылсын:

«39-бап. Өтпелі ережелер


  1. Осы Заң күшіне енгенге дейін сараптама жасау ұйымына инновациялық патент беруге түскен өтінім, ол берілген уақытта қолданылып жүрген Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарымен қарауға жатады және өнертабысқа берілген инновациялық патенттер мерзімі өткенге дейін басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты куәландырады.

  2. Осы Заң күшіне енгенге дейін өнертабысқа берілген инновациялық патент осы Заң күшіне енгенге дейін қолданылып жүрген заңнамаға және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзінің қолдану мерзімі өткенге дейін басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты куәландырады.».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет