6. 1999 жылғы 26 шілдедегі № 456 «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 776 құжат; 2004 ж., № 17, 100 құжат; 2005 ж., № 21-22, 87 құжат; 2007 г., № 5-6, 37 құжат; 2011 ж., № 11, 102 құжат; 2012 ж., № 2, 13құжат; № 14, 95 құжат):
1) 1-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) географиялық сілтеме – бұл белгілі бір аумақтан, аймақтан немесе жерден шығарылатын тауарды бірыңғайландыру көрсеткіші;;»;
мынадай мазмұндағы 4-2) тапмақшамен толықтырылсын:
«4-2) Сингапур шарты – 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты.»;
9), 10), 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану - тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде және (немесе) олардың бумасында қолдану, тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жердiң атауының белгiсi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайша жазуларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды азаматтық айналымға өзгеше енгiзу;»;
10) тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі - осы Заңға сәйкес тауар таңбасына айрықша құқыққа немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие заңды тұлға немесе жеке тұлға;»;
11) тауар шығарылған жердiң атауы – елдің, өңірдің, елді мекеннің, жердің, не басқа географиялық көрсеткішті білдіретін не құрамында атауы бар белгі, сондай-ақ ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы немесе басқа сипаттары негізінен географиялық шығу тегімен, оның ішінде өзіне тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен байланысты тауарға қатысты пайдалану нәтижесінде белгілі болған және туындының осындай атаудан шығарылған сілтемесі;»;
мынадай мазмұндағы 13), 14), 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) ұқсас тауар таңбалары – барлық элементтерімен сәйкес келетін таңбалар немесе белгілер;
14) араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас белгiлер – жекелеген элементтерінің айырмашылығы бар және тұтынушы ассоциативті тұрғыда ұқсас деп қабылдайтын ұқсас таңбалар немесе белгілер;
15) бiртектес тауарлар немесе қызметтер – бұл тауарларда ұқсас немесе бірдей таңбаларды қолданған жағдайда тұтынушының олардың бір өндірушіге тиесілі екені туралы пікірін тудыруы мүмкін бір текке (түрге) жататын бір функцияны орындайтын тауарлар немесе қызметтер.»;
2) 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.»;
-
3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;
1-1) тауар таңбаларын және тауарлар шыққан жердің атауларын тіркеу
2-1) тауар таңбасын жалпыға бiрдей белгiлi деп танудың тәртiбiн анықтау;
2-2) тауар шығарылған жерлердiң атауын тiркеудiң және (немесе) тауар шығарылған жерлердiң атауын пайдалануға құқық берудiң тәртiбiн анықтау;
2-3) тауар таңбасына құқықты беру туралы шартты тіркеу жөніндегі өтініштің нысанын бекіту;
2-4) тауар таңбасын пайдалануға лицензиялық шартты, қосалқы лицензиялық шартты, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын (франчайзинг) және кепілге беру шартын тіркеу туралы өтініштің нысанын бекіту;
3) тауар таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын, қызмет көрсету таңбаларын пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау жүргізу;
4) хаттамаларды жазу және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау, әкiмшiлiк жазаларды қолдану;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
-
3-1 -баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұжымдық тауар таңбасын тіркеуге өтінім қабылдауды; формальды сараптама жүргізуді; өтінім материалдарына өзгерістер мен түзетулер енгізуді; өтініш берушінің бастамасы бойынша сыныптар бойынша тауар таңбасына өтінімдер бөлуді; тауар таңбасына өтінімді ұжымдық тауар таңбасына қайта өзгертуді және керісінше өзгертуді; Мадрид келісіміне сәйкес халықаралық өтінімді қабылдауды; тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныпталуына сәйкес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеуді; халықаралық өтінімге өзгерістер енгізу туралы өтінішті салып жіберуді, ресімдеуді; үшеуден асқан әрбір сынып үшін қосымша өтінімге сараптама жүргізуді; өтінім берілген күннен бастап алты айдан ерте емес толық сараптаманы жедел әрі жылдамдатып жүргізуді; тіркеуден алдын ала бас тарту туралы шешімге қарсылық білдіруді қарауды; сараптаманың шешіміне қарсылық білдіру мерзімін әр айда ұзартып отыруды; сауалға жауап қайтару мерзімін әр ай сайын ұзартып отыруды; сауалға жауап қайтарудың, ақы төлеудің, өтініш берушінің қарсылық білдіруінің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіруді; тіркеу туралы мәліметтерді жариялауды; қорғалатын тауар таңбаларының, қызмет көрсету таңбаларының және тауар шығарылған жерлердің атауларының мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізуді; тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығына арналған тіркеудің, тауар таңбасына арналған және қосымша үшеуден асатын әрбір сынып үшін тіркеудің қолданылу мерзімін ұзартуды; ұзарту туралы мәліметтерді жариялауды; кепіл шартына, кешенді кәсіпкерлік лицензия беру туралы шартқа, бір немесе бір топ өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты сараптама жүргізуді; қосымша келісімдерге сараптама жүргізуді және шарттарды тіркеу туралы мәліметтерді жариялауды; мемлекеттік тізілімнен үзінді көшірмелер, анықтамалар беру; тауар таңбаларының дерекқорындағы белгілерді және іздестіру туралы есепті ұсына отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің аталған сыныптарына қатысты тіркеуге мәлімделген белгілерді алдын ала іздестіруді жүргізу; баспа және электрондық басылымдарды өткізуді және жариялауды қоса алғанда, тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге өтінімдерге сараптама жүргізу мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған сараптама жасау ұйымы жүзеге асырады.»;
5) 4-баптың 2, 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауар таңбаларын құқықтық қорғау кез келген заңды немесе жеке тұлғаларға берiледі.
3. Тауар таңбасына құқық Қазақстан Республикасының Тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміндегі жазбамен куәландырылады және Қазақстан Республикасының Тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады.»;
-
6 -баптың 1-тармағында:
-
тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауарлардың (қызметтердің) белгiлi бiр түрiн белгiлеу үшiн жалпыға ортақ қолданысқа енген;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) дәрі-дәрмектердің патенттелмейтін халықаралық атауларын білдіретін;»;
6) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Тауарларды немесе көрсетiлген қызметтердi белгiлеу үшiн пайдаланылатын олармен тiкелей сипаттық байланысы бар;»;
-
7-баптың 1-тармағында:
-
тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бiртектес тауарлар мен қызметтерге қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен халықаралық шарттарға сәйкес қорғалатын Қазақстан Республикасында тiркелген тауар таңбаларымен немесе сол тұлғаның сол тауарлары мен қызметтеріне қатысты ұқсас тауар таңбаларымен;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бiртектес тауарлар мен қызметтерге (керi қайтарып алынғандарынан басқа) қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен тiркеуге берiлген белгiлермен немесе сол тұлғаның сол тауарлары мен қызметтеріне қатысты ұқсас белгілермен;»;
мынадай редакциядағы абзацпен толықтырылсын:
осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген тауар таңбаларының қандай да біреуімен араласу дәрежесіне дейін ұқсас белгіні бiртектес тауарлар мен қызметтерге қатысты тауар таңбасы ретінде тіркеуге тауар таңбасы иесінің келісімі берілген жағдайда, жол беріледі.
-
8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауар таңбасына өтiнiмдi сараптама жасау ұйымына бiр өтiнiм иесi бередi.»;
-
9-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Тауар таңбасын тіркеуге берілетін өтінімге қойылатын талаптар»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өтiнiм берушiнi, сондай-ақ оның орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, белгiге сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтiнiм және оған қоса тiркелетiн құжаттар қазақ тiлінде немесе орыс тiлiнде табыс етiледi. Егер құжаттар басқа тiлде табыс етiлген болса, өтiнiм берушi бір ай мерзiмде олардың қазақ тiліндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын тапсырады.»;
10) 10-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тауар таңбасының түрлi тауарларға қатысты көптеген басымдығы өтiнiм берушiнiң өтiнiшi бойынша әртүрлi тауарларға қатысты бiр белгiге берiлген оның бiрнеше өтiнiмi болған кезде белгiленеді.»;
11) 11-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) алдын-ала сараптама - өтiнiм келіп түскен күннен бастап бір ай iшiнде жүргiзiледi, оның барысында өтiнiмнiң мазмұны, осы Заңның 5 және 9-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес қажеттi құжаттардың бар-жоғы тексерiледi. Өтінім иесіне он жұмыс күні ішінде сараптама нәтижелері бойынша өтінімнің қарауға қабылданғаны немесе іс жүргізу тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Тауар таңбасына өтінімге сараптама осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзімдерден бұрын, бірақ өтінім берілген күннен бастап 6 айдан аспай, өтінім берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша, қосымша төлем жасалған жағдайда жүргізіледі.»;
-
12-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алдын ала жасалған сараптама нәтижелерi бойынша өтiнiш берушiге он жұмыс күні ішінде өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны, оған тиiстi нөмiр берiлгенi, берiлген күнi және басымдық күнi белгiленгенi туралы не өтiнiмдi қарауға қабылдаудан бас тартылғаны туралы дәлелдi қорытынды түрiнде хабарланады.
Сараптама жасау ұйымы толық сараптама нәтижелері бойынша шығарылған тіркеу, ішінара тіркеу не тіркеуден бас тарту туралы сараптамалық қорытындыны он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жібереді. Тіркеуден алдын ала бас тарту туралы сараптамалық қорытынды он жұмыс күні ішінде өтінім берушіге жіберіледі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкiлеттi органның тауар таңбасын тiркеу туралы шешiмi негiзiнде өтiнiш берушi сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы туралы хабарлама алған күннен бастап үш ай iшiнде тауар таңбасын тіркеген үшiн мемлекеттiк баж төлеудi, сондай-ақ тіркеу туралы мәліметтерді жариялаған үшiн сараптама ұйымының iс-әрекеттерiне ақы төлеудi жүргiзедi.
Өтiнiш берушi белгiленген тәртiппен тауар таңбасын тіркеуге мемлекеттiк баж және тіркеу туралы мәліметтерді жариялаған үшін сараптама жасау ұйымының iс-әрекеттерiне ақы төлегенi туралы құжаттарды ұсынбаған жағдайда, тауар таңбасын тiркеу жүргiзiлмейдi, ал тауар таңбасына тиiстi өтiнiм қайтарып алынған болып саналады және ол бойынша iс жүргiзу тоқтатылады.»;
-
13-бап мынадай мазмұндағы 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«Өтiнiм берушiнiң:
7) апелляциялық кеңеске қарсылық беруге байланысты іс жүргізуді тоқтата тұру туралы өтініш білдіруге;
8) тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын алуға құқықты шарт жасамастан басқа тұлғаға беру туралы өтініш білдіруге құқығы бар.»;
-
14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімі
1. Тауар таңбасын тіркеу туралы мәліметтер сараптама жасау ұйымының қызметтеріне ақы төлеген және тауар таңбасын тіркеген үшін мемлекеттік баж төленген жағдайда, Мемлекеттік тізілімге енгізіледі.
Тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміне:
1) тауар таңбасының бейнесi;
2) оның иелерi туралы мәлiметтер;
3) тауар таңбасын тiркеудiң нөмiрi мен күнi;
4) ұжымдық тауар таңбасы екенін көрсету;
5) тауар таңбасы тiркелген тауарлар мен қызметтердiң тiзбесi;
6) сараптама жасау ұйымына берiлген өтiнiмнiң нөмiрi мен күнi;
7) егер конвенциялық басымдық белгiленген болса, алғашқы
өтiнiм берiлген ел, оның нөмiрi және берiлген күнi;
8) қорғалатын тауар таңбасына құқық беру туралы мәлiметтердi қоса алғанда, тауар таңбасын тiркеуге қатысты басқа да мәлiметтер енгiзiледi.
2. Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлімi жалпыға ортақ болып табылады. Мүдделi тұлғалардың өтiніші бойынша сараптама жасау ұйымы Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшiрме бередi.
3. Тауар таңбасының иесi өзiнiң тегiнiң, атының және қалауы бойынша әкесiнiң атының, сондай-ақ тұратын жерiнiң, не атауы мен орналасқан жерiнiң өзгерiстерi туралы мәлiметтердi қоса алғанда, тiркеуге қатысты өзгерiстер, сондай-ақ тіркеуді мәні бойынша өзгертпейтін тауар таңбасы тіркелген тауарлар және/немесе қызметтер тізімін қысқарту туралы сараптама жасау ұйымын хабардар етiп отыруға мiндеттi.»;
4. Өзгерістерді енгізу туралы өтінішті берген және тиісті төлем жасаған күннен бастап бір ай ішінде осы баптың 4-тармағында көрсетiлген өзгерiстердi, сондай-ақ техникалық сипаттағы қателердi түзету үшiн өзгерiстердi сараптама жасау ұйымы Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiміне енгiзедi.
Тауар таңбаларының Мемлекеттік тізіліміне өзгерістерді енгізген күннен бастап екі ай ішінде өтінім берушіге тиісті өзгерістердің енгізілуі туралы хабарлама жіберіледі.»;
-
15 -баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауар таңбасын тiркеудiң қолданылу мерзiмi оның қолданылуының соңғы жылы iшiнде берiлген иесiнiң өтiнiшi бойынша әр жолы он жылға ұзартылып отырады. Тiркеудiң қолданылу мерзiмiнiң ұзартылуы туралы мәлiметтер өтініш берілген күннен бастап бір ай ішінде Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi.»;
-
16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Тіркеу тіралы мәліметтерді жариялау
Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзілген тауар таңбасын тiркеуге қатысты мәлiметтердi, сондай-ақ тiркеуге қатысты бұдан былайғы өзгерiстердi Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiне тiкелей жазылған соң сараптама жасау ұйымы бюллетеньде екі ай ішінде жариялайды.
Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiміне ұжымдық тауар таңбасының иелерi туралы мәлiметтер қосымша енгiзiледi.»;
-
17-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тіркелуінің қолданылу мерзімі өтіп кеткен тауар таңбасымен бірдей немесе араласып кеткен дәрежеге дейiн ұқсас тауар таңбасы тауар таңбасы тiркеудiң қолданылуы тоқтатылған күннен бастап бір жыл бойы бұрынғы иесiнен басқа тұлғаның атына қайта тiркелмейдi.»;
-
18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме
1. Тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме тауар таңбасының тіркелу фактiсiн, оның басымдығын, тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде көрсетілген тауарлар мен қызметтерге қатысты тауар таңбасына иесiнiң айрықша құқығын растайды.
2. Үзінді көшірменің нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
-
18-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген немесе халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар таңбасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында құқықтық қорғалмайтын тауар таңбасы ретінде пайдаланылатын, бірақ белсендi пайдалану нәтижесiнде Қазақстан Республикасында кеңiнен мәлiм болған белгi Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбасы деп танылуы мүмкiн.
Тауар таңбасын Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей белгiлi деп тану жөнiндегi жеке және заңды тұлғалардың өтiнiшiн уәкiлеттi органның тауар таңбасын жалпыға бiрдей белгiлi деп тану жөнiндегi комиссиясы қарастырады.
Уәкілетті орган өтінім берілген күннен бастап екі ай ішінде нормативтік актілермен белгіленген қажетті құжаттардың болуын тексереді, өтініш берушіні өтінімді қабылдағаны туралы хабардар етеді және ол туралы мәліметтерді танысу және үшінші тұлғалар тарапынан келіспеушіліктер мүмкін болуы үшін жариялайды.
Жарияланған күннен үш ай өткен соң өтінім мен оған қоса берілетін, таңбаның жалпыға белгілі екенін растайтын материалдарды уәкілетті орган қарайды. Уәкілетті орган көрсетілген мерзім өткен соң өтінімді үш ай ішінде қарайды.
Өтінім берушінің өтінімнің қаралуы аяқталғанға дейін өтінім материалдарына түзетулерді, толықтыруларды және нақтылауларды енгізуге құқығы бар.
Үшінші тұлғалар тарапынан келіспеушілік болған жағдайда, өтінім иесіне тиісті хабарлама жіберіледі, өтінім беруші оған жауапты өтінімді қарау нәтижелері бойынша қорытынды шығарылуынан бұрын береді.
Қазақстан Республикасында тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) жалпыға бiрдей белгiлi деп тану жөнiндегi комиссия туралы ереженi уәкiлеттi орган бекiтедi.
Өтiнiштi қарау нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органның комиссиясы тауар таңбасын жалпыға бiрдей белгiлi деп тану туралы не ондай деп танудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды, мұндай шешiм ол қабылданған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде тауар таңбасының иесiне жiберiледi.
Егер өтiнiш берушi ұсынған нақты мәлiметтерде таңбаның жалпыға бiрдей белгiлi болуы өтiнiште көрсетiлгеннен өзге күн екендiгi расталса, тауар таңбасы нақты күннен бастап жалпыға бірдей белгілі деп танылуы мүмкiн.
Таңбаның іс жүзінде жалпыға бірдей белгілі болып танылу туралы мәліметтер тұтынушылардан сұрау нәтижелерімен расталады, оны Қазақстан Республикасының аумағында мамандандырылған тәуелсіз ұйым жүргізеді. Сауалнама Қазақстан Республикасының облыстық маңызы бар, Астана және Алматы қалаларын қоса алғанда, кемінде бес қаланы қамтуға тиіс. Бір елді мекендегі респонденттер саны кемінде жүз адамды құрауға тиіс.
Егер:
өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтерде тауар таңбасының жалпыға бiрдей белгiлi екенi расталмаса немесе олар тауар таңбасының жалпыға бiрдей белгiлi екенiн тану үшiн жеткiлiксiз болса;
өзiнiң тауар таңбасын жалпыға бiрдей белгiлi деп тануға өтiнiш берген күннен неғұрлым ертерек басымдығы бар, қорғалатын немесе бiр тектес тауарларға қатысты өзге тұлғаның атына мәлiмделген, өтiнiш берушiнiң тауар таңбаларымен араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас тауар таңбасы бар екенi анықталса, тауар таңбасын жалпыға бiрдей белгiлi деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарылады.
Уәкiлеттi орган комиссиясының осы тармақтың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген шешiмiне сотқа шағым жасалуы мүмкiн.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген белгiнi немесе тауар таңбасын жалпыға бiрдей белгiлi деп тану негiзiнде тану туралы тиісті мәліметтер Қазақстан Республикасының Тауар таңбаларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Тауар таңбасын жалпыға бiрдей белгiлi деп танудың қолданылу мерзімі оның иесiнiң өтініші бойынша және тауар таңбасының жалпыға бiрдей белгiлi екенiн растайтын мәлiметтер табыс етiлген жағдайда келесi он жыл мерзiмге ұзартылады.
Жалпыға бiрдей белгiлi тауар таңбасын тiркеу, оның иесi туралы мәлiметтер және осындай тiркеуге қатысты кейiнгi өзгерiстер жалпыға бiрдей белгiлi Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi және бюллетеньде жарияланады.»;
-
21-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауар таңбасына құқықты беру туралы, лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты және тауар таңбасын кепілге беру шарты жазбаша нысанда жасалып, уәкiлеттi органда тiркелуге тиiс. Тiркеу туралы жазбаша нысан мен талаптарды сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.
Тауар таңбасына құқықты беру туралы шартты, лицензиялық шартты, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын және тауар таңбасын кепілге беру шартын тіркеу сараптама жасау ұйымы жүргiзетін материалдар сараптамасының нәтижелерi бойынша жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиялық шарттарды тiркеудiң тәртiбiне лицензиялық шарттарды тiркеу туралы ережелер қолданылады.
Тауар таңбасына құқықты беру туралы шартты, лицензиялық шартты, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын және тауар таңбасын кепілге беру шартын тіркеу үшін сараптама жасау ұйымына белгіленген нысандағы өтініш ұсынылады.
Өтінішке:
1) біртекті өнеркәсіптік меншік объектілері нысаны болып табылатын, титулдық парақпен жабдықталған шарттың төрт дана түпнұсқасы қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалған қағаз пломбамен бекітіледі, мөр бедерлемесі мен екі тараптың немесе соған уәкілеттік берген екі тарап тұлғаларының қолдары қойылады.
Лицензиялық шарттар үшін материалдарды тіркеуге беру шартқа қол қойылған күннен бастап алты ай мерзімнен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Шарт түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
2) өтініш өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат немесе патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхаттың көшірмесі;
3) мемлекеттік бажды төлегенін;
4) сараптама жасау ұйымының қызметтеріне ақы төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.
Төлем өтінім берілген кезде немесе өтініш түскен күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі. Бір ай ішінде төлем туралы құжат берілмеген жағдайда, өтінім берілмеген болып табылады.
Лицензиялық шарттар бойынша ұлттық өтініш берушілер жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, лицензиардың (қосалқы лицензиардың) басқару органдарының шарт жасасу және заңды тұлғаның атынан өтініш берген жағдайда шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімін ұсынады.
Өзгеге беру шарттары бойынша ұлттық өтініш берушілер жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, қорғау құжаты немесе айрықша құқық иесінің басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және шартқа кәсіпорын басшысының қол қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімін ұсынады.
Өтiнiш пен басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тiлдерiнде ұсынылады. Шетелдiк есiмдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитерациясымен көрсетiлуге тиiс. Егер құжаттар басқа тілде ұсынылса, өтінішке олардың нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі.
Өтiнiш бiр тауар таңбасына құқықты беру туралы шартқа, лицензиялық шартқа, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартына, кепілге беру шартына, қосымша келісімге қатысты болуға тиiс.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе уәкілетті органға шарт құжаттарын өз атынан беретін шетелдiк заңды тұлғалар шарттарды тiркеуге байланысты құқықтарын Қазақстан Республикасының тiркелген патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілдері арқылы жүзеге асырады.
Уақытша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген оның азаматтары Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде хат-хабар алмасуға
арналған мекенжайларын көрсеткен жағдайда, шарттарды тiркеуге байланысты құқықтарды патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілдерсіз жүзеге асырады.
Тараптарының бірі Сингапур шартына қатысушы шетелдік мемлекеттің заңды немесе жеке тұлғасы болып табылатын өтінім берушілердің құқықтарды өзгеге беру туралы шартына сараптама жасау және тіркеу Сингапур шартының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.»;
5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) соған қатысты шарт жасалатын, бірақ қалпына келтіру мүмкіндігі бар тауар таңбасын тіркеудің қолданысының тоқтатылуы;»;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) соған қатысты шарт жасалатын тауар таңбасын тіркеудің қолданылуы тоқтатылған және оларды қалпына келтіру мүмкіндігі болмаған;»;
9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган шартты тіркеу туралы шешім шығарғаннан кейін:
-
шарттың титулдық бетінде тіркелген күні мен оның тіркеу нөмірін көрсете отырып, оны тіркеу туралы мөртабанды қояды;
-
шарт туралы мәліметтерді тіркелген шарттардың тізіліміне енгізеді;
3) шартты тіркеу туралы мәліметтерді жариялау үшін шарттың үш данасын қорытындымен бірге сараптама жасау ұйымына жібереді.
Шарттың үшiншi және төртiншi даналары тиісті уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымында сақталады және бақылау даналары болып табылады.
Тіркелген лицензиялық, тауар таңбаларына айырықша құқықтарды өзгеге беру туралы, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты, кепілге беру шарты бойынша сараптама жасау ұйымы тіркелген шарттың екі данасын өтініште көрсетілген мекенжай бойынша жібереді және тіркелген шарттар туралы мәліметтерді, атап айтқанда, шарттың тіркелген нөмірі мен күнін, шарт тараптарының атауын немесе толық мәліметтерін, шарттың мәнін, шарттың қолданылу мерзімін, шарттың қолданылу аумағын бюллетеньде жариялайды.
Кез келген тұлға тiркелген шарттар тiзiлiмiнен тiркелген шарттар туралы мәлiметке қатысты үзінді көшiрменi ашық жариялау үшін алуы мүмкін.
Үшiншi тұлғаны шарт мәтiнiмен таныстыруға, сондай-ақ одан үзінді көшiрме алуға шарт тараптарының жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
Уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде тауар таңбасына құқықты беру туралы шартты және лицензиялық шартты тiркеуден бас тарту туралы шешiм шығарған жағдайда, қаралып отырған шарт бойынша құжаттар тiркеуден бас тарту туралы шешiммен бiрге өтiнiште көрсетiлген мекенжай бойынша қайтарылады.»;
10. Тауар таңбасына құқықты беру туралы шарт, лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты, кепілге беру шарты оларды уәкілеттік органда тіркеген күнінен бастап күшіне енеді.»;
21) 24-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) заңды тұлғаның жоюылуына, кәсіпкерлік қызметті тоқтатуына немесе тауар таңбасының иесі болып табылатын жеке тұлғаның қайтыс болуына байланысты;»; ;
22) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасында тауар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау осы Заңда көзделген тәртiппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай оларды тiркеу негiзiнде берiледi.
2. Тауар шығарылған жер атауын пайдаланудың ерекше құқығы айрықша қасиеттерi тек қана немесе негiзiнен табиғи жағдайларды және (немесе) адам факторларын қоса алғанда, географиялық ортаға байланысты осы географиялық объектiде кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын, тауарлар өндiретiн бiр немесе бiрнеше тұлғаларға берiлуi мүмкiн.
3. Шет мемлекеттегi географиялық сілтеменің, егер осы сілтеменің атауы осындай атау ретiнде тауар шығарылған елде қорғалса, тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде мемлекеттiк тiркеуге жол беріледі. Көрсетiлген тауар шығарылған жердiң атауын пайдаланудың айрықша құқығының иесi тауар шығарылған елде осындай атауды пайдалану құқығы қорғалатын тұлға ғана болуы мүмкiн.»;
23) 29 -баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтiнiм мен оған қоса тiркелетiн құжаттар қазақ тiлінде немесе орыс тiлінде тапсырылады. Етер құжаттар басқа тiлде тапсырылса, онда өтiнiм берушi бір ай iшiнде олардың қазақ тiліндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын тапсыруға тиiс.»;
24) 31-баптың 2-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қайта шығарылған сараптама шешiмiмен келiспеген жағдайда өтiнiм берушi осы Заңның 12-бабының 6-тармағында көзделген тәртiппен қарсылық бере алады.»;
-
33-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сараптама жасау ұйымы Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiне тауар шығарылған жердiң атауын, тiркелу нөмiрi мен күнiн, тауардың айрықша қасиеттерiнiң сипаттамасын, тұрғылықты жерлерiн (орналасқан жерлерiн), өтiнiмнiң нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып, тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының барлық иелерi туралы мәлiметтердi және көрсетiлген мәлiметтердегi одан кейiнгi барлық өзгерiстердi, сондай-ақ тiркеуге қатысты басқа да мәлiметтердi енгiзедi.
2. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының иесi тiркеу туралы мәлiметтерге қатысты өзгерiстер жайында сараптама жасау ұйымына хабарлап отыруға мiндеттi. Өзгерiстер туралы жазбаны сараптама жасау ұйымы Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізедi.»;
-
36-баптың мазмұны мынадай редакцияда жазылсын:
«Статья 36. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы
1. Мемлекеттік тіркеуден үзінді көшірме тауар шығарылған жер атауының тiркелу фактiсiн және тауарлардың шыққан жерлері атауларының мемлекеттік тізілімінде көрсетiлген тауар иесiнiң осы тауарды пайдалану жөнiндегi айрықша құқығын растайды;
2. Үзінді көшірменің нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.»;
27) 41-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Апелляциялық кеңес осы Заңның 12-бабының 6-тармағына, 19-бабының 4-тармағына, 23-бабының 2-тармағына, 39-бабының 2-тармағына сәйкес берiлетiн қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейiн қарау жөнiндегi уәкiлеттi органның бөлiмшесi болып табылады. Апелляциялық кеңес туралы ереженi уәкiлеттi орган бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. 1-тармақта көрсетілген қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейін қарау міндетті болып табылады.»;
27) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 42-бап. Дауларды қарау
1. Сот тәртiбiмен қарауға:
1) тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын тіркеудің заңдылығы туралы;
2) тауар таңбасы немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнiң айрықша құқығын бұзу туралы;
3) тауар таңбасын пайдалануға лицензиялық шарттар жасасу және оларды орындау туралы;
4) тауар таңбасын жалпы жұртқа белгiлi деп танудың заңдылығы туралы;
5) тіркеуден туындайтын құқықтарды қорғауға байланысты басқа да даулар жатады.
-
Сараптама жасау ұйымы сот шешiмi негiзiнде тiркеуге қатысты өзгерiстер туралы мәлiметтердi жариялайды.»;
29) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«45-бап. Мемлекеттік баж
Уәкiлеттi органның тауар таңбасын, тауар шығарылған жердің атауын, жалпыға белгілі тауар таңбасын тіркеу, шарттарды тiркеу, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi aттecтaттay және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк беру жөнiнде iс-қимылдар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.
Сараптама жасау ұйымы тауар таңбасын тіркеуге өтінімдерді, тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және оны пайдалану құқығын беруге өтінімдерді қабылдауды, сараптама жүргізуді және олардың қатысушылары үшін құқықтар мен міндеттерді тудыратын өзге де әрекеттерді қамтитын осы Заңда көзделген әрекеттерді жүзеге асырған үшін төлем алады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Результаты согласования
23.7.2013: Алигожин Б. К. (Алигожин Б. К.) - - cогласовано без замечаний
23.7.2013: Саданов М. А. (Саданов М. А.) - - cогласовано без замечаний
Достарыңызбен бөлісу: |