2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне (ҚР Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-II (2526-II), 112 құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18 құжаттар; № 13-14, 63 құжат; № 15-16, 74 құжат; № 17, 82 құжат; № 18, 84 құжат; № 23, 100 құжат; № 24, 134 құжат; 2010 ж., № 1-2, 5 құжат; № 5, 23 құжат; № 7, 28, 29 құжаттар; № 11, 58 құжат; № 15, 71 құжат; № 17-18, 112 құжат; № 22, 130, 132 құжат; № 24, 145, 146, 149 құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3 құжат; № 2, 21, 25 құжат; № 4, 37 құжат; № 6, 50; құжат № 11, 102 құжат; № 12, 111 құжат; № 13, 116 құжат; № 14, 117 құжат; № 15, 120 құжат; № 16, 128 құжат; № 20, 151 құжат; № 21, 161 құжат; № 24, 196 құжат; 2012 ж., № 1, 5 құжат ; № 2, 11, 15 құжат; № 3, 21, 22, 25, 27 құжат; № 4, 32 құжат; № 5, 35 құжат; № 6, 43, 44 құжат ; № 8, 64 құжат; № 10, 77 құжат; № 11, 80 құжат; № 13, 91 құжат; № 14, 92 құжат; № 15, 97 құжат; № 20, 121 құжат; № 21-22, 124 құжат ; № 23-24, 125 құжат; 2013 ж., № 1, 3 құжат; № 2, 7, 10 құжат; № 3, 15 құжат; № 4, 21 құжат; 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2013 жылғы 22 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған):
1) 539-баптың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) патент берген үшін және тауар таңбасын тіркеген үшін – 100 пайыз;
2) жалпыға бірдей белгілі тауар таңбасын тіркеген үшін 100 пайыз;;».
3. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (ҚР Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237 құжат; 2004 ж, № 17, 100 құжат; 2005 ж., № 21-22, 87 құжат; 2007 ж., № 20, 152 құжат; 2009 ж., № 15-16, 75 құжат; 2012 ж., № 2, 13 құжат; № 3, 25 құжат; № 15, 97 құжат):
1) 2-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) айрықша құқық - автордың және/немесе өзге құқық иеленушінің туындыны және/немесе сабақтас құқықтар объектілерін белгіленген мерзім ішінде кез келген әдіспен пайдалануға, пайдалануға рұқсат етуге немесе тыйым салуға мүліктік құқығы;»;
2) 7-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) сәулет, қала құрылысы, безендіру және бау-саябақ өнерi туындылары;»;
3) 9-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Автордың жарияланбаған туындыға мүліктік емес жеке құқықтарын куәландыру үшін, сондай-ақ құқық иеленушінің туындыға айрықша мүліктік құқықтарына иелігін растау үшін кез келген уақытта авторлық құқықты қорғау не тиісті шарттардың қолданылу мерзімінде оларды ресми тізілімдерде тіркеуге құқығы бар. Уәкілетті орган осы Заңда белгіленген тәртіппен тіркеуді жүзеге асырады. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеу авторлар мен құқық иеленушілер беретін құжаттарды сараптама жасау ұйымы жүргізетін олардың толықтығы мен заңнама талаптарына сәйкестігін алдын ала қарау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сәулет, қала құрылысы, безендіру, бақша-парк өнері туындыларына құқықтарды тіркеу кезінде мынадай құжаттар:
1) өтініш;
2) нобайлар, сызбалар, суреттер;
3) туындының толық сипаттамасы;
4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы ұсынылады..»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру және авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің расталуы болып табылады. Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын және авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізілетін мәліметтердің тізімін уәкілетті орган бекітеді.»;
4) 15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) туындының атауымен қоса, оған қол сұғуға жол бермеу құқығы, туындыны кез-келген жолмен бүлдiруге, бұрмалауға немесе өзге жолмен өзгертуге, сондай-ақ автордың ар-ожданына яки беделiне нұқсан келтiре алатын басқа кез-келген қол сұғушылыққа қарсы әрекет ету құқығы (автордың беделiн қорғау құқығы).»;
5) 19-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) кітапханалар мен мұрағаттардың заңды жарияланған туындыларды оны жоғалған немесе бүлінген даналарды ауыстыру мақсатында бірегей данада пайда алусыз электрондық форматқа көшіру арқылы қайта шығару, сондай-ақ осы туындыны қандай да бір себептермен өздерінің қорларынан жоғалтқан басқа да кітапханаларға беру;»;
6) 32-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Авторлық шарттың талаптары мен нысаны. Тараптардың жауапкершілігі»;
7) 33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Тапсырыстың авторлық шарты туындының тапсырысшыға берілетін кезеңін, сондай-ақ тундыны пайдалану үшін мүліктік құқықтардың берілуін көздеуге тиіс.»;
8) 44-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Пайдаланушылар мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымға авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану туралы есепті, сондай-ақ сыйақыны жинау және бөлу үшін қажетті өзге де мәліметтер мен құжаттарды беруге міндетті, олардың тізімдері мен мерзімдері шартта айқындалады.»;
9) 46-баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңның 45-бабының 4) тармақшасының ережелеріне сәйкес жиналған сыйақыны авторлық және сабақтас құқықтардың иелеріне бөлу және төлеу үшін пайдалануға міндетті. Бұл ретте ұйым жиналған сыйақыдан өзінің мұндай сыйақыны жинауға, бөлуге және төлеуге кеткен нақты шығынын өтеуге қажетті соманы, сондай-ақ өзі өкілі болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің келісімімен және солардың мүддесіне сай сол ұйым құрған арнайы қорларға жіберілетін соманы ұстап қалуға құқылы;
Сыйақыны жинауға және бөлуге жұмсалған нақты шығыстардың орнын толтыру сомалары жиналған сыйақының жалпы сомасының отыз пайызынан аспауға тиіс;
3) жиналған сыйақы сомасын осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген сомаларды шегере отырып, туындылардың және сабақтас құқықтар объектілерінің нақты пайдаланылуына қарай барабар бөлуге және қазақстандық авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілерге – тоқсанына кемінде бір рет және осындай құқықтарды басқаратын шетелдік ұйымдарға жылына кемінде бір рет төлеп отыруға міндетті. Бұл ретте ұйым осы ұйым жасасқан лицензиялық шарттарға және сыйақы төлеу туралы шарттарына сәйкес сыйақы алуға құқығы бар құқық иеленушілерді белгілеу бойынша ақылға қонымды және жеткілікті шаралар қабылдауға, соның ішінде осы мақсат үшін авторлардың және өзге де құқық иеленушілердің мүліктік құқықтарын басқаратын басқа да ұйымдардан, Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпаратты пайдалануға міндетті;»;
10) 46-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) уәкілетті органға жіберілетін есептерді Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, осы ұйымдардың Интернет-ресурстарында жария ету;
9) пайдаланушылармен жасасылған шарттар туралы ақпаратты Интернет-ресурсқа орналастыру.»;
11) 46-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымға осы Заңның 45-бабының 4) тармақшасында көзделген сыйақы жинауға қатысты өкілеттіктерді бермеген авторлық және сабақтас құқықтар иелері, жеткілікті негіздер болған жағдайда, одан жүргізілген бөлуге сәйкес өздеріне тиесілі сыйақыны төлеуді, сондай-ақ осы ұйым пайдаланушыларға беретін рұқсаттардан өзінің туындылары мен сабақтас құқықтар объектілерін шығарып тастауды талап етуге құқылы.
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым авторлық және сабақтас құқықтар иесінен хабарламаны алған күннен бастап үш ай өткеннен кейін олардың көрсеткен құқықтарын және/немесе объектілерін барлық пайдаланушылармен жасасылған шарттардан алып тастауға және осы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына, Интернет-ресурстарға орналастыруға міндетті. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым авторлық және сабақтас құқықтар иесіне бұрын жасасылған шарттарға сәйкес алынған оған тиесілі сыйақыны төлеуге және оған есеп беруге міндетті.»;
12) 46-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«46-2-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу тәртібі
1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу ерікті болып табылады және оны осы Заңға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның өтініші негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымды аккредиттеуді мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды акредиттеу жөніндегі комиссияның қорытындысы негізінде (бұдан әрі - аккредиттеу жөніндегі комиссия) уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Акредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
Уәкілетті орган аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күн туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және оның интернет-ресурсында аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күнге дейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей орналастырады.»;
4. Өтініш беруші аккредиттеуден өту үшін уәкілетті органға жазбаша түрде өтініш жібереді. Өтініш аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жіберілуге тиіс. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
5. Уәкілетті орган өтінішті қабылдайды және өтініштерді тіркеу журналында нөмір беріп әрі қабылдау күнін көрсетіп, олардың есебін жүргізеді.
6. Аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысы, егер отырысқа оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысса, шешім қабылдауға құқылы. Аккредиттеу жөніндегі комиссия шешімі отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің басым дауысымен қабылданады. Егер дауыстар тең болса, аккредиттеу жөніндегі комиссия төрағасы шешуші дауысқа ие болады.
Аккредиттеу жөніндегі комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруді жүргізу арқылы шешім қабылдауына және өз өкілеттіктерін басқа адамға беруіне жол берілмейді.
7. Уәкiлеттi орган аккредиттеу жөнiндегi комиссия отырысының қорытындылары бойынша отырыс аяқталған күннен кейiн күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзiмде аккредиттеу туралы шешiм қабылдайды және өтiнiш берушiге бес жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк бередi.
Аккредиттеу туралы қорытынды шығарған кезде аккредиттеу жөніндегі комиссия мыналарды:
1) заңды тұлға ретінде тіркелген кезден бастап осы салада қызметін кемінде екі жыл жүзеге асырғанын;
2) жиналған сыйақыны кемінде сегіз рет бөлу және төлеу жөніндегі жұмыс тәжірибесінің болуын;
3) авторлардың және пайдаланушылардың ұйым қызметі туралы оң пікірлерінің болуын;
4) ұйымның осы Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді тиісті түрде орындауы;
5) басқа мемлекеттердің құқық иеленушілердің мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқару жөніндегі осындай ұйымдарымен өзара мүдделілік білдіру туралы қолданыстағы шарттардың болуын;
6) басқа мемлекеттердің мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарға өзара мүдделілік білдіру туралы қолданыстағы шарттар негізінде сыйақының тиісті сомаларының аударылуын растайтын құжаттардың болуын;
7) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауға кедергі жасау фактілерінің болмауын, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамауын назарға алуға тиіс.
Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттар ұсынылмаған;
2) ұсынылған құжаттарда қамтылған мәлiметтер толық болмаған;
3) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауға кедергі жасау, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау фактілері болған;
4) ұйым осы Заңның 46-бабында көзделген міндеттерін тиісті орындамаған жағдайларда аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.»;
13) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 47-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын
ұйымдардың қызметiн бақылау
-
Авторлардың, орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың немесе өзге де авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленушілердің мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйым уәкiлдiк берiлген орынға жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың он бесінші сәуірінен кешіктірмей өз қызметi туралы белгіленген нысанға сәйкес:
1) мұндай ұйымның жарғысына және өзге де құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер туралы;
2) мұндай ұйымның осыған ұқсас құқықтарды басшылыққа алған шетелдiк мекемелермен жасасқан екiжақты және көпжақты келiсiмдерi туралы;
3) жалпы жиналыстың шешiмдерi туралы;
4) жиналған, бөлінген, бөлінбеген, төленген, төленбеген сыйақы, сондай-ақ талап етiлмеген сыйақылар туралы мәлiметтердi қоса алғанда, осындай ұйымның жылдық балансы, жылдық есебi және оның қызметiн аудиторлық тексеру туралы;
5) осындай ұйымның атынан уәкiлдiк берiлген адамдардың тектерi туралы ақпаратты беруге мiндеттi»;
2. Уәкiлетті органның мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардан ұйым қызметiнiң осы Заңға, Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына немесе өзге де заңнамаға, сондай-ақ мұндай ұйымның жарғысына сәйкестiгiн тексеру үшiн қажеттi қосымша ақпаратты және құжаттарды талап етуге құқығы бар.
3. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын
ұйым беретін есептің нысанын уәкілетті орган бекітеді.»;
14) 47-1-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауға кедергі жасау фактілері болуын, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамауын.»;
15) 49-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) соттың қарауы бойынша айқындалатын бір жүз айлық есептік көрсеткіштен он бес мың айлық есептік көрсеткішке дейін немесе туындылар даналарының екі есе құны мөлшерінде немесе салыстырған жағдайда, туындыны заңды пайдаланған үшін әдетте алынатын құнына сүйене келе туындыны пайдалану құқығының құны мөлшерінде өтем төлеу арқылы жүзеге асырылады. Зиянның орнын толтырудың немесе табысты өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi;».
Достарыңызбен бөлісу: |