Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-параграф. Тергеу жүргізу



бет27/29
Дата14.06.2016
өлшемі1.9 Mb.
#135950
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

5-параграф. Тергеу жүргізу
429-бап. Тергеу жүргізу үшін негіздер

1. Тергеу – арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын жүргізуге арналған тергеу жүргізетін орган жүзеге асыратын рәсім.

Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы тергеулерін жүргізуге жауапты Комиссия айқындайтын орган тергеу жүргізетін орган болып табылады.

2. Өспелі импорттың және осымен шарттасылған Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының елеулі залалының немесе мұндай залал келтіру қаупінің бар екендігін белгілеу мақсатында, сондай-ақ демпингтік немесе субсидияланатын импортты және осымен шарттасылған материалдық залалды, мұндай материалдық залал келтіру қаупін немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының құрылуын елеулі тежеу қаупін анықтау мақсатында тергеуді тергеу жүргізетін орган жазбаша нысандағы өтініштің негізінде не өз бастамасы бойынша жүргізеді.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының елеулі залалы ретінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласының өндірістік, сауда және қаржылық жағдайының елеулі түрде нашарлауымен көрініс берген Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды өндірумен байланысты мән-жайдың жалпы нашарлауы түсініледі.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залал ретінде дәлелдемелермен расталған Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономика саласына елеулі залал келтірілуінің болмай қолмауы болып табылады.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтінішті:

1) Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) өндіруші немесе оның уәкілетті өкілі;

2) қатысушыларының қатарына өндірушілердің елеулі бөлігі, бірақ Кеден одағына мүше мемлекеттердегі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) не ұқсас тауар (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтінішті берген кезде) өндірісінің жалпы көлемінен кемінде жиырма бес пайыз кіретін өндірушілер бірлестігі немесе оның уәкілетті өкілі береді.

Осындай өндірушілер мен бірлестіктердің уәкілетті өкілдерінің өтінішпен бірге түпнұсқалары тергеу жүргізетін органға ұсынылатын құжаттармен расталған, нотариаттық ресімделген өкілеттіктері болуы тиіс.

4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген өтінішке Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін не ұқсас тауарды өндірушілердің өтінішті қолдайтындықтарының дәлелдемесі қоса беріледі. Осындай өтінішті қолдаудың жеткілікті дәлелдемесі ретінде:

1) өтінішке Кеден одағына мүше мемлекеттерде (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініш берген кезде) ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды өндірудің жалпы көлемінің көп бөлігін, бірақ кемінде жиырма бес пайызын өтініш берушімен бірге шығаратын Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас немесе бәсекелес тауарды басқа өндірушілердің өтінішіне қосылғаны туралы құжаттар;

2) Кеден одағына мүше мемлекеттерде (оның ішінде өтініш берушілерге) өндірушілердің өтінішті қолдауда айтылған ұқсас тауарды өндіру үлесі Кеден одағына мүше мемлекеттеріндегі ұқсас тауар өндірісінің жалпы көлемінің кемінде жиырма бес пайызын құрайтындығын, бұл ретте өтінішке қатысты өз пікірін (қолдау немесе келіспейтіндігін) Кеден одағына мүше мемлекеттердің өндірушілерінің (оның ішінде өтініш берушінің) өтінішті (демпингке қарсы шараларды немесе өтемақы шараларды қолдану туралы өтінішті беру кезінде) қолдауда айтылған ұқсас тауарды өндіру үлесі Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас тауар өндірісінің жалпы көлемінің кемінде елу пайыздан астамын құрайтындығын растайтын құжаттар танылады.

5. Осы баптың2-тармағында көрсетілген өтініш мыналарды:

1) өтініш беруші туралы, өтініш берген күннің алдындағы тікелей үш жыл ішінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауардың (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде), ұқсас тауардың (демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) сандық және құндық көріністе өндіру көлемі туралы, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттер өндірушілерінің ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауардың (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) не ұқсас тауардың (демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) сандық және құндық көріністе өндіру көлемі туралы және Кеден одағына мүше мемлекеттерде ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауарды (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) не ұқсас тауарды (демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) өндірудің жалпы көлеміндегі олардың үлесі туралы мәліметті;

2) Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына импортталатын, оған қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын жүргізу ұсынылатын тауардың Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының кодын көрсете отырып сипаттамасын;

3) экспорттаушы үшінші елдің немесе кедендік статистика деректерінің негізінде осы тауарды шығарушы не жіберуші елдің атауын;

4) экспорттаушы үшінші елде осы тауарды белгілі өндірушілер және (немесе) экспорттаушылар туралы және Кеден одағына мүше мемлекеттердегі осы тауарды белгілі импорттаушылар мен тауарды негізгі белгілі тұтынушылар туралы мәліметтерді;

5) оған қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын енгізу ұсынылатын тауардың Кеден одағының бірыңғай кеден аумағындағы өткен кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берген күнге репрезентативті статистикалық деректер қол жетімді одан кейінгі кезеңдегі импорт көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер;

6) Кеден одағының бірыңғай кеден аумағынан өткен кезеңдегі, сондай-ақ өтініш берген күнге репрезентативті статистикалық деректер қол жетімді одан кейінгі кезеңдегі ұқсас немесе тікелей бәсекелесетін тауардың (арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) не ұқсас тауардың (демпингке қарсы шараларды немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш берген кезде) экспорты көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметті қамтуға тиіс.

6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар өтініште ұсынылған шараларға байланысты өтініш беруші мыналарды:

1) тауардың өспелі импортының дәлелін, Кеден одағына мүше мемлекеттер экономикасының саласына келтірілген елеулі залалдың болуы немесе тауарлардың өспелі импортының салдарынан осындай залал келтіру қаупінің болу дәлелін, осындай шараның мөлшері және қолданылу мерзімін көрсете отырып, арнайы қорғау шараларын енгізу туралы ұсыныс және өтініш беруші ұсынатын арнайы қорғау шарасын қолдану мерзімі ішінде шетелдік бәсекелестік жағдайларында Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласын бейімдеу бойынша іс-шаралар жоспарын (арнайы қорғау шарасын қолдану туралы өтініште);

2) тауардың экспорттық бағасы мен қалыпты құны туралы мәліметтерді, материалдық залал немесе осындай залал келтіру қаупінің не тауардың демпингтік импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласын құруды елеулі тежеудің бар екендігінің дәлелін, сондай-ақ шараның мөлшері мен қолдану мерзімін көрсете отырып, демпингке қарсы шараны енгізу туралы ұсынысты (демпингке қарсы шараны қолдану туралы өтініште);

3) экспорттаушы үшінші мемлекеттің ерекше субсидиясының болуы және сипаттамасы, егер мүмкін болса, оның мөлшері туралы мәліметті, материалдық залал немесе мұндай залал келтірілу туралы тауардың субсидияланатын импорты салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының құрылуын елеулі тежеудің бар екендігінің дәлелі, сондай-ақ шараның мөлшері мен қолдану мерзімін көрсете отырып, өтемақы шарасын енгізу туралы ұсынысты (өтемақы шарасын қолдану туралы өтініште) көрсетеді.

Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына келтірілген елеулі залалдың немесе залал келтiру қаупi болуының дәлелін (арнайы қорғау шарасын қолдану алдында тергеу жүргізу туралы өтініш берген кезде) және Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залал немесе материалдық залал келтiру қаупі болуының не демпингтік импорт немесе субсидияланатын импорт салдарынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласын құруды елеулі тежеу (демпингке қарсы немесе өтемақы шарасын қолдану туралы өтініш берген кезде) дәлелі Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының экономикалық жағдайын сипаттайтын объективті факторларға негізделуге және сандық және/немесе құндық көрсеткіштерде (оның ішінде тауар өндірісінің көлемі және оның сатылу көлемі, Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығындағы тауар үлесі, тауар өндірісінің өзіндік құны, тауар бағасы, өндірістік қуаттар жүктемесінің дәрежесі, еңбек өнімділігі, пайда мөлшері, өндірістің рентабельділігі, тауардың сатылу көлемі, Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына инвестициялар көлемі) көрсетілуі тиіс.

7. Тергеу жүргізетін органда мұндай өтінішті тіркеу күні өтініш беру күні болып саналады.

8. Салыстыру мақсатында өтініште жазылған көрсеткіштерді көрсету кезінде бірыңғай ақшалай және сандық бірліктер пайдаланылуға тиіс.

9. Өтініште жазылған мәліметтерді осындай мәліметтерді ұсынған өндірушілердің басшылары, сондай-ақ осы өндірушілерге тікелей қатысты мәліметтер бөлігіндегі бухгалтерлік есепті және бухгалтерлік есептілікті жүргізуге жауапты қызметкерлер қол қойып куәландыруға тиіс.

10. Оның құпия емес нұсқасы қоса берілген өтініш (егер де өтініште құпия ақпарат бар болса) осы Кодекстің 430-бабы 18-тармағының ережелеріне сәйкес тергеу жүргізетін органға беріледі және осы органға өтініш келіп түскен күні тіркеуге жатады.

11. Арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініш мынадай:

өтінішті берген кезде осы баптың 4-6-тармақтарында көрсетілген материалдарды бермеу;

өтініш берушінің осы баптың 4-6-тармақтарында берілген материалдардың дәйексіздігі негіздері бойынша кері қайтарылады.

Өзге негіздер бойынша өтінішті кері қайтаруға жол берілмейді.

12. Тергеу жүргізетін орган тергеу басталғаны туралы шешім қабылдағанға дейін экспорттаушы үшінші елдің демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініштің келіп түскені туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

13. Тергеу жүргізетін орган тергеу басталғандығы туралы шешім қабылдағанға дейін өтінішті тіркеу күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы өтініште жазылған дәлелдемелер мен мәліметтердің осы баптың 3-5-тармақтарына сәйкес жеткіліктілігін және дұрыстығын зерделейді. Мұндай мерзім тергеу жүргізетін орган өтініш берушіден қосымша мәліметтерді алуы қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін, бірақ барлық жағдайларда күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.

14. Өтінішті өтініш беруші тергеу басталғанға дейін немесе оны жүргізу барысында қайтарып алуы мүмкін.

Егер өтініш тергеу басталғанға дейін қайтарылып алынған болса, ол берілмеген болып саналады.

Егер өтініш тергеу жүргізу барысында қайтарылып алынған жағдайда, тергеу арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын енгізусіз тоқтатылады.

15. Тергеудің басталғаны туралы шешім қабылданғанға дейін өтініште жазылған мәлімет жұртшылыққа жариялауға жатпайды.
430-бап.Тергеуді бастау және оны жүргізу

1. Тергеу жүргізетін орган осы Келісімнің 429-бабының 13-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін тергеуді бастау туралы немесе оны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

2. Тергеу жүргізуден бас тарту туралы шешімді қабылдау кезінде тергеу жүргізетін орган жазбаша нысанда осындай шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде өтініш берушіге тергеу жүргізуден бас тартудың себебі туралы хабарлайды.

3. Тергеуді бастау туралы шешімді қабылдау кезінде тергеу жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдердің уәкілетті органына, сондай-ақ оған белгілі басқа да мүдделі тұлғаларға қабылдаған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды және тергеуді бастау туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тергеудің басталғаны туралы хабарламаны ресми басылымдарда жариялауды қамтамасыз етеді.

4. Тергеудің басталғаны туралы хабарламаның интернет желісінде Комиссиясының ресми сайтында жарияланған күні тергеу басталған күн болып есептеледі.

5. Тергеу жүргізетін орган тергеуді бастау туралы шешімді, оның ішінде өз бастамасы бойынша, егер оның иелігінде өспелі импорттың және осыдан туындаған елеулі залалдың немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласына елеулі залал келтіру қаупінің бар екендігінің не демпингтік немесе субсидияланған импорттың және осыдан туындаған материалдық залалдың, осындай залал келтіру қаупінің немесе Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының құрылуын елеулі тежеудің бар екендігінің дәлелдемесі бар болған жағдайда қабылдай алады.

Егер қолда бар дәлелдемелер жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай тергеу жүргізілмеуі мүмкін.

6. Мүдделі тұлғалар өзінің тергеуге қатысу ниеті туралы жазбаша  нысанда және осы Кодексе сәйкес белгіленген мерзімде өтініш білдіруге құқылы. Олар тергеу жүргізетін органға тергеуге қатысу ниеті туралы өтініш берген күннен бастап тергеуге қатысушылар болып танылады.

7. Мүдделі тұлғалар тергеу барысын бұзбайтын мерзімдерде тергеу жүргізу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде мұндай мәліметтерді алу көздерін көрсете отырып, құпия ақпаратты беруге құқылы.

8. Тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғадан тергеу мақсаттары үшін қосымша мәліметтер сұратуға құқылы.

Сұрау салуды мүдделі тұлғаның уәкілетті өкіліне табыс еткен  кезден бастап не пошта байланысымен жіберген күннен бастап жеті күнтізбелік күн өткеннен соң мүдделі тұлға сұрау салуды алған болып есептеледі.

Мүдделі тұлғаның жауабы сұрау салуды алған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей тергеу жүргізетін органға ұсынуы тиіс. Тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғаның көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған мәліметтерін назарға алмауы мүмкін.

Тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғаның дәлелді және жазбаша нысандағы өтініші бойынша жауап ұсыну мерзімін ұзартуы мүмкін.

9. Егер мүдделі тұлға тергеу жүргізетін органға қажетті ақпаратты беруден бас тартса, оны белгіленген мерзімде ұсынбаса немесе тергеу жүргізуді елеулі қиындататын анық емес ақпаратты ұсынған жағдайда, мұндай мүдделі тұлға бірлесе жұмыс істемейтін болып танылады және тергеу жүргізетін орган қолда бар ақпараттар негізінде алдын ала немесе түпкілікті қорытынды жасай алады.

Мүдделі тұлға тергеу жүргізетін органның сұрау салуында  айқындалған ақпаратты ұсыну өлшемдерін толық орындай алмайтынын немесе елеулі материалдық залалдарға байланысты екенін дәлелдей алса, сұратылған ақпараттың электрондық түрде немесе тергеу жүргізетін органның сұрау салуда айқындалған электрондық пішінде берілмеуін тергеу жүргізетін орган бірлесе жұмыс істеуден бас тарту деп қабылдамауы тиіс.

Тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғаның ұсынған ақпаратын осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілгендерден өзге себептер бойынша есепке алмаған жағдайда, бұл тұлға мұндай шешімнің қабылдануының себептері мен негіздемелері туралы хабардар етілуі тиіс және оған тергеу жүргізетін орган белгілейтін мерзімде өзінің түсініктемелерін ұсынуға мүмкіндік берілуге тиіс.

Егер тергеу жүргізетін орган тауардың қалыпты құнын анықтауды  қоса алғанда, (демпингке қарсы тергеу жүргізу кезінде), алдын ала немесе түпкілікті қорытындысын дайындау кезінде осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген ереже қолданылса және ақпарат, оның ішінде өтініш беруші ұсынған ақпарат пайдаланылса, осындай қорытындылар дайындау кезінде пайдаланылған ақпарат үшінші көздерден немесе мүдделі тұлғалардан алынатын қол жетімді ақпаратты пайдалана отырып, тексерілуі тиіс, бұл ретте мұндай тексеру тергеу барысын қиындатпайтын және оның жүргізілу мерзімін бұзбауы тиіс.

10. Тергеу жүргізетін орган тергеуге қатысушыларға өтініштің көшірмесін немесе, егер де өтініште құпия ақпарат болған жағдайда, оның құпия емес нұсқасын жібереді.

Тергеу барысында тергеу жүргізетін орган құпия ақпаратты қорғаудың қажеттілігін ескере отырып, тергеуге қатысушыларға олардың өтініші бойынша кез келген мүдделі тұлғаларға осы мәліметтермен танысу үшін тергеудің мәніне қатысы бар дәлелдеме ретінде жазбаша нысанда берілген мәліметтерді береді.

Тергеу барысында тергеу жүргізетін орган тергеуге қатысушыларға тергеуге қатысы бар және олар тергеу барысында пайдаланылған, бірақ құпия емес ақпарат болып табылатын өзге де мәліметтермен танысуға мүмкіндік береді.

11. Тергеу жүргізетін орган мүдделі тұлғалардың сұрау салуы бойынша жүргізілген тергеу мәні бойынша консультациялар жүргізеді.

12. Тергеу барысында барлық мүдделі тұлғаларға өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік беріледі. Осы мақсатта тергеу жүргізетін орган олардың сұрау салуы бойынша барлық мүдделі тұлғаларға олар қарама-қайшы көзқарастарын білдіруі және теріске шығаруға ұсыныс жасауы үшін кездесу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мұндай мүмкіншілік құпия ақпараттарды сақтау қажеттігін ескере отырып, беріледі. Кездесуде барлық мүдделі тұлғалар қатысуға міндетті емес және қандай да бір мүдделі тұлғаның болмауы оның мүдделеріне залал келтіруге алып келмейді.

13. Тергеу объектісі болып табылатын тауарды өнім өндірісінде пайдаланатын тұтынушылар, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, мемлекеттік билік органдары (басқармалары), жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ өзге де тұлғалар тергеуге қатысы бар мәліметті тергеу жүргізетін органға беруге құқылы.

14. Тергеу жүргізу мерзімі:

1) арнайы қорғау шараларын қолдану туралы өтініштің негізінде тергеудің басталған күнінен бастап тоғыз айдан аспауға тиіс. Бұл мерзімді тергеу жүргізетін орган үш айдан аспайтын мерзімге ғана ұзаруы мүмкін;

2) демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану туралы өтініштің негізінде тергеудің басталған күнінен бастап он екі айдан аспауға тиіс. Бұл мерзімді тергеу жүргізетін орган алты айдан аспайтын мерзімге ғана ұзартуы мүмкін.

15. Тергеуді жүргізу тергеу объектісі болып табылатын тауарды кедендік рәсімдеуге бөгет болмауға тиіс.

16. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган тергеу жүргізуді және арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және мүдделі тұлғалардан мәліметтерді, соның ішінде құпия мәліметтерді қамтитын ақпаратты сұрата алады.

17. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз құзыреттері шегінде тергеу жүргізу және арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану мақсатында мәліметтерді, соның ішінде:

1) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша;

2) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган арқылы тергеу жүргізетін органның сұрау салуы бойынша құпия мәліметтерді қамтитын мәліметтерді береді.

Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның немесе тергеу жүргізетін органның сұрау салып отырған ақпаратын ұсынуға мүмкіндік болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бұл туралы негіздерді көрсете отырып, сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.

17. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган тергеу жүргізіп отырған орган сұрау салып отырған мәліметтерді, соның ішінде құпия ақпаратты қамтитын мәліметтерді жинауды, өңдеуді және беруді қамтамасыз етеді.

18. Тергеуге қатысты дәлелдемелер, мәліметтер мен хат алмасулар тергеу жүргізетін органға 2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартта айқындалған Комиссиының жұмыс істеу тілінде ұсынылуға тиіс, ал шетел тілінде жасалған құжаттардың түпнұсқалары ұсынылған аудармасы растала отырып, жұмыс істеу тіліне аударылуға тиіс.

19. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның өкілдері тергеу жүргізетін орган тергеу барысында өткізілетін кездесулерге, консультацияларға, сондай-ақ жария тыңдауларға қатысады.

20. Комиссиясының тергеу қорытындылары бойынша баяндамасының және осы Келісімнің 5-бабында аталған Комиссия шешімі жобасының қаралған күні тергеу аяқталған күні болып табылады.

      Егер тергеу жүргізетін орган арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемақы шараларын қолдану, қайта қарастыру немесе күшін жою үшін негіздемелер жоқ екендігі туралы түпкілікті қорытынды жасаған жағдайда тергеу жүргізетін органның тиісті хабарлама жариялаған күні тергеудің аяқталған күні болып танылады.

      Алдын ала арнайы баж, алдын ала демпингке қарсы баж немесе алдын ала өтемақы баж енгізілген жағдайда тергеу тиісті алдын ала баждың мерзімі біткенге дейін аяқталуға тиіс.


431-бап. Демпингке қарсы тергеу жүргізудің ерекшеліктері

      1. Егер тергеу жүргізетін орган демпингтік маржа ең төменгі рұқсат етілген демпингтік маржадан аз екендігін не жасалған немесе мүмкін болатын демпингтік импорттың көлемі немесе осындай импорттан туындаған материалдық залалдың не материалдық залал келтіру қауіптерінің не Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының құрылуын елеулі тежеудің мөлшері елеусіз болып табылатындығын белгілеген болса, демпингке қарсы тергеу демпингке қарсы шараларды енгізусіз тоқтатылады.

      Бұл ретте ең аз рұқсат етілетін демпингтік маржа деп мөлшері екі пайыздан аспайтын демпингтік маржа түсініледі.

      2. Белгілі бір эскпорттаушы үшінші елден демпингтік импортының көлемі елеусіз болып табылса, егер ол экспорттаушы үшінші елдің импорттың жалпы көлеміндегі әрбірінің жеке үлесі Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тергеу объектісі болып табылатын тауар импортының жалпы көлемінің үш пайызынан аз көлемін құрайтын болса, олардың Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тергеу объектісі болып табылатын тауар импортының жалпы көлемінен әрбірінің жеке үлесі үш пайыздан аз көлемді құраса жиынтығында Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тергеу объектісі болып табылатын тауар импортының жалпы көлемінің жеті пайызынан аспайтын көлемде болады.

      3. Тергеу жүргізетін орган демпингке қарсы тергеу нәтижесі бойынша шешім қабылдағанға дейін тергеуге қатысушыларға түпкілікті қорытындының құпия емес нұсқасын жібереді және өз түсініктемесін беру мүмкіндігін ұсынады.
432-бап. Өтемақы тергеуін жүргізудің ерекшеліктері

      1. Егер тергеу жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің айрықша субсидияларының мөлшері аз болып табылса не жүзеге асырылған немесе мүмкін болатын субсидияланған импорттың көлемі немесе осындай импорттан туындаған материалдық залалдың немесе материалдық залал келтіру қаупінің не Кеден одағына мүше мемлекеттердің экономикасы саласының құрылуын елеулі тежеудің мөлшері айтарлықтай болып табылса, тергеу шараларын енгізусіз өтемақы тергеуі тоқтатылады.

      2. Айрықша субсидияның мөлшері, егер тергеу объектісі болып табылатын тауар құнының кемінде бір пайызын құрайтын болса ең аз деп танылады.

      Субсидияланатын импорттың көлемі, әдетте, экспорттаушы үшінші елде олардың әрқайсының импорттағы жеке үлесі Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына ұқсас тауар импортының жалпы көлемінен кемінде бір пайызын құрайтын болса, жиынтығында Кеден одағының бірыңғай аумағында ұқсас тауар импортының жалпы көлемінің үш пайызынан аспайтын көлемге сәйкес келетін болса, егер ол Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына ұқсас тауар импортының жалпы көлемінің бір пайызын құраса, елеусіз деп танылады.

      3. Субсидияланатын импорттың мәні болып табылатын және Кеден одағының тарифтік преференциялық жүйесін дамыған пайдаланушы елден шығарылған тауарға қатысты, егер тергеу жүргізетін орган экспорттаушы үшінші елдің айрықша субсидияларының жалпы мөлшерін белгілесе, аталған тауарға қатысты ұсыныстар оның құнының тауар бірлігінің есебінде екі пайыздан асырмайды немесе осындай үшінші елден келген аталған тауар импортының үлесі Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында жалпы көлемінен төрт пайызынан аспайтын көлемді құраса, әрбіреуінің үлесі Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына аталған тауар импортының жалпы көлемін дамыған елдердің, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағындағы аталған тауар импортының жиынтық үлесі төрт пайыздан аспайтындай тиесілі жағдай кезінде, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына аталған тауар импортының жалпы көлемін тоғыз пайыздан аспаған жағдайда тауарға қатысты өтемақы тергеу тоқтатылады.

      4. Тергеу жүргізетін орган өтемақы тергеу нәтижесі бойынша шешім қабылданғанға дейін тергеуге қатысушыларға түпкілікті қорытындының құпия емес нұсқасын жібереді және өз түсініктемесін беру мүмкіндігін ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет