Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі


-бап. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым



бет22/29
Дата14.06.2016
өлшемі1.9 Mb.
#135950
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29

349-бап. Индустриялық-инновациялық инфрақұрылым

1. Мыналар:

1) арнайы экономикалық аймақтар, оның iшiнде дербес кластерлiк қор;

2) индустриялық аймақтар;

3) технопарктер;

4) тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорлары;

5) технологияларды коммерцияландыру орталықтары;

6) салалық конструкторлық бюролар;

7) технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтары;

8) инновациялық кластерлер индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтерi болып табылады.


350-бап. Арнайы экономикалық аймақтар

  1. Арнайы экономикалық аймақ - қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыру үшiн арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимi қолданылатын, дәл белгiленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгi

Арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары үшiн осы Кодексте, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы», «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы», салық, кеден, жер заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгiленген арнайы құқықтық режим қолданылады.

2. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында немесе оның бiр бөлiгiнде еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi қолданылады. Шегiнде еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың шекаралары Қазақстан Республикасы Президентiнiң арнайы экономикалық аймақты құру туралы актiсiне сәйкес айқындалады.

Еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi кеден одағының кедендiк заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасына сәйкес қолданылады.

Арнайы экономикалық аймақтың аумағы кеден одағының кедендiк аумағының бiр бөлiгi болып табылады.

Еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады. Еркiн кедендiк аймақ кедендiк рәсiмi қолданылатын арнайы экономикалық аймақтың аумағында кедендiк бақылауды кеден одағының кедендiк заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасына сәйкес кеден органдары жүзеге асырады.

1. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен қамтамасыз етiлетiн құқықтар мен мүдделердi қорғауға кепiлдiк берiледi.

Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының мүлкiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп алып қоюға (мемлекет иелiгiне алуға, реквизициялауға) тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген айрықша жағдайларда және тәртiппен жол берiледi.

Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi төлегеннен кейiн арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асырудан алынған табыстарды өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы.



351-бап. Индустриялық аймақ

1. Индустриялық аймақ - коммуникациялармен қамтамасыз етiлген, мемлекет жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру және пайдалану үшiн Қазақстан Республикасының Жер кодексiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен беретiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жер.

2. Индустриялық аймақтар жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн экономикалық және ұйымдық жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.

3. Индустриялық аймақтардың мiндеттерi:

1) өнеркәсiп саласындағы жеке кәсiпкерлiктi жедел дамытуға жәрдемдесу;

2) жаңа өндiрiстер инфрақұрылымын құруға және дамытуға арналған шығындарды оңтайландыру;

3) өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру;

4) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.


352-бап. Технологиялық парк

1.Технологиялық парк (бұдан әрi – технопарк) – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған, индустриялық-инновациялық қызметтi iске асыру үшiн қолайлы жағдайлар жасалатын бiрыңғай материалдық-техникалық кешенi бар аумаққа меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн заңды тұлға.

2. Технопарктер қызметiнiң негiзгi түрi индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жұмыс iстеуiнiң бастапқы кезеңiнде оларға үй-жайлар, жабдықтар беру, бухгалтерлiк есеп жүргiзу, заңдық, ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу, инвестициялар тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтер, сондай-ақ индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру үшiн қажеттi өзге де қызметтер ұсынуды бiлдiретiн технологиялық бизнес-инкубациялау болып табылады. Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерiн көрсету, сондай-ақ мұндай қызметтер құнын айқындау қағидаларын индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
353-бап. Акционерлiк инвестициялық қор


  1. Акционерлiк инвестициялық қор - қызметiнiң айрықша түрi осы Заңда белгiленген талаптарға және «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген өзiнiң инвестициялық декларациясына сәйкес осы қоғамның акционерлерi оның акцияларын төлеу үшiн қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесiнде алынған активтердi жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлiк қоғам.

2. Тәуекелдi инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорларының қызметi «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.
354-бап. Технологияларды коммерцияландыру орталықтары

1.Технологияларды коммерцияландыру орталығы – технологияларды коммерцияландыруды жүзеге асыратын заңды тұлға, ғылыми ұйымның, жоғары оқу орнының немесе дербес бiлiм беру ұйымының құрылымдық немесе оқшауланған бөлiмшесi, жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарларды, процестер мен көрсетiлетiн қызметтердi нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерiн iс жүзiнде қолданумен байланысты, оң экономикалық әсер алуға бағытталған қызмет

2. Технологияларды коммерцияландыру орталықтары қызметiнiң негiзгi бағыттары: коммерцияландыру үшiн технологиялар iздестiрудi және оларды бағалауды, маркетингтiк зерттеулердi, зияткерлiк меншiктi қорғау саласында консультациялық қызметтер көрсетудi, технологияларды коммерцияландыру стратегиясын әзiрлеудi, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектiлерi мен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң технологияларды коммерцияландыру саласында шарттар жасасуы мақсатында олардың өзара iс-қимылын ұйымдастыруды қоса алғанда, бiрақ олармен шектелмей, технологияларды коммерцияландыру жөнiндегi қызметтер кешенiн көрсету болып табылады.

Технологияларды коммерцияландыру орталықтарын әдiснамалық, консультациялық жағынан және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгедей түрде қолдауды технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты жүзеге асырады.


355-бап. Салалық конструкторлық бюро

  1. Салалық конструкторлық бюро– материалдық-техникалық кешенге иелiк ететiн, жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарлар өндiрудi ұйымдастыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жәрдемдесу үшiн технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрған заңды тұлға.

2. Салалық конструкторлық бюролардың негiзгi мiндетi индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарларды жасауда, оның iшiнде технологиялар трансфертi, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы сатып алу, бейiмдеу, әзiрлеу, оны кейiннен индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне өтеулi негiзде беру және оның негiзiнде тауарлар өндiрiсiн ұйымдастыру үшiн қажеттi қызметтер көрсету арқылы жәрдемдесу болып табылады
356-бап. Технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтары

Технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтарын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шетелдiк әрiптестерiмен бiрлесiп iске асыратын индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыруға жәрдемдесу мақсатында технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты құрады.

Технологиялар трансфертi иелік ету және (немесе) пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған тәсілдермен алынған жаңа немесе индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлері, меншік иелері технологияларымен жетілдірілген процесс деп түсініледі.
357-бап. Инновациялық кластер

1.Инновациялық кластер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, өзара iс-қимыл жасау және қолда бар мүмкiндiктердi бiрлесiп пайдалану, бiлiм және тәжiрибе алмасу, технологияларды тиiмдi беру, орнықты әрiптестiк байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметтi ынталандыруға арналған ғылыми ұйымдардың, бiлiм беру ұйымдарының, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлiк инвестициялық қорлардың, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бiрлестiгi.

Инновациялық кластерлер өзара iс-қимыл жасасу және қолда бар мүмкiндiктердi бiрлесе пайдалану, бiлiм мен тәжiрибе алмасу, технологияларды тиiмдi түрде беру, тұрақты әрiптестiк байланыстарды жолға қою және ақпаратты тарату арқылы индустриялық-инновациялық қызметтi ынталандырады.
358-бап. Индустриялық-инновациялық жүйе құралдары

1. Индустриялық-инновациялық жүйенi жоспарлау құралдарына технологиялық болжау және басым тауарлар мен қызметтердiң бiрыңғай картасы жатады.

Технологиялық болжауды тұрақты негiзде үш жылда бiр реттен кем емес қорытындылар шығара отырып, индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган жүргiзедi.

Технологиялық болжау индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлейтiн және бекiтетiн технологиялық болжауды жүргiзу әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырылады.

Технологиялық болжау процесiн шетелдiк және отандық сарапшыларды тарту, сауалнама мен талдамалық зерттеулер жүргiзу, технологиялық болжау қорытындыларын шығару үшiн алынған мәлiметтердi жинақтап қорыту және ұсынымдарды қалыптастыру жолымен технологиялық дамыту жөнiндегi ұлттық даму институты қамтамасыз етедi.

Технологиялық болжау қорытындылары:



  1. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзiмдi перспективадағы дамуы үшiн сындарлы технологиялар тiзбесiн және инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау мен өзектi етуге;

  2. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзiмдi перспективадағы дамуы үшiн индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары шеңберiнде олардың индустриялық-инновациялық жобаларын iске асыру үшiн өтеусiз негiзде берiлетiн бюджет қаражаты түріндегі тізбесін айқындау және өзекті ету.

3) технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтына жәрдемдесу кезiнде индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган iске асыратын нысаналы технологиялық бағдарламаларды қалыптастыруға;

4) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органның ғылыми-технологиялық дамудың салааралық жоспарын әзiрлеуiне және өзектi етуiне негiз болып табылады.

Басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасы Қазақстан Республикасында өндiру үшiн стратегиялық бәсекелестiк артықшылықтарға ие, экономиканың әрбiр басым секторы бойынша айқындалған және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдаудың басымдықтары болып табылатын тауар топтарының, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бiлдiредi.

2. Индустрияландыру картасы индустриялық-инновациялық жүйе мониторингiнiң (iске асырылуының) құралы болып табылады және белгiлi бiр қаржыландыру көздерi, оларды iске асыру жөнiндегi кестелерi мен iс-шаралар жоспарлары бар республикалық және өңiрлiк индустрияландыру карталарына енгiзiлген индустриялық-инновациялық жобалардың жиынтығын бiлдiредi.

3. Инновацияларды ақпараттық қолдау және технологияларды коммерцияландыру индустриялық-инновациялық жүйенi ынталандыру және дамыту құралдары болып табылады.

Инновацияларды ақпараттық қолдауды технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты жеке және заңды тұлғалардың өнертапқыштық қызметiн және инновациялық белсендiлiгiн ынталандыратын конкурстарды ұйымдастыру, баспа және электрондық өнiмдi шығару және тарату арқылы технологияларды құру, енгiзу, коммерцияландыру процестерiн тарату мақсатында жүзеге асырады.

Технологияларды коммерцияландыру:

1) лицензиялық шартты және (немесе) зияткерлiк меншiк объектiсiне айрықша құқықтардың басқа тұлғаға ауысуы туралы шартты жасасу;

2) технологияларды коммерциялық пайдалануы үшiн заңды тұлға құру;

3) жеке және заңды тұлғаларға шарттық негiзде қызметтер көрсету арқылы технологияларды пайдалану;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсiлдер арқылы жүзеге асырылады.

Технологияларды коммерцияландыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жәрдемдi осы Кодекстің 20-бабына сәйкес технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты көрсетедi.

4. Мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенiң субъектiлерi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау индустриялық-инновациялық жүйенi талдау құралы болып табылады.

Мемлекеттiк органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметтi қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенiң субъектiлерi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi.


3-параграф. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн

мемлекеттiк қолдау
359-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шаралары

1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шаралары Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодекспен айқындалады.

Мемлекеттiк қолдау түрлерi мен деңгейi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.

2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шараларына:

1) қоса қаржыландыруды қоса алғанда, жобаларды қаржыландыру, лизингтiк қаржыландыру;

2) қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелер мен кепiлдiмелер беру;

3) қаржы институттары арқылы кредиттеу;

4) қаржы институттарына берiлетiн кредиттер бойынша сыйақы және облигациялар бойынша купондық сыйақы ставкаларын субсидиялау;

5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру;

6) кепiлдендiрiлген тапсырыс;

7) инновациялық гранттар беру;

8) бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету;

9) инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

10) жер учаскелерi мен жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру;

11) iшкi нарықта қолдау;

12) шетелдiк инвестицияларды тарту;

13) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын дамыту және жылжыту жатады.

3. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiнде қызметтi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.

4. Арнайы экономикалық аймақтарда қызметтi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн дамытуды ынталандыру «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.

5. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметiн ынталандыру осы Кодекспен айқындалады.

6. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган, өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шараларын қарау, келiсу және ұсыну кезiнде мына критерийлердiң бiрiн:

1) инновациялық – экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ескере отырып, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстердi, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi жасау жолымен қызметтiң экономикалық тиiмдiлiгiн арттыруға бағыттылықты;

2) бәсекеге қабiлеттiлiк – қол жеткiзiлетiн нәтиженiң оны алуға кеткен шығындарға қатысы ретiнде айқындалатын, қол жеткiзiлетiн экономикалық және әлеуметтiк тиiмдiлiк деңгейiнде көрiнетiн ұқсас индустриялық-инновациялық жобалармен салыстырғандағы артықшылықты;

3) ауқымдылық – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту үшiн индустриялық-инновациялық жобаны іске асырудың маңыздылығы.


360-бап. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық - инновациялық жобаларды қаржыландыру, лизингтiк қаржыландыру

1. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, индустриялық-инновациялық жобаларды қаржыландыруды, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн орта және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге арналған лизингтiк қаржыландыруды Қазақстан Даму Банкi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын басқа да ұлттық даму институттары жүзеге асырады.

2. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшiн жүзеге асырылады.

3. Лизингтiк қаржыландыру индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне он жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.

4. Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, жобаларды қаржыландырудың, лизингтiк қаржыландырудың шарттары мен тетiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
361-бап. Қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелердi және кепiлдемелердi ұсыну

1. Қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелердi және кепiлдемелердi ұсынуды индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру үшiн индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне берiлетiн екiншi деңгейдегi банктердiң қарыздары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қаржы агентi жүзеге асырады.

2. Қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелердi және кепiлдемелердi ұсыну шарттары мен тетiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
362-бап. Қаржы институттары арқылы кредит беру

1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне кредит берудi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қаржы агентiнiң қаржы институттарында қаражатты шарттастырылған түрде орналастыруы арқылы жүзеге асырылады.

2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне кредит беру өзiнiң жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкiн, соның iшiнде ақша ұсыну арқылы қатысқан жағдайда, жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшiн жүзеге асырылады.

3. Қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.


363-бап. Қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау

1. Қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобаларды жасау үшiн, олар өзiнiң жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкiн, оның iшiнде ақша ұсыну жолымен қатысқан жағдайда, жүзеге асырылады.

Айналым қаражатын толтыруға қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жүзеге асырылмайды.

2. Қаржы институттары индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне беретiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi эмиссиялайтын облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қаржы агентi жүзеге асырады.

3. Қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялаудың шарттары мен тетiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
364-бап. Жарғылық капиталдарға тартылатын инвестицияларды жүзеге асыру

Индустриялық-инновациялық жоба мынадай шарттарға:

1) еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға және экономиканың басым секторларын дамытудың ынталандырылуын қамтамасыз етуге;

2) мәнi индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының инвестициялық саясатын регламенттейтiн iшкi құжаттарында айқындалатын болжамдық экономикалық және қаржылық параметрлер бойынша тартымдылыққа;

3) технологиялық әлеуетiн арттыруға бағыттылығына, өндiрiс және көрсетiлетiн қызмет сапасын арттыруға және көлемiн ұлғайтуға, шикiзаттар мен материалдарды өңдеудi тереңдетуге, жоғары технологиялық өнiмдердi шығаруға сәйкес келген кезде, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жарғылық капиталына тартылатын инвестицияларды индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.

Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыратын ұлттық даму институттарының инвестициялық қызметiнiң нәтижелерi барлық индустриялық-инновациялық жобалар бойынша инвестициялық табыс негiзiнде айқындалады.


365-бап. Кепiлдендiрiлген тапсырыс

1. Технологиялық меморандумдарды индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган ұлттық басқару холдингтерiмен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен үлестес заңды тұлғалармен жасайды және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесiн айқындайды.

2. Жасалған технологиялық меморандумдардың негiзiнде ұлттық басқару холдингтерi, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi беруге индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiмен шарттар жасасу жолымен кепiлдендiрiлген тапсырысты орналастырады. Көрсетiлген шарттардың талаптары бағаны, сапаны, қолжетiмдiлiктi, тасымалдау шарттарын қоса алғанда, ұлттық басқару холдингтерiнiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың коммерциялық мүдделерiне сай келуi тиiс және Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне қайшы келмеуге тиiс.

3. Кепiлдендiрiлген тапсырыс «Акционерлiк қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен үлгiлiк қағидалар негiзiнде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорына енгiзiлген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi барлық әлеуеттi жеткiзушiлер арасында сатып алу рәсiмдерiн ұйымдастыру арқылы орналастырылады.

Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқоры – отандық тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң және оларды берушiлердiң тiзбесi.
366-бап. Инновациялық гранттар беру

1. Инновациялық гранттар берудi инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары шеңберiнде технологиялық дамыту жөнiндегi ұлттық даму институтын тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне инновациялық гранттар индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыру жөнiндегi шығындардың бiр бөлiгiн өтеу және (немесе) төлеу арқылы берiледi.

3. Инновациялық гранттар:

1) технологиялар сатып алуға;

2) өнеркәсiптiк зерттеулер жүргiзуге берiледi.

Осы тармақшаның мақсаты үшiн өнеркәсiптiк зерттеулер деп индустриялық-инновациялық қызмет субъектiсi жүзеге асыратын өндiрiстiк процестердi және (немесе) шығарылатын тауарлардың немесе көрсетiлетiн қызметтердiң сипаттамаларын жақсарту мақсатында ол жүргiзетiн ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар түсiнiледi;

3) инженерлiк-техникалық персоналдың бiлiктiлiгiн шет елде арттыруға;

4) дамудың бастапқы сатысында жоғары технологиялық өнiм өндiру жөнiндегi қызметтi қолдауға;

5) шет елдерде және (немесе) өңiрлiк патенттiк ұйымдарда патенттеуге;

6) технологияларды коммерцияландыруға;

7) жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға;

8) консалтингтiк, жобалық және инжинирингтiк ұйымдарды тартуға;

9) басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге берiледi.

Инновациялық гранттарды беру кезiнде отандық және шетелдiк сарапшыларды тарта отырып, тәуелсiз сараптама жүргiзiледi.

4. Технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган мен технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негiзiнде инновациялық гранттар беруге бөлiнген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының резидентi – екiншi деңгейдегi банкте ағымдағы шот ашады.

Қаржы жылының соңына есептелетiн ағымдағы шоттағы қаражаттың қалдықтары индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға және тиiсiнше мемлекеттiк бюджетке қайтаруға жатпайды, ал келесi қаржы жылында инновациялық гранттар беруге жұмсалады. Инновациялық гранттар беруге арналған ақшаның жалпы көлемi барлық инновациялық гранттар арасында бөлiнедi.
367-бап. Бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн бiлiктi кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету экономиканың басым секторлары үшiн мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

2. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi ұсынған тиiстi мамандарға қажеттiлiк туралы мәлiметтер негiзiнде экономиканың басым секторлары үшiн мамандар даярлау қажет етiлетiн мамандықтардың тiзбесiн айқындау бойынша ұсыныстарды құрастырады.

Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган ұсынатын мәлiметтер негiзiнде экономиканың басым секторлары үшiн мамандар даярлау қажет етiлетiн мамандықтардың тiзбесiн айқындауға және оның негiзiнде мемлекеттiк бiлiм тапсырысын қалыптастыруға мiндеттi.


368-бап. Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету

1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету:

1) бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстердi құру;

2) жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және кеңейту үшiн жүзеге асырылады.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес келетiн индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.

3. Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


369-бап. Жер учаскелерiн және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жер учаскелерi мен жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру:

1) Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес уақытша жер пайдалану құқығында жер учаскелерiн бөлу;

2) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тiкелей келiссөздер негiзiнде конкурс өткiзбестен, өндiрiстiк қызметке (технологиялық циклға) байланысты пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, бiрлескен барлауға және өндiруге арналған операцияларды жүргiзу үшiн жер қойнауын пайдалануға құқық беру арқылы жүзеге асырылады.


370-бап. Iшкi нарықта қолдау

1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне сервистiк қолдау көрсетудi және олардың отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеудi индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып жүзеге асырады.

2. Iшкi нарықта индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн сервистiк қолдау:

1) жеке және заңды тұлғаларды тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорында өтеусiз тiркеу;

2) әлеуеттi тапсырыс берушiлер, отандық тауар өндiрушiлер және жұмыстар мен қызметтердi отандық берушiлер туралы ақпаратты жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтының интернет-ресурсына орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорын қалыптастыру және жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

3. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу:

1) индустриялық-инновациялық жобаның кешендi жоспарын әзiрлеуге немесе оған сараптама жүргiзуге тартылған консалтингтiк ұйымдардың қызметiне ақы төлеу;

2) отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта жылжыту бойынша шығындарды өтеу арқылы жүзеге асырылады.

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

4. Жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган мен жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негiзiнде индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарыққа жылжыту бойынша шығындарын өтеуге бөлiнген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының резидентi – екiншi деңгейдегi банкте ағымдағы шот ашады.

Қаржы жылының соңына есептелетiн ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға және тиiсiнше мемлекеттiк бюджетке қайтаруға жатпайды, ал келесi қаржы жылында индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарыққа жылжыту бойынша шығындарын өтеуге жұмсалады.


371-бап. Шетелдiк инвестициялар тарту

1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн сервистiк қолдау шаралары шетелдiк инвестицияларды тарту арқылы қамтамасыз етiледi және өзiне:

1) әлеуеттi шетелдiк инвесторларды индустриялық-инновациялық жобаларды iске асыруға қатысуға тарту мақсатында iздестiрудi жүзеге асыруды және олармен келiссөздер жүргiзудi;

2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференцияларға және семинарларға қатысуға тартуды;

3) индустриялық-инновациялық жобалар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер мен консулдық мекемелер арқылы шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарында таратуды қамтиды.
372-бап. Отандық өңделген тауарлар, көрсетiлетiн қызметтер экспортын дамыту және жылжыту

1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне сервистiк қолдау шараларын ұсынуды және олардың отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеудi индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган экспортты дамыту және жылжыту саласындағы ұлттық даму институтын және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасын тарта отырып жүзеге асырады.

2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша сервистiк қолдау шаралары:

1) олардың экспорттық әлеуетiнiң диагностикасы;

2) сауда миссияларын ұйымдастыру және өткiзу, көрме-жәрмеңке қызметiн жүзеге асыру, отандық өндiрушiлердiң тауар таңбаларын шет елде жылжыту;

3) отандық өндiрушiлер мен олардың тауарлары, көрсетiлетiн қызметтерi туралы ақпаратты шетелде тұрақты негiзде орналастыру арқылы әлеуеттi шетелдiк сатып алушылардың хабардар болуын арттыру;

4) экспортты дамыту және жылжыту мәселелерi бойынша ақпараттық және талдамалық қолдау көрсету;

5) отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi халықаралық гуманитарлық көмек нарығына жылжытуға жәрдемдесу;

6) экспорттық саудалық қаржыландыру, кредит беру және сақтандыру тетiктерiн пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

28-тарау. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау
1-параграф. Инвестициялардың құқықтық режимі
373-бап. Инвестициялық қатынастар

1.Қазақстан Республикасындағы инвестициямен байланысты қатынастарды және экономикалық негіздерді ынталандыруды реттеу, Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыру кезінде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік беру, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын айқындау, инвесторлардың қатысуымен дауларды шешу тәртібі осы Кодекспен жүзеге асырылады.

2. Осы Кодекс:

мемлекеттiк бюджет қаражатынан инвестицияларды жүзеге асыруға;

коммерциялық емес ұйымдарға, оның iшiнде бiлiм беру, қайырымдылық, ғылыми немесе дiни мақсаттар үшiн капитал салуға байланысты қатынастарды реттемейдi.

3.Инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарға Қазақстан Республикасының заңдарында өзге кағидалар белгіленбесе, осы Кодекстің ережелері қолданылады

4. Инвестордың жасалған инвестициялық келiсiмшарт бойынша шетелдiк жұмыс күшiн тартуына байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту заңнамасында реттеледi.

374-бап. Инвестициялар және инвестициялық қызмет ұғымы

1. Инвестициялар – лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингi заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа), сондай-ақ концессионердiң (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберiнде жасаған және алған тiркелген активтерi.



  1. Инвестор деп Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар түсініледі.

  2. Инвестициялық қызмет деп – жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөнiндегi не кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi түзу немесе ұлғайту жөнiндегi, сондай-ақ концессионердiң (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберiнде жасаған және алған тiркелген активтерi жөнiндегi қызметi танылады.


375-бап. Инвестициялық қызмет объектiлерi

1.Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, инвесторлардың кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген объектiлерi мен түрлерiне инвестициялар салуды жүзеге асыруға құқығы бар.

Миноритарлық инвестор – дауыс беретiн акциялардың он пайызынан аз (қатысушылар дауысының жалпы санының он пайызынан аз) мөлшерде инвестицияларды жүзеге асырған инвестор.

Инвесторлардың кәсiпкерлiк қызметтiң инвестициялар жүзеге асырылатын объектiлерi мен түрлерiне қатысты құқықтары мен мiндеттерi осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде және тиiстi шарттарда белгiленедi.

2.Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қажеттiгi негiзге алына отырып, Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен инвестициялық қызмет шектелетiн немесе оған тыйым салынатын қызмет түрлерi және (немесе) аумақтар белгiленуi мүмкiн.
376-бап. Қазақстан Республикасының аумағында инвесторлар қызметiн құқықтық қорғау кепiлдiктерi

1. Инвестордың құқықтары мен мүдделерi толық және сөзсiз қорғалады, ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Республиканың өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен қамтамасыз етiледi.

2. Инвестордың мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес келмейтiн актiлер шығаруы салдарынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан өзiне келтiрiлген-зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өтеткiзуге құқығы бар.

3. Шарттарға өзгерiстер тараптардың келiсiмi бойынша енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары арасында жасалған шарттар талаптарының тұрақтылығына кепiлдiк бередi.

Бұл кепiлдiктер:

1) импорттың, өндiрiстiң, акцизделетiн тауарлар өткiзудiң тәртiбi мен талаптарын өзгертетiн Қазақстан Республикасының заңдарындағы өзгерiстерге және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын күшiне енгiзуге және (немесе) олардың өзгерiстерiне;

2) ұлттық және экологиялық қауiпсiздiктi, денсаулық сақтау мен имандылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заң актiлерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларға қолданылмайды.
377-бап. Кiрiстердi пайдалану кепiлдiктерi

Инвесторлар:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлегеннен кейiн өзiнiң қызметiнен алынған кiрiстердi өз қалауы бойынша пайдалануға;

2) Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарына сәйкес ұлттық валютамен және (немесе) шетелдiк валютамен банктiк шоттар ашуға құқылы.


378-бап. Мемлекеттiк органдардың инвесторларға қатысты қызметiнiң жариялылығы және инвесторлардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға байланысты ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету

1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының инвесторлардың мүдделерiн қозғайтын ресми хабарлары және нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жарияланады.

2. Миноритарлық инвесторларды қоса алғанда, инвесторлардың заңды тұлғаларды тiркеу туралы, олардың жарғылары туралы, жылжымайтын мүлiкпен мәмiлелердi тiркеу туралы, берiлген лицензиялар туралы ақпаратқа, сондай-ақ олардың инвестициялық қызметтi жүзеге асыруымен байланысты коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен көзделген өзге де ақпаратқа еркiн қол жеткiзуi қамтамасыз етiледi.
379-бап. Мемлекет меншiгiне алу және реквизициялау кезiндегi инвесторлар құқықтарының кепiлдiктерi

1. Мемлекеттiк мұқтаждар үшiн инвестордың мүлкiн мәжбүрлеп алып қоюға (мемлекет меншiгiне алуға, реквизициялауға) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген ерекше жағдайларда жол берiледi.

2. Мемлекет меншiгiне алынған кезде инвесторға Қазақстан Республикасы мемлекет меншiгiне алу туралы Қазақстан Республикасының заң актiлерiн шығару салдарынан оған келтiрiлген залалды толық көлемiнде өтейдi.

3. Инвестордың мүлкiн реквизициялау оған мүлiктiң нарықтық құнын төлей отырып жүзеге асырылады.

Мүлiктiң нарықтық құны Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады.

4. Меншiк иесiне реквизицияланған мүлiктiң құны өтелген бағаға ол сот тәртiбiмен дауласуы мүмкiн.

5. Реквизициялаудың жүргiзiлуiне байланысты мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылған кезде инвестор сақталған мүлiктiң қайтарылуын талап етуге құқылы, бiрақ бұл ретте мүлiк құнының төмендеуiнен болған ысырапты ескере отырып, өзi алған өтем сомасын қайтаруға мiндеттi.
380-бап. Инвестор құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы

Егер шет мемлекет немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты берiлген кепiлдiк (сақтандыру шарты) бойынша инвестордың пайдасына төлем жүргiзетiн болса және аталған инвестицияларға инвестордың құқықтары осы шет мемлекетке не ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк органға ауысатын болса (талаптар берiлетiн болса), Қазақстан Республикасында құқықтардың осылай ауысуы (талаптардың берiлуi) инвестор Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған және (немесе) ол белгiлi бiр шарттық мiндеттемелерiн орындаған жағдайда ғана заңды деп танылады.


2 - параграф. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау
381-бап. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты

1. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдаудың мақсаты экономиканың дамуы үшiн қолайлы инвестициялық ахуал жасау және осы заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндiрiстер құруға жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, қазақстандық кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру болып табылады.

2. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдау инвестициялық преференциялар беру болып табылады.
382-бап. Инвестициялар бойынша уәкiлеттi орган

1. Инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

2. Уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен сарапшылар тартуға құқығы бар.

3. Уәкiлеттi орган инвестициялық басым жобаларды iске асыратын инвесторлармен инвестор үшiн «бiр терезе» қағидаты бойынша өзара iс-қимыл жасайды.

инвестор үшiн «бiр терезе» қағидаты – инвесторлардың құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттiк қызметтер көрсету субъектiлерiмен тiкелей байланысын шектеудi көздейтiн, инвестициялық басым жобаларды iске асыратын инвесторларға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi ұсынуда уәкiлеттi орган тарапынан жәрдемдесудiң орталықтандырылған нысаны

4. Уәкiлеттi орган мүдделi заңды тұлғалар тарапынан кепiлдендiрiлген тапсырысты қамтамасыз етуде уәкiлеттi орган мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвесторларға жәрдемдеседi.

5. Уәкiлеттi органның қызметi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн Ережемен реттеледi.
383-бап. Инвестициялық преференциялардың түсінігі мен түрлері

1. Инвестициялық преференциялар – Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн атаулы сипаттағы артықшылықтар.

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы – Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте, оның ішінде шетелдіктердің қатысуымен құрылған заңды тұлға.

2. Инвестициялық жоба (оның iшiнде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлерi берiледi:

1) кедендiк баждарды салудан босату;

2) мемлекеттiк заттай гранттар.

3. Инвестициялық басым жоба бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлерi (бұдан әрi – инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар) берiледi:

1) салықтар бойынша преференциялар;

2) инвестициялық субсидия.
384-бап. Инвестициялық жоба

Инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбеге енетiн және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық ықпал етуге қабiлеттi инвестициялық жоба болып табылады.

Инвестициялық басым жоба деп тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен белгiлi бiр қызметтiң басым түрлерi бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға iске асыратын және республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген күнi қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң екi миллион еселенген мөлшерiнен кем емес мөлшердегi инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтiн инвестициялық жоба түсініледі.

Инвестициялық стратегиялық жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге енетін және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық ықпал етуге қабілетті инвестициялық жоба болып табылады.


385-бап. Инвестициялық преференцияларды алу тәртiбi

1. Инвестициялық преференцияларды алу үшiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уәкiлеттi органға инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм және өтiнiм берушiнiң осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жiбередi.

2. Инвестициялық преференциялар уәкiлеттi орган мен Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаны iске асыратын заңды тұлғасы арасында жасалған инвестициялық келiсiмшарт негiзiнде берiледi.

Уәкiлеттi органның инвестициялық басым жобаны iске асыратын инвесторларға «бiр терезе» қағидаты бойынша инвестициялық преференциялар беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.


386-бап. Инвестициялық преференциялар беру шарттары

1. Инвестициялық преференциялар:

1) инвестициялық жоба бойынша – Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына;

2) инвестициялық басым жобаға – Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасына берiледi.

Инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференцияларды қолдану мақсаттары үшiн мынадай шарттарға сәйкес келетiн заңды тұлға:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген күнге дейiн күнтiзбелiк он екi айдан аспай жүзеге асырылса;

2) заңды тұлға инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген қызмет түрлерiн жүзеге асырса;

3) инвестициялық басым жобаны iске асыру бiр инвестициялық келiсiмшарт шеңберiнде ғана жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы болып табылады.

2. Инвестициялық преференциялар заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген қызмет түрлерi бойынша инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде берiледi.

Қызметтiң басым түрлерiн айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.

Инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн қызметтiң басым түрлерi тiзбесiнiң құрамында басым жобалардың тiзбесi бекiтiледi, ол Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарына сәйкес қалыптастырылады.

Инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне мынадай қызмет түрлерi енгiзiлуге жатпайды:

1) ойын бизнесi саласындағы қызмет;

2) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет;

3) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 279-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 6) тармақшасында көзделген акцизделетiн тауарларды шығаруды, жинауды (жинақтауды) қоспағанда, акцизделетiн тауарлар шығару жөнiндегi қызмет.

Инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесiн қоса алғанда, қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесi жылына бiр реттен артық қайта қаралмайды.

3. Инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар мынадай шарттар сақталған кезде:

1) мыналарды:

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiн;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдарын;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген күнге қолданыста болатын, айлық есептiк көрсеткiштiң екi миллион еселенген мөлшерiнен кем емес мөлшердегi инвестицияларды жүзеге асыратын, инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтiнiм берiлген күнге әрекет ететiн Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы алушы болып табылса;

2) инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар алуға өтiнiм берген, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционерi) мемлекет және (немесе) квазимемлекеттiк сектор субъектiсi болып табылмаса;

3) инвестициялық басым жобаны iске асыру үшiн қаржыландыру көздерi не кепiлдiктерi ретiнде бюджет қаражаты тартылмаса;

4) инвестициялық қызмет концессия шарты шеңберiнен тыс жүзеге асырылса;

5) әрбiр инвестициялық басым жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң инвестициялық субсидия беру туралы шешiмi болса берiледi.

4. Инвестициялық преференцияларды қолдану мерзiмi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленедi және инвестициялық келiсiмшартта инвестициялық преференциялардың әрбiр түрi бойынша көрсетiледi.

5. Инвестициялық преференциялар инвесторға осы Колекстің 19-бабында көзделген, инвестордың қойылатын талаптарға сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар ұсынылған кезде берiледi.

6. Инвестициялық преференцияларды қолдану осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.


387-бап. Кеден баждарын салудан босату

1.Инвестициялық келiсiмшарт шеңберiнде инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Кеден одағының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштары мен қосалқы бөлшектерiнiң, шикiзаттың және (немесе) материалдардың импорты кезiнде кедендiк баждар салудан босатылады.

Технологиялық жабдық деп – инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар түсініледі.

Жинақтауыштар деп – жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын және Кеден одағының Комиссиясы жасаған тауарлардың тиiстi тiзбесiне енгiзiлген құрамдас бөлiктер түсініледі.

2. Технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезiнде кеден баждарын салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ инвестициялық келiсiмшарт тiркелген кезден бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.

3. Технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерiнiң, шикiзаттың және (немесе) материалдардың импорты кезiнде 5 жылға дейiнгi мерзiмге кедендiк баж салудан босату тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай және инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесiне сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берiледi.

Кеден баждарын салудан босату инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне, бiрақ жұмыс бағдарламасы бойынша тiркелген активтердi пайдалануға енгiзген күннен бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.

жұмыс бағдарламасы – инвестициялық келiсiмшартқа өндiрiс пайдалануға берiлгенге дейiн инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн, сондай-ақ өндiрiс пайдалануға берiлгеннен кейiн жобаның негiзгi өндiрiстiк көрсеткiштерiн айқындайтын қосымша.

Егер жұмыс бағдарламасында екi немесе одан көп тiркелген активтердi пайдалануға енгiзу көзделетiн жағдайда, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерiн, шикiзатты және (немесе) материалдарды әкелуге кеден баждарын төлеуден босату мерзiмiн есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша бiрiншi тiркелген актив пайдалануға енгiзiлген күннен бастап жүргiзiледi.


  1. Осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешiм туралы хабарламаны уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде кеден органына жiбередi.


388-бап. Мемлекеттiк заттай гранттар

1. Мемлекеттiк заттай гранттар – Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берiле отырып, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны iске асыру үшiн уақытша өтеусiз пайдалануға берiлетiн не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсынылатын мүлiк.

1. Мемлекеттiк заттай гранттарды осы Заңда белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган мемлекеттiк мүлiктi және (немесе) жер ресурстарын басқару жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органдармен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз бередi.

Инвестиция бойынша уәкiлеттi органның шешiмi ұсынылған мемлекеттiк заттай грантты меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз беру үшiн негiз болып табылады. Уәкiлеттi органның инвестиция бойынша шешiмi инвестиция бойынша инвестор мен уәкiлеттi орган арасында жасалған инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестор инвестициялық мiндеттемелерiн орындаған жағдайда, инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi өткеннен кейiн қабылданады.

2. Мемлекеттiк заттай гранттар ретiнде: жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтiн және реттейтiн аспаптар мен құрылғылар, көлiк құралдары (жеңiл автокөлiктi қоспағанда), өндiрiстiк және шаруашылық саймандар берiлуi мүмкiн.

3. Мемлекеттiк заттай гранттарды бағалау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен олардың нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғарғы мөлшерi Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тiркелген активтерiне салынатын инвестициялар көлемiнiң отыз процентiнен аспайды.

Егер сұрау салынған мемлекеттiк заттай гранттың бағаланған құны аталған ең жоғарғы мөлшерден асып түссе, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының сұрау салынған мүлiктi оның бағаланған құны мен мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғарғы мөлшерi арасындағы айырманы төлеп алуға құқығы бар.


389-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген кездегі

тұрақтылыққа кепілдік
1. Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға:

1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы;

2) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы шетелдік жұмыс күшін тарту саласында өзгерген кезде, тұрақтылыққа кепілдік беріледі.

2. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңнамасының тұрақтылығына кепілдіктің қолданылуы күшін жояды.


390-бап. Салықтар бойынша преференциялар

1. Салықтар бойынша преференциялар

1. Салықтар бойынша преференциялар инвестициялық басым жобаларды іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда беріледі.

2. Салықтар бойынша преференциялардың түрлері:

1) есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;

2) жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;

3) мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу.

3. Инвестициялық келісімшартта салықтар бойынша преференциялардың әрбір түрінің қолданылу мерзімі белгіленеді, бірақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалған оларды қолданудың шекті мерзімінен аспайды.

4. Инвестициялық келісімшарттың қолданылуы осы Заңда белгіленген тәртіппен мерзімнен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялардың қолданылуы күшін жояды.
391-бап. Инвестициялық субсидия

1. Инвестициялық субсидия – инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарылмайтын негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидия түрі.

2. Өңірлік дамуға жәрдемдесу мақсатында инвестициялық субсидия инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторға Қазақстан республикасы Үкіметінің шешімі негізінде беріледі.

3. Инвестициялық субсидия қосылған құн салығы мен акциздер есепке алынбай, растайтын құжаттар негізінде құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдық сатып алуға арналған, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттамада көзделген шығындардың құнынан аспайтын іс жүзіндегі шығындардың орнын 30 пайызға дейін толтыру арқылы беріледі..

3. Мыналар инвестордың іс жүзіндегі шығындарын растайтын құжаттар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары;

2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ресімделген шот-фактуралар;

3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес ресімделген кедендік декларациялар.

4. Инвестициялық субсидияны төлеу кестесі мен жылдық көлемі инвестициялық субсидияны инвестициялардың көлемі мен инвестициялық басым жобаның рентабельділігіне қарай кезеңге, бірақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін және инвестициялық келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін кемінде үш жылға тең үлестермен бөлу арқылы инвестициялық келісімшарт шеңберінде белгіленеді.

5. Инвестор өндірісті іске қосу бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда инвестициялық келісімшартта белгіленген инвестициялық субсидияны толық көлемде төлеу өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

Инвестор өндірісті іске қосу бойынша жұмыс бағдарламасында белгіленген жылдық көрсеткішті орындамаған жағдайда, инвесторға осы көрсеткішті орындау пайызына тепе-тең келетін субсидия көлемі төленеді.

6. Инвестициялық субсидия беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.


392-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмге

қойылатын талаптар

Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмдi уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

2) заңды тұлға жарғысының заңды тұлғаның басшысы қолымен және мөрімен расталған көшiрмесi;

3) инвестициялық жобаның уәкiлеттi орган белгiлейтiн талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;

4) инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған көшiрмелерi;

5) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар болған жағдайда қабылдайды және тiркейдi;

6) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамалары болған жағдайда қабылдайды және тiркейдi.

2. Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құжаттардан басқа, заңды тұлға басшысының қолымен, мөрімен куәландырылған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттаманы ұсынады.
393-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiмдi

қарау мерзiмдерi

1. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтiнiм уәкiлеттi органның қарауына берiледi, ол осы Кодекстің 386-бабында белгiленген талаптарға сәйкес өтiнiм тiркелген кезден бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылдап, өтiнiм берушiге жазбаша түрде жауап жiбередi.

2. Инвестициялық преференцияларды беруге жасалған өтiнiмдердi қабылдау, тiркеу және қарау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
394-бап. Инвестициялық келiсiмшарт жасасу

1. Инвестициялық келiсiмшарт – инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт

2. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде модельдiк келiсiмшарттың ережелерiн ескере отырып, инвестициялық келiсiмшартты қол қоюға дайындайды..

Модельдiк келiсiмшарт деп Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн және инвестициялық келiсiмшарттар жасасқан кезде пайдаланылатын үлгi келiсiмшарт түсініледі.

3. Инвестициялық келiсiмшартты қол қойылған күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi орган тiркейдi және ол тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.

Инвестициялық келісімшартты уәкілетті орган тіркеген күн оның жасалған күні болып табылады.

4. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi инвестициялық преференциялардың қолданылу мерзiмiмен айқындалады. Жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзiмi инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде тоғыз ай бұрын бітуге тиiс.
395-бап. Инвестициялық келiсiмшартты бұзу жағдайлары

1. Инвестициялық преференциялардың қолданылуы инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi бiткен соң тоқтатылады не осы бапта белгiленген тәртiппен осындай мерзiм бiткенге дейiн тоқтатылуы мүмкiн.

2. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылуы:

1) тараптардың келiсiмi бойынша;

2) бiр жақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.

3. Инвестор инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған кезде, уәкілетті орган инвесторға инвестициялық келісімшартқа өзгерістер енгізу үшін инвестициялық жобаның одан әрі іске асырылуы мүмкіндіктерін негіздейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хат жібереді.

Егер хатты алған кезден бастап үш ай ішінде инвестор құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган инвесторға хабарлама жіберілген кезден бастап екі ай өткен соң инвестициялық келісімшарттың қолданылуы біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылатыны туралы хабарлама жібереді.

Инвестициялық келісімшарт бұзылған жағдайда, аталған заңды тұлға инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялардың нәтижесінде бюджетке төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейді.

4. Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасының бастамасы бойынша инвестициялық келiсiмшарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде көрсетілген заңды тұлға инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар нәтижесінде төленбеген салықтар мен кедендік баждар сомаларын төлейдi.

5. Инвестициялық келiсiмшарт тараптардың келiсiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасы инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомаларын төлейдi.

6. Инвестициялық келiсiмшарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасы өзiне мемлекеттiк заттай грант ретiнде берiлген мүлiктi заттай не инвестициялық келiсiмшарттың талаптарына сәйкес оның берiлген күнгi бастапқы құнын қайтарады.

7. Мемлекеттiк заттай грантты қайтаруды Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасы уәкiлеттi орган инвестициялық келiсiмшартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдағаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүзеге асырады..


396-бап. Инвестициялық дауларды шешу

1. Инвестициялық дау – инвестордың инвестициялық қызметiне байланысты инвесторлар мен мемлекеттiк органдар арасындағы шарттық мiндеттемелерден туындайтын дау.

2. Инвестициялық даулар келiссөздер жолымен, оның iшiнде сарапшыларды тарта отырып не дауларды шешудiң тараптармен бұрын келiсiлген рәсiмiне сәйкес шешiлуi мүмкiн.

3. Осы баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес инвестициялық дауларды шешу мүмкiн болмаған жағдайда дауларды шешу Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында, сондай-ақ тараптардың келiсiм-шарттарымен айқындалатын халықаралық төрелiк соттарда жүргiзiледi.

4. Инвестициялық дауларға жатпайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi..
29-тарау. Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет