443-бап. Қорғаудың соттық нысаны
Кәсіпкерлік субъектілері құқықтары, бостандықтары немесе заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылғанда немесе дауға түскенде, оны қорғау үшiн Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
444-бап. Кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тараптардың
мүліктік дауларды сотқа дейінгі реттеуі
1. Құқықтары мен заңмен мүдделерi бұзылған кәсіпкерлік субъектілері, осы құқықтардың оны бұзушы адаммен дауды тікелей реттеу мақсатында оған Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртiппен жазбаша талап-қоюмен жүгiнуге құқылы.
2. Заңнамада белгiленген жағдайларда дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау міндетті емес болғанда, кәсіпкерлік субъектісі өзінің бұзылған құқығын қорғау үшін тікелей сотқа жүгінуге құқылы.
3. Даулар сотқа дейін реттелмеген жағдайда кәсіпкерлік субъектісі бас тартылған талап-қуынымды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
445-бап. Қорғанудың соттан тыс нысандары
1. Кәсіпкерлік субъектілері құқықтарын қорғау заңдарында және (немесе) шартта көзделген мынадай нысандарда:
1) аралық сотта;
2) халықаралық төрелікте;
3) медиацияны қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кәсіпкерлік субъектілері құқықтарын қорғаудың басқа да соттан тыс нысандары белгіленуі мүмкін.
3. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде туындайтын келіспеушіліктерді реттеу мақсатында кәсіпкерлік субъектілері осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда омбудсменге жүгінуге құқылы.
446-бап. Аралық сотта құқықтарды қорғау
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дау аралық келісім болған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен аралық сотта қаралуы мүмкін.
2. Аралық соттар нақты дауды шешуге арналған тұрақты түрде жұмыс істейтін аралық сот, биржалық төрелік немесе нақты дауды шешуге арналған аралық сот түрінде құрылуы мүмкін.
3. Тұрақты түрде жұмыс істейтін аралық соттар мен биржалық төреліктерді ұйымдастырудың және оның жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
4. Нақты дауды шешуге арналған аралық сотты ұйымдастырудың және оның жұмыс істеу тәртібі тараптардың келісімінде айқындалады.
5. Аралық соттың шешімі ерікті түрде орындамаған жағдайда аралық соттың шешімін мәжбүрлі түрде орындату Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
447-бап. Халықаралық төрелікте құқықтарды қорғау
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған кәсіпкерлік субъектілері арасындағы дау, егер де тараптардың бірі Қазақстан Республикасының резиденті емес болса, халықаралық төрелікте Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қаралуы мүмкін.
Кәсіпкерлік субъектілері арасында жасалған төрелік келісім болған кезде дау халықаралық төреліктің қарауына берілуі мүмкін.
2. Дауды халықаралық төрелікте қараудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
3. Халықаралық төреліктің шешімі ерікті түрде орындамаған жағдайда халықаралық төреліктің шешімін мәжбүрлі түрде орындату Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
448-бап. Құқықтарды медиация рәсімі арқылы қорғау
1. Кәсіпкерлік субъектілері арасында медиация жүргізу тараптардың өзара келісімі бойынша және олардың арасында медиация туралы шарт жасасылған кезде жүзеге асырылады.
2. Кәсіпкерлік субъектілердің қатысуымен азаматтық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды реттеу кезінде медиация сотқа жүгінге дейін де және сот талап арызды қабылдағаннан кейін де қолданылуы мүмкін.
3. Медиация жүргізудің тәртібі мен шарттары «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.
31-тарау. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтарын
қорғау жөніндегі уәкіл. Инвестициялық омбудсмен
449-бап. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл және оның функциялары
1. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл – Ұлттық палатасы Басқармасының ұсынымы бойынша Ұлттық палатасының Президиумы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау, сол сияқты кәсіпкерлік қоғамдастық мүдделерін қорғау мақсатында лауазымға тағайындайтын адам.
2. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл мынадай функцияларды жүзеге асырады:
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттерде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді, қорғайды;
-
кәсіпкерлік субъектілерінің шағымдары мен өтініштерін қарайды;
-
мемлекеттік билік органдарына кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша ұсыныстарды енгізеді;
-
іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері) арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған мемлекеттік органдарға (лауазымды адамдарға) бұзылған құқықтарды қалпына келтіру шараларына қатысты, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделелерін бұзуға кінәлі адамдарды жауаптылыққа тартуға қатысты ұсынымдарды жібереді;
-
мемлекеттік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік билік органдарынан (лауазымды адамдардан) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты, құжаттар және материалдарды сұратады;
-
заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа талап қоюмен (арызбен) жүгінеді;
-
белгіленген тәртіппен сот актілеріне шағым жасайды;
-
заңды күшіне енген сот шешімінің орындалуын тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді;
-
кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған өзге де заңды шараларды қолданады.
450-бап. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің міндеттері
1.Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз қызметiн жүзеге асыруы кезінде:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмде азаматтардың лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), мемлекеттiк органдардың, өзге де ұйымдар мен олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне жасаған өтініштерін қарауға және олар бойынша қажетті шаралар қолдануға;
4) өтiнiштердi қарау барысында объективті және бейтарап болуға;
5) өзiн қорғауды өтiнген адамның құқықтарын жүзеге асыруға кедергi келтiретiн қандай да бiр іс-әрекеттерді жасамауға мiндеттi.
2. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының Президентіне қарау үшін Ұлттық палата енгізетін Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндамада көрсетілуге жататын өз қызметі туралы есепті бекіту үшін Ұлттық палатаға жыл сайын табыс етеді.
451-бап. Инвестициялық омбудсмен
1.Иннвестициялық омбудсмен – Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды адам.
2. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық омбудсмен:
1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды және оларды шешу үшін, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұсынымдар шығарады;
2) туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсетеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдарды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
2. Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
32-тарау. Мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) және актілеріне (шешімдеріне) шағымдану
452-бап. Кәсіпкерлік субъектілері шағымын қараудың міндеттілігі
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген шағым міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге және қаралуға жатады. Шағымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Мемлекеттік орган (мемлекеттік органның лауазымды адамы) кәсіпкерлік субъектілердің берген шағымын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде қарауға міндетті.
453-бап. Шағымдануға құқық
1. Мемлекеттік органның лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi (әрекетсіздігіне) мен шешiмдерiне (актілеріне) кәсіпкерлік субъектілері, егер ол өзінің мүддесін қозғайтын болса, осы заңда белгiленген тәртiппен шағымдануы мүмкін.
2. Шағым оны қарау мен ол бойынша шешім қабылдау құзыретiне кiретiн мемлекеттік органға беріледі. Жоғары тұрған органға лауазымды адамға алдын ала өтініш жасау сотқа арыз жолдау және соттың оны кейін қарауы үшін міндетті талабы болып табылмайды.
8-бөлім. КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
33-тарау. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы
заңнаманы бұзғаны үшiн жауаптылық
454 Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеледі.
2. Кәсiпкерлiк субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының жауаптылығы осы Кодекске және осы тараудың ережелерін есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жалпы негіздер бойынша көзделеді.
3. Кәсiпкерлiк субъектілері жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың және мемлекеттің заңмен қорғалатын құқықтарын сақтауға міндетті.
455-бап. Кәсiпкерлiк субъектілерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны үшiн жауаптылықтың негіздерi
1. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары кәсiпкерлiк субъектілер мен мемлекеттің өзара іс-қиымылы процесінде өздерінің қызметтік мiндеттерін орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда, соның ішінде кәсіпкерлікті реттеу мен қолдау кезінде, сондай-ақ заңға қарсы iс-әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықты көтереді.
Мемлекеттік органдар құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кәсіпкерлік субъектіге, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған мемлекеттік органдардың кінәлі лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы бір ай ішінде жазбаша хабарлауға міндетті.
2. Мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар кәсіпкерлік субъектісі туралы коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын мәліметтерді таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген жауаптылықты көтереді, ал кәсіпкерлік субъектісіне оның келісімінсіз осындай мәліметтерді таратудың нәтижесінде келтірілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
456-бап. Кәсiпкерлiкке кедергi келтiргенi үшiн жауаптылық
1. Кәсiпкерлiкке заңсыз кедергі келтіретін мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдардың кез келген iс-әрекетi (әрекетсiздігі) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа алып келедi.
2. Кәсiпкерлiк субъектiсiне олардың кәсiпкерлiк қызметiне заңсыз кедергi келтiруі салдарынан келтiрiлген барлық зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
457-бап. Кәсiпкерлiк субъектiсiн тексерудiң белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Мемлекеттік органның немесе оның лауазымды адамының кәсiпкерлiк субъектiсi қызметіне тексеру жүргiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған жағдайда (тексерiстi негiзсiз тағайындау, актiнi шығармастан тексеру iсi және оны құқықтық статистика органында тiркеу, құжаттарды заңсыз алып қою, материалдық құндылықтарды заңсыз түгендеу, өндiрiстi тоқтата тұру, артық анықтамалар мен түсiндiрулердi жасау, негізсiз сұрау салуларды қою және өзге жағдайларда) өтеуге қойылатын шығындардың көлемiне тексеруге материалдарды дайындағаны үшін кәсiпкерлiк субъектiлері қызметкерлерiне төленген сыйақы сомасы, өндiрiстiң амалсыз тоқтатылған уақыты үшiн жалақы, өндiрiстiң тоқтауы салдарынан шығарылмаған тиiстi тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу кезiнде кәсiпкерлiк субъектiсi алатын алынбаған пайда енгізiлуi мүмкiн.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен заңсыз деп танылған мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргiзу кезiнде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттерімен (әрекетсiздiгiмен) кәсiпкерлiк субъектiсiне келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге жатады.
3. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының заңсыз іс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеледі.
34-Тарау. Өтпелі және қорытынды ережелер
458-бап. Осы Кодекстің жекелеген нормаларын қолданудың тәртібі
1. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін берілген аккредиттеу аттестаттары жарамды деп есептеледі.
2. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келiсiмшарттар негiзiнде берiлген жеңiлдiктер осы инвестициялық келiсiмшарттарда белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн өзiнiң қолданылуын сақтайды.
3. Осы Кодекстің 21-1-бабы 2-тармағының, 22-бабының 3, 4 және 5-тармақтарының салықтар сомаларын төлеу бөлiгiндегi нормалары уәкiлеттi органмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған инвестициялық келiсiмшарттар бойынша қолданылуын сақтайды.
459-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Кодекс алғаш ресми жарияланған күнiнен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Мына заңдардың күшi жойылды деп танылсын:
«Шаруа немесе фермер қожалығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31 наурыздағы Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 26-құжат);
«Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңы (30.12.98 ж. № 245 «Казахстанская правда»);
«Демпингке қарсы шаралар туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 654-құжат; 2006 ж., № 1, 3-құжат; № 3, 22-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 13.08.99 ж. № 195-196 «Казахстанская правда»);
«Субсидиялар және өтем шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 732-құжат; 2006 ж., № 1, 3-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 02.09.99 ж. № 214 «Казахстанская правда»);
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2003 жылғы 11 қаңтардағы № 9-11 «Казахстанская правда»; 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 5 «Юридическая газета»);
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2004 жылғы 13 қарашадағы № 259-260 «Казахстанская правда»);
«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж.);
«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңы (2008 жылғы 29 шілдедегі, № 166 (25613) «Казахстанская правда»; 2008 жылғы тамыз, № 33 «Официальная газета»; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16 (2521), 59-құжат);
«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Заңы (2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 294-295 (25741-25742) «Казахстанская правда»; 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 422-425 (25394) «Егемен Қазақстан»; 2009 жылғы қаңтар, № 5 «Официальная газета»; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24 (2528), 125-құжат);
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы (15.01.2011 ж., № 13-14 (26434-26435) «Казахстанская правда»; 2011 жылғы 15 қаңтардағы № 11(26413) «Егемен Қазақстан»; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011ж., № 1 (2578), 1-құжат);
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы (26.01.2012 ж., № 29 (26848) «Казахстанская правда»; 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 37-38 (27110) «Егемен Қазақстан»).
Қазақстан Республикасының
Президенті
Достарыңызбен бөлісу: |