Қазақстан республикасының Ұлттық банкі №21 баспасөз релизі



Дата29.02.2016
өлшемі23.58 Kb.
#34230
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ

21 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ


Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған,

«рroоf» сапалы күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған

«Ұлы Жеңіске 70 жыл» ескерткіш монетасын айналысқа шығару туралы

2015 жылғы 31 наурыз Алматы қ.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 31 наурыздан бастап 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған номиналы 500 теңгелік, «рroоf» сапасымен күмістен жасалған және номиналы 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған «Ұлы Жеңіске 70 жыл» ескерткіш монетасын айналысқа шығару туралы хабарлайды.

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розетканың және мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Номиналдан солға қарай Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін «24 g» деген жазба, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Ag 925» деген жазба бар. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек және шығыңқы жиек жүргізілген.


Монетаның сырт жағында (реверсінде) Алматы қаласындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалының фрагменті, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс жылын білдіретін «1945» деген дата және монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген дата орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ», орыс тілінде «70 ЛЕТ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЕ» деген жазба және шығыңқы жиек. Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі. Монеталар 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 24 гр, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 7 мың дана.

«Ұлы Жеңіске 70 жыл» нейзильбер қоспасынан жасалған монетаның бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінен оңға қарай «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Номиналдан солға және оңға қарай ұлттық ою-өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазба және шығыңқы жиек жүргізілген.


Монетаның сырт жағында (реверсінде) Алматы қаласындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалының фрагменті, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс жылын білдіретін «1945» деген дата және монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген дата орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ», орыс тілінде «70 ЛЕТ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЕ» деген жазба және шығыңқы жиек.

Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі. Монеталар «нейзильбер» қоспасынан дайындалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана.



Номиналдық құны 500 теңгелік және 50 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (727) 2704 639, +7 (727) 2704 585, +7 (727) 3302 497, e-mail: press@nationalbank.kz, www.nationalbank.kz.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет