Қазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының



бет5/5
Дата12.07.2016
өлшемі0.51 Mb.
#193007
1   2   3   4   5

№_______ Банктік бақылаудың жеке карточкасы

_________жылғы _____________есептік ай

(есептік айдың аяғындағы жағдай бойынша)






Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпараттың атауы

Жолдың коды

Банктік бақылаудың жеке карточкасы бойынша ақпарат

1.

Банктік бақылаудың жеке карточкасын жіберуге негіз:

10

 

2.

Экспортер немесе импортер бойынша ақпарат:

20




3.

Атауы немесе аты-жөні

21

 

4.

БСН/ҚҰЖЖ коды

22

 

5.

ЖСН/СТН

23

 

6.

Белгісі – заңды тұлға немесе дара кәсіпкер

24

 

7.

Мекенжайы

25

 

8.

Облыстың коды

26

 

9.

Мәміле паспорты:

30




10.

Нөмір

31

 

11.

Күні

32

 

12

Мәміле паспорты банкінің БСН/КҰЖЖ коды


40




13.

Келісімшарт бойынша ақпарат:


50




14.

Белгісі – экспорт немесе импорт

51




15.

Нөмірі

52

 

16.

Күні

53

 

17.

Мың бірліктегі сома

54

 

18

Келісімшарт валютасы


55




19.

Резидент емес бойынша ақпарат:

60




20.

Атауы немесе аты-жөні

61




21.

Елі

62




22.

Репатриациялау мерзімі:

70




23.

Резидент еместің келісімшарт бойынша экспортер немесе импортер алдындағы репатриациялау мерзімдерінде орындамаған міндеттемелерінің сомасы туралы ақпарат

80




24.

Келісімшарттың валютасымен

81




25

АҚШ долларымен

82




26.

Ескерту:

90




7-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау


1. Банктік бақылаудың жеке карточкасының нөмірі 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін көлбеу сызықпен бөлінген үш бөліктен тұрады:

бірінші бөлікте уәкілетті банктің сегіз мәнді КҰЖЖ коды көрсетіледі;



екінші бөлікте келісімшарт бақылауда тұрған уәкілетті банк филиалының КҰЖЖ кодының соңғы төрт саны көрсетіледі. Егер келісімшарт уәкілетті банкте бақылауда болса, екінші бөлікте төрт нөл қойылады;

үшінші бөлікте уәкілетті банк (оның филиалдарын ескере отырып) үшін банктік бақылаудың жеке карточкасының бірегей нөмірі көрсетіледі.

Банктік бақылаудың жеке карточкасының нөмірі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап көлбеу сызықпен бөлінген екі бөліктен тұрады:

бірінші бөлікте уәкілетті банктің БСН көрсетіледі;

екінші бөлікте уәкілетті банк (оның филиалдарын ескере отырып) үшін банктік бақылаудың жеке карточкасының бірегей нөмірі көрсетіледі.

2. 10 деген коды бар жол мынадай жіктеушіге сәйкес толтырылады:

1 – резидент еместің репатриациялау мерзімдерінде келісімшарт бойынша экспортер немесе импортер алдындағы есепті айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын сомадағы міндеттемелерін орындамауы;

5 – Ереженің 49-тармағында көрсетілген жағдайлар.

10 деген коды бар жолда жеке карточканы жіберуге бірнеше негіздер көрсетілуі мүмкін.

Банктік бақылаудың жеке карточкасы 10 деген коды бар жолда 1 санын көрсете отырып, егер оны Ұлттық Банкке жіберу күніндегі жағдай бойынша экспортер немесе импортер уәкілетті банкке резидент еместің осы келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауын растайтын құжаттарды ұсынбаса, Ұлттық Банкке жіберіледі.

3. 22 деген коды бар жол, егер 24 деген коды бар жолда «1» белгісі көрсетілсе, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап экспортердің немесе импортердің БСН, 2012 жылғы қаңтарға дейін экспортердің немесе импортердің заңды тұлғалар үшін сегіз мәнді ҚҰЖЖ кодын немесе заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері үшін он екі мәнді кодын көрсету арқылы толтырылады.

4. 23 деген коды бар жол егер, 24 деген коды бар жолда «2» белгісі көрсетілсе, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап экспортердің немесе импортердің ЖСН, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін экспортердің немесе импортердің (дара кәсіпкерлер үшін) СТН көрсету арқылы толтырылады.



5. 24 деген коды бар жолда, егер экспортер немесе импортер заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі) немесе БСН бар дара кәсіпкер болып табылса, «1» белгісі және өзге жағдайларда «2» белгісі көрсетіледі.

6. 26 деген коды бар жолда (КАТО) ҚР МЖ 11-2009 әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеушісіне сәйкес экспортер немесе импортер облысы кодының алғашқы 2 саны көрсетіледі.

7. 31-32 деген кодтары бар жолдар мәміле паспорты бар болған жағдайда толтырылады.

8. 32, 53 деген кодтары бар жолдар мынадай тәртіпте сегіз сан көрсетіле отырып толтырылады: күні, айы, жылы.

9. 40 деген коды бар жол 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап мәміле паспорты банкінің БСН, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін мәміле паспорты банкінің уәкілетті банктер үшін 8 мәнді, немесе уәкілетті банктердің филиалдары үшін 12 мәнді ҚҰЖЖ кодын көрсету арқылы толтырылады.

10. 51 деген коды бар жолда экспорт бойынша келісімшарт болса «1» белгісі немесе импорт бойынша келісімшарт болса «2» белгісі көрсетіледі.

11. 52 деген коды бар жол келісімшарттың нөмірі болған жағдайда келісімшарттың осы деректемені көрсету арқылы толтырылады.

12. 55 деген коды бар жолда ҚР МЖ 07 ИСО 4217-2001 «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес валютаны әріппен белгілеу көрсетіледі.

13. 62 деген коды бар жол ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Ел коды», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары», ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3-2001 «Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған код. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар» мемлекеттік жіктеушілерін пайдалана отырып толтырылады.

14. 70 деген коды бар жол Ережеге 1-қосымшаны толтыру бойынша нұсқаудың 14-тармағына және 2-қосымшаны толтыру бойынша нұсқаудың
4-тармағына сәйкес толтырылады.

15. 81 және 82 деген кодтары бар жолдар, егер 10 деген коды бар жолда 1, 5 саны көрсетілсе толтырылады.

16. 81 және 82-жолдар валютаның мың бірлігімен толтырылады.

17. 90 деген коды бар жолда уәкілетті банк кез келген басқа қосымша ақпаратты көрсетеді.

18. Егер келісімшарт бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасы Ұлттық Банкке алдыңғы есепті кезеңдерде жіберілген болса және есепті кезеңде оны жіберу үшін тағы негіз бар болса, уәкілетті банк алғашқы рет банктік бақылаудың жеке карточкасы жіберілген нөмірді көрсете отырып, 20-70 деген кодтары бар жолдардағы ақпарат өзгерген жағдайларды қоспағанда, осы жолдарды толтырмай, банктік бақылау жеке карточкасын жібереді.»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2011 жылғы «___» _______

№___ қаулысына

8-қосымша

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы
№ 86 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасында

экспорт-импорт валюта бақылауын

жүзеге асыру ережесіне

8-қосымша

___________ жылғы _________ ай ішінде

баламасы жүз мың АҚШ долларына асатын сомада төлем мен ақша аудырамын жүзеге асырған

экспортер немесе импортер туралы ақпарат
Уәкілетті банктің БСН/ҚҰЖЖ коды ________________

 





Ээкспортер немесе импортер бойынша ақпарат

Атауы немесе аты-жөні

БСН/ҚҰЖЖ коды

ЖСН/
СТН

Белгісі – заңды тұлға немесе дара кәсіпкер

Мекен-жайы

Облыс-тың коды

1

2

3

4

5

6

7

 




 

 

 

 

 


кестенің жалғасы

Төлемдер мен (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат

Белгісі – экспорт немесе импорт

Белгісі – шығыс, кіріс

Сомасы

Ескерту

8

9

10

11

 

 

 

 

8-қосымшаны толтыру бойынша нұсқау


1. «Уәкілетті банктің БСН/ҚҰЖЖ коды» 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті банктің БСН, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін уәкілетті банктің 8 мәнді ҚҰЖЖ коды көрсетіледі.

2. 3-баған егер 5-бағанда «1» белгісі көрсетілсе, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап экспортердің немесе импортердің БСН, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін экспортердің немесе импортердің, заңды тұлғалар үшін 8 мәннен тұратын, заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері үшін 12 мәннен тұратын ҚҰЖЖ кодын көрсету арқылы толтырылады.

3. 4-баған егер 5-бағанда «2» белгісі көрсетілсе, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап экспортердің немесе импортердің ЖСН, ал 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін экспортердің немесе импортердің (дара кәсіпкерлер үшін) СТН көрсету арқылы толтырылады.

4. 5-бағанда егер экспортер немесе импортер заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі) немесе БСН бар дара кәсіпкер болып табылса, «1» белгісі немесе өзге жағдайларда «2» белгісі көрсетіледі.

5. 6-бағанда экспортердің немесе импортердің заңды мекенжайы көрсетіледі.

6. 7-бағанда (КАТО) ҚР МЖ 11-2009 әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеушісіне сәйкес облыс кодының алғашқы 2 саны көрсетіледі.

7. 8-бағанда экспорт бойынша келісімшарт үшін «1» белгісі немесе импорт бойынша келісімшарт үшін «2» белгісі көрсетіледі.

8. 9-бағанда шығыс төлемі үшін (шетелдік сатып алушының немесе шетелдік жеткізушінің пайдасына төлем мен (немесе) ақша аударымы) «1» белгісі немесе кіріс төлемі үшін (экспортердің немесе импортердің пайдасына төлем мен (немесе) ақша аударымы) «2» белгісі көрсетіледі.

9. 10-бағанда жүзеге асырылған төлем мен (немесе) ақша аударымының жалпы сомасы АҚШ долларымен көрсетіледі.

10. Ақпарат Ұлттық Банк уәкілетті банктермен келіскен форматтарға сәйкес электрондық түрде жіберіледі.».






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет