Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің



Дата16.06.2016
өлшемі174.14 Kb.
#138265

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің

2007 жылғы 30 мамырдағы

№ 113 қаулысымен

бекітілген



Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін мониторингінің 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы


Мазмұны





  1. Кіріспе

  2. Кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін мониторингін ұйымдастырудың негізгі мақсаты, міндеттері, қағидаттары

  3. Кәсіпорындар мониторингі тұжырымдамасын іске асырудың 2000-2006 жылдардағы негізгі қорытындылары және кәсіпорындар мониторингін одан әрі дамыту проблемалары

  4. Нақты сектор кәсіпорындарының мониторингін дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған басым бағыттары

  5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде кәсіпорындар мониторингін жүргізудің функционалды схемасы

Қосымша:


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде кәсіпорындар мониторингін жүргізудің функционалдық схемасы.


  1. Кіріспе

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан экономикасының нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі туралы» 2000 жылғы 18 наурыздағы № 103 қаулысының аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) мониторинг жүйесін құру, оның бірінші даму сатысында жұмыс істеуі мақсатында қойылған мақсаттар тұтастай алғанда орындалды. Қалған жекелеген проблемалар, сондай-ақ одан әрі дамудың жинақталған өз тәжірибесіне және шетелдердің орталық банктерінің тәжірибесін зерттеуге байланысты негізді мәселелері келесі орта мерзімді кезеңге арналған Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі тұжырымдамасын әзірлеу қажеттілігіне себепші болады.

Осы Ұлттық Банк жүргізетін Қазақстан Республикасы экономикасы нақты секторының кәсіпорындары мониторингінің тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама):

кәсіпорындар мониторингін одан әрі дамытудың басым бағыттарын және оның нәтижелерін пайдалануды;

Ұлттық Банктегі «Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе (бұдан әрі – «ЭНСКМ ААШЖ») шеңберінде осы бағыттарды іске асыру жөніндегі қажетті шараларды айқындау және іске асыру мақсатында 2007-2011 жылдарға арналып әзірленді.

Осы Тұжырымдамада айтылған басымдықтарда сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасының «Қаржы секторын мемлекеттік басқаруды нығайту және сапасын арттыру» 3.1-бөлімінің ережелері Ұлттық Банк жүргізетін кәсіпорындар мониторингін жандандыру және жетілдіру қажеттілігі бөлігінде ескеріледі.

Тұжырымдамаға жоғарыда көрсетілгендермен қатар кәсіпорындар мониторингінің құрамдас бөліктері, кәсіпорындардан бастапқы деректерді жинау және өңдеу кезеңдері және түпкілікті нәтижелерді пайдалану бағыттары көрсетілетін кәсіпорындар мониторингі жұмыс істеуінің жалпы схемасы кіреді.


  1. Ұлттық Банкте кәсіпорындар мониторингін ұйымдастырудың негізгі мақсаты, міндеттері, қағидаттары

Ұлттық Банктегі нақты сектор кәсіпорындары мониторингінің негізгі мақсаттары:

экономикадағы негізгі үрдістерді экономикалық талдау және қысқа мерзімді болжау жүйесін жетілдіру;

ақша-кредит саясатының операциялық рәсімдерін және құралдарын жетілдіру, оның тиімділігін арттыру болып табылады.

Жұмысқа Ұлттық Банктің филиалдарын тарту негізінде жүргізілетін кәсіпорындардың жүйелі мониторингі экономикалық конъюнктураның қаржылық жай-күйін, өндірістік, инвестициялық белсенділігін және өзгеруін талдау үшін жедел және объективті ақпарат алуға және осы бастапқы ақпарат негізінде макро және аймақтық деңгейлердегі маңызды теңгерімдер және құрылымдық өзгерістер қысқа мерзімді болжау жасауға мүмкіндік береді. Тауарлар және қызмет көрсетулер өндірісі саласындағы кәсіпорындар деңгейіндегі үрдістерді талдау және макро деңгейдегі біріктіру динамиканы нығайтуға және макро көрсеткіштерді болжауды жетілдіруге мүмкіндік жасайды.

Осы міндеттерді шешу іс жүзінде негізгі міндет – ресми қайта қаржыландыру ставкаларын белгілеуге («Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес) қажетті инфляцияның деңгейін және инфляциялық күтулерді бағалауды ақпараттық талдаумен қамтамасыз етуді шешуге және мемлекеттік ақша-кредит саясатын жүргізу шеңберінде басқа шешімдерді қабылдауға мүмкіндік жасайтын болады.

Кәсіпорындар мониторингінің жоғарыда көрсетілген міндеттерін макро деңгейде тиімді шешу, бірінші кезекте, кәсіпорындарды сала және аймақ бойынша іріктеудің көрнекілігіне қол жеткізуге байланысты. Бұл аймақтық деңгейде мынадай міндеттерді шешу қажеттілігіне себепші болады:

кәсіпорындардың аймақтық көрнекі іріктеуін қалыптастыру;

аймақ экономикасының нақты секторының экономикалық конъюнктурасының және қаржылық жағдайының өзгерісін тепе-тең көрсету;

банк секторының аймақ экономикасының қаржылық емес секторына әсер етуін бағалау.

Осы міндеттер Ұлттық Банктің аймақтық филиалдары үшін кәсіпорындар мониторингі бойынша жұмыс шеңберінде негізгілер болып табылады.

Кәсіпорындар мониторингін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары.

Кәсіпорындар мониторингін ұйымдастырудың негізі кәсіпорындардың осы жұмысқа қатысуға ерікті келісуі болып табылады.

Кәсіпорындарды мониторингке қатысуға тарту мақсатында Ұлттық Банктің олар үшін кәсіпорынның көрсеткіштерін орташа салалық деңгеймен салыстыра отырып бағалаудан тұратын кезекті мониторингтің нәтижелері бойынша жіберілетін талдама материалдарды қалыптастыруы көзделеді.

Кәсіпорындардың Ұлттық Банктің мониторингке қатысуы үшін олардың жүйелі түрде жіберіп отыратын жіберілетін талдама материалдармен қолдау жасалатын мүддесі мониторингтің маңызды қағидаты болып табылады, түпкілікті нәтижесінде кәсіпорындарды іріктеудің тұрақтылығы, кәсіпорындардың мониторингі нәтижесінде қалыптастырылатын бірқатар деректер мен талдама ақпараттың сапасы соған қатысты болады.

Жоғарыда көрсетілгендермен қатар кәсіпорындар мониторингінің негізгі қағидаттарына сонымен бірге мыналар жатады:

Ұлттық Банктің және оның аймақтық филиалдарының нақты кәсіпорыннан алынған ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз етуі;

кәсіпорындардың оларды толтыру үшін талап етілетін көрсеткіштері мен ең аз уақытты бір мағынада түсінуі тұрғысынан алғанда пікіртерім сауалнамаларының қарапайым болуы;

кәсіпорындар мониторингін жүргізудің сауалнамалар толтыруға және кәсіпорындардан оларды алуға қатысты және сол сияқты бастапқы деректерді өңдеуге, талдау материалдарын қалыптастыру мен оларды Ұлттық Банк басшылығына ұсынуға қатысты оралымды болуы.

Микро, өңірлік және макро деңгейлерге талдау мен қысқа мерзімді болжау кәсіпорындар мониторингі шеңберінде ақпаратты неғұрлым оралымды алу және пайдалану мүмкіндігінің өзі Ұлттық Банк үшін экономиканың нақты секторының кәсіпорындары мониторингінің іс жүзіндегі мәнін айқындайды, өйткені қолданылып жүрген жылдық және тоқсандық есептілік есепті кезең аяқталғаннан соң айтарлықтай кешіктіріліп ұсынылады. Сонымен қатар кәсіпорындар мониторингі нәтижесінде алынған ақпарат талдау және болжау мақсатында пайдаланылған кезде қолданылып жүрген статистикалық есептілікті жоққа шығармайды, қайта оны толықтырады.


  1. Кәсіпорындар мониторингінің тұжырымдамасын іске асырудың 2000-2006 жылдардағы негізгі қорытындылары және кәсіпорындар мониторингін одан әрі дамыту проблемалары

Ұлттық Банк жүйесінде «ЭНСКМ» ААШЖ шеңберінде кәсіпорындар мониторингін құрудың бірінші кезеңінде (2000 жыл) мына төмендегідей ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралары іске асырылды, сондай-ақ нақты секторда қалыптасып отырған ахуал және оның қысқа кезеңдегі ықтимал өзгерісі туралы талдау материалдары түрінде Ұлттық Банк басшылығына тұрақты ұсыну үшін мониторингтің іс жүзіндегі алғашқы нәтижелерін алу мақсатында пилоттық жобаны ендіру жүргізілді:

Ұлттық Банк жүйесінде кәсіпорындар мониторингінің әдістнамасы әзірленді;

Ұлттық Банктің аймақтық филиалдары кәсіпорындардан алғашқы деректерді жинау үшін пікіртерім сауалнамалары мен нұсқаулық-әдістемелік материалдардың макеттерін әзірледі;

деректерді автоматтандырылған түрде өңдеу үшін жіктемелер мен сөздіктер әзірленді;

олардың аймақ экономикасына қосқан үлестерінің критерийлері бойынша, қызметінің біркелкілігі, түрі және басқа да белгілері бойынша аймақтық бөлікте мониторингтің бірінші кезеңі кәсіпорындарын іріктеу жүзеге асырылды;

Ұлттық Банктің аймақтық филиалдарының мамандарын кәсіпорындар мониторингін ұйымдастыру бойынша бастапқы оқыту бағдарламасы әзірленді және іске асырылды;

деректерді бастапқы жинауды жүргізуге байланысты ұйымдастыру жұмыстары кешенді түрде орындалды (пікіртерім сауалнамалары мен нысандарын жіберу және жинау, кәсіпорындар оларды толтырған кезде әдістемелік көмек көрсету және басқалары);

Ұлттық Банк басшылығының қызметін талдамалы қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындар мониторингін пайдаланудың шетелдік тәжірибесі мұқият зерделеніп, қолданылды;

тоқсан сайынғы кәсіпорындар мониторингінің нәтижелері бойынша Ұлттық Банк басшылығы үшін ақпараттық-талдау материалдарын қалыптастыруды қамтитын «ЭНСКМ» ААШЖ пилоттық жобасын әзірлеу, эксперименталдық және тәжірибелік пайдалану жөнінде жұмыс бағдарламасы жүзеге асырылды.

Кәсіпорындар мониторингінің кейінгі даму кезеңдерінде (2001 жылдан бастап) мынадай іс-шаралар іске асырылды:

шет елдердің орталық банктерінің тәжірибелері негізінде Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатын ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындар мониторингін пайдаланудың әдіснамасы жетілдірілді;

аймақтардың, салалардың деңгейлері мен макродеңгейді қамти отырып, кәсіпорын мониторингінің нәтижелерін біріктірілген талдау нысандары мен әдістері айқындалды;

Ұлттық Банк басшылығы үшін талдау материалдарын қалыптастыра отырып, кәсіпорындар мониторингінің нәтижелерін қайталама өңдеу бойынша бағдарламалық өнімдер жасалды және жетілдірілді;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аймақтық филиалдарының Ұлттық Банктегі кәсіпорындар мониторингі жүйесін құрудың бірінші кезеңіне қатыспаған мамандарын оқыту және дайындау бойынша іс-шаралар жүргізілді;

кәсіпорындар мониторингінің элементтерін дамыту өткен кезеңдерде анықталған проблемаларды талдау және шешу, «ЭНСКМ» ААШЖ бұдан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды Ұлттық Банк басшылығына дайындау және ұсыну негізінде жүзеге асырылады;

экономиканың нақты секторы кәсіпорындары бойынша облыстар бөлігінде ақпарат жинау, сақтау және өңдеудің ақпараттық жүйесі құрылды (Ақпарат технологиясы департаментінің тікелей қатысуымен);

«ЭНСКМ» ААШЖ тоқсан сайынғы режимде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нормативтік және әдістемелік құжаттар әзірленді;

кәсіпорындар мониторингі жүйесінің ұйымдастыру құрылымына қатысты Зерттеу және статистика департаментінің құрамында Кәсіпорындар мониторингі бөлімі құрылды, ол ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты, Ұлттық Банктің орталық аппараты мен аймақтық филиалдарының осы бағыттағы жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асырады.
2000-2006 жылдары кәсіпорындар мониторингін жүргізу барысында кәсіпорындар мониторингі жүйесін одан әрі дамыту айтарлықтай дәрежеде оларды басымдықпен шешуге тәуелді болатын мәселелер мен проблемалар анықталды. Бұл проблемаларды екі топқа бөлуге болады:

1) Кәсіпорындарды көрнекі іріктеуді қалыптастыру проблемалары.

Оларға:


кәсіпорындарға жіберілетін талдау ақпаратын жетілдіру. Бұл ақпарат кәсіпорындардың Ұлттық Банктегі мониторингке тұрақты қатысуға мүдделілігін қамтамасыз етуі және іріктеуді көрнекі деңгейге дейін кеңейтуге мүмкіндік беруі тиіс. Осы мәселенің түбірлі мәні бар, өйткені кәсіпорындар мониторингі жүйесінің тұтастай алғанда «өміршеңдігі» (кәсіпорындар пікіртерімге ерікті тұрде қатысқан жағдайда) және бірдейлік және салыстыру талаптарын қанағаттандыратын деректердің сапалы бастапқы қатарын қалыптастыру оның шешімін табуына тәуелді. Осындай ақпараттық база ғана кейінгі өңдеу барысында кәсіпорындар мониторингінің түпкілікті нәтижелері ретінде талап етілетін талдамалық шолуларды жиынтық деңгейде алуды қамтамасыз ете алады;

Ұлттық Банк филиалдары мамандарының кәсіпорындармен жұмысын пікіртерім жүргізу барысында да, сол сияқты пікіртерімдердің нәтижелері бойынша жіберілетін талдама ақпараттарды қалыптастыру барысында жақсарту. Филиалдар мамандарының жеткілікті түрдегі жоғары біліктілігін талап ететін кәсіпорындардың олар үшін неғұрлым пайдалы деректерді нақты қажет етуін анықтауға және есебін жүргізуге бағытталған жеке тәсілдерді барған сайын жоғары деңгейде іске асыру қажет. Сонымен қатар, ақпараттық пайдалылық дәрежесімен қатар, кез келген зиян шегуді болдырмаудың мүмкіндігі осыған тәуелді болғандықтан жұмысты уақтылы орындауды қамтамасыз ету қажет. Мысалы, пікіртерім сауалнамаларын толтыру мәселелері бойынша кәсіпорындармен тоқсанның 1-ші айының 5-10 күндерінен кешікпей жұмыс істеу қажет (әдетте, телефонмен), себебі бұл мерзімнен кейін кәсіпорындарда мемлекеттік есептіліктер дайындау және т.б. кезеңдер басталады;

Ұлттық Банктің кәсіпорындар мониторингі жүйесінің ұйымдық құрылымын құру. Кәсіпорындар мониторингінің проблемалары көп жағдайда Ұлттық Банктің филиалдары деңгейінде кәсіпорындар мониторингінің ұйымдық құрылымының болмауына байланысты. Мұның мониторингті дамытуды тежейтін негізгі теріс салдары – тиісінше қолайлы болмауы (көбіне қызметкер жұмыстан шыққан кезде жаңа маман іс жүзінде «нөлден» бастап кіріседі), жұмыс көлемінің көп болуы салдарын қоса алғанда, талдау жұмысы деңгейінің жеткіліксіз, ал кейде төмен болуы.

Ұлттық Банктің мониторинг жүйесін одан әрі дамыту, тұтастай алғанда, Ұлттық Банк филиалының экономика бөлімшесінің ең аз дегенде бірнеше қызметкерін жұмыстың осы бағытымен толықтай айналысатындай етіп мамандандыруды талап етеді.


2) Ұлттық Банктің кәсіпорындар мониторингі жүйесінің нәтижелерін іс жүзінде пайдалану тұрғысынан қарағанда оның нәтижелілігін арттыру.

Ұлттық Банктің орталық аппараты деңгейінде бұл проблема мыналардың қажеттілігіне байланысты:

экономикадағы тізбектік ауытқуларды және оларға себепші болатын монетарлық және монетарлық емес факторларды көрсету. Осы міндетті шешу кәсіпорындар мониторингінің нәтижелері бойынша экономикадағы сұраныс пен баға өзгеруінің қысқа мерзімді кезеңін бағалауға және болжауға мүмкіндік береді. Бундесбанк үшін мониторингке қатысушы кәсіпорындардың конъюнктуралық деректерін негізге ала отырып, экономикаға бизнес-циклдар индикаторын ай сайын Германия экономикалық зерттеулер институтының (IFO institut, Мюнхен қ.) тәжірибесін зерделеген және пайдаланған дұрыс;

кәсіпорындардың мониторингін ай сайын жүргізу негізінде экономикалық конъюнктураның өзгерістерін бағалауға қатысты кәсіпорындардың мониторингі нәтижелерінің бірдейлігін арттыру. Бұл міндетті шешу осындай пікіртерімдерді жүргізуге арналған алғышарттарды құруға байланысты, олар негізінен жоғарыда аталған екі проблеманы шешу арқылы жасалады: кәсіпорындардың таратылатын талдау ақпаратына деген мүдделілігін арттыру және кәсіпорындардың мониторингі жүйесінің ұйымдық құрылымын Ұлттық Банк филиалдарының деңгейінде құру;

вексельдердің жұмыс істеп жатқан және сол сияқты әлеуетті эмитенттерінің мониторингіне қатысушы кәсіпорындардың қаржылық жай-күйін, қаржы тұрақтылығын және кредиттік қабілетін талдауды және бағалауды жетілдіру. Бұл кәсіпорындар мониторингінің нәтижелерін банктерді қайта қаржыландыру бойынша Ұлттық Банктің операцияларын ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету ретінде іс жүзінде пайдалану мүмкіндігін кеңейтеді.



Ұлттық Банктің аймақтық филиалдары деңгейінде кәсіпорындар мониторингінің деректері бойынша аймақтағы экономиканың жай-күйін және үрдістерін бірдей көрсету міндетінің алғышарттық мәні бар. Осы міндетті шешу бірінші кезекте аймақтағы экономиканың ерекшелігін ескеретін көрнекі аймақтық іріктеулерді қалыптастыруға байланысты.

Аймақтың Әкімі аймақ экономикасының және оның салаларының жай-күйін және даму үрдістерін көрсететін құжаттарды (Үкіметке берілетін әлеуметтік-экономикалық даму туралы есептер мен талдау материалдары және басқаларын) жасау кезінде пайдалану мақсатында Ұлттық Банк филиалдарының облыстық әкімшіліктерге (сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының) талдама шолуларды ұсынуы мониторинг нәтижелерін аймақтар деңгейінде тәжірибеде пайдаланудың өлшемі болып табылады.



IV. Нақты сектор кәсіпорындарының мониторингін дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған басым бағыттары

Тұжырымдаманың 2-тарауында баяндалған кәсіпорындар мониторингінің негізгі мақсаттарына қол жеткізу үшін кәсіпорындардың мониторингін одан әрі дамыту төменде көрсетілген бағыттар бойынша екі кезеңге 2007-2009 жылдар және 2010-2011 жылдар бөле отырып жүзеге асырылатын болады.

2007-2009 жылдардағы кезеңде кәсіпорындардың мониторингін жетілдіру мынадай бағыттарда жүзеге асырылатын болады, олар алдыңғы бөлімде сипатталған кәсіпорындар мониторингін дамыту проблемаларын шешу қажеттілігінен туындайды:

макродеңгейге арналған көрсеткіштердің тоқсандық қатарының салыстырмалылығын қамтамасыз ету, бастапқы көрсеткіштерді логикалық тұрғыдан бақылауды жетілдіру есебінен кәсіпорындардың бастапқы көрсеткіштерінен тұратын деректер базасының сапасын арттыру;

қаржы-экономикалық индикаторлардың іріктеу көрнекілігін, құрамын және құрылымын жақсарту негізінде кәсіпорындар мониторингінің деректері бойынша экономиканың нақты секторындағы жай-күйді және үрдістерді көрсететін талдама шолуларды жетілдіру;

жинақтау (рейтингтік) бағаларының есебі негізінде кәсіпорындардың қаржылық жай-күйін талдауды жетілдіру және мынадай мақсаттармен кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерін салалық салыстыруды жақсарту:

1) банктерді қайта қаржыландыруды ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету;

2) кәсіпорынның саладағы бәсекелестік позициясының өзгеруін көрсететін, таратып тұратын талдау ақпаратын жетілдіру және осының негізінде пікіртерімдердің жеделдігін аттыру және Ұлттық Банктің мониторингіне тұрақты қатысуға кәсіпорындарды мотивациялау;

осы кәсіпорындар мониторингі бойынша салалардың ағымдағы жай-күйін және даму үрдістерін көрсететін талдау ақпаратын ұсыну арқылы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және банктерге қызмет көрсету есебінен кәсіпорындар мониторингінің нәтижелерін іс жүзінде қолдануды кеңейту;

пікіртерімдердің жеделдігін арттыру, кәсіпорындардың мониторинг нәтижелері бойынша барынша пайдалы ақпаратқа деген қажеттіліктерін анықтау және қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк филиалдары мамандарының кәсіпорындармен жұмысын әрқайсысымен жеке тәсілмен жұмыс істеуін жақсарту;

Осы бағыттарды іске асыру, ең соңында, мониторинг нәтижелері бойынша талдау материалдарын қалыптастырудың бірдейлігін және жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді, әдетте бұл, олардың Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатын ақпараттық-талдаумен қамтамасыз етуінің практикалық мәнін көтереді.

2010-2011 жылдардағы кезеңде кәсіпорындар мониторингін мынадай негізгі бағыттармен дамыту болжамдалады:

экономикалық конъюнктураның ай сайынғы режимдегі өзгеруіне мониторинг жүргізуді ұйымдастыру;

экономикада конъюнктуралық ауытқулар туындаған кезде экономикалық циклдің сатыларын айқындау үшін жинақтау индикаторларының жүйесін құру;

кәсіпорындар мониторингін жетілдірудің жоғырыда көрсетілген бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ететін «ЭНСКМ» ААШЖ шеңберінде технологиялық, бағдарламалық және техникалық құралдарды дамыту.

Кәсіпорындардың ай сайынғы режимде экономикалық конъюнктураға қатысты пікіртерімдерін жүргізу нақты сектордағы экономикалық конъюнктураның өзгерісін бағалаудың жеделдігін және бірдейлігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге қаржылық жай-күй және инвестициялық ахуал мониторингі тоқсан сайынғы режимде жалғасатын болады. Мониторингтің осындай бөлінуі шетелдік тәжірибеге сәйкес келеді.

Экономикалық конъюнктура көрсеткіштерінің негізінде жинақтау индикаторларының жүйесін құру нақты сектордың экономикалық белсенділігінің фазаларын және оларға себепші болған факторларды уақтылы анықтауға (басымдық режимде) бағытталған. Осы міндетті шешу үшін шет елдердің орталық банктерінің, атап айтқанда, Германия Бундесбанкінің тәжірибесін пайдалану тиімді, онда ақша-кредит саясатын жүзеге асырған кезде мониторингке қатысушы кәсіпорындардың конъюнктуралық деректерін негізге ала отырып елдің экономикасындағы бизнес-циклдардың ай сайын қалыптасатын индикаторларын пайдаланады.

Сонымен бірге, кәсіпорындар мониторингінің осы кезеңдегі даму бағыттарын іске асыру өткен кезеңде (2007-2009 жылдар) айқындалған алғышарттарды құруға байланысты, олардың ең бастылары мыналар болып табылады:

мониторингке қатысушы кәсіпорындардың көпшілігінің Ұлттық Банктің тоқсан сайынғы мониторингіне тұрақты қатысуға деген қызығушылықтарына қол жеткізу. Осындай қызығушылықтың негізі мониторингке қатысушы кәсіпорындарға таратылатын талдау ақпаратын жетілдіру болып табылады;

кәсіпорындар мониторингінің ұйымдық құрылымын құру. Ұйымдық құрылым мониторинг жүйесін кәсіпорындар мониторингін одан әрі дамытуды іске асыруға қажетті мынадай талаптарды қанағаттандыратын кадрмен қамтамасыз етуі тиіс: тұтастай алғанда, кәсіпорындарға пікіртерімдер жүргізудің жеделдігін, талдау материалдарын қалыптастырудың сапасын, қызметкерлер жұмыстан босаған кездегі сабақтастықты және т.б.


V. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жүйесінде кәсіпорындар мониторингін жүргізудің функционалды схемасы
Ел экономикасының нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі «ЭНСКМ» ААШЖ шеңберінде Ұлттық Банкте екі деңгейде: Ұлттық Банктің орталық аппаратының және аймақтық филиалдары деңгейінде жұмыс істейді.

Кәсіпорындардың пікіртерімдерін ұйымдастыру, іріктеулерді қалыптастыру, кәсіпорындардан түскен бастапқы деректерді өңдеу, талдама материалдарын кәсіпорындар мониторингінің соңғы нәтижелері ретінде дайындау және ұсыну мәселелері, сондай-ақ тиісті іс-шараларды орындау барысында Ұлттық Банктің орталық аппараты мен филиалдары арасындағы өкілеттік, жауапкершілік және өзара іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кәсіпорындар мониторингін жүргізу тәртібін бекіту туралы» 2006 жылғы 30 қазандағы № 181 қаулысымен реттеледі.

Кәсіпорындар мониторингінің жалпы функционалды схемасы (бұдан әрі - Схема) Тұжырымдаманың қосымшасында келтірілген және тұтастай алғанда мыналарды:

кәсіпорындар мониторингінің бастапқы деректерінің түрлері бойынша құрамдас элементтерін;

деректерді жинау және өңдеу сатыларын;

мониторингтің нәтижелерін пайдаланудың бағыттарын көрсетеді.

Кәсіпорындар мониторингінің мынадай 2 құрамдас функционалды элементі көзделеді:

экономикалық конъюнктура өзгерісінің мониторингі;

кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі мен қаржылық жай-күйі мониторингі.

Экономикалық конъюнктура өзгерісінің мониторингі кәсіпорындардың сұраныс пен дайын өнім бағасының, шикізат және материалдар бағасының, өнім өндіру көлемінің, инвестициялық ахуалдың өзгерісін және басқаны бағалауы, сондай-ақ шаруашылық жүргізудің, банк секторының жалпы жағдайының кәсіпорындардың қызметіне тигізетін әсерін бағалау тәрізді деректерге негізделеді. Бұл бағалаулар есептік және ағымдағы кезеңдегі тиісті көрсеткіш өзгерісінің сипатын көрсете отырып, маңызды болып табылады.

Кәсіпорындардың осы бағалаулары Ұлттық Банкке макродеңгейде: аймақтары мен салалар бөлігінде елдің экономикасы жөнінде экономикалық конъюнктура, өндірістік әлует және инвестициялық ахуал өзгерісінің тәуелсіз жедел бағасын алуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі мен қаржылық жағдайының мониторингі кәсіпорындардың есептік және ағымдағы кезең бойынша балансының және кірістерінің (шығыстарының) көрсеткіштерін сан жағынан бағалауына негізделеді және кәсіпорындардың қаржылық жай-күйінің, кредиттік қабілетінің, инвестициялық белсенділігінің тәуелсіз жедел бағасын алуға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, кәсіпорындар мониторингінің қос элементі ел экономикасының нақты секторы қызметінің (аймақтар және салалар бөлігінде) қаржы-экономикалық нәтижелері динамикасының және оған әсер ететін факторлардың сипатын бағалауға мүмкіндік береді.

Схемада кәсіпорындарға жүргізілген пікіртерімдердің тікелей нәтижелері деректер базасында жинақталатыны, сауалнама деректерінің сапасын және іріктелген кәсіпорындарды бағалау мақсатында «ЭНСКМ» ААШЖ құрамында (Схеманың «Көрсеткіштерді логикалық бақылау» және «Іріктеудің көрнекілігін бағалау» деген тиісті блоктарында) алдын ала өңдеуден өтетіні және содан соң қалыптасқан қаржы-экономикалық жағдай мен өндірістік, инвестициялық әлует конъюнктурасының және қаржылық жағдайдың кәсіпорындар топтамалары (ірі, орташа, шағын кәсіпорындар, акционерлік компаниялар және т.б.), сала, облыс және тұтастай алғанда республика деңгейіндегі өзгерісін болжамдық бағалауды біріктіріп бағалау түрінде қайта өңдеуден өтетіні көрсетілген.

Бұл бағалаулар Схемада көрсетілген негізгі функционалды мынадай міндеттер шеңберінде жүзеге асырылады:

кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін талдау;

шаруашылық қызметтің жағдайын талдау;

банк секторының экономиканың нақты секторына тигізетін ықпалы;

сұранысты және дайын өнім, шикізат пен материалдар бағасының өзгерісін талдау;

іскерлік белсенділікті талдау;

өтімділікті және төлем қабілетін талдау;

рентабельділік көрсеткіштерін және оның факторларын талдау;

экономикадағы циклдық ауытқулардың қорытынды көрсеткіштерін талдау.

Осы міндеттерді іске асырудың Тұжырымдаманың 4-бөлімінде жан-жақты сипатталған 2 кезеңі (2007-2009 жылдары және 2010-2011 жылдары) көзделген.

Міндеттерді Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары және орталық аппараты кәсіпорындарының деңгейінде шешудің нәтижелері бойынша Схемада тиісті блоктарда көрсетілген мынадай талдамалық шолулар қалыптастырылады:

аймақтың даму көрсеткіштерінің салалық бөлігіндегі жай-күйді талдау және олардың өзгеру үрдістерін бағалау;

ел экономикасының және оның салаларының даму көрсеткіштерінің жай-күйін талдау және олардың өзгеру үрдістерін бағалау.

Талдамалық шолулар Ұлттық Банк басшылығына және басқа тұтынушыларға ұсынуға арналған кәсіпорындар мониторингінің соңғы нәтижелері болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет