Қазақстан Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелері). Астана: ЕҰу рбб, 2010. 300 б


Бөлімде пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет4/17
Дата25.02.2016
өлшемі1.51 Mb.
#21953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

1 Бөлімде пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Гумилев Л.Н. Этносфера. История людей и история природы. – М.: Экопрос, 1993. – 544 с.

  2. Гуль А.К. Соотношение международного и внутригосударственного права в практике стран Ближнего Востока (на примере Ливана, Сирии и Израиля): Автореф. дис. ... канд. юрид. наук. – М., 1988. – 16 с.

  3. Правовая система социализма: в 2-х кн.//Редкол.: В.Н. Кудрявцев и др.; Ин-т гос-ва и права АН СССР. – М.: Юрид. лит., 1986, т.2. – 326 с.

  4. Толковый словарь русского языка конца ХХ века. Языковые изменения //Под ред. Г.Н. Скляревской. РАН, Институт лингвистических исследований. – Спб.: Изд-во «Фолио-Пресс», 1998. – 702 с.

  5. Токаева А. Не имей сто рублей, а имей сто друзей, или Во сколько республике обходится членство в международных организациях//Экспресс К. – 2003, 6 июня.

  6. Какой это труд – выпускать газету!//Юридическая газета. – 2003, 25 июня.

  7. Вступительное слово Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на открытии Евразийского экономического саммита//Казахстанская правда. – 2000, 27 апреля.

  8. Саидов А.Х. Сравнительное правоведение (Основные правовые системы современности): Учебник/Под ред. В.А.Туманова. – М., 2000. – 448 с.

  9. Деев Н.Н. Государственность и этнополитическое развитие // Политические проблемы теории государства. – М., 1993. – 96 с.

  10. Рубанов А.А. Теоретические основы международного взаимодействия национальных правовых систем. – М.: Наука, 1984. – 159 с.

  11. Блищенко И.П. Международное и внутригосударственное право. – М.: Госюриздат, 1960. – 239 с.

  12. Сарсембаев М.А. Международное право: Учебник, 3-е издание. – Алматы: Данекер, 2001. – 344 с.

  13. Назарбаев Н.А. Без подлинного конституционализма нет открытого цивилизованного общества//Толковый словарь Конституции Республики Казахстан. – Алматы: Жеты Жаргы, 1996 – 366 с.

  14. Kunig P. Völkerrecht und staatliches recht // Völkerrecht: Walter de Quenter: Berlin, NewYork. 1997. S. 101-180.

  15. Миронов Н.В. Советское законодательство и международное право. – М.: Междунар. отношения, 1968. – 198 с.

  16. Сафонова О.Н. Соотношение и взаимодействие национального права Республики Казахстан и международного права: Автореф. дис. … канд. юрид. наук. – Усть-Каменогорск, 1999. – 22 с.

  17. Мюллерсон Р.А. Некоторые тенденции соотношения международного и национального права//Международное и внутригосударственное право: Проблемы сравнительного правоведения. – Свердловск, 1984. – 132 с.

  18. Поленина С.В. Взаимодействие международного и национального права в условиях прямого действия Конституции Российской Федерации // http: // www.koroboff.spb.ru/EUROPE/851400379.html

  19. Лукашук И.И. Международное право. Общая часть: Учебник. – М.: Изд-во БЕК, 1996. – 371 с.

  20. Васильев А.М. О системах советского и международного права//Сов. гос. и право. – 1985. – №1. – С. 65.

  21. Освободившиеся страны и международное право/Блищенко И.Р., Копылов М.Н., Любомудрова В.В. и др. – М.: Междунар. отношения, 1987. – 261 с.

  22. Кант И. Метафизические начала учения о праве//Соч.: в 6 тт. – М., 1966. – Т. 4. – С. 109.

  23. Василенко В.А. Основы теории международного права. – Киев: Выща школа, 1988. – 288 с.

  24. Мелихов И.А. Арабские монархии Персидского залива на этапе модернизации (70-90-е годы)//Автореф. дис. … д-ра истор. наук. – М., 2000. – 41 с.

  25. Новые законы Республики Казахстан: Сборник / Подгот. Ф.Т. Бейсенбина. – Алма-Ата: Ред.- издат. отд. Мин. юстиции Республики Казахстан, 1992. – 264 с.

  26. Кул-Мухамед М. Колониальный режим в Казахстане (1868-1917): Учебное пособие. – Алматы: Атамура, 2000. – 46 с.

  27. Кул-Мухамед М. Формирование и развитие государственно-правовых идей лидеров Алаш-Орды. – Алматы: Атамура, 1999. – 48 с.

  28. Саймонс В.Б. Содружество Независимых Государств и правовая реформа: гармонизация частного права//Научные труды «Әділет». – 2001. – №2 (10). – С. 92-106.

  29. Ударцев С.Ф. Метаправо и правопонимание (о трансформации правопонимания на новом уровне правового развития) //Материалы Международного круглого стола «Проблемы современного правопонимания». Научные труды «Әділет». – 2000. – №1 (7). – С. 29.

  30. Карамзин Н.М. Избранные сочинения в 2-х тт.– М.-Л., 1964. – Т. 1. – С. 416.

  31. Баймаханов М.Т. Сравнительный метод познания в юриспруденции и сравнительное правоведение: формы соотношения и взаимопроникновения //Проблемы развития сравнительного правоведения в системе юридического образования в Республике Казахстан: материалы I Международной научно-теоретической конференции. – Алматы, 1999, с. 5-10.

  32. Тилле А.А., Швеков Г.В. Сравнительный метод в юридических дисциплинах. – М.: Высш. Школа, 1978. – 199 с.

  33. Баскин Ю.Я., Фельдман Д.И. Международное право: проблемы методологии. Очерки методов исследования. – М.: Международные отношения, 1971. – 176 с.

  34. Критика современной буржуазной теории права. – М., 1972. – с. 172.

  35. Марченко М.Н. Сравнительное правоведение. Общая часть: Учебник для юридических вузов. – М.: Зерцало, 2001. – 560 с.

  36. Нерсесянц В.С. Сравнительное правоведение в системе юриспруденции //Государство и право. – 2001. – №6. – С. 3-15.

  37. Фельдман Д.И. Система международного права. – Казань: Изд-во КГУ, 1983. – 119 с.

  38. Шабалин В.А. Методологические вопросы правоведения (В связи с теорией и практикой соц. управления). – Саратов: Изд-во Сарат. ун-та, 1972. – 226 с.

  39. Казимирчук В.П. Право и методы его изучения. – М.: Юрид. лит-ра, 1965. – 204 с.

  40. Кашкин С.Ю. Смена цивилизации и Конституция: формирование её глобального идеала//Государство и право. – 1992. – №11. – С. 38-46.

  41. Тойнби А.Дж. Постижение истории: Пер. с англ. /Сост. Огурцов А.П. – М.: Прогресс, 1991. – 736 с.

  42. Алаш-Орда: Сборник документов/сост. Н. Мартыненко. – Алма-Ата: «Айкап», 1992. – 192 с.

  43. Нерсесянц В.С. История и современность (об укреплении взаимосвязей юридических дисциплин исторического и теоретического профиля) // Методология историко-правовых исследований. – М.: АН СССР, 1980. – С. 41.

  44. Венгеров А.Б. Теория государства и права. – М.: Новый юрист, 1998. – 624 с.

  45. Пригожин И., Стенгерс И. Порядок из хаоса: Новый диалог человека с природой: Пер. с англ./Общ. ред. В.И. Аршинова, Ю.Л. Климонтовича, Ю.В. Сачкова. – М.: Прогресс, 1986. – 432 с.


2 Қазақстанның ұлттық құқығы мен халықаралық құқық арақатынасындағы қазіргі басымдықтар
2.1 Қазақстан Республикасында халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету

Егер қолданыстағы ұлттық заңнамада мемлекеттік биліктің санкциясына негізделмесе халықаралық құқықтық нормалардың егеменді мемлекет аумағында толық көлемде күші болмайды. Осыдан біздің елімізде халықаралық шарттарды Конституция нормаларына негізделген ұлттық заңнамалық қамтамасыз етілуді қарастыру қажеттігі туады. «Қамтамасыз ету» термині елдің халықаралық құқықтық қызметі процесінде дайындаудың, жасаудың, орындау мен бақылаудың нормативтік талаптарын білдіреді.

Конституция елдің негізгі заңы ретінде елдің мемлекеттік-құқықтық өмірінің барлық аспектілерін, соның ішінде халықаралық-құқықтық нормалардың мемлекет ішінде орындалуын анықтайтын құжаттың кілті болып саналады. Бұл Конституцияның мемлекет қызметінің негізін реттеудегі ерекше орнынан және оның халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сәйкестігінен көрінеді. отырады, оның халықаралық құқық нормаларымен және қағидаларымен сәйкестенуінде бұл рөл ерекше орын алады. Бұның маңыздылығын біздің еліміздің азаматтары да мойындайды. Конституция жай ғана мемлекеттің халықаралық шарттарға қатысты ниетін көрсетіп қоймайды, олардың орындалуына нақты нұсқаулар мен кепілдік береді. Сонымен бірге, халықаралық нормаларының ұлттық құқық жүйесіне ену тәртібін анықтайды, оның заңдық шегін де қарастырады.

Осы белгіге сәйкес ғалымдар мемлекеттердің негізгі үш басты тобын көрсетеді:

–Бірінші топта халықаралық шарттар сол мемлекеттің ұлттық құқығымен тең деңгейде қолданылатын мемлекеттер (АҚШ, Франция, Швейцария және т.б.).

–Екінші топтағы мемлекеттерде халықаралық және ұлттық заңнама және басты соттық тәжірибе қатаң түрде халықаралық және мемлекетішілік құқықтың аражігін айырады (Англия, Ұлыбритания басқарып ортырған Достастық қатарындағы мемлекеттер).

–Үшінші топта жалпыға танылған халықаралық құқық нормалары мемлекеттік құқықтан жоғары тұрады (ГФР, Италия) /1,15 бет/. Мысалы: ГФР Конституциясында мынадай ережелер бар: «Халықаралық құқықтың жалпы нормалары федерация құқығының құрамдық бөлігі болып табылады. Олар заң алдында артықшылыққа ие және федералды аумақтың тұрғындары үшiн құқық және мiндеттердi тiкелей тудырады».

Қазақстан кеңестік дәуірде халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болмаған, алайда республикада Сыртқы істер министрлігі болды, ал КСРО-ның 1977 жылғы Конституциясының 80-бабы мен ҚазКСР-дың 1978 жылғы Конституциясының 71-бабы ҚазКСР-ға шетелдік мемлекеттермен қатынастарға түсуге, олармен келісімге отыруға және дипломатиялық және консулдық өкілдермен алмасуға, халықаралық ұйымның қызметіне қатысуға құқық берген болатын. Барлық кеңестік республикалар ішінен БҰҰ-на мүше болу мен халықаралық аренаға дербес шығу құқығы шын мәнінде 1944 жылы 1 ақпаннан тек Белорусь және Украина Кеңес Социалистік Республикасына тиесілі болды. Кеңестік Одақ құрамында Қазақстан объективті түрде ондай халықаралық құқық субъектісі деген мәртебеге ие бола алмады, себебі ол тек федеративтік мемлекет ішінде ғана республика мәртебесін иеленді. Жекелеген халықаралық қызметтің болмауы кеңестік биліктің саяси ықпалымен түсіндірілмейді. Сонымен қатар, кеңесті Одаққа қарсы күштеп тұратын әлемдік қауымдастықтың қарсыласуымен де байланысты. КСРО-ң барлық он бес мүшесінің және осы мемлекеттердің Ұлттар Лигасына немесе басқада халықаралық үкіметаралық ұйымдарға қатысуы социализм күшінің басым жағдай жасауына алып келуі мүмкін еді. Соған орай ҚазКСР және Одақтың басқа да республикалары сыртқы саяси қызметте дербес бола алмады және КСРО Конституциясында айқындалған ішкі мақсаттарды, міндеттерді және қағидаларды басшылық етіп отырды.

Барлық халықаралық міндеттерді мемлекет толықтай өз мойнына алып отырды, бұл жүкті жекелеген республикаларға артпады. Егер колониядан босаған африкалық мемлекеттерге өздерінің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту үшін әділетсіз халықаралық шарттарды денонсациялап, жою маңызды рөл атқарса, 1990-жылдары тәуелсіздік алған бұрынғы посткеңестік республикаларға, соның ішінде Қазақстанға мұндай қадам жасаудың қажеті болмады, себебі республика Кеңес Одағының құрамында және қорғауында болды. Сондықтан «Қазақстан - 2030» Бағдарламасында көрсетілген мемлекеттің дамуының стратегиялық міндеттері постколониялық елдердің әлемдік тәжірибелеріне қарағанда мүлдем басқа болды және Ұлы держава құлағаннан кейін Қазақстанда орын алған саяси-экономикалық жағдай көрсетілді. Алайда бұрынғы одақтас республикалардың да ұлттық егемендігінің толықтай құрылуы өте қиын жағдайда жүріп жатты.

Академик С.С.Сартаев одақтық шарттың жаңа жобасын дайындау жөніндегі комиссияға 1991 жылы Қазақстан атынан мүшелік еткен кезіндегі оның жұмысын талқылай отырып былай жазады: «Одақтас Республикалар өкілдері комиссия отырысы кезінде ұлттық республикалардың егеменді құқықтарын кеңейту қажет және одақтас елшіліктерде олардың өз өкілдері болулары қажет деп айта бастады. Сол кезде айқай көтерілді. Ресей өкілдері шетелдегі кеңестік елшіліктерге ұлттық республиканың өкілдерін өз республикасы атынан келген өкілі ретінде емес, тек қызметкер ретінде ғана алуға болатындығын айтты. Жоғарғы Кеңес басшысы А.Лукьянов: егемендіктеріңді қойыңдар. Шетелдерде ешқандай Одақтас республикалардың елшілігі болмайды, сонымен бірге, шетелдердегі КСРО елшілігіндегі ұлттық республиканың ешқандай өкілі болмайды, - деп хабарлады» /2/.

Сонда да 1990- жылдары «егемендік шеруі» болды және КСРО-ның бұрынғы республикалары өз тәуелсіздіктерін алды, оған қоса ұлттық заңнаманың әзірлеу қажеттігі, ал оның ішінде халықаралық қатынас шегінде де актілер әзірлеу қажеттілігі туды. Ю.А.Тихомиров былай атап көрсетті: «бұрынғы КСРО-ның құқықтық жүйесінен шығып, оның концепцияларымен және салаларымен, институттарымен және нормаларымен «қоректене келіп», бұрынғы Кеңестік республикалардың, қазіргі егеменді мемлекеттердің заңнамасы өзімен бұрынғының іздерін және келешектік дамуды қатар алып жүруде. Саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңартуларды кең ауқымда жүзеге асыра бастаған кезде құқықтық мирасқорлық пен құқықтық жаңалықтарды үйлестіру мәселесі оңай болған жоқ». Қазақстанда бұл оңай емес кезең екі Конституция (1993 жылы және 1995 жылы) қабылдануынан, заңнамалардың толықтай жаңаруынан және кеңеюінен көрініс тапты, мұны ұлттық қазақстандық құқықтық жүйенің қарқынды қалыптасуы дәлелдейді.

Қазақстандық конституционализмнің қалыптасуы әлемдік тәжірибенің негізінде жүріп жатты. Конституцияны дайындағандардың мойындауы бойынша, әлемдік тәжірибенің барлық жақсы жақтары алынды. Осыған орай ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, «бостандық сөзінен туындаған эйфория жағдайы» /4/ немесе В.И.Гойманның айтуынша «заңшығарушы романтизм» /5/ 1993 жылғы Конституцияның жасалуына әкелді, алайда бұл Конституцияның мазмұны елдегі объективті дамып жатқан экономикалық және саяси-құқықтық жағдайдың үрдісін толықтай көрсете алмады. Сондықтан жасаушылардың пікірінше мемлекеттің нысаны мен тиісті құқықтық жүйеге сай келетін 1995 жылғы екінші Конституция қабылданды.

Қазақстан Республикасының конституциялық заңнамасының қалыптасу процесін талдай отырып, Ғ.С.Сапарғалиев оны 4 кезеңге бөледі: 1. ҚазКСР Конституциясына 1990 жылғы 24-сәуірдегі «Президент лауазымын құру туралы» заңмен өзгерістер енгізілген сәттен бастапқы кезең; 2. 1991 жылдың 10-желтоқсандағы «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының заңын қабылдаудан бастапқы кезең;

3. 1993 жылдың қаңтарында Жоғарғы Кеңестің жаңа Конституцияны қабылдауынан бастапқы кезең. Төртінші кезеңнің конституциялық заңнамасының қалыптасуы 1995 жылғы Конституцияның қабылдануымен байланысты. Бұл кезең, ғалымның айтуынша, әлі күнге дейін жалғасып келеді.

М.Т.Баймахановтың пікірінше, сонша кезеңге бөлу ҚР ұлттық құқықтық жүйесінің қалыптасуы мен даму процесіне толық күйінде келуі екіталай және өз кезегінде ол келесідей екі кезеңді көрсетеді: 1- Қазақстанның толық тәуелсіздікке ие болуынан бастап, ұлттық мемлекеттік және құқықтық негіздерінің ұрылысының аяқталуына дейін. Бұл кезеңде «іргетас блогтарының» негізі салынады, жаңа құқықтық жүйенің негізі, құқықтық саласының жиектері байқалады, мазмұны айқындалады, реттеудің әр түрлі нұсқалары ресми түрде мақұлданады, тиімді құқықтық институттарды іздестіру шаралары жүргізіледі...бірақ бұған қарамастан көптеген қарама-қайшылықтардан, келіспеушіліктерден қашып құтылуға мүмкіндік жоқ. Екінші кезеңнің мазмұны болып, ғалымның ойынша, Қазақстан Республикасының әлі де қалыптасу сатысындағы ұлттық құқықтық жүйесіне аяқталғандық түр беру емес, сонымен қатар жүйелілік, келісушілік және бірліктің белгілі бір деңгейіне жету жолымен оның ішкі ұйымдастырылуын қамтамасыз етуі табылады. Бірақ та қазіргі таңда ҚР-дың ұлттық құқықтық жүйесінің негізгі компоненттері «жиналған» деп айтуға болады және бірқалыпты қызмет етеді. Алайда онда көп сындарлы кемшіліктер бар. Оны тек кодификациялаумен қоса, заңдық техникалық құралдардың күшімен ғана жоюға болады. Алғашқы кезең негізінен өзінің алдында тұрған міндетті орындады, сондықтан оны аяқталды деп санауға болады. Ал екіншісі енді ғана басталып жатыр /7,105 б./.

Белгілі ғалымдардың ұлттық құқықтық жүйені кезеңге бөлу мәселесіне аса назар аударуы оның қиын екенін және оны дамытудың бір мәнді еместіктерін, соған қоса оның қалыптасуы мен әбден жетілдіруінің мәселелеріне әртүрлі жолдардың бар екендігін куәландырады. Жалпы жоғарыда келтірілген кезеңге бөлудің екеуінің де өмір сүруге толық құқығы бар және халықаралық құқықпен тығыз байланысты қазіргі ұлттық құқықтық жүйенің қалыптасуы 1991 жылдың желтоқсанында Қазақстанның тәуелсіздік алған уақытынан басталатындығын құжаттар куәландырады . Алайда 1990 жылдың 25- қазанындағы «ҚазКСР-дың мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның» 14-тармағында Қазақ КСР өзін өз мүддесі аясында сыртқы саясатты айқындау, дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмасу, халықаралық ұйымдардың қызметіне, оныңішінде БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелеріне қатысуға құқығы бар халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретінде жариялаған. Мұнда негізінен мемлекеттің экономикалық егемендігі жарияланды. Соған сай республика еркіндік және теңдік қағидаларын ұстана отырып, тиімді шарттар негізінде шетел мемлекеттерімен экономикалық және сауда байланыстарын құрып, өзінің сыртқы экономикалық қызметінің мәселелерін дербес шешеді.

Осылай Қазақстанның халықаралық құқық қағидаларын, мысалы халықаралық шарттарды жасау кезінде тең құқықтық, еркіндік сияқты қағидаларды ұстанатындығы бекітілді.

Бұл Декларация біржақты заңдық акт болып табылады, ол халықаралық қатынастарда және халықаралық құқық саласында қатынастарда өз ниетін білдірген елдер үшін халықаралық құқықтық міндеттемелер жүктейді. Яғни 1992 жылдың 2-наурызында БҰҰ-на мүшелікке енгенге дейін, негізгі халықаралық құқықтық құжаттарды, мысалы консулдық қатынастар туралы 1963 жылғы Вена Конвенциясын, 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясын (кейін 1993 жылдың 31-наурызында ҚР Жоғары Кеңесі өз қаулысымен ратификациялаған) мойындағанға дейін Қазақстан халықаралық құқықтық нормаларды орындйтындығы туралы біржақты тәртіпте мәлімдеді.

Қазақстан өз егемендігін алған сәттен бастап, қайнар көзіне қарамастан, халықаралық міндеттемелерді сақталуы тиіс деген жалпыға бірдей сипаттағы халықаралық әдет-ғұрыптық нормаға сай қызмет етті.

Тәуелсіз Қазақстанның 1993-жылғы алғашқы Конституциясы қабылданғанға дейін көптеген өзгертулер мен толықтырулармен әрекет еткен 1978-жылғы ҚазКСР Конституциясына 1991 жылдың 21-тамызы мен 20-қарашасында мемлекеттің халықаралық құқықтың легитимді қатысушысы болуға мүмкіндік беретін біршама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалы, 71-бапта ҚазКСР шет мемлекеттерімен қатынасқа түсуге, олармен шарт жасасуға және дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмасуға, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар екені көрсетілген.

Конституцияның 97-бабының 21-тармағы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесіне халықаралық шарттарды ратификациялау және денонсациялаудың айрықша құзіретін береді. Сөйте тұра бұл бап елдің нақты егемендіген шектейді: «ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған заңдар мен қаулылар КСРО-ның заңдарына қарсы келе алмайды». Егемендікке қадам жасаған бұл Конституция халықаралық шарттарды жасау саласындағы Украин және Белорусь КСР-ында бар конституциялық нормаларды шектейді. 1991 жылдың 16-желтоқсанында Жоғарғы Кеңесі қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның 1-бабында: «Қазақстан Республикасы–тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет» делінуі заңдық тұрғыдан толық сауатты нормадан гөрі дербестіктің алғашқы сәтінде туындаған романтикалық ұранға ұқсайды. Бұл құжатта мемлекеттің нақты тәуелсіздігін қалыптастырған ережелер бекітілді. В.А.Малиновский «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конситуциялық Заң заңды күші бойынша, мазмұны бойынша де-юре ескі Конституцияның орнына келген «конституция алдындағы акт» болып саналды деп есептейді /8/.Аталған заңның 2-бабында кейінгі конституциялық заңнамаларда сәл өзгертілген ережелер бекітілді. Ол бойынша Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзінің қарым қатынасын халықаралық құқықтық қағидаларға сүйене отырып орнатады /бұл жердегі және бұдан кейінгі курсив біздікі – А.Е./. Ал 4-бапта мемлекет аумағында әрекет ететін нормативтік құқықтық актілер көрсетілген, олар: Конституция және Қазақстан Республикасының заңдары, сонымен қатар ол таныған халықаралық құқықтық нормалар.

Осылай талданып отырған конституциялық заңда халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдығы туралы ештеңе айтылмаған. Кезекпен аталған құқықтық актілердің ішінде бірінші кезекте Конституция, одан кейін ұлттық заңдар мен ең соңында ғана халықаралық құқықтық нормалар.

«Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастық мүшесі» делінген бесінші жеке тарауда Қазақстанды дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмаса алатын, халықаралық ұйымдарға мүше бола алатын халықаралық құқықтың субъектісі деп жариялады.

Көлемі үлкен емес Конституциялық Заңның «Қазақстан Республикасының халқы мен азаматы» делінген екінші тарауында 1948 жылғы Адам құқықтары жөніндегі Жалпыға бірдей Декларацияның кейбір ережелері бекітілді. Мысалы, 6-бапта Қазақстан Республикасы егемендiктiң бiрден бiр иесi және мемлекеттік биліктің қайнар көзi ретінде барлық ұлттарының азаматтарына тiкелей де, сондай-ақ өзі сайлайтын мемлекеттiк органдар арқылы да мемлекеттiк өкімет билiгiн жүзеге асыруға кепілдік береді. Қазақстан жалғыз егемендікті жеткізуші, мемлекеттік билікті жүргізуші тек қазақ емес барлық ұлттардың азаматтарына мемлекеттік биліктің өздері сайлайтын мемлкеттік органдар арқылы орындалуына кепілдік береді. Бұл Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының азаматтыққа ие болу құқығы көзделген 15-бабына, мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысу құқығы, мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қол жеткізу құқығы көрсетілген 21-бабына сай келеді. Бұл бапта сонымен бірге, діни сеніміне, қоғамдық ұйымдарға тиесілігіне, шығу тегіне қарамастан Қазақстан азаматтарына бірдей құқықтар берілетіндігіне кепілдік берілген. Бұл Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясының 6-бабына (құқықсубъектілігін мойындатуға құқық), 18-бабына (ой пікірге, діни сенімге, ар ождан бостандығына құқығы) және т.б. сәйкес келеді.

Посткеңестік ғылыми жұмыстар қатарында ТМД ғалымдарының, мысалы Д.Г.Гусейноглының «Әзербайжанның халықаралық құқықтық субъектілігі» атты еңбегінде, Г.Ш.Катамадзенің «Грузияның халықаралық құқықтық субъектілік негізі» деген диссертациясында КСРО құлауы нәтижесінде егемендік алған жас мемлекеттер КСРО-ға кіру нәтижесінде жоғалтып алған өздерінің мемлекеттігін қайта орнатты деп есептейді. Соған орай жас мемлекеттердің ең бірінші, өмірлік қажетті функциясы өздерінің тәуелсіздігін құрайтын мемлекеттік құқықтың негізін қалау болды. Қазақстанда осы процесс әлі күнге дейін жалғасып келеді.

Тарихта конституциялық заңнаманың қалыптасуының ұзағырақ болған кездері белгілі. Мысалы, Францияда 19 ғасырдың басында орын алған елеулі саяси жағдай кезінде 1791 жылғы Конституцияны 3 Конституция қатарынан ауыстырды: 1830 жылы, 1848 жылы, 1850 жылы. Канада Конституциясын 18-20 ғ.ғ қабылданған бірнеше заңнамалыық актілер құрайды. Олардың ішінде маңыздылары - 1774 жылғы Квебека заңы, 1791 жылғы Конституциялық заң, 1840 жылғы Канаданың бірігуі жөніндегі заң, 1867 жылғы Британдық Солтүстік Америка туралы заңы және осы күнде соңғысы болып Канада іс жүзінде жеке мемлекет болған 1982 жылғы Конституциялық заң табылады. Тіпті 1787 жылы қабылданып, 200 жылда тек іс жүзінде 26 өзгеріс (олардың оны 1791 жылы күшіне енген, құқық жөнінде Билль деп аталады) енгізілген әлемдегі ең ескі Конституциялардың бірі АҚШ Конституциясы әрдайым пысықтылып келеді. Америкалық теоретиктердің пайымдауынша, АҚШ-та заңды конституцияға қарсы «тірі Конституция» бар, ол қазіргі таңда соттық прецеденттер, Конгресс заңдары, Президент актілерімен көптеген толықтырулар енгізіліп әрекет етуде /9,112 б./.

Мұндай жағдай қазақ халқы құқығының тарихында бар: 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін 200 жылға жуық далалық Конституцияға айналған Тәуке ханның әйгілі «Жеті жарғысы » бар. Жарғы негізінде судьялар (билер) бірауыздылық және әділдік қағидасына сүйеніп, ешқандай бюрократияға жол бермей әділ шешім шығарып отырды. Сондықтан қазақ сотын толық алып тасталғанға дейін Қазақстанға 19ғ. аяғы, 20ғ. басында көшіп келген басқа ұлт өкілдері де мойындап отырды.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы еліміздің тәуелсіздігін қалыптастыруда маңызды саты болды: тарихта бірінші рет еліміздің егемендігі Негізгі заңда бекітілді. Конституция Преамбуласында ережелердің үйлесімді қалыптастырылуы ерекше назар аудартады. Онда елдің егемендігі бекітіліп, өзін әлемдік қауымдастықтың бөлшегі ретінде жариялаған, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құру міндетінің алдына адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдықтары бекітілген ережелер үйлескен. Бұл ғана көпұлтты мемлекетте қазіргі замандастарымыз мен болашақ ұрпақтың лайықты өмірін қамтамасыз ететін мығым азаматтық әлем мен ұлтаралық келісімге негіз болатын еді. Конституциялық құрылым негіздерінің жетінші тармағы Конституцияның жоғары заң күшіне ие екенін, нормалары тікелей қолданылатындығын бекітті. Бұл ереже кейін 1995 жылғы Конституцияның 4-бабының 2-тармағында бекітілді. 1993 жылғы Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау бірінші кезекте болды. Бұл Конституцияның бірінші бөлімі толығымен азаматқа, оның құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне арналғанынан көрінеді. Бұл Конституцияның ерекшелігі, оның 3-бабы Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамадан басым деп таныған адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құқықтық актілердің басымдығын белгіледі.

1995 жылғы Конституцияда «Адам және азамат» бөлімі екінші орынға қойылған. 1995 жылғы Конституцияда ратификацияланған халықаралық шарттар басымдығын мойындауы адам құқықтарын қорғау саласында ұлттық құқық жеткен жоғары деңгейдің кейінге шегінгенін көрсетеді.

1993 жылғы Конституция Қазақстан Республикасының бірден бір заңшығарушы және жоғарғы өкілді органы деп Жоғары Кеңесті атап, парламенттік басқару нысанын жариялады. Жоғарғы Кеңестің толық көлемдегі өкілеттігінен Конституцияның 64-бабының 18-тармағын атап өтуге болады, бұл тармақ осы мемлекеттік органға халықаралық шарттарды ратификациялау және денонсациялау құқығын берді. 130-бабы Конституцияны соттық қорғауды және оның үстемдігін қамтамасыз етуді Конституциялық Сотқа жүктеді, оның Республика Конституциясының халықаралық шарттар мен міндеттемелеріне сәйкестігі туралы талаптарды қарау өкілеттігі болды.

1995 жылғы Конституциясы мен оны дамыту үшін қабылданған заңнама халықаралық шарттарға, Қазақстанда қабылданған құқықтық нормалардың халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларына сәйкестігі туралы көптеген ережелерді қамтиды. Шетелдік бай тәжірибе де есепке алынды. 1995 жылғы Конституцияның нұсқасын дайындаған, Қазақстан Республикасының Президенті жанынан құрылған кеңес беруші-сараптамалық кеңес құрамына тек қазақстандық емес, сонымен қатар ресейлік және шетелдік мамандар да қатысты. Олардың қатарында РФ Конституциясының авторларының бірі С.С.Алексеев, Франция Конституциялық Кеңесінің төрағасы Р.Дюма мен Франция Мемлекеттік Кеңесінің кеңесшісі Ж.Аттали бар.

Конституция ұлттық құқықтық жүйе мен халықаралық құқықтық жүйесін жалғастыратын буын ретіндегі басты трансформатор рөлін атқарады. Конституцияның 4-бабының 2-тармағы бойынша ратификацияланған халықаралық шарттар заңнамалық актілердің иерархиясында жоғары заң күшіне ие, барлық аумақта тікелей қолданылатын Конституциядан кейінгі орында орналасқан.

4-баптың 3-тармағында Республика бекiткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады деген ереже бекітілген.

1969 жылғы 29-мамырдағы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясының 2-бабы 1-тармағының в-тармақшасында көрсетілгендей, мемлекеттің халықаралық шарттардың міндеттілігіне келісім берудің бірнеше нысандары бар: ратификациялау, қабылдау, бекіту, қосылу.

Мемлекеттің халықаралық шарттары бүкіл мемлекет атынан немесе жекелеген мемлекеттік органдар атынан жасалады. Бірақ бұл шарттар мемлекеттің еркімен санкцияланған, сондықтан да орындалуға міндетті болып табылады. Алайда халықаралық шарттарды жасайтын мемлекеттік органдардың иерархиясымен байланысты болатын өз иерархиясына ие.

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау және денонсациялау тәртібі туралы» заң күшіне ие Жарлығына сәйкес шет мемлекеттермен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын: 1. Қазақстан Республикасының атынан (мемлекетаралық шарт); 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан (үкіметаралық шарт); 3. Министрліктер және мемлекеттік комитеттер, т.б. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдар атынан және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін және бағынышты мемлекеттік органдар атынан (ведомствоаралық шарт) жасалады. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасы Үкіметі, министрліктер және мемлекеттік комитеттер, т.б. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей есеп беретін және бағынышты мемлекеттік органдары атынан жасалады.

Президенттің осы Жарлығының 2-бабына сәйкес халықаралық шарттарды «жасау» Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шарттың міндеттілігіне келісімін білдіруі /бұл жердегі және бұдан кейінгі курсив біздікі – А.Е./дегенді білдірсе, «қол қою»- кейін ратификациялау мен бекітуге жатпайтын халықаралық шарттардың міндеттілігіне келісімін білдіру тәсілі; «ратификациялау»- Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын Қазақстан Республикасының Парламенті бекіту жолымен міндеттілігіне келісімін білдіру тәсілі; «бекіту»- ратификациялауға жатпайтын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіту жолымен міндеттілігіне келісімін білдіру тәсілі; «қосылу» - шарттың жасалуы кезінде Қазақстан Республикасы болмаған халықаралық шарттардың міндеттілігіне келісімін білдіру тәсілі; Көріп тұрғанымыздай, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға келісім беруінің барлық тәсілдері ол үшін бұл халықаралық шарттар міндеттілігін білдіреді. Бірақ бұл кез келген халықаралық шарттардың нормалары өзінің міндеттілігінің арқасында ұлттық заңнама нормаларының алдында басымдыққы ие дегенді білдірмейді. Осындай қасиетке тек Парламент ратификацияланған халықаралық шарттар нормалары ие.

Егер де Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының түрлері және де олардың жасау, орындау, күшін жою тәртібі Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 12-желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау және денонсациялау тәртібі туралы» заң күшіне ие Жарлығы мен реттелсе, 1996 жылы 9 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, жоғары және үкіметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды, Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерін орындау мәселелері туралы» №2940 Жарлығымен (07.05.04ж. №1361 ҚР Президентінің Жарлығымен өзгертулер енгізілген) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды iске асыру ережесi» (бұдан былай Ереже) бекітілді. Жарлық мәтінінде ол «Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытының бірлігін қамтамасыз ету, халықаралық шарттар мен келісушіліктердің, Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерін іс жүзінде іске асыруды бақылауды күшейту және оларды орындаудың біртұтас тәртібін орнату» шығарылғаны жазылған.

Ережеде «жоғары және үкіметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтар» ұғымы халықаралық-құқықтық сипаты жоқ мынадай құжаттарда белгiленген мiндеттемелер мен өзара түсiнiстiктi бiлдiредi:

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және үкiмет делегацияларының шет елдерге сапарлары мен шетелдiк делегациялардың Қазақстан Республикасына осы тектес деңгейдегi сапарлары кезiнде қабылданған бiрлескен мәлiмдемелерi, декларациялары, коммюникелерi мен басқа да құжаттары;

Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша қол қойылған немесе қабылданған ведомствоаралық сипаттағы бiрлескен құжаттар;

Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң кездесулерi мен келiссөздерiнiң нәтижелерi бойынша жасалған хаттамалар, меморандумдар, ноталар, хаттар мен тапсырмалар;

Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң және оның орынбасарларының шет елдер, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары, шетел компаниялары мен фирмаларының басшыларына жеке жолдаулары және хаттары.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7-сәуірдегі №1361 заң күшіне ие жарлығына сай Ереже «Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімі» түсінігіне құрылтай құжаттарына көрсетілген тәртіппен қабылданған халықаралық ұйымдардың шешімі түсіндіріледі» деген 3-1 тармақпен толықтырылды.

Шарттарда және уағдаластықтарда, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiнде айқындалған мәселелер өздерiнiң құзiретiне енетiн- органдар олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының органдары белгiленген уағдаластықтар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерi бар шарттың немесе құжаттың мәтiнiн алғаннан кейiн екi апта мерзiмде солар бойынша қабылданған мiндеттемелердi орындау жөнiнде нақты iс-шаралар әзiрлейдi және оларды iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне ұсыныстар енгiзедi. Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының мүдделi органдарының ұсыныстарын қорытындылауды қамтамасыз етедi, екi апта мерзiмде нақты мерзiмдер мен тiкелей орындаушыларды көрсете отырып, жасалған шарттарды, қол жеткiзiлген уағдаластықтарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiн iске асыру жөнiндегi iс шаралар жоспарын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкiмiнiң жобасын әзiрлейдi және оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне енгiзедi.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiмен бекiтiлген iс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының органдары оны белгiленген мерзiмде орындау жөнiнде тиiстi шаралар қолданады және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне кемiнде тоқсанына бiр рет ақпарат табыс етiп отырады. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi тапсырмаларды жоспарда көрсетiлген мерзiмде орындауға ағымдағы бақылау жасау жөнiндегi жұмыстарды жалпы үйлестiрудi жүзеге асырады, халықаралық шарттар мен қол жеткен уағдаластықтарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiнiң орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын iске асырудың барысы туралы қорытылған ақпаратты кемiнде тоқсанына бiр рет даярлайды және оны әрi қарай орындау жөнiндегi ұсыныстармен бiрге Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс етедi.

Қазақстан Республикасының Үкiметi қажет болған жағдайда, бiрақ кемiнде жарты жылда бiр рет жоғары деңгейде қол қойылған мемлекетаралық шарттарды жүзеге асырудың барысы туралы қорытылған ақпаратты даярлайды және оларды әрi қарай орындау жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi. Бақылаудан алып тастауды не iс-шаралар жоспарын орындауды жұмыс барысындағы бақылауға көшiрудi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi немесе ол болмаған ретте оның мiндетiн атқарушы адам жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының 11-бабына сай ратификациялауға орындалуы қолданыстағы заңдарды өзгертудi немесе жаңа заңдарды қабылдауды талап ететiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге ережелердi белгiлейтiн шарттар, ҚР заңымен қарастырылған басқа да ережелерді орнататын шарттар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының өтуi туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ерекше экономикалық аймағын және құрлықтық қайраңын межелеп бөлу туралы халықаралық шарттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен аумақтық межелеп бөлiнуi туралы шарттар, қарусыздану немесе қару-жараққа халықаралық бақылау жасау, халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мәселелер бойынша, сондай-ақ бiтiмгершiлiк халықаралық шарттар мен ұжымдық қауiпсiздiк туралы халықаралық шарттар, Қазақстан Республикасының мемлекетаралық бiрлестiктер мен халықаралық ұйымдарға қатысуы туралы, егер мұндай халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтарының бiр бөлiгiн жүзеге асыруды оларға берудi көздейтiн болса немесе олардың органдары шешiмдерiнiң Қазақстан Республикасы үшiн заңдық тұрғыдан мiндеттiлiгiн белгiлесе, мемлекеттік қарыздары және Қазақстан Республикасының экономикалық және т.б. көмек көрсетуі туралы халықаралық шарттар жатады.

Конституцияның 54-бабының 7-тармағы Парламентке палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы халықаралық шарттарын ратификациялау мен денонсациялау құқығын береді.

Кей елдерде ратификация өзінен өзі ұлттық құқыққа белгілі бір өзгерістер енгізбейді, себебі ратификациялау актілері мен оған заң күшін беру бір бірінен ажыратылған (Франция, Италия, Бельгия және т.б.). Басқа елдерде конвенцияны ратификациялау фактісі конвенцияны автоматты түрде ішкі құқықтың бір бөлігі етеді (Аргентина, Мексика және т.б.). Алайда екі жағдайда да арнайы заңдық актінің қабылдануын қажет етуі мүмкін. Бұл ішкі құқыққа өздері орындалмайтын, яғни ұлттық заңнамаға енгеннен кейін тиімді әрекет ету үшін оларды жүзеге асыратын арнайы шараларды қабылдауды талап ететін.халықаралық нормалар енгенде ғана жүргізіледі.

Жалпысаяси сипаттағы нысандағы ұйымдасқан құқықтық шаралар жүргізумен (жаңа органдардың құрылуы, заңдық актілердің және т.б. қабылдануы) байланысты емес шарттар туралы сөз қозғалғанда шарттың орындалуы жөніндегі арнайы мемлекетішілік актінің қабылдануы қажет етілмейді.

С.В.Поленина Ресей Федерациясы Конституциясының 15-бабын талқылай келе, ол елдің құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде халықаралық құқықтың жалпыға танымал нормалары мен қағидаларын ғана емес, сонымен қоса Ресей Федерациясының халықаралық шарттарын қосады. Осылай Конституция, егер Ресей Федерациясының халықаралық шарттарында заңда қарастырылғаннан басқа ережелер қарастырылса, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады деп заңнамалар мен кодекстер Негіздерінде көрсетілген ережеге жалпы сипат береді. Осындай конституциялық нормалардың пайда болуына тек егер «халықаралық шарттар» сөздерінің алдында «ратификацияланған» деген сөз тұрса ғана қолпаштауға болар еді /10/.

Ратификациялау фактісіне нұсқау үкіметаралық және мекемеаралық шарттардың тұрақты өсіп жатқан жағдайында қажет. Бұл кезде егер шарт ратификацияланбаған болса, онда оны бекіткен органның заңды күшіне ие болуы керек, оның заң алдында басымдығы болмауы тиіс деген ереже жүреді. Бірақ бұл жағдайға әдебиеттер назар аударған болатын /11/. Э.М.Аметистов дұрыс атап көрсеткендей, ратификация «шартқа ішкі заңның күші мен сипатын» бере алмайды /12/. М.Б.Касенова ратификацияны ұлттық құқықшығармашылық негіздердің бірі ретінде қарастыру қажет, егер ол халықаралық шартты жүзеге асыруға керек болса деп есептейді /13/. Б.И.Нефедов «ратификациялау актісі – бұл заң тиісті құқық қатынасының пайда болуымен, өзгеруімен, жойылуымен байланыстыратын, жалпы құқықтық нормаларды қолданудың жеке заңдық актісі» деп айтқан /14, 131б./.

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау және денонсациялау тәртібі туралы» Жарлығы Конституцияның халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ережелерін одан әрі дамыта отырып, 10-баптың 1-тармағында:«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялауды Қазақстан Республикасының Парламенті іске асырады» деп көрсетті. 14-бап ратификацияның екі сатысын көрсетеді: 14-баптың 1-тармағы Парламентке палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы халықаралық шарттарын ратификациялау мен денонсациялау, Қазақстан Республикасының Президентімен немесе Қазақстан Республикасының Үкіметімен ұсынылған халықаралық шарттарды қарастыру және соған сәйкесінше заң қабылдау құқығын береді. 2-тармағы ратификацияланған грамотаға Қазақстан Республикасының Президентінің қол қоюын қарастырады.

Ратификациялау және санкциялаудың басқа да түрлері – егеменді құқықтық жүйені басқа жат нормалардың тікелей енуінен қорғаушы механизм.

Құқық нормасы - бірнеше реттік әрекет ережесі. Сондықтан жат нормалар егеменді ұлттық құқықтық жүйеге бейімделіп, оның құрамдас бөлігі болу үшін, басқалармен сәйкес болу үшін мемлекеттің қолдауына ие болуы тиіс. Басқа қоғамдық қатынастардан тыс жеке реттелетін қатынастың болуы мүмкін емес сияқты, тәжірибеде екінші нормалармен келісілмеген бір норманың қолдану мүмкін емес. Сондықтан да халықаралық-құқықтық ереже оның орындалуы мемлекетішілік қатынастарда қажет болғанда ғана ұлттық құқықтық жүйеге енгізілуі тиіс /15, 65б./. Басқаша айтқанда, барлық құқықтық жүйе, барлық нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы, соның ішінде ұлттық құқықтық жүйеге енгізілген халықаралық құқықтың нормалары үйлесімді түрде бірге жұмыс жасауы керек. Тек сонда ғана «заңдар соғысынан» немесе көбіне кездесіп отыратын «заңға тәуелді актілердің агрессиясынан» (егер соғыс терминологиясын қолданса) құтылуға болады.

Халықаралық конвенция ережелерінің маңызды бөлігін өз бетінен орындалмайтын нормалар құрайды. Оны келесі сөз тіркестері көрсетеді: «мүше-мемлекеттер міндетті», «мемлекеттер шара қолданады» және т.б. Халықаралық құқық ғылымында қалыптасқан пікірлер бойынша мемлекеттің сот және басқа да органдары қызметінде осындай нормаларды қолдануы үшін халықаралық құқық нормаларын ұлттық заңнамаға алдын ала имплементациялау қажет. Осыған байланысты С.В.Поленина құқыққолданушы органдар өз бетінен орындалмайтын конвенциялар ережелеріне сілтеме жасай ала ма және, ең бастысы, халықаралық конвенцияның өз бетінен орындалмайтын ережелері ұлттық заңнама нормалары алдында басымдықты пайдаланады ма деген сұрақтарды қояды. Жасап отырған алдау нәтижесі халықаралық-құқықтық құжатты мемлекеттің ресми тануға қатысты арнайы шараларды жүзеге асырмай-ақ халықаралық құқық нормаларын іске асыруы мүмкін екендігін көрсетеді және жоғарыда аталып өткендей, бұл көбінесе инкорпорация мен рецепция дәрежесінде болуы мүмкін.

Заңнамада «тікелей» қолдану туралы, халықаралық құқық нормасының «тікелей» әрекеті туралы жиі айтылады. Мысалы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 3-бабының 8-тармағында көрсетілгендей, «Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Кодекстің кеңістікте қолданылуының өзгеше ережелері белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың осы Кодекстен басымдығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару қажет екендігі айтылған жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады».

Ратификациялауға тек елдің дамуына стратегиялық маңызы бар халықаралық шарттар жатуына байланысты қазақстандық ғалымдар мен практиктер Ғ.С.Сапарғалиев, Б.А.Мұхамеджанов, Л.Жанұзақова, Р.Сақиева ұлттық құқық жүйесі мемлекеттің егеменді құқықтарының іске асу процесінде қалыптасады және мемлекеттік егемендікті қамтамасыз етуге қызмет етуі тиіс болғандықтан мұндай халықаралық шарттар ұлттық құқық жүйесінің ішкі бірлігін бұзып жатқан жоқ па, егемендікке қауіп тудырып отырған жоқ па деген сияқты сұрақтарды қояды /16,312б./. Шынында да А.К.Котов көрсеткендей, қоспалаталы Парламенттің 1996 жылдың қаңтарынан 1999 жылдың желтоқсаны аралығындағы бес сессиясының нәтижесінде олар әрекет етіп отырған құқыққа қатысты мыңнан жоғары актілерді қабылдады. Оның ішінде Республика Парламенті ратификациялаған 193 халықаралық-құқықтық шарттарды, конвенцияларды, Парламенттің және оның палаталарының сәйкесінше қабылдаған ережелерін қосқанда 506 заңдар бар /17, 135 б./.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде де, Сенатында да халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік бойынша комитеттер құрылған. Осы комитеттерден Үкімет Парламентке енгізген барлық заңнама жобаларының 40 % астамы өтеді. Бұл Парламенттің қазіргі сатыда қабылдаған халықаралық-құқықтық құжаттардың үлкен көлемін, Қазақстанның халықаралық аренада күшеюін көрсетеді. Жүріп жатқан осы процесс ұлттық құқықтық жүйенің ішкі бірлігін бұзуға потенциалды мүмкіндікке ие екенін көрсетіп отыр. Кей зерттеушілердің байқауынша, заң жобасы жұмыстарының салалары бойынша Үкімет жоспарлары әрқашан негізделген және шынайы сипатқа ие емес. Оның дәлелі ретінде Үкіметтің заң жобасын дайындаудағы әртектілік мен шашыраңқылықты, олардың Парламентке жүйесіз енгізілуін айтуға болады /17,136б./.

Нормалардың бір – біріне қайшы келуі және келіспеуі құқықтық реттеудің бұзылуына әкеліп соғады және соған орай оның тиімділігін ел көлемінде ғана емес, халықаралық құқық тәртібінде де төмендетеді. Заңгер-практиктерге жиі өзгеріп отыратын заңнаманың кей тұстарын көру қиынға соғады, ал кейбір жаңа нормативтік құқықтық актінің (әсіресе, заңға сәйкес актілер) пайда болу сәтін байқап та үлгермейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейтін халықаралық шарттардың ратификациялануының мүмкіндігі әбден аз десе де болады. Себебі Негізгі Заңда халықаралық-құқықтық қызметтің негізділігі мен оның дәлдігіне жауап беретін мемлекеттік органдардың шегі көрсетілген.

40-баптың 1 тармағы Қазақстан Республикасының Президентін мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға ретінде анықтайды. Конституция бойынша, Президент «келiссөздер жүргiзедi және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; ратификациялау грамоталарына қол қояды» ( 44 бап, 11 тармақ). Сонымен бірге, Президент - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi ( 40 бап, 2 тармақ), ол тек ғана Конституция шегінде қызмет етуге міндетті.

1995-жылы 30 тамызда Конституция қабылданғаннан бастап Парламент өз жұмысын бастағанға дейін 1995-жылдың 6 қыркүйегіндегі «1995-жылы 30 тамызда өткен референдумда Конституция қабылдануы байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметін қамтамасыз ету және Республиканың халықаралық шарттық міндеттемелерін орындау бойынша шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес бірінші шақырылымдағы Республика Парламентінің бірінші сессиясы өз жұмысын бастағанға дейін Қазақстан Президенті мемлекеттік маңызы бар көптеген өкілеттіліктерді жүзеге асырды. Олардың ішінде, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін, Бас Прокурорын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Төрағасын лауазымдарына тағайындау, Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Төрағасын, Жоғары Сот алқаларының төрағаларын, судьяларын лауазымына тағайындау мен оларды лауазымынан босату, Республиканың Конституциялық Сотының Төмен судьяларын, Республиканың Жоғары Арбитраждық Сотының Төрағасы мен судьяларын лауазымынан босату, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын, оның орынбасарлары мен хатшысын, мүшелерін лауазымына тағайындау мен оларды лауазымдарынан босату, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен соттарының судьяларын қолсұқпаушылығынан айыру және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау мен денонсациялау бар.

Халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестігіне кепіл болатын, оларды «сүзгіден» өткізетін Парламент мен Конституциялық Кеңес бар. 54-баптың 1-тармағына сәйкес «Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы 1) заңдар қабылдайды, ...7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.

Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша: Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды (72-бап, 1-тармақтың 2-тармақшасы); Республиканың халықаралық шарттарын бекiткенге дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды (72-бап, 1-тармақтың 3-тармақшасы); Бұл жағдайда Конституцияның 73-бабының 2-тармағына сәйкес «тиiстi актiлерге қол қою не оларды бекiту мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады». Конституциялық Кеңес өтiнiштер түскен күннен бастап бiр ай iшiнде өз шешiмiн шығарады. Егер мәселе кейiнге қалдыруға болмайтын болса, Республика Президентiнiң талабы бойынша бұл мерзiм он күнге дейiн қысқартылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не, тиiсiнше, бекiтiлмейдi және күшiне енгiзiлмейдi (74-бап, 1-тармақ).

Егер Республика Конституциясына қайшы келетін халықаралық шарт ратификацияланып қойған болса, соның нәтижесінде белгілі бір қайшылықтар туындаса, Конституцияны қорғауға үшінші билік - сот билігі шығады. Ол Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады (76-бап, 2-тармақ). Соттар шешiмдерiнiң, үкiмдерi мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады (76-бап, 2-тармақ). Соттардың Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиiстi заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнуге мiндеттi. Мұндай жағдайда Конституциялық Кеңес соттың өтініштерін (72-бап, 2-тармақ) белгіленген мерзімде қарастырады, бірақ Конституциялық Кеңеске өтініш пәні болып ратификацияланған немесе кез келген басқа халықаралық шарттар табыла алмайды және бұл Конституциялық Кеңестің құзіретін шектейді.

Конституцияның 4 бабының 4 тармағында жазылғандай, заңдылықтың негізгі кепілдерінің бірі - ол жариялылық. Оған сәйкес, барлық заңдар мен Республика мүшесі болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтары, міндеттері мен бостандықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

Қазақстанның ұлттық құқықтық жүйесінің, азаматтарының құқықтары мен міндеттерін сыртқы факторлардан Конституциямен осынша қорғалуы әбден түсінікті. Тіпті Ресей секілді жағымсыз алып держава өз елінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері мен заңнаманың сәйкестілік мәселесіне мазасызданады. Ресей мамандарының көрсетуі бойынша, отандық ауылшаруашылықтағы дағдарыстың негізгі себептерінің бірі: «Ресей заңгерлері Халықаралық қайта құру және даму банкінің Ресейдің тағамдық қауіпсіздігін бұзуға бағытталған талаптарын заңды түрде ресімдеуге асығыс қадам жасады Ауылшаруашылығындағы дағдарыс сапалы түрде белгілі бір мақсаттармен ұйымдастырылған»./18,21-22бет/. Еуразияшылдықтың алғашқы идеологы Н.С.Трубецкийдің мына сөздері еске еріксіз түседі: «Ресейге көмек көрсететін романо-германдық державалар бұны филонтропиялық тілек-ниеттерімен жасамайды және бұл көмекке айырбас ретінде Ресейді өзінің колониясы ретінде алуға тырысады»/19,18 бет/.

Шартқа отырған кезде мемлекеттер шарттың күшіне ену мерзімі мен тәртібін алдын ала келіседі. Мұндай ереже немесе келісім болмаған жағдайда келісімге қатысушы барлық мемлекеттер осы шарттың міндеттемелігіне келісім берген кезден бастап күшіне енеді. Егер мемлекеттің шартқа қатысты міндеттілікке келісімі шарт күшіне енгеннен кейін белгілі бір мерзіммен анықталса, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарт бұл мемлекет үшін олар көрсеткен мерзім ішінде енеді. Конвенция, егер бұл шарттың өзінде көзделсе, немесе келісімге қатысушы мемлекеттер бұл туралы басқалай келісімге келсе шарттың немесе бір бөлігінің уақытша қолданылуын да қарастырады.

Халықаралық құқық барлық жағдайда халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан бұлтарыссыз, сөзсіз басымдығын талап етпейді. Әрбір мемлекет өзі үшін халықаралық құқық пен өзінің ұлттық құқығы арақатынасының деңгейін, тәртібін, нысанын орнатады. Міне осы жағдайда мемлекеттің егемендігі көрінеді. Дегенмен, халықаралық шартқа кіргеннен кейін, өзіне белгілі бір міндеттерді ала отырып (барлық шарт бойынша немесе бір бөлігі бойынша), мемлекет оларды адал орындауға міндетті. Міне осыдан мемлекеттің халықаралық аренадағы өркениетті тәртібі көрінеді.

Осылай, Қазақстан Республикасының Конституциясы жеткілікті мөлшерде Қазақстан Республикасында халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді және сыртқы жағымсыз әсерлерді жоюға кепілдік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет