Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің



бет13/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   290
ОКЭД kz

01.5 Аралас ауыл шаруашылығы


01.50 Аралас ауыл шаруашылығы

01.50.0 Аралас ауыл шаруашылығы


Бұл ішкі класқа өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісі, сонымен қатар ауылшаруашылық дақылдарды немесе жануарларды өндіруге мамандандырылмаған мал шаруашылығының өнімдері кіреді. Фермалардағы ауылшаруашылығы жұмыстарының барлық түрлерінің көлемі анықтаушы фактор болып табылмайды. Мал шаруашылығымен үйлестірілген өсімдік шаруашылығы, мұның өзінде бір саладағы мамандандырылу коэффициенті жалпы өнімнің 66%-нан аспайды.


Бұл ішкі класқа:


- аралас өсімдік шаруашылығы өндірісі, (01.1 және 01.2 топтарын қараңыз)
- аралас жануар шаруашылығы өндірісі кірмейді, (01.4 тобын қараңыз)


01.6 Астықты өңдеу жөніндегі қызмет және ауылшаруашылық дақылдарын өсіру және мал басын көбейтуге мүмкіндік беретін қызмет

Бұл топқа ауылшаруашылық өндірісіне тән қызметті, сондай-ақ ауылшаруашылық қызметіне ұқсас, бірақ сыйақы немесе шарттық негізде жүзере асырылатын өнімді өндіруге (ауыл шаруашылығы өнімдерін жинауға) бағытталмаған қызмет кіреді. Бұл топқа сонымен бірге астықты жинаудан кейін жүзеге асырылатын және ауылшаруашылық өнімін бірінші нарық үшін дайындауға бағытталған қызмет енгізілген.




01.61 Өсімдік шаруашылығына тән қызмет

01.61.1 Суару жүйесінен басқа, өсімдік шаруашылығына тән қызмет


Бұл ішкі класқа:


- сыйақыға немесе шарттық негізде жүзеге асырылатын өсімдік шаруашылығы саласындағы қызметі, сондай-ақ: алаңдарды дайындау, ауылшаруашылық дақылдарын көбейту, өсімдіктерді өңдеу, ауадан бүркуді қоса алғанда, ауылшаруашылық дақылдарын бүрку, жеміс ағаштарын және жүзімдіктерді қырқу, күрішті қайта отырғызу, қызылшаны отырғызу, астық жинау, өсімдіктерді жәндіктерден және зиянкес жануарлардан (соның ішінде қояндардан) қорғау
- ауылшаруашылығы жерлерін ауылшаруашылыққа жарамды жағдайда және қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан тиісті жағдайда ұстау
- ауыл шаруашылық техникасын операторлармен және техникалық персоналдармен бірге беру кіреді

Бұл ішкі класқа:


- астықты өңдеу жөніндегі қызмет, (01.63.0 қараңыз)
- ауылшаруашылық жерлерін құрғату, (43.12.1 қараңыз)
- ландшафттық сәулет өнерін, (71.11.2 қараңыз)
- ауылшаруашылығы саласындағы агрономия мен экономика мамандардың қызметтерді көрсету, (74.90.9 қараңыз)
- қолданбалы бақшашылық, көгалдандыру саласындағы қызметтерді көрсету, (81.30.0 қараңыз)
- ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін және көрмелерін ұйымдастыру кірмейді, (82.30.0 қараңыз)

01.61.2 Суару жүйесін пайдалану


Бұл ішкі класқа:


- ауылшаруашылығы мақсаттары үшін суару жүйелерін пайдалану кіреді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет