Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің



бет20/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   290
ОКЭД kz

03.22 Тұщы суда балық өсіру

03.22.0 Тұщы суда балық өсіру


Бұл ішкі класқа:


- сәндік тұщы су балықтарын өсіруді қоса алғанда, тұщы суда балықтарды өсіру
- тұщы су шаян тәрізділерін, екі жармалы моллюскаларды, басқа да моллюскаларды және басқа да тұщы су организмдерді өсіру
- тұщы су балық питомниктердің қызметі
- құрбақаларды өсіру кіреді

Бұл ішкі класқа:


- арнайы резервуарларда және тұзды суы бар су айдындарында балық өсіру, (03.21.0 қараңыз)
- спорттық балық аулауға арналған қорықтардың қызметі кірмейді, (93.19.0 қараңыз)


B СЕКЦИЯСЫ ТАУ-КЕН ӨНДІРУ ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ КАРЬЕРЛЕРДІ ҚАЗУ

Бұл секцияға табиғатта қатты кендер (көмір және руда) түрінде, сұйық (мұнай) қалпында немесе газ тәрізді (табиғи газ) қалпында кездесетін пайдалы қазбаларды өндіру кіреді. Пайдалы қазбаларды өндіру кен орындарын жерасты немесе ашық қазу ұңғымаларды пайдалану, теңіз түбін қазу және т.б. сияқты әр түрлі тәсілдермен жүзеге асыруы мүмкін.


Бұл секцияға өткізуге шикізатты дайындау мақсатында мынадай қосымша қызмет түрлері: ұсақтау, уақтау, тазалау, кептіру, сұрыптау, кен байыту, табиғи газды сұйылту және қатты отынды агломерациялау кіреді. Қызметтің осы түрлерін, әдетте пайдалы қазбаларды өндіретін кәсіпорындар және/немесе өндіру орнынан тікелей жақын жерде орналасқан басқа кәсіпорындар жүзеге асырады.
Пайдалы қазбаларды өндіру негізгі өндірілетін минералдық шикізаттың түрі бойынша бойынша бөлімдерге, топтарға және кластарға жіктеледі. 05-, 06-бөлімдеріне отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды (көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ) өндіруді; 07-, 08-бөлімдерінде металл кенін, әр түрлі минералдарды және басқа да тау жыныстарын өндіру кіреді.
Бұл секцияға енгізілген техникалық операциялардың кейбіреулері, әсіресе сұйық көмірсутектерді өндіруге жататын операцияларды мамандырылған бөлімшемен өнеркәсіптік көрсетілетін қызмет ретінде сыйақы үшін немесе шарттың негізінде жүзеге асырылуы мүмкін және және 09-бөлімде сипатталған.

Бұл секцияға:


- өндірілген пайдалы қазбаларды өңдеу, («Өңдеу өнеркәсібі» C секциясын қараңыз)
- өндірілген пайдалы қазбаларды құрылыста одан әрі өңдемей пайдалану, («Құрылыс» F секциясын қараңыз)
- табиғи қайнар көздерден суларды және ұңғымалардан минералды суларды бөтелкелерге құю, (11.07.0 қараңыз)
- тау-кен өндірy өнеркәсібімен және жер асты қазба жұмыстарымен байланысты емес жер қабатын, тау жыныстары мен минералдарын ұсақтау, уату немесе кейбір топырақты өзге де өңдеу түрлері кірмейді, (23.9 қараңыз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет