09.9 Басқа пайдалы қазбаларды өндіруге ықпал ететін қызметтер көрсету
09.90 Басқа пайдалы қазбаларды өндіруге ықпал ететін қызметтер көрсету
09.90.0 Басқа пайдалы қазбаларды өндіруге ықпал ететін қызметтер көрсету
Бұл ішкі класқа:
- сыйақыға немесе шарттық негізде пайдалы қазбаларды өндіруге ықпал ететін қызметтер көрсету (05, 07 және 08 қараңыз):
- барлау қызметтері, мысалы, бұрғылаудың үлгілер алу және болжамды учаскелерінен геологиялық зерттеулерді жүргізу сияқты барлаудың дәстүрлі әдістері
- бөдшектеу және суды сорғымен сорып алу
- іздеу-барлау мақсатымен бұрғылау және ұңғымаларды сынау мақсатымен бұрғылау кіреді
Бұл ішкі класқа:
- сыйақыға немесе шарттық негізде шахталарды және карьерлерді басқару, (05, 07 немесе 08 бөлімін қараңыз)
- тау-кен өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтарды мамандандырылған жөндеу, (33.12.5 қараңыз)
- сыйақыға немесе шарттық негізде геофизикалық зерттеу бойынша қызметтер кірмейді, (71.12.2 қараңыз)
C-СЕКЦИЯСЫ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ
Бұл секцияға материалдардың, заттардың немесе құрамбөліктердің жаңа өнім ретінде физикалық және химиялық өзгеруі кіреді, алайда бұл қызметті өңдеу өнеркәсібіне жатқызудың жалғыз әмбебап өлшемшарты болып табылмайды (Төмендегі қалдықтарды өңдеу бойынша қызметті қараңыз). Ауыл шаруашылығы шикізаты, орман шаруашылығы және балық аулау өнімдері, тау-кен қазбалары және пайдалы қазбаларды өндіру, сондай-ақ өңдеу өндірістерінің өз өнімдері материалдар, заттар немесе құрамбөліктер болып табылады. Өңдеу өнеркәсібіне өнімнің елеулі өзгерісі, жаңартылуы немесе түрленуі жатады.
Өндірілген өнім пайдалануға немесе тұтынуға дайын, аяқталған өнім, немесе кейін өңдеуге арналған жартылай фабрикат болуы мүмкін. Мысалы, алюминий оксиді алюминий сымдарын өндіруге арналған шикізат ретінде пайдаланылады. Алюминий сым, өз кезегінде алюминийден жасалған бұйымдарды өндіру үшін пайдаланылатын болады.
Мамандандырылған құрамбөліктерді, қосалқы бөлшектерді, керек-жарақтарды және машиналар мен жабдықтарға арналған құралдарды өндіру, әдетте, осы мамандандырылған құрамбөліктер, қосалқы бөлшектер, керек-жарақтар мен құралдар арналған машиналар мен жабдықтардың өндірісі сияқты ішкі класқа жатады. Алайда, құю, қалыпқа келтіру немесе қалыптаумен пластмассадан мамандандырылған бөліктер мен керек-жарақтар өндіру 22.2 «Пластмасса бұйымдарын өндіру» тобында жіктеледі.
Машиналар мен жабдықтардың мамандандырылмаған құрамбөліктері мен тетіктерін, мысалы, қозғалтқыштарды, піспектерді, электр моторларын, электр тараптарын, клапандарды, тісті доңғалақтарды, мойынтіректерді өндіру осы құрамбөліктердің қандай машиналар мен жабдықтардың құрамына кіретініне қарамастан осы секцияның тиісті топтамаларында жіктеледі.
Өңдеу өнекәсібіне сондай-ақ өндірілетін өнімнің құраушы құрамбөліктерін құрастыру жатады. Бұл процеске өзі өндірген, сонымен қатар сатып алынған құраушы құрамбөліктерін құрастыру кіреді.
Қалдықтарды қалпына келтіру, яғни қайталама шикізатты өндіру үшін қалдықтарды қайта өңдеу «Материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)» 38.3-тобында жіктеледі. Қалдықтарда физикалық және химиялық өзгерістердің болатындығына қарамастан, ол өңдеу өнеркәсібінің бөлігі болып саналмайды. Қызметтің осы түрлерінің алғашқы мақсаты «Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет» Е-секциясында жіктелген қалдықтарды өңдеу немесе жою болып табылады.
Бірақ жаңа дайын бұйымдарды өндіру (қайталама шикізат алудан айырмашылығы), егер осы процестерде қалдықтар шикізат ретінде пайдаланылса да өңдеу өнеркәсібіне жатады. Мысалы, фототаспаның қалдықтарынан күміс өндіру өңдеу өнеркәсібінің процесі болып саналады.
Техника мен жабдықтың өнеркәсіптік, сауда және осындай түрлерін мамандандырылған жөндеу техникалық және қызмет көрсету негізінен «Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату» 33-бөлімде жіктелген. Бірақ комьютерлерді, жеке пайдаланылатын және тұрмыстық тауарларды жөндеу «Комьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу» 95-бөлімде жіктеледі, сол сияқты көлік құралдарын жөндеу «Автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату» 45-бөлімде жіктеледі.
Көлік және жабдықтарды мамандандырылған жөндеу 33.20.0 ішкі класында жіктеледі.
Ескертпе:
Өңдеу өнеркәсібінің және осы жіктеуіштің басқа секцияларының шектерінде кейбір дәлсіздіктер болуы мүмкін. Әдетте, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қызметі материалдарды жаңа өнімге қайта өзгертуді білдіреді. Әдетте бұл мүлдем жаңа өнім. Бірақ жаңа өнімнің нені білдіретіні субъективті болуы мүмкін. Жіктеуішке сәйкес өңдеу өнеркәсібіне мынадай қызмет жатады:
- балық аулайтын кеменің бортынан тыс орындалатын жас балықты өңдеу (устрицаларды бақалшағынан тазалау, балықтың жол етін бөліп алу) (10.20.0 қараңыз)
- сүтті пастерлеу және бөтелкелерге құю (10.51.1 қараңыз)
- былғарыны өңдеу (15.11.1 қараңыз)
- ағашты сіңдіру және химиялық өңдеу (16.10.2 қараңыз)
- полиграфиялық қызмет және осы салада қызмет көрсету (18.1 қараңыз)
- дөңгелектерді қалпына келтіру (22.11.2 қараңыз)
- қолдануға дайын бетон қоспаларын өндіру (23.63.0 қараңыз)
- гальвандық жабын, металдандыру, металдарды термиялық өңдеу (25.61.0 қараңыз)
- машиналар мен жабдықтарды қалпына келтіру (күрделі жөңдеу), (29.10 қараңыз).
Кейбір қызмет түрлері материалдардың, заттардың немесе құрамбөліктердің қайта өзгеруімен байланысты болғанымен жіктеуіштің басқа секцияларына жатады, яғни олар өңдеу өнеркәсібі ретінде жіктелмейді. Мысалы:
- ағаш дайындау, (А секциясын қараңыз)
- тауарлық түрді беру үшін ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу, (А секциясын қараңыз)
- тез арада пайдалануға арналған тағамдар мен сусындарды дайындау, (56-бөлімін қараңыз)
- кендерді және өзге де пайдалы қазбаларды байыту, (В секциясын қараңыз)
- құрылыс алаңдарында орындалатын құрылыс және жөңдеу жұмыстары, (F секциясын қараңыз)
- алкогольді сусындар немесе химиялық заттар сияқты өнімдерді буып-түюді, қайта буып-түюді, немесе бөтелкелерге құюды қоса, сатуға арналған өнімдердің ірі топтарын шағын топтамаларға бөлу қызметі; қатты қоқыстарды сұрыптау; клиенттің тапсырысы бойынша бояуларды араластыру; клиенттің тапсырысы бойынша металды кесу; өнімді өзгертпейтін басқа да операциялар (G секциясын қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |