Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің



бет207/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   290
ОКЭД kz

60.1 Радиохабарлар


60.10 Радиохабарлар

60.10.0 Радиохабарлар


Бұл ішкі класқа:


- радиохабарларды тарату студиялары арқылы және халыққа, радиотүйіндерге немесе абоненттерге дыбыстық бағдарламаларды трансляциялық жабдықтардың көмегімен аудиодабылдарды трансляциялауға байланысты қызмет кіреді

Бұл ішкі класқа сондай-ақ:


- радиожелілер қызметі, яғни эфир, спутниктік және кабельдік арналар арқылы дыбыстық бағдарламаларды жинау және радиотүйіндерге немесе абоненттерге беру
- Интернет арқылы берілетін радиохабарлар қызметі (Интернет-радиостанциялар)
- радиохабарлар арқылы деректер беру кіреді

Бұл ішкі класқа:


- жазылған радиобағдарламаларды өндіру кірмейді, (59.20.0 қараңыз)


60.2 Телевизиялық бағдарламаларын жасау және тарату қызметі


60.20 Телевизиялық бағдарламаларын жасау және тарату қызметі

60.20.0 Телевизиялық бағдарламаларын жасау және тарату қызметі


Бұл ішкі класқа сатып алынған бағдарлама элементтерінен теледидар арнасының толық бағдарламалық торды (мысалы, көркем немесе деректі фильмдер және т.б.), өздері шығарған бағдарламалық элементтер (мысалы, жергілікті жаңалықтар, тікелей эфирдегі репортаждар) немесе оларды құрамдастыру кіреді.


Осы теледидар арнасының толық бағдарламалық торы өндіруші арқылы таратылады, не кабельдік немесе спутниктік телехабарлар қызметтерін ұсынатын компаниялар сияқты компанияларға одан әрі таратуы үшін үшінші тараптарға беру мақсатымен шығарылады.
Бағдарламалар кең немесе шағын аудиторияға таратылуы мүмкін (мысалы, ақпараттық, спорт, білім және жастарға арналған хабарлары сияқты шектелген форматтағы бағдармалар). Осы ішкі класқа пайдаланушылар тегін қол жеткізе алатын бағдарламаларды, сондай-ақ тек жазылу негізінде ғана қол жеткізуге болатын бағдарламаларды жасау кіреді. Сұрату бойынша видео қызметтерін көрсететін арналар қызметі аталған ішкі класқа жатады.
Бұл ішкі класқа сондай-ақ телехабарлар арқылы деректер беру кіреді.

Бұл ішкі класқа:


- хабарлаумен байланысты емес, телебағдарламалар элементтерін өндіру (көркем және деректі фильмдер, ток-шоу, жарнама және т.б.), (59.11.0 қараңыз)
- арналардың толық кешенін біріктіру және мұндай кешенді бағдарламалар жасамай-ақ тарату кірмейді, (61 қараңыз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет