Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің



бет208/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   290
ОКЭД kz

61 Телекоммуникациялар

Аталған бөлімге телекоммуникациялық және дауыс ақапаратын, мәтіндік, дыбыстық сигналдарды немесе бейнелерді қабылдау және жіберу сияқты басқа да ілеспе қызметтер ұсыну қызметі кіреді. Осындай қызмет жүзеге асырылатын жабдықтар бір технология негізінде де, бірнеше технологияны құрамдастыру негізінде де жұмыс істей алады. Аталған бөлімде берілген қызмет түрлерінің жалпылығы оларды құру процесінсіз мазмұнды бөлігін беруден тұрады. Аталған бөлімде топтарға бөлу іске тартылған инфрақұрылым типіне негізделген.


Теледидар сигналдары берілген жағдайда, бұған таратуға арналған бағдарламалық пакеттегі арналардың толық жинағын біріктіру кіре алады (60-бөлімде өндірілген).


61.1 Сымды телекоммуникациялық байланыс


61.10 Сымды телекоммуникациялық байланыс

Бұл класқа сымды телекоммуникациялық инфрақұрылымын пайдалану арқылы дауыстық, мәтіндік, дыбыстық немесе бейнедеректерді беретін құрылғаларға рұқсат беру немесе техникалық қызмет көрсету, пайдалану кіреді:


1) жерүсті байланыс желілері, радиотолқындар немесе жерүсті және спутниктік қосылыстарды үйлестіру арқылы байланысты ретпен қамтамасыз ету мақсатымен коммутациялық-тарату жабдықтарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету
2) кабельдік теледидар жүйелерін пайдалану (мысалы, деректер мен теледидар сигналдарын беру үшін)
3) өз құрал-жабдықтарын қолданғанда телеграфтық және басқа дауыстық емес байланыс жүйелерін қамтамсыз ету.
Осындай қызметті жүзеге асыратын жабдықтар көмегімен бір технология негізінде және бірнеше технологияның біріктірілуі негізінде де жұмыс ісей алады.
Аталған класқа сондай-ақ:
- тораптар иелері мен операторларынан құқықтарын және тораптар сыйымдылығын алу, сондай-ақ осы қуаттылықтарды кәсіптік және тұрмыстық мақсаттарда пайдаланумен телекоммуникациялық қызметтерді ұсыну
- сымды байланыстың операторымен Интернет желісіне кіру рұқсатын беру кіреді

Бұл класқа:


- телекоммуникациялық қызметтерді қайта сату кірмейді, (61.90.9 қараңыз)

61.10.1 Бірыңғай көлік ортасы арқылы мемлекеттік органдар үшін сымдық телекоммуникациялық байланыс


Бұл ішкі класқа:


- мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының инфрақұрылымының дауыстық, мәтіндік, дыбыстық немесе бейне деректерін беретін құрылғыны пайдаланумен, техникалық қызмет көрсетумен немесе қолжетімділік берумен байланысты қызметті
- мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық желілерін интеграциялау
- мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын жобалау, құру және дамыту
- мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын әкімшілендіруді және сервистік қолдауды, мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық іс-шаралар мен аппараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көсрету
- ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, мемлекетік органдар мен олардың аумақтық органдарын мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына және әлемдік ақпараттық ресурстарға қосуды
- ведомствоаралық ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосылған жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық органдарына байланыс қызметін көрсету
- мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының байланыс арналарын қорғауды ұйымдастыру кіреді

61.10.9 Өзге де сымдық телекоммуникациялық байланыс






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет