66.2 Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша қосалқы қызмет
Аталған топқа дауларды реттеу мен сот төрелігін (аралық сот) іске асыру сияқты сақтандыру мен зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты сақтандыру полистерін сату немесе қызметкерлерді сақтандыру және зейнетақы төлемдерімен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету бойынша агенттердің (яғни брокерлер) қызметі кіреді.
66.21 Сақтандыру тәуекелдері мен залалдарды бағалау
66.21.0 Сақтандыру тәуекелдері мен залалдарды бағалау
Аталған класқа сақтандыру талаптарын бағалау мен реттеу сияқты сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну:
- сақтандыру талаптарын бағалау: сақтандыру талаптары негіздемесін тексеру, тәуекелдерді бағалау, тәуекелдер мен залалдарды бағалау, сақтандыру полистерімен жабылатын залалдарды немесе зияндарды айқындау
- сақтандыру талаптарын реттеу кіреді
Бұл ішкі класқа:
- жылжымайтын мүлікті бағалау, (68.31 қараңыз)
- өзге де мақсаттар үшін бағалау, (74.90.9 қараңыз)
- тергеу жүргізу бойынша қызмет кірмейді, (80.30.0 қараңыз)
62.22 Сақтандыру агенттерінің және брокерлердің қызметі
66.22.0 Сақтандыру агенттерінің және брокерлердің қызметі
Бұл ішкі класқа:
- сату, келіссөздер жүргізу немесе сақтандыру қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша сақтандыру агенттері мен брокерлердің қызметі (сақтандыру делдалдығы) кіреді
69.29 Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша өзге де қосалқы қызмет
66.29.0 Сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру бойынша өзге де қосалқы қызмет
Бұл ішкі класқа:
- сақтандыруға және зейнетақымен қамсыздандыруға жататын немесе олармен тығыз байланысты қызмет (қаржылық делдалдықты, сақтандыру жағдайлары бойынша шағымдарды реттеуді және сақтандыру агенттерінің қызметтерінен басқа)
- құтқарылған мүлікті басқару бойынша қызмет
- сақтандыру тәуекелдері мен сақтандыру сыйақыларын есептеу бойынша актуарийлердің қызметі кіреді
Бұл ішкі класқа:
- кемелерді құтқару бойынша қызмет кірмейді, (52.22.0 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |