64.99 Басқа топтамаларға енгізілмеген, сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан басқа, өзге де қаржылық делдалдық
64.99.1 Индустриалды-инновациялық қызмет пен агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне көрсетілетін қаржы-экономикалық қызметтер
Бұл ішкі класқа:
- индустриялық-инновациялық қызмет пен агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің жарғылық капиталдарына, сондай-ақ қолданыстағы өндірістерді жаңартуға (техникалық қайта жабдықтауға) және кеңейтуге бағытталған жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды, агроөнеркәсіптік жобаларды құру үшін өзге де заңды тұлғаларды құру (пайда болу) жолымен инвестицияларды жүзеге асыру
- ұлттық даму институттарынан, екінші деңгейдегі банктерден және дауыс беруші акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан көбі индустриялық-инновациялық жобаларды немесе агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды іске асырушы, кредит беруші және (немесе) оларға қатысушы ұлттық басқарушы холдингтерге тікелей немесе жанама тиесілі өзге де заңды тұлғалардан кредиттер (қарыздар) бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқаруға алу (соның ішінде сатып алу) және (немесе) қабылдау
- индустриялық-инновациялық және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржы-экономикалық сауықтыру және дамыту, сондай-ақ экономиканың басым секторларының экономикалық белсенділігін және инвестициялық тартымдылығын қолдау және қалпына келтіру бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру
- берешекті қайта құрылымдау
- стратегиялық және институционалдық инвесторларды іздеу және тарту
- агроөнеркәсіптік кешенде міндеттемелердің орындалуына кепілдік
- агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау
- басқа топтамаларға енгізілмеген индустриялық-инновациялық қызметтің және агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерін қаржы-экономикалық сауықтыруға мүмкіндік беретін қолдаудың өзге де түрлері кіреді
64.99.2 Басқа да қаржылық көрсетілетін қызметтер, экономиканың әртүрлі салаларындағы қаржыландыру, инвестициялық қызмет
Бұл класқа:
- екінші деңгейлі банктерде қаражаттарды шарттық орналастыру және басқа да қаржылық ұйымдарға кредит беру, экономиканың әртүрлі салаларында инвестициялық жобаларды қаржыландыру
- жарғылық капиталдарға инвестициялар
- өз есебінен, мысалы, венчурлік компаниялар, инвестициялық клубтар және т.б. арқылы жасалатын инвестициялық қызмет кіреді
64.99.9 Басқа топтамаларға енгізілмеген сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандырудан басқа, қаржылық көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлері
Бұл ішкі класқа:
- қарыз беруден басқа, бәрінен бұрын қаржы қаражаттарын бөлумен байланысты өзге де қаржылық делдалдық: факторингілік операциялар, своптарды, опциондарды және өзге де шұғыл мәмілелерді ресімдеу, қамтамасыз ету нысанындағы реттеумен айналысатын компаниялар қызметі, соның ішінде тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысуды кепілдендіру ету кіреді
Бұл ішкі класқа:
- қаржылық лизинг, (64.91 қараңыз)
- басқа адамдардың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен операциялар, (66.12.2 қараңыз)
- жылжымайтын мүлікті сату, лизинг және жалдау, (68-бөлімді қараңыз)
- төлемдерді шоттар бойынша өндіріп алу, (82.91.2 қараңыз)
- қоғамдық ұйымдардың гранттарды ұсыну бойынша қызмет кірмейді, (94.99.0 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |