69.2 Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру
69.20 Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру
Бұл класқа:
- бухгалтерлік есеп жүйелері және бюджеттің орындалуын бақылау рәсімдеріне қатысты басқару бойынша консультация беру, (70.22.1 қараңыз)
- шоттар бойынша төлемдерді өндіру кірмейді, (82.91.2 қараңыз)
69.20.1 Қаржылық ревизия (аудит) жүргізу бойынша қызмет
Бұл ішкі класқа:
- бухгалтерлік есепті, бухгалтерлік (қаржылық) есептілікті және өзге де растаушы құжаттарды тәуелсіз тексеру(аудит) жүргізу, олардың дәлдігін растау бойынша қызмет кіреді
69.20.2 Шоттарды және бухгалтерлік есеп жасау саласындағы қызмет
Бұл ішкі класқа:
- компаниялардың және өзге де кәсіпорындардың коммерциялық операцияларын есепке алу
- қаржылық шоттар дайындау кіреді
Бұл ішкі класқа:
- жиынтық деректерді қалыптастыру және өңдеу бойынша қызмет кірмейді, (63.11.2 қараңыз)
69.20.3 Салық салу саласында консультация беру
Бұл ішкі класқа:
- консультация беру қызметі және салық органдарында клиенттер атынан өкілдік (заңды өкілдіктен басқа)
- заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер және жеке тұлғалар үшін салық декларацияларын дайындау кіреді
69.20.4 Төлемге қабілетсіздікке және берешекті өндіріп алуға байланысты қызмет
Бұл ішкі класқа төлемге қабілетсіз кәсіпорынның басшылығы мен (немесе) кредиторлары үшін консультация беру қызметтері мен көмек және (немесе) төлемге қабілетсіз кәсіпорынды таратушы немесе мүлкін басқарушы ретінде шаралар қабылдау кіреді
69.20.5 Ұлттық басқарушы холдинг үшін бухгалтерлік, салық есебі және қазынашылық операциялар саласындағы қызмет
Бұл ішкі класқа ұлттық басқарушы холдинг, сондай-ақ:
- бухгалтерлік есеп жүргізу
- қаржылық есептілікті құру
- салықтық есептілікті құру
- салық заңнамасымен реттелетін қатынастарда тапсырыс берушінің мүдделерін білдіру
- банктік қызмет көрсету және банктік шоттар шарттарына әкімшілік ету
- төлем және өзге де өкімдік ету құжаттарын дайындау, оларды орындау үшін банкке беру
- банктік транзакциялар бойынша құжатайналымын ұйымдастыру және жүргізу
- бақылау рәсімдерін орындау және ақша қаражатын басқарумен байланысты есептерді дайындау бойынша акциялары (қатысу үлестері) тікелей және (немесе) жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін жүзеге асырылатын қызмет кіреді
Достарыңызбен бөлісу: |