М СЕКЦИЯСЫ КӘСІБИ, ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Осы секцияға арнайы кәсіби ғылыми және техникалық қызмет кіреді. Аталған қызмет дайындықтың жоғарғы деңгейін талап етеді және пайдаланушылар үшін арнайы білім мен дағдыларды қолжетімді етеді.
69 Құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет
Осы бөлімге сондай-ақ азаматтық, қылмыстық істерде, еңбек дауларында консультациялық қызметтер көрсету мен өкілдікті адвокаттар алқасының мүшелері болып табылатын адамдардың немесе олардың бақылауымен соттарда немесе басқа да сот органдарында басқа тарапқа қарсы шығатын бір тараптың мүдделерін заңды түрде өкілдік етуін кіреді. Аталған бөлімге сондай-ақ компанияны тіркеу туралы күәлік, жарғылар немесе заңды тұлғаны құруға байланысты ұқсас құжаттарды, патенттер мен авторлық құқық; заң актілерін, өсиеттерді, сенімхаттарды және сол сияқты заңдық құжаттарды әзірлеуді; мемелекеттік және жеке нотариустердің, сот орындаушыларының, аралық соттардың, инспекторлар мен соттардың өзге де қызмет кіреді.
Осы бөлімге сондай-ақ қаржылық шоттарды дайындау, осы шоттарды тексеру және олардың дәлдігін растау сияқты бухгалтерлік есепті жүргізу мен аудит бойынша көрсетілетін қызметтер кіреді.
69.1 Құқық саласындағы қызмет
69.10 Құқық саласындағы қызмет
Бұл класқа:
- заң мәселелері бойынша консультация түсіндірме беру және заңдық құжаттарды дайындау: компанияларды тіркеу туралы куәліктер, жарғылар немесе заңды тұлғаны құруға байланысты ұқсас құжаттарды6 патенттер мен авторлық құқық; заң актілерін, өсиеттерді сенімхаттарды және осы сияқты заңды құжаттарды әзірлеу
- мемлекеттік және жеке нотариустардың, сот орындаушыларының, аралық соттардың, инспекторлар мен соттардың өзге де қызмет кіреді
Бұл класқа:
- соттардың қызметі кірмейді, (84.23.0 қараңыз)
69.10.1 Адвокаттық қызмет
Бұл ішкі класқа:
- азаматтық, қылмыстық істерде, еңбек дауларында консультациялық қызметтер көрсету мен өкілдікті адвокаттар алқасының мүшелері болып табылатын адамдардың немесе олардың бақылауымен соттарда немесе басқа да сот органдарында басқа тарапқа қарсы шығатын бір тараптың мүдделерін заңды түрде өкілдік ету кіреді
69.10.2 Нотариалдық қызмет
69.10.9 Құқық саласындағы өзге де қызмет
Достарыңызбен бөлісу: |