Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің


Бас компаниялардың қызметі; басқару мәселелері бойынша консультация беру



бет229/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   290
ОКЭД kz

70 Бас компаниялардың қызметі; басқару мәселелері бойынша консультация беру


Осы бөлімге стратегиялық және ұйымдық жоспарлау, қаржылық жоспарлау және бюджетті құру; маркетингтік мақсаттар мен саясатты әзірлеу; персоналға қатысты саясат, практика және жоспарлау; өндірісті және бақылауды жоспарлау сияқты басқару мәселелері бойынша кәсіпорындарға және басқа да ұйымдарға консультация беру және қолдау көрсету қызметі кіреді.


Осы бөлімге сондай-ақ сол компанияның немесе кәсіпорындардың басқа да бөлімшелеріне бақылау жасау мен басқару, яғни бас компаниялардың қызметін кіреді.


70.1 Бас компаниялардың қызметі


70.10 Бас компаниялардың қызметі

Бұл класқа:


- басқаруға қатыспайтын холдингтік компаниялардың қызметі кірмейді, (64.20.0 қараңыз)

70.10.1 Бас компаниялардың индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік саясатын іске асырумен байланысты қызметі


Бұл ішкі класқа:


- технопарктерді, коммерцияландыру орталықтарын, салалық конструкторлық бюроларды, технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын құруға, басқаруға және үйлестіруге қатысу
- технологиялық болжам жасау процесіне қатысу кіреді

70.10.9 Өзге де бас компаниялардың қызметі


Бұл ішкі класқа:
- компанияның немесе кәсіпорынның басқа да бөлімшелерін бақылау және басқару; компанияның немесе кәсіпорынның рөліне қатысты стратегиялық және ұйымдық жоспарлауды және шешімдер қабылдауды жүзеге асыру; компанияның немесе кәсіпорынның (соның ішінде еншілес және филиалдар) ағымдағы (күнделікті) қызметіне жедел бақылау орнату және басқару
- бас компаниялардың, орталық әкімшілік компаниялардың, корпоративтік офистердің, аудандық және өңірлік офистердің, еншілес компаниялардың басқарушы офистердің қызметін кіреді


70.2 Басқару мәселелері бойынша консультация беру жөніндегі қызмет
70.21 Өзара қарым-қатынас және жұртшылықпен байланыс бойынша қызмет

70.21.0 Өзара қарым-қатынас және жұртшылықпен байланыс бойынша қызмет


Бұл ішкі класқа өзара іс-қимыл мен жұртшылықпен байланыс бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарға мүдделік қолдау қызметін қоса консультациялық, басқару және операциялық көмекті ұсыну кіреді.


Бұл ішкі класқа:


- жарнама агенттіктерінің және бұқаралық ақпарат құралдарына жарнама орналастыру қызметі, (73.1 қараңыз)
- нарық конъюнктурасын зерттеу мен қоғамдық пікірді зерделеу кірмейді, (73.20.0 қараңыз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет