75 Ветеринариялық қызмет
Осы бөлімге фермаларда ұсталатын жануарлардың және үй жануарларының емдеумен және олардың күйін бақылаумен байланысты қызмет кіреді. Бұл жұмыстарды ветеринарлық ауруханаларда, сондай-ақ фермаларға шыққан кезде, итқорада немесе питомниктерде, жекеменшік кеңес беру үй-жайларында, операциялық немесе қандай да бір басқа орындарда білікті ветеринарлар орындайды. Бұл бөлімге сондай-ақ жануарларды амбулаториялық емдеу жұмыстары да кіреді.
75.0 Ветеринариялық қызмет
75. 00 Ветеринариялық қызмет
75.00.0 Ветеринариялық қызмет
Бұл ішкі класқа:
- ауыл шаруашылығы немесе үй жануарларын емдеуге және олардың жай-күйін бақылауға байланысты қызмет
- үй жануарларды емдеумен және олардың күйін бақылаумен байланысты қызмет кіреді
Ветеринариялық клиникаларда, сондай-ақ фермаларға, итқоралар немесе питомниктерге, жеке меншік дәрігерлік және операциялық кабинеттерде немесе басқа да орындарда білікті ветеринарлар жүзеге асыратын қызмет.
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- ветеринарлардың көмекшілерінің немесе басқа да қосалқы ветеринариялық персоналдың қызметі
- жануарларға қатысты клиникалық-патологиялық және басқа да диагностикалық қызмет
- жануарларға амбулаториялық көмек көрсету кіреді
Бұл ішкі класқа:
- ветеринариялық қызметтерді көрсетпей, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау бойынша қызмет, (01.62.0 қараңыз)
- қой қырқу, (01.62.0 қараңыз)
- үйірдің жай-күйін зерттеу, малды айдау, малды жаю, ауыл шаруашылығы құстарын баптап күту, (01.62.0 қараңыз)
- жасанды ұрықтандыруға байланысты қызмет, (01.62.0 қараңыз)
- ветеринариялық қызметтерді көрсетпей, үй жануарларын ұстау бойынша қызмет кірмейді, (96.09.0 қараңыз)
N СЕКЦИЯСЫ ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ
Бұл секцияға жалпы коммерциялық қызметті жүргізуді қамтамасыз ететін қызметтің әр алуан түрлері кіреді. Бұл қызмет М секциясында жіктелетін қызметтен ерекшеленеді, өйткені оның негізгі мақсаты арнайы білімдерді беру болып табылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |