07.2 Темірден қоспағанда, кендерді өндіру
Бұл топқа темірден басқа, кендерді өндіру кіреді
07.21 Уран және торий кендерін өндіру
07.21.0 Уран және торий кендерін өндіру
Бұл ішкі класқа:
- уран және торий кендерін өндіру: уранит және т.б.
- осы кендерді алғашқы байыту
- уран концентратын өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- уран және торий кендерін байыту, (20.13.0 қараңыз)
- ураниттен немесе өзге де кендерден металл уранын өндіру, (24.46.0 қараңыз)
- уранды балқыту және оны қоспалардан тазарту кірмейді, (24.46.0 қараңыз)
07.29 Өзге де металл кендерін өндіру
Бұл класқа:
- өзге де металл кендерін өндіру, байыту, кесектеу және агломерациялау: алюминий (бокситтерді), мыс, қорғасын, мырыш, қалайы, марганец, хром, никель, кобальт, молибден, тантал, ванадий және т.б.; бағалы металдар: алтын, күміс, платина өндіру кіреді
Бұл класқа:
- уран және торий кенін өндіру және өңдеу, (07.21.0 қараңыз)
- алюминий оксидін өндіру, (24.42.0 қараңыз)
- мыс немесе никель штейндерді өндіру кірмейді, (24.44.0, 24.45.1 қараңыз)
07.29.1 Құрамында шикізат бар алюминийді өндіру және байыту
07.29.2 Мыс кенін өндіру және байыту
07.29.3 Қорғасын-мырыш кенін өндіру және байыту
07.29.4 Никель-кобальт кенін өндіру және байыту
07.29.5 Титан-магний шикізатын (кенін) өндіру және байыту
07.29.6 Қалайы кенін өндіру және байыту
07.29.7 Сүрме-сынап кенін өндіру және байыту
07.29.8 Бағалы металдар мен сирек кездесетін металл кендерін өндіру
07.29.9 Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де металл кендерін өндіру және байыту
08 Өзге де пайдалы қазбаларды өндіру
Бұл бөлімге карьерлерде және кеніштерде пайдалы қазбаларды өндіру, сондай-ақ аллювиал қабаттарын қазып алу, тау жыныстарын уату, тұзды кен орындарын қазу кіреді. Өндірілген тау жыныстары мен минералдары құрылыста кезінде (мысалы, құм, тас және т.б.), басқа (мысалы, саз, гипс, кальций және т.б.) материалдарды, химиялық өнімдерді өндіру қолданылады.
Бұл бөлімге пайдалы қазбаларды өңдеу (уату, ұсақтау, тазалау, кептіру, сұрыптау, араластырудан басқа) кірмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |