79 Туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі, брондау және ілеспе қызмет
Аталған бөлімге негізінен, тасымалдау мен уақытша тұруға орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда халыққа және коммерциялық клиенттерге саяхаттарды, турларды сатумен айналысатын агенттіктердің қызметін және туристік агенттіктер немесе туристік операторлар сияқты тікелей агенттер арқылы өткізілетін турларды қалыптастыру мен ілгерілету бойынша қызметті және брондау бойынша көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда туристік қызметке байланысты өзге де көрсетілетін қызметтерді кіреді. Сондай-ақ осы бөлімге туристік гидтер қызметі мен туризмді ілгерілетуге бағытталған қызмет те енгізілген.
79.1 Туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі
Аталған топқа, негізінен, тасымалдау мен уақытша тұруға орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда халыққа және коммерциялық клиенттерге саяхаттарды, турларды сатумен, айналысатын агенттіктердің қызметі және туристік агенттіктер немесе туристік операторлар сияқты тікелей агенттер арқылы өткізілетін турларды қалыптастыру мен ілгерілету бойынша қызмет кіреді.
79.11 Туристік агенттіктердің қызметі
79.11.0 Туристік агенттіктердің қызметі
Бұл ішкі класқа:
- негізінен, тасымалдау мен уақытша тұруға орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда халыққа және коммерциялық клиенттерге саяхаттарды, турларды көтерме және бөлшек саудада сатумен айналысатын агенттіктердің қызметі кіреді
79.12 Туристік операторлардың қызметі
79.12.0 Туристік операторлардың қызметі
Бұл ішкі класқа:
- туристік агенттіктер немесе тікелей туристік операторлар арқылы сатылатын турларды қалыптастыру мен ілгерілету бойынша қызмет кіреді. Турларды ұйымдастыру тасымалдау, уақытша тұруға орналастыру, тамақтандыру, музейлерге, тарихи орындарға немесе тарихи-мәдени мұра объектілеріне, театр, музыкалық қойылымдар немесе спорттық іс-шараларға бару сияқты көрсетілетін қызметтерді қамтуы мүмкін
Достарыңызбен бөлісу: |