Қазақстан республикасының Ұлттық жіктеуіші экономикалық Қызмет түрлерінің


Тұруды қамтамасыз етумен егде азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну



бет271/290
Дата20.05.2022
өлшемі3.25 Mb.
#457975
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   290
ОКЭД kz

87.3 Тұруды қамтамасыз етумен егде азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну


87.30 Тұруды қамтамасыз етумен егде азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну

87.30.0 Тұруды қамтамасыз етумен егде азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну


Бұл ішкі класқа өз-өзіне толық қамқорлық ете алмайтын және/немесе өздігінен өмір сүргісі келмейтін егде азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтік және жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну кіреді. Күту әдетте, бөлме, тамақ беру, қадағалау, жинау сияқты күнделікті үй жұмысына көмектесуді қамтиды. Кейбір жағдайларда мұндай мекемелер жеке үй-жайларда білікті орта медицина персоналының көмегін ұсынады.


Бұл ішкі класқа:


- егде және іс-әрекетке қабілетсіздерге көмек көрсететін ұйымдар
- жалғыз басты қарттарға арналған арнайы үйлер
- орта медициналық персонал аз мөлшерде қызмет көрсететін қарттар мен мүгедектер үйлері
- медициналық қызмет көрсетусіз жоқ демалыс үйлерінің қызметі кіреді

Бұл ішкі класқа:


- медбикелердің көрсетілетін қызметтерімен қарттар үй-интернаттарының қызметі, (87.10.0 қараңыз)
- емдеу мен білім алу негізгі элементтер болып табылмайтын жағдайда тұруды қамтамасыз етумен әлеуметтік қызмет көрсету кірмейді, (87.90.0 қараңыз)


87.9 Тұруды қамтамасыз етумен озге де әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну


87.90 Тұруды қамтамасыз етумен озге де әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну

87.90.0 Тұруды қамтамасыз етумен озге де әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну


Осы ішкі класқа өзін-өзі толық күте алмайтын немесе өз бетімен өмір сүргісі келмейтін егде азаматтар мен мүгедектерден басқа әлеуметтік және жеке қызметтерді ұсыну кіреді.


Бұл ішкі класқа:


- балаларға және мүмкіндіктері шектеулі адамдардың айырықша санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған тәулік бойы жүзеге асырылатын қызмет, бірақ мұнда емдеу және білім алу негізгі элементтер болып табылмайды: жетімдер үйінің, интернаттар мен балалар үйлерінің, тұрақты тұратын жері жоқ адамдарға арналған уақытша баспаналардың, жалғыз басты әйелдер мен олардың балаларына күтім жасайтын мекемелердің қызметі кіреді

Бұл қызметті мемлекеттік немесе жекеменшік ұйымдар жүзеге асыра алады.


Бұл ішкі класқа сондай-ақ:


- әлеуметтік немесе жеке проблемалары бар адамдарға арналған үйлердің, бірінші рет сотталған адамдар және құқық бұзушыларға арналған түзеу мекемелері, кәмелеттік жасқа толмаған түзету орталықтарының қызметі кіреді

Бұл ішкі класқа:


- әлеуметтік сақтандыру міндетті бағдарламаларын қаржыландыру және оларды басқару, (84.30.0 қараңыз)
- орта медициналық қызметкерлердің қызметімен бірге әлеуметтік қызметтерді ұсыну, (87.10.0 қараңыз)
- тұру орнын қамтамасыз ете отырып егде азаматтарға және мүгедектерге әлеуметтік қызметтерді ұсыну, (87.30.0 қараңыз)
- бала асырап алу қызметі, (88.99.0 қараңыз)
- табиғи зілзаладан зардап шеккендерге арналған қысқа мерзімді баспаналарды ұсыну кірмейді, (88.99.0 қараңыз)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   290




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет