90 Шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет
Бұл бөлімге тұтынушылар үшін ойын-сауық және мәдени мүдделері бар көрсетілетін қызметтерді ұсыну және өнер объектілерінің қызметі кіреді. Бұл бөлімге көрмелер және мәдени-көріністік іс-шараларды көрсету және өткізу, ұйымдастыру, дайындау, көпшілікке көруге арналған көрмелерге қатысу; көркем шығармаларды және өз даусымен өнер көрсетуді ұйымдастыру үшін көркем, шығармашылық немесе техникалық персонал беру кіреді.
Бұл бөлімге:
- барлық түрдегі музейлердің қызметі, ботаникалық және зоологиялық бақтардың, тарихи жерлерді қорғау, табиғи қорықтардың қызметі, (91 бөлімді қараңыз)
- құмарлық ойындарды және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі, (92 бөлімді қараңыз)
- спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызмет кірмейді, (93 бөлімді қараңыз)
Мәдени, ойын-сауық және демалыс саласында объектілер және қызметтер ұсынатын кейбір кәсіпорындар, басқа ішкі кластарда жіктеледі:
- кино-, бейнефильмдер шығару және оларды тарату, (59.11.0, 59.12.0, 59.13.0 қараңыз)
- кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет, (59.14.0 қараңыз)
- радио- және телехабарлар тарату, (60.10.0, 60.20.0 қараңыз)
90.0 Шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет
Бұл топқа өнер саласындағы, әртістік қызмет және ілеспе қызмет түрлері кіреді.
90.01 Әртістік қызмет
Бұл класқа:
- жеке театр немесе әртістік агенттерінің немесе агенттіктердің қызметі, (74.90.9 қараңыз)
- актерлерді іріктеу бойынша қызмет кірмейді, (78.10.0 қараңыз)
90.01.1 Театр қызметі
Бұл ішкі класқа:
- театр қойылымдары, опералық қойылымдарды көрсету және қою: театр топтардың қызметі кіреді
90.01.2 Концерт қызметі
Бұл ішкі класқа:
- концерттер, би және өзге де сахналық қойылымдарын көрсету және қою
- музыкалық топтардың, оркестрлер мен ансамбльдердің қызметі
- актерлар, бишілер, музыканттар, жеке жұмыс істейтін сөйлеу жанры орындаушыларының қызметі кіреді
90.01.3 Цирк қызметі
Достарыңызбен бөлісу: |