S СЕКЦИЯСЫ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ӨЗГЕ ДЕ ТҮРЛЕРІН ҰСЫНУ
Аталған секцияға (қалдық санат ретінде) қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар қызметі, компьютерлер, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу, сондай-ақ басқа топтамаларға енгізілмеген бірқатар жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша қызмет кіреді.
94 Қоғамдық бірлестіктер (ұйымдар) қызметі
Аталған бөлімге белгілі бір қоғамдық топтардың мүдделерін білдіретін немесе қоғамда идеяларды таратумен айналысатын ұйымдардың қызметі кіреді. Аталған ұйымдардың әдетте белгіленген мүшелері болады, алайда олардың қызметі осы ұйымдардың мүшелерінен басқаларды да қамтуы мүмкін. Бұл бөлімнің топтамаларға бөлінуі ұйымның, атап айтқанда, кәсіпорындардың, дара кәсіпкерлер мен ғылыми қауымдастықтың (94.1 тобы) мүдделерін, жаданып жұмыс істейтін адамдардың мүдделерін (94.2 тобы) қорғауды немесе діни, саяси, мәдени, білім беру идеялары мен қызмет түрлерін (94.9 тобы) ілгерілету бойынша алдына қойған міндеттер айқындайды.
94.1 Коммерциялық, кәсіпкерлік және қоғамдық кәсіптік ұйымдар қызметі
Осы топқа коммерциялық ұйымдар мүшелері мен дара кәсіпкерлердің мүдделерін білдіретін ассоциациялар мен одақтар қызметі кіреді. Кәсіптік қоғамдық ұйымдар болған жағдайда, осы топқа сондай-ақ кәсіби қызмет салалары бойынша мамандардың кәсіби мүдделерін білдіру бойынша қызмет кіреді.
94.11 Коммерциялық және қоғамдық кәсіпкерлік ұйымдар қызметі
94.11.0 Коммерциялық және қоғамдық кәсіпкерлік ұйымдар қызметі
Бұл ішкі класқа:
- мүшелерінің мүдделері коммерциялық қызметтің бағытына қатыссыз, ауыл шаруашылығын немесе нақты географиялық ауданның немесе әкімшілік бірліктердің экономикалық дамуын және экономикалық жағдайынқоса алғанда нақты өндірістік сала қызметі немесе сауда кәсіпорындарының дамуы мен өркендеуіне жұмылдырылған қоғамдық ұйымдардың (ассоциациялардың) қызметі
- осындай ассоциациялар федерацияларының қызметі
- сауда палаталары, гильдиялар және ұқсас ұйымдар қызметі
- ақпараттар тарату, мемлекеттік органдардағы өкілдік, бұқарамен байланыс және кәсіподақтармен жасалатын келіссөздер кіреді
Бұл ішкі класқа:
- кәсіподақтар қызметі кірмейді, (94.20.0 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |