Осы бөлімге компьютерлер, перифириялық, оптикалық және электрондық жабдықтарды, сондай-ақ аталған жабдықтар үшін компоненттер өндіру кіреді. Аталған бөлімнің өндірістік процестері интегральдық схемаларды пайдаланудан және жоғары мамандандырылған технологияларды қолданудан тұрады.
Осы бөлімге сондай-ақ электрондық тұрмыстық техника, өлшеуге арналған аспаптар және құралдар, тестілеу және навигация, рентген, электромедициналық және электротерапевтік жабдықтарды, оптикалық аспаптар мен жабдықтарды және магниттік және оптикалық ақпаратты жеткізгіштер өндіру кіреді.
26.1 Электрондық элементтер және платалар өндіру
26.11 Электрондық элементтер өндіру
Бұл класқа жартылай өткізгіштер мен электрондық құралдар үшін басқа да элементтер өндіру кіреді.
26.11.0 Электрондық элементтер өндіру
Бұл ішкі класқа:
- электрондық конденсаторлар өндіру
- электрондық резисторлар өндіру
- микропроцессорлар өндіру
- электрондық түтікшелер өндіру
- қосылыстар үшін электрондық бұйымдар өндіру
- орнатылмаған компоненттер (бос) баспа платалар өндіру
- интегралды микросхемалар (аналогты, цифрлық немесе гибридтік) өндіру
- диодтар, транзисторлар және аналогтық қондырғылар өндіру
- электрондық типті индукторлар (оның ішінде магнит өзектер, индуктивтілік катушкалар, түрлендіргіштер) өндіру
- электрондық кристалдарды құрастырылған қоса алғанда, оның электронды кристалдар өндіру
- соленоидтар, ажыратқыштар және электрондық құралдар үшін түрлендіргіштер өндіру
- жартылай өткізгіштік пластиналар, таза немесе жартылай таза жартылай өткізгіштер өндіру
- экрандар үшін компоненттер (плазмалы, полимерлі, сұйықкристалды) өндіру
- сәулешығаратын диодтар (LED) өндіру
- күн панельдері және басқа да электрондық компоненттер өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- принтерлер, мониторлар, USB кабельдер, ажыратқыштар өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- смарт-карталардың үстіңгі бетінде бейнелерді басу, (18.12.0 қараңыз)
- мониторлар және телевизиялық дисплейлер өндіру, (26.20.0, 26.40.0 қараңыз)
- модемдер тасымалданатын жабдықтар өндіру, (26.30.2 қараңыз)
- рентгендік түтікшелер мен аналогтық сәулелендіруші жабдықтар өндіру, (26.60.0 қараңыз)
- оптикалық жабдықтар және құралдар өндіру, (26.70.1 қараңыз)
- электр жабдықтары үшін ұқсас жинақтауыштар өндіру, (27 қараңыз)
- балластық кедергілер өндіру, (27.11.0 қараңыз)
- электлікр реле (ажыратып-қосқыштар) өндіру, (27.12.0 қараңыз)
- электромонтаждық құрылғылар өндіру, (27.33.0 қараңыз)
- электрондық элементтерді пайдаланумен дайын жабдықтар өндіру кірмейді, (топтамаларда жабдықтардың тиісті түріне сәйкес жіктеледі)
Достарыңызбен бөлісу: |