26.12 Электрондық платалар өндіру
26.12.0 Электрондық платалар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- орнатылған компоненттері бар баспа платалар өндіру
- баспа платаларға арналған компоненттерді құрастыру (орнату)
- интерфейстік карталар/платалар (мысалы, оның ішінде дыбыс, бейне, басқарушы, желілік, сыртқы және ішкі компьютерлік модемдер) өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- смарт-карталардың үстіңгі бетін бейнелерді басу, (18.12.0 қараңыз)
- бос баспа платаларды өндіру кірмейді, (26.11.0 қараңыз)
26.2 Компьютерлер мен перифериялық жабдықтар өндіру
26.20 Компьютерлер мен перифериялық жабдықтар өндіру
Бұл класқа дербес компьютерлер, ноутбуктер, серверлер сияқты компьютерлер; сондай-ақ сақтау үшін құрылғы мен енгізу-шығару құрылғылары сияқты (принтерлер, мониторлар, клавиатуралар) компьютерлік перифериялық жабдықтар өндіру және/немесе жинау кіреді. Компьютерлер аналогтық, цифрлық немесе гибридттік болуы мүмкін. Цифрлық компьютерлер, ең кең таралған тип, мынадай: (1) өңдеу бағдарламаларын жазады немесе бағдармалар жұмыс үшін деректер немесе бағдарларамалар жазады, (2) пайдаланушы талаптарына сай еркін бағдарламалана алады, (3) пайдаланушы таңдаған ерекше міндеттерді ескеріп арифметикалық есептеуді адамның араласуынсыз, (4) қажет болған жағдайда тікелей өңдеу бағдарламасын жүзеге асыру процесінде қойылған міндеттің шешіміне сәйкес командаларды (алгоритм) орындау тәртібіне өзгерту операцияларын орындауға қабілетті құралдары болып табылады. Аналогтық компьютерлер бақылау элементтері мен бағдарламалаулары бар математикалық модельдерді құрастыруға қабілетті.
26.20.0 Компьютерлер мен перифериялық жабдықтар өндіру
Бұл класқа:
- дербес компьютерлер өндіру
- ноутбуктер өндіру
- компьютерлердің деректерін өңдеу үшін орталық блоктар өндіру
- қалталы тасымалданатын компьютерлер өндіру
- магниттік дискілер, флэш-құрылғылар және басқа да ақпаратты сақтау үшін құрылғылар өндіру
- лазерлік (оптикалық) дискілерді оқу үшін құрылғылар өндіру (CD-RW, CD-ROM, DVD-ROM, DVD-RW сияқты)
- принтерлер өндіру
- мониторлар өндіру
- клавиатуралар өндіру
- тінтуірлердің барлық типтері, басқарудың джойстиктері (рычагтарын) және трекболдар өндіру
- мамандандырылған ақпараттық терминалдар өндіру
- компьютерлік серверлер өндіру
- штрих кодтарды оқып алу құрылғыларды қоса, сканерлер өндіру
- смарт-карталар оқып алатын құрылғылар өндіру
- виртуалды ойындарға арналған шлемдер мен каскалар өндіру
- компьютерлік проекторлар (видеопроекторларды) өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа сондай-ақ:
- банкоматтар (ATМ), сауда автоматтары (POS) сияқты компьютерлік терминалдар және механикалық емес тәсілмен басқарылатын басқа да терминалдар өндіру
- екі немесе одан көп функцияны атқаратын көпфункциялы офистік жабдықтар: басу, сканерлеу, көшірме жасау, факс арқылы жіберу өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- ақпарат жазылған тасушыларды жаңғырту (компьютерлік бейне, дыбыс және өзге де жазбалар), (18.20 қараңыз)
- компьютерлер мен перифериялық компьютерлік жабдықтар үшін пайдаланылатын электрондық элементтер және платалар өндіру, (26.1 қараңыз)
- сыртқы және ішкі компьютерлік модемдер өндіру, (26.12.0 қараңыз)
- интерфейстік карталар, модульдер мен қосалқы бөлшектер өндіру, (26.12.0 қараңыз)
- электрондық платалар өндіру, (26.12.0 қараңыз)
- цифрлық жабдықтардың ажыратқыштары, деректер беруге арналған жабдықтар өндіру (көпірлер, маршрутизаторлар, торапаралық шлюздер), (26.30.1 қараңыз)
- модемдер, тасымалданатын жабдықтар өндіру, (26.30.2 қараңыз)
- CD плеерлер мен DVD плеерлер сияқты электрондық тұрмыстық құралдар өндіру, (26.40.0 қараңыз)
- телевизиялық мониторлар мен дисплейлер өндіру, (26.40.0 қараңыз)
- бейне ойындарға арналған басқару пульттері өндіру, (26.40.0 қараңыз)
- компьютерлерге жазылмаған магнитті және оптикалық ақпаратты жеткізгіштер немесе басқа да электрондық құралдар өндіру кірмейді, (26.80.0 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |