25.94 Бекіту және бұрама бұйымдар өндіру
25.94.0 Бекіту және бұрама бұйымдар өндіру
Бұл ішкі класқа:
- тойтарма, тығырықтар және бұранмасыз ұқсас бұйымдар өндіру
- бұранда кесетін станокта әзірленетін бұйымдар өндіру
- бұрамасы бар бұрандамалар, бұрамалар, сомындар және ұқсас бұйымдар өндіру кіреді
25.99 Басқа топтамаларға енгізілмеген металдан жасалған басқа дайын бұйымдар өндіру
25.99.1 Санитарлық-техникалық металл жабдықтарын өндіру
Бұл ішкі класқа:
- мырыштан құрылыс элементетерін: шатыр жабындары, су ағызатын құбырлар, ванналар, раковиналар, қолжуғыштар, және ұқсас бұйымдар өндіру кіреді
25.99.2 Металдан шаруашылық ыдыс пен ас үй бұйымдарын өндіру
Бұл ішкі класқа:
- тұрмыстық-шаруашылық бағыттағы металл бұйымдарын: ұсақ жалпақ ыдыстар: тәрелкелер, табақшалар және т.б.; шұңғыл ыдыстар: шәйнектер, қазандар және т.б.; асханалық ыдыстар: шыныаяқтар, заттың астына қоятын тұғырықтар және т.б.; тұздық сауыттар, кастрюльдер, табалар және басқа да электрлік емес асханалық және ас үйлік керек заттар; ұсақ асханалық құралдар және керек заттар; ыдысты жууға арналған металл торкөздер өндіру
- термостар және бөтелкелер (флягалар) өндіру кіреді
25.99.9 Өзге дайын металл бұйымдарын өндіру
Бұл ішкі класқа:
- жиһазды қоспағанда, офистерге арналған металдан жасалған бұйымдар өндіру
- сейфтер, жанбайтын шкафтар, брондалған есіктер және т.б. өндіру
- металдан түрлі бұйымдар: жүзу кеме бұрандалары мен олардың қалақтары, зәкірлер, қоңыраулар, теміржолдарға арналған тіреуіштер және қосындылар, қарсы ілгектер, жіптер, ілгектер, металл сатылар, жол белгілерді қосқанда, сілтеуші белгілер өндіру
- алюминий фольгадан жасалған қаптар (сөмке-пакеттер) өндіру
- тұрақты металл магниттер өндіру
- металл эмблемалар, төсбелгілер, кокардалар және өзге әскери ерекшелік белгілерінің өндіру
- металл бигудилер, металл тұтқалар және тарақтар, қолшатырға арналған біздер өндіру кіреді
Бұл ішкі класқа:
- семсерлер, түйрегіштер өндіру, (25.71.0 қараңыз)
- сатып алған заттарды салуға арналған арбалар өндіру, (30.99.0 қараңыз)
- металл жиһаз өндіру, ( 31.01, 31.02.0, 31.09.0 қараңыз)
- спорттық тауарлар өндіру, (32.30.0 қараңыз)
- ойыншықтар мен ойындар өндіру кірмейді, (32.40.0 қараңыз)
Достарыңызбен бөлісу: |